7


  • Учителю
  • 'Махамбеттей марғасқа туар қашан?!'Шығармашылық жұмыс. Жетекшісі: Ж. К. Тулегенова

'Махамбеттей марғасқа туар қашан?!'Шығармашылық жұмыс. Жетекшісі: Ж. К. Тулегенова

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Махамбеттей марғасқа туарқашан ?!Бұғауында болдық біз кеше кімнің ?Ұйқысын да көрмедікнеше түннің ?Қиынсәттехалықтыңмұңын шерткенСөзі өнеге Махамбет шешенімніҚиындықтыкөзкөрдінебір енді,Махамбет ер «елім» деп тебіренді.Асынып апарқаға«Жұмырқылыш»Қос ішекті зарл
предварительный просмотр материала

Махамбеттей марғасқа туар қашан ?!



Бұғауында болдық біз кеше кімнің ?

Ұйқысын да көрмедік неше түннің ?

Қиын сәтте халықтың мұңын шерткен

Сөзі өнеге Махамбет шешенімнің...

Қиындықты көз көрді небір енді,

Махамбет ер «елім» деп тебіренді.

Асынып ап арқаға «Жұмыр қылыш»

Қос ішекті зарлата күңіренді.

Атақ - абырой, мансапқа ертпей намысын,

Шайқасқан жоқ қан майданда жаны үшін.

Тұғырда тұр қашанда мәрт Махамбет

Ізгі етеміз бүгін оның сан ісін !

Қынжыламын, қысыламын бүгін мен,

Болам кейде, айырылғандай, түгімнен.

Махамбеттей бола алмайды ешкім де

Баса алмасын білем жүрек түгін мен.

Айып па, батыр ерге жыр арнасам?

Ұлтым деген ұлыңды ұрандасам.

Жалпақ жұртым - қазақтың маңдайына

Махамбеттей марғасқа туар қашан ?!

Қазақ тілі

Қазақ тілі - жүрегімнің қалауы,

Сөнбейді оның маздап жанған алауы.

Сөзстанның төрінен орын алып,

Тегін емес құдіретке балауы.

Буырқанып көк балауса күнімдей,

Мұнартады маған қарап күлімдей.

Өмірдің даңғыл жолында көшбасшы боп

Буынсыз тіл, жүре бергін сүрінбей.

Ойыма ой, бойыма күш бересің,

Қоздырасың ақынның делебесін.

Жан азығы саналатын ей, тілім

Тұғырыңнан періштелер жебесін.

Тіл жорғасы өршілене шабады,

Дөп тиеді қорамсақта садағы.

Рухани күш алып жүрер қазағың

Құйқылжытып әсем әнге салады.

Тілімде жан сарайы ашылады,

Тулап көңіл теңіздей тасынады.

Оза шауып сезіміңнің сәйгүлігі

Таусылмас еш адамның асыл әні.

Құлашымды келемін еркін сермеп,

Ақ қанатты періштелер мені жебеп.

Бүгін менен болашақтың жаршысы -

Қазақ тілін қорғау - баршаға міндет.

Ана тілім - алтын бесігім

Мен жанымды көремін бұл айнадан,

Тіл - тіршілік белгісі ғой қайнаған.

«тіл - халықтың тірлігінің тірлігі»

Деп түсінер санасы бар ойлы адам.

Тіл - болаттай берік көкшіл байрағым,

Әр жүректі еліткен құдіретіңнен айналдым.

Киіз үйдің шаңырағы секілді

Тілім барда Жерұйықта жайландым.

Түлейсің ғасырлардан ғасырларға,

Айналдың ақық , маржан асылдарға.

Тәуелсіздік тайында теңдік тиді,

Көнбейсің енді өзіңді жасырғанға.

Тіл керуені мәңгі ұзақ сапарда,

Көш жүктері шаршамайтын атанда.

Басқа нәрсе өшсе де, тіл өшпейді

Кең Сахара аталатын жапанда.

Ана тілім - менің алтын бесігім,

Алла берген таусылмайтын несібім.

Соңғы демім ана тілде , себебі

Ана тілмен аштым өмір есігін.

Сәбимін мен , бесігімде тербелемін,

Сен арқылы дертімнен емделемін.

Асқар бел мен асу шөлді артқа тастап,

Келеді қанатімды сермелегім.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал