7


ҚМЖ Есімше

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Мақсат-міндеті Етістіктің өткен шақ,жедел өткен шақ түрін меңгерту. Оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау, сыни ойланып, ой қорытуға мүмкіндік беру.Сатылай кешенді талдау дағдыларын жетілдіру, ойлау белсенділіктері мен құзіреттіліктер қабілеттерін дамыту. Ж
предварительный просмотр материала

Пәні

Қазақ тілі

Сынып : 7 «ә»

Пән мұғалімі: А.Б.Султангалиева

Тақырыбы:

Өткен шақ.Жедел өткен шақ.

Күні: 10.02.2015жыл


Мақсат-міндеті

Етістіктің өткен шақ,жедел өткен шақ түрін меңгерту. Оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау, сыни ойланып, ой қорытуға мүмкіндік беру.

Сатылай кешенді талдау дағдыларын жетілдіру, ойлау белсенділіктері мен құзіреттіліктер қабілеттерін дамыту.

Жас ұрпақты шешендікке, ұтқыр сөйлеуге баулып, ұлтық мақтаныш сезімін ояту.

Күтілетін нәтиже

  • Өткен шақ,жедел өткен шақ түрлерін өз беттерімен меңгереді, идеясын ашады

  • Тапсырмаларды орындауда сындарлы ойлайды, ізденеді, ой түйіндейді

  • Өзара критерий арқылы әділ бағалауды үйренеді

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті,

әдіс -тәсілдер

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Психологиялық дайындық.

Ұйымдастыру

/2 мин/ «Жұрнақтар құпиясы» ойыны

2.Психологиялық дайындық.

сабақтың ережесі:

  • Белсенді қатысу

  • Тыныштық сақтау

  • Бірін-бірі тыңдау

  • Ойын ашық айту

  • Бір-бірін сынамау

  • Ынтымақтылық


Барлығы тыныштық сақтап ,белсенді,ынтымақтастықта қатысады

Топқа бөлу: Оқушылар үстелде жатқан суреттерді суырып, топ құрап отыруларыңды сұраймын.

« Қыран», «Сұңқар», «Тұлпар», «Лашын» суреттеріне байланысты 4 топқа бөлінеді


Бағалаушы дұрыс берілген жауапқа ұпай қосып отырады.

Қима қағаздарға жазылған жұрнақтар

Қызығушылықтарын ояту



















Үй тапсырмасын тексеру


Ой қозғау.

«Домбыраның қоңыр үні күмбірледі. Аса бір зарлы, қайғылы сарын боздаған түйедей безілдеп, мұңды әуенді еңірете төкті. Жүректі солқылдатқан неше қилы дыбыстар шығады.

Зар жылаған, сыңсыған дыбыстар денені шымырлатады. Жүректі түркілеп, ойды қияға жетелейді».

Жоғарыда көрсетілген сөйлемдерде етістіктер қимылды, іс-әрекетті білдіретіндігі белгілі. Ал іс-әрекет, қимыл белгілі бір кезеңде іске асады, орындалады. Мысал ретінде келтірілген сөйлемдердегі іс-әрекет, қимылдың туу кезеңі не арқылы, яғни немен айқындалады?

-Сонымен, етістіктің шағы деп нені айтамыз?

-Сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың болу мезгілі неше түрлі болады?

.

- Өткен, осы, келер шақтың бірнеше түрлері бар. Олар қандай, қалай жасалады, олардың қолдану ерекшеліктері мен ұқсастықтары жайында біз бүгін сабақта айтамыз.

2. Мағынаны ажырату.

2.1. Түсініктерін жетілдіру

-Етістіктің шақтары дегенді қалай түсінесіздер?

-Шақтың қандай түрлері бар?

-Шақтың бірнеше түрге бөлінуі неге байланысты?

-Осы шақ деген не? Нақ осы шақ қалай жасалады?

-Қалып етістіктерінің ерекшеліктері неде?

-Осы шақтың мағынасы мен жасалуында шақтың басқа түрлерінен қандай ерекшелік, айырмашылық бар?


Үй тапсырмасын тексеру.

Жауап: Қимылдың өту кезеңі сөйлеушінің хабарлау кезеңімен немесе сөйлеп тұрған сәтпен айқындалады.


Жауап: Сөйлеп тұрған сәтке байланысты қимылдың өту кезеңін білдіру - етістіктің шағы деп аталады.


Жауап: Үш түрлі болады: сөйлеп тұрған сәтке байланысты, яғни, сол сәтте болып жатқан қимылды осы шақ, әлі болмаған, бірақ кейін болатын қимылды келер шақ, сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып өткен қимылды өткен шақ білдіреді


Оқушылар өз ойларын таласа айтады.


Үй тапсырмасы бойынша орындаған тапсырмаларын орындап талдайды,бағаланады


Формативті


Критериалды бағалау


Интерактивті тақта

Кесте №1, №2

бағалау парағы

Миға шабуыл

Білу және түсіну

Өткен шақ - қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып, істеліп кеткенін білдіреді.

Мыс; Ол оқуды білдірді. Мен бұл кітапты оқыдым

СТО: Топтастыру

Алдымен оқушылар түсінігі сұралады.

Өткен шақтың мағынасына, жасалуына қарай


Жедел ӨШ Ауыспалы ӨШ Бұрынғы ӨШ


Жедел ӨШ - әдетте қимылдың, іс-әрекеттің таяу уақытта болғанын, орындалғанын білдіреді. ЖӨШ етістіктің түбіріне -ды, - ді, -ты, -ті жұрнағы қосылу арқылы жасалып, жіктеліп қолданылады. Мыс: Асан домбыра тартты. Сен үйге келмедің.

/оқушылар берілген мысалдарды жазып алады./

Өз пікірін білдіруі

Слайд 1

Әдісі: Зертттеушілік жұмыс.


Қолдану, талдау


ББЖӘТ: Өткен шақ түрлері бойынша жоба қорғау

Дайындау -5 мин

Қорғау -10мин

1- топ - -жаттығудағы жедел өткен шақты тауып, тұлғасына қарай талдау..

2- топ - -жаттығудағы тапсырмаларды орындау.3- топ - 258-жаттығудағы сөйлемге сатылай комплексті талдау

жасату.


Дәптерлеріне жаңа тақырыпты жазады.

Тапсырма бойынша жұмыстанады.

Жоба қорғайды..

Оқулықпен жұмыс.

1- топ - -жаттығудағы өткен шақты тауып, мағынасы мен жасалуына қарай талдау..

2- топ - -жаттығудағы тапсырмаларды орындау

3- топ - -жаттығудағы сөйлемге сатылай комплексті талдау жасайды.


Өзара критериалды бағалау.


Тапсырманы орындау сауаттылығы


Флипчарт

Маркер


Бағалау парағы

Оқулық


Жинақтау.

Бағалау

/6 мин/

Семантикалық карта

Семантикалық картаны толтырады.

Белсенділігі, шапшаңдығы

Ой қорытуы

Интербелсенді тақтадағы активстудио флипчарты

Бағалау

/2мин/

Тақтада ұпайлар мен бағалар критерийлері, дискрипторлар көрсетіледі.

Топ басшысы өз тобындағы оқушылардың жинақ ұпайын айтады


Бағалау парағы

дескриптор

Үй тапсырмасы

/1мин/

ДБЖ: деңгейлік тапсырмалар

А - жаттығудағы жедел өткен шақтарды тауып,талда.

В - Өмірмен байланыстыра отырып жедел өткен шақтарға сөйлемдер құра.

С - етістіктің шақтары бойынша семантикалық карта құру.

Кері байланыс

Рефлексия .

«Көңілді старт» /жол бойы ,старт,бағдаршам бұрылысы,мәре/








 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал