- Учителю
 - Сәбит Мұқанов «Балуан Шолақ» (7 - сынып)
 
Сәбит Мұқанов «Балуан Шолақ» (7 - сынып)
7 - сынып. Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқанов «Балуан Шолақ»
 
Мақсаты: Жазушының өмірі туралы деректер бере отырып, «Балуан Шолақ»
әңгімесінің мазмұнын меңгерту,кейіпкер бейнесін ашу.
Шығармашылық жұмыстар жүргізу.
 
 
Сабақтың түрі :топтық,ұжымдық,жеке.
Сабақтың типі:Жаңа білімді игерту сабағы.
Сабақтың әдісі: Блум жүйесі,ой қозғау,қызығушылықты ояту,Инсерт
әдісі,Венн диаграммасы,бес жолды өлең,тест-интервью.
Сабақтың көрнекілігі: 7-сыныпқа арналған оқулық, С. Мұқановтың
шығармалар жинағы, слайд, интерактивті тақта,
үлестірмелі материалдар
Сабақтың жүрісі:
I.Танып білу кезеңі.
II.Ұйымдастыру бөлімі.
1.Сәлемдесу.
2.Оқушыларды түгендеу.
3.Оқушыларды сабаққа бейімдеу.
4.Оқу құралдарын түгендеп тексеру.
Психологиялық дайындық. Мотивация. Оқушылар бір-бірінің қолдарын ұстап,көздерін жұмып,жақсы тілектерін арнайды.
III.Үй тапсырмасын тексеру.
« Ыссы микрофон» әдісі арқылы сұрақтарға жауап алу.
М.Әуезов «Көксерек»
1. Қасқырлар ұясын адамдар неге талқандады?
2. Бірінші бөлімдегі қасқырлар іс-әрекеті мен екінші бөлімдегі адамдар іс-әрекетінде ұқсастық бар ма? Қайсысы қаталырақ?
3. Көксерек Құрмаштан гөрі ақ қасқырмен неге бауырласты?
4 .Ауыл адамдары ала алмаған Көксеректі Аққасқаның жеңу себебі не? Жазушы осы арқылы не айтпақ болған.
IV.Жаңа сабақ: 1. «Қызығушылықты ояту» стратегиясы. Бейне жазба көрсету.(Балуан Шолақ туралы)
2. Автор туралы мәлімет: «Инсерт» әдісімен кесте толтыру.
Нені білемін
 
Нені білдім
Нені білгім келеді
3.Білу. Әр топқа «Балуан Шолақ» шығармасын 3-ке бөліп тарату. Постер қорғау: «Балуан Шолақ» шығармасының мазмұны, басты оқиғалары.
4.Түсіну. Концептуалдық кесте:
І топ: «Портрет»
Балуан Шолақ
Түйе палуан
II топ: «Зерттеу»
Паң Нұрмағанбеттің бағасы
Халық берген баға
Менің бағам 
 
ІІІ топ : «Талдау»
Маған ұнаған тұстар
Себебі
Мені өкіндірген тұстар
Себебі
 
 
5. Қолдану . Топтарға тапсырма. Венн диаграммасы «Салыстыру
 
Қазіргі балуандар
 
 

 
Балуан Шолақ
 
 
6.Бес жолды өлең
-  
Зат есім (1 сөз)
 -  
Сын есім (2 сөз)
 -  
Етістік (3сөз)
 -  
Синоним (4 сөз тіркесі)
 -  
Түйін сөз (4-5сөзден құралған түйін сөз)
 
V.Тест - интервью арқылы алған білімдерін бекіту.
-  
Балуан деген атақты Шолаққа кім берді?
 -  
Ақынның өмірінде ерекше орын алатын тұлға?
 -  
Не себептен ақын қудалауға ұшырады?
 -  
Балуан Шолақтың қайтыс болған уақыты?
 -  
Қандай шығармаларымен таныс болдыңыздар
 
VI.РЕФЛЕКСИЯ. Сабақ қандай қызығымен есіңде қалды? Қандай әсер алдың?
 
 
VII.Үйге тапсырма: Сәбит Мұқановтың «Балуан Шолақ» повесін оқу.
VIII.Бағалау