- Учителю
- Қазақ тілі пәнінен 'Қоршаған орта' атты ашық сабақ жоспары.
Қазақ тілі пәнінен 'Қоршаған орта' атты ашық сабақ жоспары.
9-сынып
Сабақ тақырыбы: Қоршаған орта.
Сабақ мақсаты:
- білімділік: Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, сөйлемді стилистикалық тұрғыдан дұрыс құрау бойынша білімдерін толықтыру.
- дамытушылық: Тақырып аясында өз ойларын нақты да тұжырымды жеткізе алуға дағдыландыру. Сөйлеудің қатысымдық белгілерін дамыту, сөздік қорларын жетілдіру.
- тәрбиелік: «Қоршаған орта және ондағы менің орным» тақырыбы негізінде өз-өзін тани түсуге, тұлға ретінде жетілдіруге бағдарлау, табиғатты сүюге , қоршаған ортаға сүйіспеншілікпен қарауға баулу.
Сабақ типі: Тіл дамыту.
Сабақты ұйымдастыру формасы: практикалық, дәстүрлі сабақ.
Сабақты дидактикалық материалдармен қамту: мәтіндер, кеспе карточкалар, суреттер, сөзжұмбақ.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу
2. Сабақта жұмыс істеуге жағдай жасау
3. Оқушыларды психологиялық тұрғыдан қарым-қатынасқа дайындау
4. Сабаққа дайындықты тексеру
5. Оқушылар назарын ұйымдастыру
6. Сабақтың жалпы мақсаты мен оны жүргізу жоспарын ашу
ІІ. Өзектілігі: Бұрын өтілген ұғым, түсініктерін тереңдету. Үй жұмысын өзара тексеру, өзін-өзі тексеру тәсілдері арқылы сұрау.
ІІІ. Жаңа материалдарды зерделеу:
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1) Табиғат деп нені түсінесіз?
2) Табиғаттан қандай тамаша құбылыстарды көруге болады?
3) Адам мен табиғат арасындағы байланыс қандай?
4) Адам табиғатты қалай өзгерте бастады? Неге?
5) Табиғатты қорғау үшін не істеу керек деп ойлайсыз?
6) Қазіргі экологиялық жағдай туралы ойыңыз.
2-тапсырма. «Қоршаған орта және ондағы менің орным» тақырыбы бойынша ойқозғау.
3-тапсырма. Қосымша мәтіндермен жұмыс:
1) Мәтінді оқу, таныс емес сөздерді сөздік дәптерге жазу;
2) Түсінгенін қысқаша баяндау;
3) Мәтін бойынша кем дегенде 5 сұрақ дайындау;
4-тапсырма. «Табиғат» сөзжұмбағын шешіңіз.
1
14
12
2
15
3
4
Х
16
5
6
7
8
13
9
10
11
Көлденеңінен: Тігінен:
-
Насекомое 2) Природа
-
Чудесный 7) Река
-
Степь 10) Ветер
-
Воздух 12) Волк
-
Лес 13) Труд
-
Защищать 14) Море
-
Растение 15) Животные
-
Радуга 16) Молния
-
Солнце
-
Земля
-
Бабочка
IV. Үй тапсырмасы туралы ақпарат беру кезеңі:
«Қазақстан табиғаты» тақырыбында шағын әңгіме жазыңыз.
V. Қорытындылау.
VI. Рефлексия кезеңі: Нені білдім? Нені білгім келеді?