7


Би жоспары (Ақ шағала)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Тақырыбы: «Ақ шағала»

</

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды би шығармашылығымен таныстыру, қоршаған ортаның әдемілігі мен әсемдігін қабылдауға, «Сұлулық» сөзінің мағынасын аша отырып «Ақ шағала» биінің қимыл-қозғалыстарын үйрету. Өнерде және өмірде сұлулықты дұрыс қабылдап, қажетсінуін жетілдіру.

2. Өнерге деген өзіндік қызығушылығын арттыру, рухани байлығын дамыту.

3. Ерінбей еңбектенуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың әдісі : Сын тұрғысынан ойлау.

Сабақтың көрнекілігі: Би жайында даналық ойлар жазылған плакаттар; мүсіні сұлу, көркі келіскен бишілердің түрлі-түсті суреттері салынған бүктемелер, үнтаспа, бейнетаспа, теледидар.

Сабақтың барысы:

Жоспары:

1. Кіріспе сөз.

2. Қызығушылығын оятатын сұрақтар қою арқылы ой толғау.

3. Мағынаны ажырату

4. Шағала құсының қимылдарын анықтау

5. «Ақ шағала» биінің қимыл-қозғалыстарын көрсету, орындату.

6. Сабақты бекіту «Ақ шағала» биін көрсету.

1. Сабақты қорытындылау. Бағалау

2. Үйге тапсырма. Үйренген би қимылдарын қайталау. «Би өнерінің қыры мен сыры» атты шағын шығарма жазу.

І. Мұғалім Би шығармашылығы халықтық, көркемдік ойдан туған форманың бір түрі. Өзінің эстетикалық, пластикалық қимылдары арқылы билеушінің дене бітімінің сымбатты болып өсуіне ықпалын тигізеді. Би өнерінің қыры мен сыры, ойы мен сезімі қазақ халқының дәстүрлі істерін суреттейді. Қане, айтып жіберейік, халықтың мінезін, салт-дәстүрін, көңіл-күйін суреттейтін қандай би үйрендіңдер? (Қара жорға, Киіз басу, Бес қыз, Қос алқа, Ауылдағы той, Қазақы дастархан).

ІІ. Қызығушылығын ояту.

Балалар, «Сұлулық» сөзін айтқанда көз алдарыңызға не елестейді? (Әркім сұлулық туралы жеке ойларын жазады, жұптасып кеңесіп болғаннан кейін топтасып ойларын ортаға салады.Мұғалім айтылған жауаптарды тақтаға жазады.)

Ықтимал жауаптар:

- Көркемдік гимнастика, мәнерлеп жүзу, әдемілік, көркемдік, сұлу бейне, әдемі көз жанары, табиғат көрінісі, қырды жаулаған қып-қызыл қызғалдақтар, гүлге қонған сансыз түрлі көбелектер, айдын көлге қонған аққу құсы, толқын үстінде ұшқан ақ шағала, жан мен тәннің жарасымы, т.б.

Мұғалім сұрағы: Ақ шағала құсын білесіңдер ме? Оқушылар алдын ала берілген тапсырма бойынша шағаланың суреттерін көрсете отырып, өз ойларын ортаға салады.

ІІІ. «Ақ шағала» әніне би қою. Шағала құсының қимылдарын би қимылдары арқылы көрсету.

Біздің халқымыз ежелден айналадағы табиғат сұлулығын сезіне біліп, ән мен жырға, би мен күйге қосқан. Бүгінгі сабақта табиғаттағы әсемдік пен сұлулықты бейнелейтін шағала құсының қимылдарын би қимылдары арқылы көрсетеміз.

ІV. Би жаттығуларын орындау.

Мұғалім сұрағы: Шағала қандай қимылдар жасайды?

Ықтимал жауаптар: қанатын қағады, қанатын бір қалыпта ұстап көл бетінде ұшады.

Мұғалім шағаланың қанат қағысын, қанатын бір қалыпта ұстап ұшу қимылын көрсетеді. Оқушылар қайталап орындайды.

Мұғалім сұрағы: Әннің мағынасына қарап, тобынан адасып қалған ақ шағала қандай қимыл жасауы мүмкін? Қалғандарының су жағасына қонғандағы қимылдары қандай болуы мүмкін?

Ықтимал жауаптар: Жеке қалған шағала дамыл қағып ары, бері ұшып тобын іздейді.

Қалған шағалалар су жағасына қонып, қанаттарын жуады, қағады, суды қызықтайды, суға жүзеді.

Мұғалім жеке қалған шағаланың, су жағасына қонған шағалалардың қимылдарын би қимыл-қозғалыстарымен көрсетеді. Оқушылар қайталайды.

Мұғалім сұрағы: Жеке қалған шағаланың өз тобына қосылу қуанышын қандай қимылдармен білдірер едіңдер?

Ықтимал жауаптар: Шыр айнала ұшып келіп тобына қосылады, суға шомылады, қанатын жазады, сілкілейді, тазалайды, қуанып барлығы бірге ұшады.

Мұғалім оқушыларға шыр айнала ұшып келіп тобына қосылған ақ шағаланың суға шомылғынын, қанатын жазғанын, сілкілегенін, тазалағанын, қуанып барлығы бірге ұшқандарын би қимылдары арқылы көрсетеді. Оқушылар қайталайды.

V.Бекіту: Үйренген би қимылдарын жинақтап орындау.

VІ. Қорытындылау. «Ақ шағала» биі орындалады.

VІІ. Бағалау.

VІІІ.Үйге тапсырма Үйренген би қимылдарын айна алдында қайталау.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал