7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары Халық даналығы- рухани байлық көзі 8 сынып

Сабақ жоспары Халық даналығы- рухани байлық көзі 8 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Халық даналығы - рухани байлық көзі

Сыныбы: 8

Тақырыбы: Халық даналығы - рухани байлық көзі

Мақсаты: Оқушыларға ертеден келе жатқан халық даналығы, ата - баба, салт - дәстүрінің, көсем сөздер мен шешен сөздердің рухани тағылымы, адамгершілік құндылық, даналық ретінде түсінік беріп, оның ұрпақтар сабақтастығындағы маңызын ұғындыру.

Міндеттері:

1. Халық даналығы ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалатын қазына екендігін ұғындыру

2. Ұлттық мәдениетке, ата - баба дәстүріне деген сүйіспеншіліктерін дамытуға ықпал ету;

Шаттық шеңбері

Тыныштық сәті: Баяу музыка қойылады.

Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар да, терең тыныс алыңдар.

Көздеріңізді жұмыңыздар. Өзіңізге енді атып келе жатқан таңды елестетіңіз. Сіз тау жолымен келе жатырсыз. Таза ауа, сылдырлаған бұлақ суы, құстардың сайраған дауысы, сіз жеңіл демаласыз, сіз күшке толысыз. Күн шуағы сіздің теріңізге сәуле шашуда, самал жел сіздің шашыңызды тербетіп сізге көрік беруде. Бүкіл табиғат күші сізге өз махаббатын сыйлап, сізді таң нұрымен қарсы алады. Ал енді бұл күш сіздің бүкіл денеңізге сіңіріп, қуат беріп тұрғанын сезуге тырысыңыз. Бұл күшпен өзіңізге жақын адамдар мен достарыңызбен бөлісіп жатқаныңызды елестетіңіз, Бұл қуат сіздің өміріңізбен тығыз байланысты. Сіз әлемдегі ең бақытты жансыз.

Ойланайық, пікірлесейік

1. Халық даналығы дегенді қалай түсінесіздер?

2. Неліктен оны адамзаттың рухани байлығы дейміз?

3. Қандай адамды данышпан, дана дейді?

4. Болашақта қандай кәсіпті таңдар едіңіз?



Жаңа ақпарат (сабақтың мақсатын аша түсу үшін ақпаратты оқушыларға оқимын)

Адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған өмірлік тәжірибесі ұрпақтан - ұрпаққа жетіп отырған. Ата - бабаларымыздың көрегендікпен айтып кеткен ұлағатты ой пікірлерін, өсиет - өнегесін халық даналығының қайнар көзі деп білеміз. Халық даналығы нақыл сөз, мақал - мәтел, шешендік сөз үлгілері және салт - дәстүрлерден көрінеді. Оларда айтылған зерделі ақыл, тапқыр ой, ұтқыр шешім мен тобықтай түйін рухани тағылым ретіндегі ұлттық игілік болып табылады. Халық даналығы атадан балаға мұра болып қалатын ізгілікті іс - әрекеттің де тәлімдік үлгісі. Болашақ ұрпағына өшпес мұра қалдырған білімдар, зиялы, ақылгөй адамды данышпан дейді.



Мәтінмен жұмыс

"Жанқұтты шешеннің батасы"

1. Абайдың жауабынан нені байқауға болады?

2. Дүние үмітке сүйенеді дегенді қалай түсінесіңдер?

3. Тілек айту мен бата берудің қандай өнегелік сипаты бар?

Дәйексөз

Ойлану - ең ізгі жол; еліктеу - ең жеңіл жол; тәжірибе жолы - ең ауыр жол.

Бенедикт Спиноза

Ойлану - Терең ой, Өзінше ой түйеді, Қорытынды пікір қалыптасады, Армандау, қиялдау

Еліктеу - Қызығу, ынта, Жаңа қасиетке ие болады, Алға ұмтылады,

Тәжірибе жолы - Іздену, ұмтылу, Өзіңді - өзің меңгеру, Алған білімін шыңдау, Қиындықты жеңу қателіктен сабақ алу

Өмірге көзқарасы қалыптасып, Даналық туады



Шығармашылық жұмыс

Қазақтың ырым сөздер мен тыйым сөздер

Бос бесікті тербетпе.

Отқа су құйма

Наның қиқымын жесе - бай боласың

Жолаушыға "қайда барасың" демейді, "жол болсын" дейді

Қазақ "сәтті күн" деп істі сәрсенбі күні бастайды

Қолыңды төбеңе қойма

Қазақ басымыз көбеймейді деп адам санамайды

Жаңа айды көргенде "жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке" деп бата жасап, ырымдайды

Ақты(сүтті, айранды) төксе, малдың желіні кетеді

Жұма күні кір жуса, әруақтар ренжиді

Шөбересінің қолынан су құйып ішкен қарт жұмаққа барады

Бала бас ұстамайды



Сахналау «Жаман болады» Қ. Жәркенов

Қатынасушылар: атасы, апасы, мұғалім, Айбол, Найзабек, Дариға оқушыларға рөлдерге бөліп оқыту

"Айтуға тәуекел байла»

Мақсаты: Әрбір қатысушы өзі туралы бір нәрсе айтуына жағдай жасау және сабаққа оқушылардың түгел араласуына көмектеседі.

Материалдары:

Әдемі себет ішінде қағаз қиындылары. Ойды аяқтай отырып, оқушылардың тәуекелге баруын талап етеді.

........ айналысқанды жақсы көремін.

........ жақсы жасай аламын.

........ мені алаңдатады.

......., мен өте қуанамын.

......., маған өте көңілсіз.

......., мен қатты ашуланамын.

Мен көңілсіз болғанда,.........., мені қорқыныш билейді.

Мен........... деп түсінемін.

Қазір мен........ сезінемін.

Бәрінен де мен............

Менің ең жақсы қасиетім - бұл..........

Менің ең жаман қасиетім - бұл...........

Жақсы дос........... ерекшеленеді.

Басқа адамдар менің...........

Мен шын мәнінде........... болсам да, мен.......... жалтарамын.

Мен............... көмегімен назар аудартамын.

......................, адамдар мені сыйлайтын сияқты көрінеді.

....................... жасай алғым келеді.

Мен............... қол жеткіздім



Жүректен жүрекке

Әдемі қорапшада түрлі - түсті жүрекшелер бар, кімге қай түстегі жүрекше ұнайды соны алайық

Қызыл - адамгершілік

Сары - адалдық

Қызғылт - мейірімділік

Көгілдір - сүйіспеншілік

Жасыл - әдептілік

Көк - ізеттілік

Ақ - қайырымдылық

Осы қасиеттер бойларыңызға дари берсін





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал