7


  • Учителю
  • Өзін - өзі тану пәнінен сабақ жоспары Мақсат - жетістік желкені (8 сынып)

Өзін - өзі тану пәнінен сабақ жоспары Мақсат - жетістік желкені (8 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Мақсат - жетістік желкені

Мектеп: № 26 ЖОББМ

Пән: Өзін-өзі тану

Күні:

Мұғалім: К.Е.Қасенова

Сынып: 8

Сабақ негізделеген оқу мақсаты:

оқушыларды өз болашағы бағытын айқындап мақсат қоя білуге үйрету

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Оқушыларға өмірлік мақсаттарын нақты белгілей білу және өз мұратына жауапкершілікпен жете білу дағдыларын қалыптастыру

Оқушылардың басым бөлігі:

адамгершілік құндылықтарды басшылыққа ала отырып, болашаққа құлшыныстарын арттырып, өз бағытын айқындай алу

Кейбір оқушылар:

Өмірде өз мақсатына жету үшін істелетін әрекеттерді жоспарлай алады.

Алдыңғы оқу:

Оқулықта берілген хаттың шешімін тауып, оған жауап жазу

Жоспар:

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

Қызығушылықты ояту

Балалар көздерін жұмады. Мұғалім сөйлейді. Сендердің жүректерің - сендердің кішкене жарқыраған күндерің. Ол да күн сияқты жылытады. Сендердің күндерің сендерге жылулық береді. Өздеріңнің жақсылықтарыңмен адамдармен бөлісесіңдер. Ал, кәне жақсылық сезімдерімізді өздеріміздің әке-шешемізге, аға-әпкелерімізге, өздеріміздің достарымызға, барлық адамзатқа, келген қонақтарға, маған және өзіміздің кішкене ғана әдемі жер шарымызға, бәріне-бәріне жіберейік, жақсылық тілейік.

-Ал, енді көздеріңді ашыңдар, жымиыңдар және осы сезімдеріңді, қуаныштарыңды күні бойы сақтауға тырысыңдар.

Балаларға бір парақ ақ қағаз таратылып, ортасынан екі бүктейді. Бір бөлігіне көңіл -күйін бейнелейтін смайликтің немесе табиғат құбылыстарының бірінің суретін салып қояды. Бұл іс-әрекет арқылы баланың сабақ басындағы көңіл -күйі анықталады.





Топқа бөлу:

Қағаз қиындыларында адамгершілік қасиеттер жазылған (Сүйіспеншілік, мейірімділік), балалар өздері таңдап, екі топқа бөлінеді.



Адамгершілік қасиеттер жазылған қағаз қиындылары

Пікірлесу

Балалар, бүгін біз «Мақсат - жетістік желкені» тақырыбын жалғастырамыз

 - Жетістік дегеніміз не?

 -өмірлік мұратыңа, белгілі бір жетістікке жетуде қандай адамның мүмкіндіктері мол болады?

 -Мақсатқа қол еткізу оңай ма?





Жаңа ақпарат:

Жетістік дегеніміз - рухани әрі дене қуатының бір мақсатқа бағыттау және сол мақсатқа жету. Қандай да бір істі тындырымды әрі тыңғылықты істеу де - жетістік. Ойдағыдай істелген іс, жоспарланғандай атқарылған жұмыс, мұрат етілгендей орындалған арман - жетістіктің нақ өзі. Сондықтан жетістік - адам бақытының қайнар көзі. Бұл көзді қаншалықты аршыған адам өмірде соншалықты бақыт табады. Бақыт бұлағы адамға өз ләззатын берген сайын кісі бойындағы шаттық сезім де арнасынан аса түседі. Демек, адамның шаттықа оранып, құмарлана өмірден ләззат алатын, қуанышқа бөленіп, рақаттана шат-шадыман болатын бақытқа жету бірі - жетістік.

Жетістік тек оза шауып бәйге алуда емес, адамдық қасиетті жоғалтпауда жатыр. Әуелі, адам деген атқа лайық бол, жетістігің адамдығыңмен өлшенсін. Сені жетістікке жетелейтін сенен басқа ешкім емес, өзіңе деген сенім сені барлық белестерден алып шығады. Өзгеге жалтықтаушы болма, кісілігің қалмайды. Ең үлкен жетістік - қоғамға пайдалы істі тындыру. Жетістіктің ең үлкен жауы - "кейін істермін" деп айту. Жетістікке апаратың жолдан қаймықпау және әрқашан үмітті болу.





Ойын - жаттығу:

«Өрмекші торы» жаттығуы.

Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ойынға барлығы қатысуы тиіс. Жіп кімнен ілініп басталса, сонымен аяқталып өрмек жиналу керек.

Жаттығу шарты: Топта бірін-бірі жақын танығандықтан, әр кім 1-ші өзінің достарына айтар тілегін, қошеметін, жағымды қылықтарын білдіріп жіпті саусағына іледі, өрмек тоқылды. 2-ші кері бағытта, бірақ сол ізбен достарының бойына қажет емес қасиеттерін, қылықтарын айту. Өрмекті жию.

Айтылған тілектер мен сынды қабылдаймыз ба? Сын орынды айтылды ма? Бұл жаттығудың мақсаты да сол, сын түзелмей, мін түзелмейді - дегендей, айтылған ескерте, сындарды түзете білейік. Болдырмайық.



Жіп орамы

Шығармашылық жұмыс:

Топтық жұмыс. Постер қорғау 1-ші топ - Жетістікке жету үшін адамда қандай қасиеттер болу керек? (Сенімділік, оптимист, өз дегенінен қайтпау, өзін өзі тану, тәуелсіз болу, еңбекқорлық, ынталы, мақсаткер, жауапкершілік)

2-ші топ - Жетістікке жету үшін не істеу керек? Мақсат қою, алға ұмтылу)



Плакаттар, маркерлер.

Аяқталуы

Рефлексия:

«Рефлексивті экран». Әрбір оқушы экрандағы сөйлемнің басын оқып, соңын өзі жалғастырады.

1. Бүгін менің білгенім......

2. Қызықты болғаны.......

3. Қиын болғаны .......

4. Мен мынадай тапсырмалар орындадым.......

5. Менің ұққаным.......

6. Енді мен жасай аламын.....

7. Менің сезгенім.......

8. Өзім үшін үйренгенім.........

9. Мен үйрендім.....

10. Менің қолымнан келгені.......

Балаларға, жасыл және қызыл адма ұсынылады. Егер сабақ ұнаса, түсінікті болса қызыл алманы, егер түсніксіз, ұнамаса жасыл алманы ағашқа іледі.



Алмалар, ағаш

Қорытынды:

Балалар бір бөлігіне сабақ басындағы сурет салынған парақтың екінші бөлігіне сабақ соңындағы көңіл -күйін бейнелейтін смайликтің немесе табиғат құбылыстарының бірінің суретін салып қояды.Бұл іс-әрекет арқылы оқушының көңіл -күйі анықталады.

Топпен ән айту

Мақсат - бақыт бастауы

Сөзі А.Беляевтікі

Әні Б.Қажымұқановтікі

Жолдас керек әр жанға,

Мақсат керек бір биік.

Тұманы мол жалғанда

Тұрмайды ма нұр құйып.

Сылдыр сөз бен күлкіңмен

Жете алмайсың мұратқа.

Адасасың іркілген,

Арман жаңа жырақта



Қосымша ақпарат:













 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал