7


8 класс Мұқағали Мақатаев

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





8 класс Мұқағали Мақатаев





Отан

Отан!

Отан!

Сен болмасаң, не етер ем?

Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем.

Өмірден бұл өксуменен кетер ем.

Құс ұясыз,

Жыртқыш інсіз болмайды.

Отансыз жан өмірінде оңбайды.

Өзін-өзі қорлайды да сорлайды.

Тірі адамға - сол қайғы!

Күн көреді,

Әкесіз де, анасыз,

Өмір сүрер.

Әйелсіз де, баласыз,

Ал Отансыз -

Нағыз сорлы панасыз?

Білесің бе,

Отанның сен не екенін?

(Екі өмір жоқ, әрине, жоқ екі өлім.)

Екі Отан жоқ.

Жалғыз Отан - мекенің!

</

Мұқағали Мақатаев

8 класс Мұқағали Мақатаев





1-сұрақ



Шетте жүрген адамға не қайғы?

А) Анасыз өмір кешу

В) Әйелсіз болу

С) Отансыз өмір сүру

Д) Әкесіз өмірден өту





8 класс Мұқағали Мақатаев

2-сұрақ



Өлеңге сүйене отырып, Отансыз адамның өмірін сипаттайтын сөздерді тауып, түсіндір.



8 класс Мұқағали Мақатаев



3-сұрақ



Өлеңнің идеясын дәлелдейтін мақал-мәтелдерді жаз, өз сөзіңмен мағынасын ашып бер.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________







































Дұрыс жауаптар



  1. С

  2. Мәңгілікке бақытсыз, өксуменен өтер, қорлы, сорлы, оңбайтын, қайғылы,

панасыз. Отан қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді. Отансыз адам - ормансыз бұлбұл. Отансыздың оты жанбайды.

  1. Бұлбұл гүлзарын сүйеді, Адал адам Отанын сүйеді.

Отан оттан да ыстық, жалыны бар шоқтан да ыстық.

Отанын сүйген: отқа жанбайды, суға батпайды.

Әрбір жанға өзінің отбасы, туған - туыстары , жолдастары ыстық болса, Отан да адам баласына солай да ыстық. «Отан» десе адамның жүрегі езіліп, жүрекке жылы болып есептелінеді. Кез келген ұлт өкілдерінің өз Отаны бар екені айдан анық. «Отан үшін отқа түс - күймейсін» - деген мақал бар. Расында да егер Отан үшін жанынды қисаң, ол үлкен абырой. Отан үшін өлген адамның өзі өлгенімен, аты ешқашанда өлмейді. Тарихта мәңгі қалады.









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал