7


Урок Кітаптар мұңы РЖЕ.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала









Ертеңгіліктің тақырыбы: Кітаптар мұңы

Ертеңгіліктің мақсаты: оқушыларды кітапты күтіп ұстауға, кітапты құрметтеуге үйрете отырып, кітаптың шығу, жасалу жолдарын білуге үйрету. Көрнекілігі: кітаптың құрылысы жасалу жолдары жайлы сызба, кітап көрмесі кітап туралы жазылған қанатты сөздер, ескі және жаңа оқулықтардың көрмесі.

Өтетін орны: кітапхана бөлмесі.

Жазылған қанатты сөздер: «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» (А.Құнанбаев)

«Кітап маған тақтан да қымбат» (У.Шекспир)

  1. Ұйымдастыру бөлімі: Сахна ескі кітаптар тастайтын мектеп қоймасындай безендіріледі.Әр жерге жыртылған пәндік оқулықтардың суреті ілінеді. Қойылымда пәндік оқулықтар бір-бірімен мұңдасады.Сондықтан әр, «оқулықтың» өзінің атына сай киімі, өз сөзінің мәнері болады.

Қатысушылар: ана тілі, тарих, математика пәндері.

Бастаушы: Ардақты жас достар! Кітаптар мұңы атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Кітаптар бейне жапырақ.

Жырлайтын сырын өмірдің,

Оқисың кейде жатып ап,

Көтеріп күйін көңілдің.

Айдынды шалқар кейде бір,

Кітапты тұнған көл дерсің,

Ауадай қажет бейне бұл

Татпасаң нәрін шөлдерсің!

















Өмірдегі ең жақсы кеңесшің - кітап. Сондықтан да қолдарындағы оқулықтарыңды сүйіңдер. Кітаптың жаны жоқ болғанымен тілі бар. Ол өзін аялауды, күтіп ұстауды қажет етеді. Енді біз нашар оқитын оқушылардың қолына түскен мына оқулықтардың мұңын тыңдап көрейікші.

Сахнаға сүйретіліп, аяқтарын әрең басып Ана тілі мен Тарих шығады.

Тарих: (қайда келдім дегендей жан-жағына қарап сәл тұрады да, жанындағы көршісін түртеді).

  • Ей, тірімісің өзің? Қайдан келдің?

Ана тілі: Ойбай, мазамды алма. Бүйткен тіршілік құрысын! Мұнанда парақтарым дал-дұл болып, желмен бірге ұшып, не өртеніп кеткенім жақсы еді.

Тарих: Не болып қалды? Жалғыз сенің басыңа келді деймісің бұл қасірет? Біздің де көрген қорлығымыз аз емес. Биылғы оқу жылын зорға аяқтап шықтық... Басыңды көтер. Жөн сұрасайық, өзің кімсің? Сыртың бүп-бүтін ғой.

Ана тілі: (жер тірене әрең тұрып) Сыртымды қайтесің, сыртым бүтін болғанмен, ішім түтін, Ана тілі оқулығымын. Мен үшін авторлар түн ұйқысын төрт бөліп, қанша қызмет етті десеңші! Баспа редакторларының еңбегі өз алдына, баспахана қызметкерлері әрбір әрпімді жекелей теріп, көз майын тауысып па еді. Балалар оқысын, сауатын ашсын, адам болсын деген ізгі ниет еді ғой бәрінікі.

Қолымнан келгенше, өз бойымдағы білімімді беріп, балаларды адамгершілік парасатқа тәрбиелеуге тырыстым. Сөйткен күнім не болды? Сорым қайнағанда Адырбай деген баланың қолына түсіп, бір жыл болмай мынандай күйге түстім. Егер күтіп ұстаса, келер жылы мені екінші бала оқымас па еді? Іші-бауырымнан сау жерім қалмады. Жыртылмаған, шимайланбаған, сия тамбаған парағым кемде-кем шығар.

Тарих: Мен тарих оқулығы боламын. Дүкенге түсісімен Сотқарбай деген баланың меншігіне тиімді. Әдепкіде оқулық болып мектеп босағасын аттағаныма қуанышты едім. Оным көпке бармады. Бірнеше күн өтпей-ақ

Сотқарбай көзімді бақырайтып қойып, суреттерімді ақ қағазға түсіре бастады. Көтеріп жүруге ауырсына ма, кейін өзіне керекті кейбір беттерімді жыртып алатынды шығарды. Оқу жылы аяқталған күні мектеп ауласында доп қылып тепкілеп, сілікпемді шығарды да тастап кетті.

Ана тілі: Әріптесім, қанша айтқанмен Ана тілімін ғой, менің айтқаныма құлақ сал. Бұл жерде кішкентайлар ғана емес, жоғарғы сынып оқушылары да кінәлі-ау!

Тарих: Дұрыс айтасың, Ана тілі. Менің оқушым үйінде парақтарымды жыртып алып, кептер жасап, ұшырып ойнағанда да қой демеді ғой. Сондағы сылтауы «оқу жылы аяқталды» ,-дейді.

Ана тілі: Шындығын айтқанда, әркім өз дүниесіне ұқыпты болуы керек қой. Ондай балалар да көп. Алайда, олардың бір кемшілігі, Адырбай мен Сотқарбай сияқты балаларға достық ақыл айта алмай келеді.

Ақырындап, аяғын санап басып, есеп кітабы келеді.

Математика: Екеуіңнің әңгімелеріңді сырттарыңнан естіп тұрдым. Мен де сендердің мұңдастарың боламын. Ұқыпты оқушы туралы сөз қылдыңдар. Мен сендерге бір мысал айтайын. Менің өзім сияқты құрдасым болды, екеуіміз дүкенге бір күнде түстік. Қызық болғанда, сыныпта да парталас болдық. Ондай баланың қолына бір күн түссең де арманың болмас шіркін! Кітабына шаң жуытпайды. Керек бетін белгілеу үшін, парағын қайырып бүктемейді, қағаз салып қояды, сызбайды, сия тамызбайды. Оның кітабы қыстан су жаңа күйінде шықты.

Ана тілі: Енді бізді не істер екен? Әлде жинап-жинап отқа тастар ма екен?

Тарих: Мүмкін, бір кәдеге жаратар. Түптер.

Математика: Түптер! Түптесе, сені түптер. Ал түптеуге келмейтін бізді қайтеді? Көрмеймісің, көзге түсуге ұялып, бір түкпірде бұқпалап тұрғанымды.

Ана тілі: Пысықтығыңа қарағанда, есеп кітабы боларсың, бізден енді оқулық шықпайды.

Тарих: Әріптесім, отқа тамызық қылады деп ұнжұрғаларың түспесін. Мен тарихты білсем, бізді жуып, тазартып, сиямыздан арылтып, баяғыдай ақ қағаз жасап, баспаханаларға жөнелтеді. Баспахана қайтадан кітап жасап шығарады.

Математика: (қуанып кетіп)

«Олай болса, келесі жолы ұқыпты оқушының қолына түссек деп тілейік», -дейді.

Ана тілі: Тілім барда, үнім жоқ,

Мені адам түсінген.

Жүрегім бар, қаным жоқ,

Сөйлей туған ішімнен.

Тарих: Мен де бір сандық өзгеше,

Қолыңа алып жүрерсің.

Мені ашып ақтарсаң,

Өткеніңді білерсің.

Математика: Амал, тәсіл әр түрлі,

Қолдан қолға өтеді

Өмірдің талай мол сыры,

Ішіме сиып кетеді.

Бәрі бірігіп: Қойған жерінде жатамыз,

Қолыңа алсаң, өзіңе тіл қатамыз.

Егер күтіп ұстасаң

Үлкен алғыс айтамыз.

Оқы талмай, түй санаңа, жас бөбек

Сыр құямыз, нұр құямыз бойыңа.

Таза ұстап, оқы бізді қастерлеп

Бар білімді біз егеміз миыңа!

Бастаушы: Міне, балалар, таза, күтіп ұстамаған кітаптардың мұңын тыңдадыңдар. Сендердің алдарыңда елеулі бір мақсаттарың бар. Ол - оқу, үйрену. Оқу мен жазуға үйрететін ол сендердің - оқулықтарың. Сол оқулықтарыңды таза, күтіп ұстаңдар. Ол сендерді талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды.

2. Көрініс: «Науқас кітап»

(Бірде оқушының кітабы науқастанып қалып дәрігерге әкелді.)

Оқушы: Дәрігер, мен сізге кітабымды әкелдім. Ол қатты науқас.

Дәрігер: Жарайды, алдымен диагнозын анықтап алайық.

Оқушы: Мен үйде жоқта кішкене балалар алып осындай күйге жеткізіпті.

(Жыламсырайды)

Дәрігер: Мұңайма, емдеп жазамыз. Кітабыңа су тиген, беттері жыртылған. Кітабыңды түптеймін, жыртылмасын. Мұқабасын бүкпеймін, қырқылмасын. Таза болсын беттері, кірлемесін. Көрген адам «Кітабың кір» демесін. Мен кеңестер жазып беремін. Үнемі есте сақтап жүр.

Кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме.

Кітап мұқабасы бүлінбес үшін қаптап

Кітап беттерін жыртпа.

Кітапқа сурет салма,жазба.

Тамақ ішіп отырып кітап оқыма.

Кітап беттерінің арасына қалам, қарындаш салма.

Оқушы: Жарайды, дәрігер. Кеңестеріңізді үнемі есте сақтаймын.

Дәрігер: Жазылып кетіңіздер! Сау болыңыздар!

Оқушы: Сау болыңыз! Сізге үлкен рахмет!

Оқулығым - құралым,

Жағар білім шырағын.

Баса алмайсың ешқашан

Онсыз алға бір адым.

Дәрігер: Балалар, кітап - шебер ұстаз, тілсіз мұғалім. Кітап - адал пейіл, асыл дос. Қойған жеріңде жатады, қолыңа алсаң былай тіл қатады.

Кітаптар барлығы хормен:

Оқы талмай, түй санаңа, жас бөбек,

Сыр құямын, нұр құямын бойыңа.

Таза ұстап, оқы мені қастерлеп,

Бар білімді мен егемін миыңа.

Кітапханашы: Балалар, кітап жыртылмас үшін не істеу керек?

-Қаптау керек.

-Кітап беттеріне сурет салуға бола ма?

-Кітап беттеріне сурет салуға болмайды.

-Қай уақытта кітап оқу керек?

-Бос уақытта .

-Кітаптарды қалай ұстау керек?

-Ұқыпты, таза ұстау керек.

</<font face="Times New Roman, serif">Мінекей балалар бізге кітаптың қандай қымбат екенін түсіндік. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл- ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов. Сондықтан қолымыздағы кітаптарды ұқыпты ұстайық.

Назарларыңызға рахмет!!!!

Кітапханашы Жимбаева Р.Е







































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал