7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары ' Баскетбол үйірмесі' 6 сынып

Сабақ жоспары ' Баскетбол үйірмесі' 6 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

№ қазақ тілі 6 сынып

Сабақ тақырыбы: Баскетбол үйірмесі
Мақсаты:

Оқушыларды спорт тақырыбындағы сөздермен таныстыра отырып, өз ойын еркін айта білуге меңгерту.

Балалардың ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту,ой- өрісін кеңейту
«Спорт - денсаулық кепілі» деген сөздің мағынасын аша отырып, спортқа деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, дені сау азамат болуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже :Оқушылар негігі ойды анықтай алады, сөздердің септік жалғауларын анықтап, сөйлем ішінде қолдана алады,мысалдар келтіре алады.

Сабақтың әдіс- тәсілдері:,Миға шабуыл, сұрақ-жауап,

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Қажетті құралдар: Компьютер,оқулық, дидактикалық материалдар,
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу
Таңдап алған спортық құралдар бойынша топтарға бөлінеді

Психологиялық ахуал. Бір-біріне жақсы тілек сөздер айту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Сөз-сөз тіркесі-сөйлем. Мысалдар келтіру.
ІІІ.Жаңа сабақ.

«Миға шабуыл». Оқушыларға слайд көрсетіледі.Спорт ойындарының түрлері.

  1. Қандай спорт ойындарының түрлерін көрдіңдер?

  2. Сендерге қандай спорт түрі ұнайды?

  3. «Спорт-денсаулық кепілі» дегенді қалай түсінесіңдер?

  4. Ал сендердің мектептерінде қандай спорт үйірмелері бар?

  5. Сен қандай үйірмеге барасың?

Сөйтіп сабақтың тақырыбын өздері анықтайды. СПОРТ «БАСКЕТБОЛ»

Өтілетін тақырыптың мақсатымен таныстыру. Бүгін сабақ сайыс түрінде өтеді. Екі топ арасында баскетбол ойналады. Тапсырманы дұрыс орындаған топ қарсылыс тобының торына доп салады. Сабақтың соңында женген топты анықтаймыз.

1.Сөздікпен жұмыс.( оқу, сөз тіркесін, сөйлем құрастыру).

1-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз. Тапсырманы тексеру.

2-тапсырма. Диалогпен танысу.оқу, аудару.

Топқа тапсырма: диалогты аудару, жаңа сөздерді жатта.(5 сөз). Топ өзара тапсырманы бөліп алады.

3-тапсырма. Суреттерді пайдаланып, сөйлем құрастырыңдар. Топтарға волейбол ойыны суреті беріледі. Сурет бойынша әр топ үш сөйлем құрастыру қажет.

4-тапсырма. Мына сөздерді септе: 1-топ спорт, баскетбол, 2-топ ереже, команда.

5-тапсырма.Диалогты пайдаланып, сөз тіркесін құрастыру.

  1. Ойын А) айналысу

  2. Баскетбол Б) үйірмесі

  3. Жүлделі В) минут

  4. Жиырма Г) матч

  5. Бір Д) орын

  6. Спортпен Е) ережесі

ІҮ.Бекіту. 6-тапсырма. Сөйлем құр.

  1. ол, үйірмесіне, барады, баскетбол

  2. баскетболдан, жарысқа, қатысты, ол

  3. баскетбол, ойынының, ережесін, білемін, мен

  4. сыныптың, біздің, жақсы, ойнайды, баскетболды.

Ү.Бағалау. Тақтаға қарайық. Баскебол ойынының нәтижесі бойынша 1 топ-, 2-топ ұпай жинады. Әр топ ойыншыларына баға берейік. Топ капитандары сөйлейді.



ҮІ.Қорытындылау. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбына байланысты тақтаға Баскетбол сөзіне КЛАСТЕР толтырамыз.
Рефлексия:

Балалар сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма?

Сабақта не ұнады? Өз ойларыңды стикерге жазып, тақтаға іледі.

Үйге тапсырма: Денсаулық тақырыбында мақалдар жаттау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал