Сабақ жоспары Кітапханада тақырыбында

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Сабақтың тақырыбы

Кітапханада

Жалпы мақсаттар

Тақырып бойынша ойларын жүйелі түрде жеткізуге үйренеді. Кітапхана этикасы жайлы түсінеді. Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтары артады және қаншалықты кітап оқитындары анықталады. Кітап оқуға деген қызығушылықтары артады.

Оқыту нәтижесі

  • Сынып оқушыларының ой-өрісі жетіледі.

  • Тіл байлығы молаяды.

  • Оқушылар кітаптың шығу және қалыптасу тарихытуралы айта алады.

Дереккөздер

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;

Талантты және дарынды балаларды оқыту;

АКТ;

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

Тапсырмалар

1.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық сәт.

2. Топ құрамын ауыстыру үшін топқа бөлу: сыныптағы оқушылардың санына қарай бөлу, I, II, III топтарға бөлу. Топқа ат қою.

3. «Кел танысайық» тренингі.

4. Топ ережелерін еске түсіру.

5. Үй жұмысын тексеру. «Ыстық орындық» стратегиясы.

6. Жаңа сабақ. Ой қозғау сұрақтары. «Санжұмбақ» шешу.

7.Жаңа сөздермен жұмыс. «Дөңгелек үстел» стратегиясы.

8.Сергіту сәті.

9.Ой толғаныс сатысы. Топтық жұмыс. 1 топ- Кітапты күту ережесін құрып жазу. 2 -Көрініс: «Кітап емханасы». 3-Сурет бойынша диалог құрастыр, сурет бойынша әңгіме құрастыр.

10. Қорытынды.



Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

1. Психологиялық сәт:

Балаларға екі алақандарын толық ашып, саусақтарына қарауларын айтамын. Қолымыздағы саусақтар әртүрлі.

  • Кішкене шынашағымызды алақанымыздың ортасына жеткізейікші, қалған төртеуін қозғалтпай. Қане, жете ме екен?

  • Жоқ.

  • Олай болса барлық саусақтарымызды бірақ жұмамыз.

  • Алақанымызды жабады ғой, иә! Олай болса біз жалғыздан ештеме істей алмайды екенбіз, ал барлығымыз жұмылсақ, бірге істесек алынбайтын, шешілмейтін тапсырма болмайды.

Жақсы көңілмен барлығымыз бірігіп сабағымызды бастайық.

2. Сыныпты топқа бөлу. Топқа ат қою.

1 топ-Ақпараттар тобы

2 топ- Оқырмандар тобы

3 топ - Ақын-жазушылар тобы

3. Шаттық шеңбері.

«Кел, танысайық» тренингі

Топ мүшелерін өзара таныстыру мақсатында жүргізіледі.

Шарты: мұғалім оқушыларға әрқайсысының өз аттарын ассоциация арқылы таныстыруды сұрайды. (Мысалы: Айым - жақсы оқушы, Жалғас- керемет оқиды т.б). Ол үшін дайындалуға уақыт беріледі. Дайындалып болған соң мен мұғалім өзін таныстырады да, ойынды жалғастыруға кезекті топ мүшелеріне береді. Бұл жерде ескеретін жайт - 1-ойыншы өзін таныстырса, 2-ойыншы 1-ойыншыны содан кейін өзін айтады, 3-ойыншы алғашқы екеуін айтып барып өзін таныстырады. Осындай тәртіппен соңғы ойыншы барлығын айтқаннан соң өзін таныстырады.

4. Топ ережелерін еске түсіру.

II. Үй жұмысын тексеру.

«Ыстық орындық» стратегиясы».

ІІІ. Жаңа сабақ

1.«Қызығушылықты ояту» сатысы. «Ой қозғау» сұрақтары: 3 минут

Бұл тақырыпты өтпес бұрын балаларға мына санжұмбақты интерактивті

</ тақтаға сызып көрсетемін.

Санжұмбақ

1

2

4

2

1

3

4

1

5

к

і

т

а

п

х

а

н

а



  1. Қазір қандай жыл мезгілі? 1- әріп - К (Көктем)

  2. «Ежик» сөзінің аудармасын айт. 2- әріп - І (кірпі)

  3. «Доска» сөзінің аудармасын айт. 4-әріп- Т (тақта)

  4. Қазір көктемнің қай айы? 2-әріп-А-(мамыр)

  5. «Слон» сөзінің аудармасын тап. 1-әріп-П- (піл)

  6. Біз қайда тамақтанамыз? 3 -әріп- Х- (асхана)

  7. Қазір қандай сабақ? 4- әріп- А- (қазақ тілі)

  8. «Хлеб» сөзінің аудармасын тап. 1 -әріп-Н- (нан)

  9. «Январь» сөзінің аудармасын тап. 5-әріп-А- (қаңтар)

Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

  1. Жаңа сөздермен жұмыс.

Берілген сөздерді оқимын, оқушылармен қайталаймыз.

ертегі - сказка жақсы көреді - любит

сөре - полка оқиды - читают

оқушылар - ученики келді - пришли

Жаңа сөздерді есте сақтап қалу мақсатымен ойын ойнаймыз. «Дөңгелек үстел» стратегиясы . Басқа сөздерді қолдануға да болады.

Оқушылар сағат тілімен бағыттас айналдырып кітап туралы сөздер айтып соңғы оқушы сөйлем айтады.

3.Сергіту сәті.

4. Ой толғаныс сатысы

Топтық жұмыс

І Ақпараттар тобы.

Кітапты күту ережесін құрып жаз.

ІІ Оқырмандар тобы

Көрініс: «Кітап емханасы».

Кітапханашы:

-Құрметті, дәрігер, бізге кітап аурулары жөнінде айтып беріңізші?

Дәрігер:

-Кітапта мынадай ауру түрлері болады:

1. Туғаннан. Яғни баспадан дұрыс басылмаған кітаптар.

2. Қартайғаннан. Көп жыл ұсталғаннан болады.

3. Жұқпалы аурулар, сия немесе май төгілген.

5. Кездейсоқ аурулар, байқамай кірлетіп алған.

Кітапханашы:

-Кітапты ұқыпты ұстау керек.

(Осы кезде оқушы келеді).

Оқушы:

-Сәлеметсіз бе, дәрігер.

Дәрігер:

-Сәлеметсіз бе?

Оқушы:

-Дәрігер, мен сізге кітабымды әкелдім. Ол қатты науқас.

Дәрігер:

-Жарайды, алдымен диагнозын анықтап алайық.

-Емдеп жазамыз. Кітабыңа су тиген, беттері жыртылған.

Есіңде сақта.

-Кітап беттерін бүктеме.

-Жыртпа.

-Кітапқа сурет салма, жазба.

-Тамақ ішіп отырып, кітап оқыма.

Оқушы:

-Жарайды, дәрігер. Кеңестеріңізді есте сақтаймын.

Дәрігер:

-Жазылып кетіңіздер! Сау болыңыз!

Оқушы:

-Сау болыңыз! Сізге үлкен рахмет.

өлдік ойын.

ІІІ. Ақын - жазушылар тобы.



Тақтада ілініп тұрған сурет бойынша жұмыс жүргізу.

Бір топқа екі түрлі тапсырма беріледі. Топтың ішінен жұп таңдалып алынады.

1.тапсырма.Сурет бойынша диалог құрастыр.

  • Бұл не ?

  • Бұл кітапхана.

  • Кітапханада кімдер бар ?

  • Кітапханада кітапханашы және балалар бар

  • Балалар кітапханада не істеді ?

  • Олар қызық кітаптар оқыды

  • Сен кітап туралы мақал білесің бе ?

  • Ия білемін. Қандай мақал ?

  • «Кітап - білім бұлағы» деген мақал

  • Жарайсың дұрыс.

2.тапсырма. Сурет бойынша әңгіме құрастыр.

Мынау біздің кітапхана . Кітапханада кітаптар мен газет -журналдар көп. Кітапханада кітапханашы отыр. Онда оқушылар көп. Біздің кітапхана үлкен. Біз кітапханаға не үшін барамыз ?

Сабақты қорытындыламас бұрын қазір сыныпқа «Ыстық орындық» әкелінеді. «Ыстық орындыққа» арамызда кітапты байқаусызда кірлетіп алған, бауырлары шимайлап тастаған оқушылар болса, солар отырып, өз кінәларын мойындап, қателіктерін түзетуге тырысады.

Қорытынды:

Кітап - біздің сарқылмас рухани қазынамыз. Біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында пайдаланады. Одан ақыл - кеңес, тәлім - тәрбие, үлгі - өнеге алады. Оқымасаң ой тоқырайды демекші. Оқу білім тоқтаған жерде рухани өсу, жетілу тежеледі. Сондықтан кітап оқуды күнделікті әдетке айналдыруларың керек. Ол үшін қаламыздағы кітапхаларға барып жазылайық.

Үйге тапсырма

Мәтінді мазмұндау

І Ақпараттар тобы

Кітап үлгісін жаңа үлгіде дайындау

ІІ Оқырмандар тобы

Кітап туралы мақал мәтелдер жазып, жаттап келуге,

III Ақын жазушылар тобы.

«Кітапханада» тақырыбына әңгіме жазып келуге.

Бағалау

№ Оқушының аты - жөні

Өзін - өзі бағалау

Топтың бағасы

Мұғалім бағасы

Қорытынды баға

Рефлексия.Стикер жазу.

Бүгін саған не ұнады?

Көңіл күйің қалай болды?

Смайликтермен көрсет

































если материал вам не подходит, воспользуйтесь поиском
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал