- Учителю
- Қазақ тілі Дулат Бабатайұлы О,Ақтан жас Ақтан жас!
Қазақ тілі Дулат Бабатайұлы О,Ақтан жас Ақтан жас!
Сынып |
7"Б" | |||
Тақырыбы |
Д.Бабатайұлы. «О,Ақтан жас, Ақтан жас! » | |||
Мақсаты |
Дулат Бабатайұлының өмірбаянымен, шығармашылығымен танысу. «О,Ақтан жас, Ақтан жас! » толғауының идеясын түсіну ,өз ойларын қорытындылай білуге жағдай жасау. Тіл белсенділігін арттыру, оқу мен жазу мәдениетін дамыту
| |||
Күтілетін нәтиже |
Тақырыпты түсіне отырып ойын жеткізе білу арқылы,тақырыпты дұрыс орындауға дағдыланады
| |||
7 модульдің қолданылуы |
АКТ", "Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер", "Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау", "Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету", "Оқытуды басқару және көшбасшылық".
| |||
Қолданылатын әдіс-тәсілдер |
Қарлы кесек, Дара диаграмма, "Пицца" | |||
Қолданылатын ресурстар |
Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук | |||
Ұйымдастыру кезеңі
Тренинг |
Алтын ереже құру қажеттігі туралы айту. Әр топқа бағалау парағын таратып беру.
«Сатамын, сатып аламын" ойыны арқылы психологиялық ахуалды жақсарту
|
Топ ішінде тәртіп ережелері талданып , сол арқылы сыныптың алтын ережесін құрады. Бағалау парағы арқылы топбасшысы топ мүшелерін бағалап отырады.
| ||
Сабақ кезеңдері |
Тапсырма |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушылардың іс-әрекеті | |
Үй тапсырмасы |
Қанатты сөздер |
Қанатты сөздерді көріп, қарап шығу |
Қанатты сөздерді оқиды | |
Жаңа тақырып |
|
Сабақтың мақсатын айту |
Сабақтың мақсатын біледі | |
Түсіну |
« Қарлы кесек» әдісі бойынша тарау тақырыптарына қатысты өздері талқылап, өздері қайталау мақсатында тапсырмалар беріледі
|
Оқушылар көлемді мәтінді әрқайсысы жеке-жеке топ ішінде оқып шығып топпен талқылайды, Бір оқушы өзінің ойын ақ параққа түсіреді. Қалған оқушылар жалғастырады. Әбден айтар ойы аяқталғанша жалғастырып жаза береді.Топ берілген тапсырмаларды біріге талқылап орындайды
|
Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырманы өздері талқылап , өз ой-пікірлерімен санаса білу Топпен жұмыс жасау | |
Қолдану |
Дара диаграмма Қолдану арқылы жаңа сабақты түсінеді |
Дулат Бабатайұлы туралы мәтінді оқып, Дара диаграмманы толтыру
|
Диаграмманы толтыру арқылы Дулат Бабатайұлының өмірбаянымен танысу | |
Сергіту сәті |
От шашу (Фейерверк) |
|
| |
Талдау |
"О,Ақтан жас, Ақтан жас!" өлеңін мәнерлеп оқу, идеясын түсіну. |
Мұғалім мәнерлеп оқиды, толғаудың идеясын түсіндіреді |
Оқушылар толғауды мәнерлеп оқиды, идеясын түсінеді | |
Жинақтау |
|
"Пицца" әдісі. Топтарға жаңа тақырып бойынша сұрақтар таратылады. Талдайды , түсіндіреді |
Оқушылардың мақсаты берілген тақырыпқа байланысты өз ойларын жеткізу | |
Бағалау |
Бағалау шкаласы мен бағалау парақтарын тарату |
Топқа бағалау парақтарын тарату, бағалау шкаласын тақтаға ілу керек |
Топта бағалау парақшасын бақылаушы толтырады, бағалайды | |
Рефлексия |
Стикерлерді толтыру Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойын стикерге жазып, тақтадағы "Даналық ағашына" іледі |
Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну |
Ұсынылған стикерді толтыру, тақтаға ілу | |
Үй тапсырмасы |
Д.Бабатайұлы. «О,Ақтан жас, Ақтан жас! » |
Өмірбаянын оқу, толғауды мәнерлеп оқу. |
Өмірбаянын оқиды, толғауды мәнерлеп оқиды. |
"Приурал мектеп-балабақша кешені" КММ
Ашық сабақтың тақырыбы:
Дулат Бабатайұлы "О,Ақтан жас, Ақтан жас!"
Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Отепова Г.Н.
2015-2016 жыл