7


  • Учителю
  • Методика обучения 'Қазақ әдебиетін оқытуда жаңа технологияларды қолдану жолдары'

Методика обучения 'Қазақ әдебиетін оқытуда жаңа технологияларды қолдану жолдары'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Қазақ әдебиетін оқытуда жаңа технологияларды қолдану жолдарыБүгінгі педагогика ғылымының лексиконында педагогикалық оқыту технологиясы ұғымы терең тамыр жайды. Технология – tehne (искусство, ремесло, мастерство, учение) деген мағынаны білдіретін грек сөзі.Педагогикалық
предварительный просмотр материала

Қазақ әдебиетін оқытуда жаңа технологияларды қолдану жолдары


Бүгінгі педагогика ғылымының лексиконында педагогикалық оқыту технологиясы ұғымы терең тамыр жайды.

Технология - tehne (искусство, ремесло, мастерство, учение) деген мағынаны білдіретін грек сөзі.

Педагогикалық технология педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық дара, инструменталдық және методологиялық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді. (Кларин М.В.).

Технология - оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі. (Монахов В.М.).

«ТЕХНОЛОГИЯ» - бұл да қандай да болсын істегі «Шеберліктің» жиынтығы.

Технологиялардың бірнеше түрі бар:

  1. Кәсіптік технологиялар; Басқару технологиялар; Ақпараттық технологиялар; Ізденіс технологиялары; 5. Ойын технологиялары; Педагогикалық технологиялар; Білім беруді ізгілендіру технологиясы; Проблемалық оқыту технологиясы; Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы; Түсіндіре басқарып оза оқыту технологиясы; Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы; Бағдарламалап оқыту технологиясы; Модульдік оқыту технологиясы; Ұжымдық ойлау технологиясы; Сын тұрғысынан ойлау т.б.

Педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері.

Педагогикалық технологияның 90-нан астам түрлері бар.

Бұл педагогикалық технологиялардың маңыздылығы:

  1. Білімгер барлық тақырыпты меңгереді, яғни жоқ дегенде міндетті деңгейді біледі.

  2. Білімгер жоғары деңгейде меңгереді, дамиды, ізденеді.

  3. Білімнің теориялық, жариялық, әділдік қағидалары сақталады.

  4. Ұстаз бен шәкірт қарым-қатынасы өзгереді.

  5. Білімгердің танымдық, интелектуалдық қабілеттері дамиды.

  6. Өзіндік көзқарасы қалыптасып, тыңдай, сыйлай білу мәдениеті артады.

Білім беруді ізгілендіру технологиясы - білім алушының жеке қасиеттерін ашу арқылы азамат етіп тәрбиелеу; жаны мен жүрегіне жылулық ұялату; танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; біліммен кеңейтуге және тереңдетуге жағдай жасау.

Проблемалық оқыту технологиясы - білім, білік, дағдыға ие қылу; өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту.

Тірек сигналдар арқылы оқыту технологиясы - білім, білік, дағды қалыптастырумен бірге жеке мәліметтеріне қарамастан оқыту; және оқытуды жеделдету.

Түсіндіре басқарып оза оқыту - білім, білік, дағды меңгертумен мемлекеттік стандарт көлемінде білім беру.

Деңгейлеп - саралай оқыту технологиясы - әр оқушының қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; оқытуда әр түрлі топтардың ерекшелігіне сәйкес бейімдеу.

Бағдарламалап оқыту технологиясы - ғылыми негізде түзілген бағдарлама негізінде оқытудың тимділігін арттыру.

Модульдік технологияның ерекшелігі - оның білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді, яғни жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл) ойлауды, ынтаны, қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға бағытталуы.

Модульдік дегеніміз - қандай да бір жүйенің ұйымның анықталатын дәріс бөлімі.

Әдебиеттің басқа пәндерден айырмашылығы - онда дәлелденген ешқандай заң жүйесі немесе формула элементі жоқ. Өзге оқу пәндеріне қарағанда мұғалім мен шәкірттің рухани және сезім бірлігін көбірек қажетсінеді. Әдебиет сабағы - адам бойындағы асқақ арман, әсемдік пен сұлулыққа құштарлық сияқты тамаша ізгі адамгершілік қасиетке баулитын пән. Әдебиетті оқытудың басты мақсаты да - оқушыларды сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру сол арқылы халықтың рухани байлығы мен қазынасынан мәлімет бере отырып, имандылыққа, парасаттылыққа, сұлулыққа, көркем шығарманы оқуға деген қызығушылығын арттыруға тәрбиелеу.

Әдебиет сабағының ең басты мақсат-міндеттерінің бірі - білім алушының көркем туындыны қабылдауы. Осы тұрғыда ұстаздың шеберлігі, яғни сабақтың тақырыбы мен идеясын аша алатындай әдіс-тәсілді дұрыс таңдауы қажет.

Ұстаз бен шәкірт тең деңгейде бірлескен ортақ ізденіс жоспарын құрғанда ғана, әдебиеттің мазмұны бүгінгі таңда жиі қолданыста жүрген дамыта оқыту, жекелей оқыту, сатылай оқыту, ұжымдап оқыту т.б. жаңа заман талабына сай оқытудың түрлерін басшылыққа алғаны жөн. ( «Жаңаша оқыту -заман талабы» Әбдіқадырова Т.Р., п.ғ.к., қазақ әдебиеті кафедрасының доценті , Еуразия ұлттық университеті).


Қазіргі кезде термин мазмұнын оқыту технологиялары және оқытудағы технологиялар құрайды. Бірінші термин оқытушы еңбегінің ғылыми ұйымдастырылу амалдарын білдіреді. Екінші термин мұғалімнің оқыту үрдісінде оқытудың техникалық құралдарын пайдалануын білдіреді.

Оқыту технологиясының маңызды сипаттары: а) нәтижелілік ( оқушы жетістігінің жоғары деңгейі), ә)үнемділік (көлемді оқу материалын меңгеруге аз уақыт жұмсау ), б) эргономикалы ( оқыту ынтымақтастық жағдайында өтеді, шаршатпай, тым артық жүктеме берілмей, жағымды микроклимат туғыза отырып, жүргізіледі), в) пәнді оқыту барысындағы жоғары мотивация тіл үйренушінің сабаққа қызығушылығын арттырады, жеке сапаларын жетілдіреді, мүмкіндіктерін ашады)

Тілді оқытудың қазіргі технологиялары: ынтымақтастықта оқыту, жобалар әдісі (жобалық технологиялар), дистанциялық оқыту, сабақ үрдісінде бастаманың оқушыда болуы, тілдік портфельді пайдалану, тандем әдіс және оқытудың интенсивті әдісі, техникалық құралдарды пайдалану (бірінші кезекте компьютерлік, аудиовизуалды технология). Аталған оқыту технологияларының кейбірін қарастырайық.

Оқытудың жобалық технологиясы. Бұл технологиясын ынтымақтастықта оқыту тұжырымдамасының дамуы десе болады. Сабақ барысында оқу тобында әлеуметтік өзара әрекетті модельдеуге негізделген. Оқушылар әр түрлі әлеуметтік рөлді қабылдап, шынайы өзара әрекет барысында мәселелік міндетті орындауға дайындалады. Жобалық технологияның танымалдылығы мынада: оқушы орындайтын жобалық тапсырма тілді меңгеру үрдісін белгілі бір пәндік білімді меңгерумен байланыстырады. Осылайша жобаны құру бағыты жеке білімдік өнім сияқты пәндік білімді меңгеру оқушы үшін жеке өзі үшін маңызды, қызық болады.

Жобалау әдісі оқушыға қандай да бір мәселені шешуді болжайды. Оны шешу үшін оқушының тек қана тілді білуі ғана емес, мәселені шешу үшін белгілі бір мөлшерде қажетті, жеткілікті пәндік білімі болуын да талап етеді.

Жобалар әдістемесін жекелік бағытты дамытушы технология деп қорытындылауға болады.

Тіл практикасы сабақтарында оқушылар дайындалатын жобалардың мазмұны мен құрылымын анықтайтын жобалар технологиясының кейбір жалпы дидактикалық белгілері:

1) жобадағы басым әрекет түрлері - рөлдік ойындар, ақпараттық, жоба - бағыттық;

2) жобаның пәндік мазмұндық жағы: жеке жоба (бір қатысым аясындағы жағдаят немесе бір білім саласы бойынша және пәнаралық жоба);

3) жобаны орындау кезіндегі әрекеттер координациясының сипаты;

4) жобаны орындау сипаты: жобаны орындау қызығушылығымен бірігетін оқу тобының бірнеше мүшесі , барлық топ, оқу орнының оқушылары;

5) жобаны орындау ұзақтығы: қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді.

Әрине, жобалық технология дайындығы жоғары, дамыған балаларға есептелген. Мұндай технологияны орта мектепте оқытудың профильденуі қарастырылған жоғары сыныптарында пайдалануға болады. Тілді оқыту саласында әдістемелік әдебиеттерде жобалардың әр түрлі нұсқалары ұсынылады. Бұл рөлдік ойындар жобасы болуы мүмкін (жағдаяттарды ойнау, мәтінді драмалау), ақпараттық жобалар (ұсынылған тақырыпқа хабарлама дайындау),баспалық жобалар (қабырға газетіне, радио хабарламаға материалдар дайындау), сенарийлік жобалар (қызықты адамдармен кездесу), шығармашылық жұмыстар ( шығарма, мәтінді аудару).

Сабақ үрдісінде бастаманың оқушыда болуы. Оқытудың мұндай түрі оқытудың қазіргі технологиясының бір нұсқасы ретінде шет елдегі орта мектептерде, жоғары мектептерде кеңінен тарады. Мұндай оқытудың негізі - сабақ үрдісінде бастаманың оқушының өзіне толықтай берілуі. Дидактикалық тұрғыдан қарағанда, бұл технология сабақтың ерекше ұйымдастырылуы нәтижесінде, оқушы мен педагог арасында әріптестік қатынас құру - оқушының жеке потенциалының толықтай ашылуына мүмкіндік береді. Бұл бағыттың дәстүрлі технологиядан айырмашылығы бар. Мұнда мұғалім бағдарламалық материалмен қамтамасыз етуші , оқу үрдісінің басты тұлғасы, білік дағдыны қалыптастырушы және олардың меңгерілуін сұрақтар арқылы бақылаушы. Оқытудың мұндай технологиясында оқушының жеке ерекшеліктерінің ашылуына жағдай жасайтын педагог пен оқушы арасында әріптестік қатынас негізінде үйренетін тілінде сөйлеу, қатысым жасау тиімдірек. Аталған технологияның оқыту мақсаты оқушының оқытуда автономдығы, яғни оқушы қалай оқыған жақсы - оны өзі білуі тиіс. Осы мақсатпен ол тілді меңгеру стратегияларын таңдайды, оны оқытуда пайдалануға тырысады. Осындай стратегиялардың кейбірі мынадай: 1) өз оқуыңды ұйымдастыр; 2) шығармашылық қабілетіңді көрсет; 3) өз қатеңнен үйрен; 4) сенімсіздікті жеңе біл; 5) жеке мүмкіндіктеріңді көрсет; 6) контексттерді пайдалан.

Тілдік портфель - тілді оқытып үйретудің құралы. Тіл үйренушінің өнімді әрекетін дамытуды қамтамсыз ететін тілдік портфель оқытудың жаңа технологиялық құралы болып табылады. Тілдік портфельді оқушының тілді меңгеруі бойынша нәтижесін білдіретін жұмыс материалының пакеті деп анықтауға болады. Пакеттегі осындай материалдар жиынтығы оқушының жетістігін бағалауға мүмкіндік береді. Портфель - оқушының тілді меңгеру үрдісіндегі оны меңгеру деңгейіндегі жетістігінің инструменті ретіндегі оңтайлы технологиялық құрал. Тілдік портфельді пайдалану тілдік білім берудегі тілді оқыту ұғымын тілді және мәдениетті меңгеру ұғымымен яғни оқушының өз бетінше оқу әрекетімен алмастыра алады. Тілдік портфель оқушының тілді меңгеру жетістігін айқындайтын өзін өзі бағалауы арқылы көрінетін осы үрдістің өзгеше «айнасы» ретінде қарастырылады.

Тілді меңгеру жетістігіне бір реттік баға беретін стандартты тестілерден айырмашылығы тілдік портфель оқушы мен оқытушыға тілді меңгеру деңгейінің динамикасын бақылауға мүмкіндік береді сондай - ақ тіл үйренушінің өзінің тілдік дамуының өмірбаянын көрсетеді. Тілдік портфельді дайындаушылардың пікірінше, тілдік портфель өз бетінше жұмыс істеу кезінде, өзін өзі бағалау кезінде оқушының « өзіне үңілуіне», өзінің қабілетін, біліктілігін тіл мен мәдениетті үйренудегі прогресін оқу әрекетіндегі шынайы нәтижесін тануға мүмкіндік береді.

Тіл сабақтары бойынша портфельдің әр түрлі типтері пайда болды. Демонстрациялық портфель, үйрететін портфель орта және жоғары мектептерде кеңінен таралуы ықтимал. Біріншісінің мазмұны белгілі бір уақыт кезеңінде тіл үйренушілердің өз бетінше жұмыстарының үлгілерін құрайды. Осындай портфель көмегімен тіл үйренуші жұмысқа қабылдағандағы интервью барысында, оқуға түскендегі әңгімелесу кезінде оқып үйреніп жүрген тілді пайдаланғандағы өзінің жетістіктерін көрсете алады. Екінші портфельдің мазмұны оқушылардың өз бетінше жұмысы бойынша материалдар мен ұсыныстардан тұрады. Осындай материалдардың көмегімен тіл үйренуші өз бетінше немесе оқытушы көмегімен тілді меңгеруін жетілдіре алады. Үйретуші портфель құрылымында тілді меңгеруді бағалау мен өз бетінше диагностика жасаудың құралдары кіреді. Мұндай портфельдің негізгі функциясы педагогикалық, тіл үйренушінің басқа мәдениетті, тілді өз бетінше үйренуге дайындығы мен қабілетін дамытуға құрылған.

Сонымен қорыта келгенде, Тілдік портфель дегеніміз - Сіздің жеке яғни оқушының тілдік құзіретін бағалауға мүмкіндік беретін жеке құжат. Бұл құжатта: а) тілді меңгерудің жалпы құзіреті негізінде жазылған тілдік білік дағдылары, мәдениаралық қатысым иәжірибесі, тілік білімі туралы мәліметтер көрсетілген тілдік паспорт. б) тілдік өмірбаяны; в) тілді оқу саласындағы сіздің жетістіктеріңізді растайтын құжаттар.

Тілдік өмірбаянда оқушының тілді меңгеру деңгейі бағаланатын, нақтыланатын параметрлер беріледі.Тілдік өмірбаянда оқушы өз деңгейін өзін бағалау кестесі бойынша анықтайды. (Күзекова З.С., ф.ғ.д, проф., қазақ тілі кафедрасы, Еур. ұлт. Унив.).


Оқыту технологиясы - 1) оқу ақпаратын өңдеуге, бейнелеуге және өлшеуге арналған әдістер мен құралдардың жиынтығы, 2) оқытушының оқыту процесіне қажетті техникалық немесе ақпараттық құралдарды пайдаланып студентке әсер ету әдістері туралы ілім.

Оқыту технологиясын жасау үлгісін 1-суретте келтірдік. Оқыту технологиясының анықтамасына тереңірек үңілетін болсақ: - білімнің, ғылыми жетістіктердің, техниканың белгілі бір аймағында туындаған мәселелерді шешу бағытында ұйымдастырылған, жоспарлы күйде тұрақты жүзеге асырылатын білімді, біліктілікті және дағдыларды меңгеру;

- оқыту, өздігінен білім алу және өзін өзі бақылау процестерін қажет етіп, соларды жүзеге асыратын шарттарды қалыптастыруды қамтамасыз ететін әдістер, тәсілдер, құралдар жиынтығы.

Оқыту технологиясының басты мақсаты - техникалық ресурстарды, адам ресурстарын және олардың өзара әрекеттесуін ескеріп, білім берудің үдерісін оңтайландыру.

«Оқыту технологиясы» мен «педагогикалық технологияны» тығыз байланысты алып қарастыру керек (2-сурет). Бірақ бұл екі технология тепе-тең емес. Оқыту технологиясы көпшілікті оқыту мен кәсіби дайындау жүйесін құрастыршы, ал педагогикалық технологияны білім беру кеңістігінің қағидаларын және оңтайландыру тәсілдерін анықтаушы ұғым ретінде қабылдауымызға болады.





















1-сурет. Оқыту технологиясының жаңаша жасау үлгісі


Оқыту технологиясы - жүйелік категория, ол ғылыми білімді дидактикалық пайдалануға, оқу процесін ғылыми жолмен ұйымдастыруға және талдауға бағытталған. Мұнда оқытушылардың ізденістері және студенттердің жеке тұлға ретінде дамуында жоғары нәтижелерге жетуге бағытталуы да ескеріліеді.

Кейбір педагог ғалымдар оқыту технологиясын әр түрлі сапалы дидактикалық, жалпы педагогикалық, психологиялық т.б. процедуралардың біртұтас жиынтығы ретінде алып қарастырады. Бұл жиынтық сәйкес мақсаттар мен оқыту мазмұнына байланысты студенттердің іс-әрекет түрлерінің қажетті өзгерістерін іске асыруы қажет. Осы анықтама бойынша оқыту технологиясы біртұтас дидактикалық жүйені құрайтын амалдар мен процедуралардың тізбегі болып табылады. Бұл тізбекті педагогикалық практикада жүзеге асыру нәтижесінде оқыту мен тәрбиелеудің нақтылы мақсаттарына жетеміз.

Осы тенденциялардың негізінде қазіргі заманғы жоғары оқу орындарындағы оқыту технологияларына қойылатын талаптарды тұжырымдайық:

1) оқытудың негізгі түрі ретінде фронтальды оқытудың негізінде әрбір студенттің тиімді жеке бағдарлама бойынша оқуын қамтамасыз ету;

2) педагогикалық ортадағы оқыту процесін тиімділігін арттыруға мүмкіншілік жасау;

3) оқытудың қызықтыру, іс-әрекетті меңгеру мақсатын меншіктеу, іс-әрекетті бағдарламалау, іс-әрекетті меңгеру деңгейін бақылау, белсенділік. өзіндік танымдық әреке принциптерін жүзеге асыуды қамтамасыз ету;

4) дәстүрлі педагогикалық принциптер мен заңдылықтардан бас тартпау, олардан үйрену, жетілдіру, жаңаша көз қараста пайдалану.

Оқыту технологиясы мен әдістеменің мақсаты бір, екеуі де оқытудың тиімді жолдарын қарастырады, үздік ғылыми әдістемелерге сүйенеді.

Оқыту технологиясы мен педтехнологияның ара қатынасын былайша тұжырымдауға болады:

- педагогикалық технологиясы басқарылушы, ал оқыту технологиясы басқарушы жүйе болады;

-екеуі де білім кеңістігін қайта жаңғыртатын жалпы стратегияда көрініс табады.



















2-сурет

Заманауи оқыту технологияснда ақпараттық оқыту технологиясы маңызды орын иеленеді (3-сурет). Ол білім, ғылым туралы, оның оқыту технологиясына қатысты ақпараттың кез келген көлемін орналастырудың, сақтаудың, өңдеудің және кез келген қашықтықтарға тасымалдаудың шексіз мүмкіндіктерін береді.


3-сурет. Ақпараттық оқыту технологиясы


Ақпараттық технологиялар аса қарқынды дамып келеді. Ақпараттық технологиясыз әлемде болып жатқан жаңалықтардан тез арада хабардар болу мүмкін емес. Ақпараттық технология білім саласында да кеңінен қолданыс табуда. Білім саласында ақпараттық технологияны қолдану барысында көптеген жаңа атаулар мен түсініктер пайда болуда. Олардың ең бастыларын атайтын болсақ:

- оқытудың компьютерлік технологиясы;

- оқытудың интерактивті режимі;

- мультимедиялық технология;

  • оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы;

  • қашықтан оқыту технологиясы;

- ақпараттық білім ортасына байланысты басқада түсініктерді көптеп атауға болады.

Қазіргі таңда берілетін білімді ғалымдар негізінен репродуктивті және конструктивті деп бөледі.(2-кесте).

2-кесте

Білімнің түрлері


Репродуктивті білім

Конструктивті білім

Жоғарыдан қысым жасау;

Қатаң тәртіп сақтау;

Кітаптан оқу

Жүйесіз іскерлік пен дағдыны қайталау арқылы қалыптасу;


Белгісіз, бұлынғыр келешекке дайындау

Статистикалық (өзгермейтін) мақсат және материалдар.


Тұлғаның өзін - өзі дамытуы, өзіне-өзін ашу;

Еркін қарым - қатынас;

Өмірлік тәжірбиесі арқылы оқу;

Өмірлік мақсатына жету үшін іскерлік пен дағдыны игеру;

Қазіргі күннің мүмкіндіктерін пайдалану;

Күнделікті өзгеріп отыратын әлемнің динамикасы.


  • Конструктивті берілген білімде:

1. Білім алушылар факті, ереже, принциптерден өз бетінше мәтін конструкциялайды

2. Білім алушы рефлекция арқылы өзін-өзі өзгертіп дара тұлғасын дамытады.

3. Конструктивтік білім адамның өзін-өзі өзгерту мақсаты мен құралдарын нақтылап қана қоймай, адамды өзімен өзін жетілдіру бағытында жұмыс істеуге жұмылдырады.

Конструктиивтік білімнің тұлғаны өзгерту әсерінің тиімділігі сол алған білімнің адамның өзін - өзі өзгерту процесіне жұмылдыру мүмкіндігіне, қабілетіне байланысты. Сондықтан конструктивтік білімнің негізгі құрылымдық белгісі оның тартымдылығына, мәнді, мазмұнды болуына байланысты.

Конструктивті, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулуда қазіргі таңда білім беру процесінде ақпараттық технологиялар, білім берудің белсенді әдістері кеңінен пайдалануда.

Инновациялық оқыту технологиясы білім берудің эмперикалық инновацияларын ескере отырып, оқыту үрдісін дұрыс, ұтымды басқаруды қарастырады. Оған өзара бір-бірімен байланысты екі үрдіс енеді: білім алушының іс-әрекетін ұйымдастыру және оқушы тұлғасын дамытудағы жоғары нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған іс-әрекетті бақылау. Адамның әрекетін, біліктілігін, тәжірибесін еңбекке қажетті заттарды, әлеуметтік шындықты сапалы өзгертуге бағытталған әрекеттер жүйесі технология деп аталады. Ақпараттық технология (АТ, information technology, IT) - іс-әрекет саласындағы пәндердің жиынтығы сонымен қатар есептеу техникасын қолдану арқылы басқару технологиясына жататын мәліметтерді талдау, өңдеу және сақтау.[2] Соңғы кездерде көбіне ақпараттық технология деп компьютерлік технологияны түсінеді. Ақпараттық технология ақпаратты алу және беру, қорғау, өңдеу, сақтауды бағдарламалық қамтамасыз етуде компьютерлік технологиямен жұмыс істейді. -ның анықтамасы бойынша АТ - ақпаратты өңдеп, сақтайтын адамдардың еңбегін ұйымдастырудың тиімділігін арттыратын әдістерді зерттейтін ғылыми, технологиялық, инженерлік пәндердің тығыз байланысты кешені. (Д.А. Мусаханов аға оқытушы, О. Құрманұлы, ф-м ғ.к., доцент Радиоэлектроника және техникалық физика, Еуразия ұлттық университеті).


Конструкторлық жобалау технологиясы


Модельдің тиімділігі сол-берілетін көлемді түсініктерді, ұғымдарды тұжымды түрде, көрнекті түрде ғана жып-жинақы етіп бере білуде.

Әдебиет - сөз сабағы, көбінде сөздік әдістер арқылы білім беретін пән. Ал айтылатын сөздің бәрі есте қала ма, жоқ па, ол әрине, ерекше зерттеуді керек ететін мәселе. Ал бұл модель - мұғалімнің оқытуда конструкциялық жобалау технологиясына арқа сүйейтінін көрсетеді. Өйткені, оның өніміді нәтиже берері сөзсіз. Модель - әр оқушының алдында жатады. Ол білім алудың бағдар шамындай, оқушылар оған қарап, әр түрлі іздену, зерттеу жұмыстарын да орындайды. Модель әрі тірек карточкасы, әрі көрнекілік, әрі көмек-нұсқау рөлін де атқарады. Модель оқушы іс-әрекетін де белгілі бір мақсатқа жүйелейді, бағыттайды, тәртіпке салады. Оқулық, ғылыми еңбектерімен жұмыс істеуге баулиды. Өз беттерімен де модель жасауға ықпал етеді. Ең бастысы, терең, тиянақты білім алуға (өз беттерімен) өнімді, нәтижелі көмек жасайды. Сызба-модель мұғалім жұмысын да жеңілдетеді. Оның әр тармағы бойынша жеке жұмыстар, топтық жұмыстар беріп, оқушының білім деңгейін шығармашылық деңгейге дейін алып келуге, түсініктен анализ, синтез, бағаға дейін көтеру болады. Мұғалім басқа тапсырмалар орындатпай - ақ, сызбадағы берілген тұжырымдарға тапсырма берсе де жеткілікті. Модель бойынша жұмыс дұрыс ұйымдастырылса, онда терең де толық білім қамтамасыз етіледі деп болжауға болады.


Технология талаптарына негізделген сабақ жоспарының үлгісі:

Сабақ кезеңдері, мақсаттар

Мұғалім мен оқушы іс-әрекеті

1 кезең

Мақсат:

-Ұйымдастыру, дайындық, сабаққа жұмылдыру.

- Жағымды көңіл күй туғызу, ынталандыру


ІІ кезең

Үй тапсырмасын тексеру, қорытындылау

Мақсат:

  • Білімдерін тексеру, танымы, белсенділігі, өзіндік ізденістері, жалпы даму процестерін пайымдау, коррекция.

  • Алда тұрған мақсаттарды айқындау, сабақтағы кемшіліктерді анықтау /диагностика, дозировка/


ІІІ кезең

Жаңа сабақ

Мақсаты /конспект/

  • Жаңа ұғымдар, жаңа білім беру.

  • Жаңа фактіні меңгеру тәсілдері, амалдарына дағдыландыру.

  • Негізгі мәселені, жаңа білімнің түйінді дәндерін бөліп ала білу, білімді шығармашылық жолмен тәжірибеде пайдалана білу.

  • Өз бетімен мақсатқа жету, мақсат қоя білу технологиясына дағдылану, проблеманы шешу, әр түрлі ситуациялардан шыға білу

  • Оқушылардың логикалық ойын алгоритмдеу.

  • Жеке бас ерекшеліктерін дамыту /психологиялық ынтасы, қызығушылығы, қабілеті, дарыны, іскерлігі, ойы, танымы т.с.с./


  • өз бетімен шығармашылық жұмыс жүргізу, ғылыми ізденіске дағдылану /болжам жасау, жаңалық ашуға талпыну, моделі, эскиз, жоспар, т.с.с./


  • көркем мәтінді өз бетімен талдау, поэтикалық талдау жасау /аннотация, рецензия, реферат автореферат, жазба жұмыстарының түрлеріне дағдыландыру/


  • Ауызекі сөйлеу тілдерін жетілдіру /сөйлеу мәдениеті, шешендігі, өнерге бейімделу, көп алдында, аудиторияларда сөйлеу, сауаттылыққа баулу/


  • өз жауаптарының жоспар-тезисін жасап, ойын жоспарлы, мақсатты, мәнді жеткізу.


  • Проблеманы шеше білу, әр түрлі ситуациялық сұрақтарға тапқырлық білдіру, өз пікірінде тұру, оны дәлелді түрде, ғылым негізінде дәлелдеу. Күрескерлік қасиеттерін қалыптастыру.


  • өз білімін көтеру, өзіне сынмен қарау, өз білімін өзі саралау, бағалау.


  • Ғылыми, қосымша құжаттармен, оқулықпен, көркем мәтінмен жұмыс жасауға дағдылары, ынталары, қызығушылығына әсер ету.


  • әлем әдебиеті, мәдениеті, өнері, рухани байлығынан іздену, оны құрметтеу. Әдемілік, сұлулықты қабылдау, түсіну.


  • Адамды сыйлау, Қазақстандық патриотизм, ұлтжандылық қасиетін қалыптастыру (ұстамдылық, әдептілік, мәдениеттілік

Экологиялық салауаттылық, салауатты өмір сүре білу, мақсатты тіршілік, еңбекке баулу, рухани тазалық, шыншылдық, т.с.с.

  • Саяси көзқарасы, гуманистік, демократтық көзқарастарын қалыптастыру.

  • Өзі өмір сүріп отырған қоғам заңын мойындау, міндеті мен борышын түсіну, мейірім, инабат, имандылық белгілерін бойына жинау.

  • Туған халқының, басқа да халықтардың әдет-салтын, дінін, тілін құрметтеу. Сөз өнеріне деген ынтасын жетілдіру.

  • Махаббатты құрметтеу, оны қорғау.

  • Жеке тұлғалық, шығармашылық, өнерпаздық қабілеттерінің көзін ашу, оны ары дамыту


IV кезең

Берілген білімді бекіту


Мақсат:

  • Берілген білімді оқушының қай дәрежеде қабылдауын пайымдау (прогноз жасау)

V кезең

Қорытындылау, жинақтау, жүйелеу.

Мақсат:

  • коррекциялық жұмыстар жүргізу.

  • Оқушылар алдына нақты міндет, мақсат қою (білімдегі кемшіліктерін ескере отырып, дозировка талабымен).

VI кезең

Бақылау, бағалау саралау


Мақсат:

  • Бала білімін бағалау әдістерін жетілдіру.

  • Баға қою жолдарынан іздену.

  • Бір-бірін әділетті түрде бағалауды дамыту


VIІ кезең

Үй тапсырмасын беру


Мақсат:

  • алған білімді өз беттерімен ары қарай бекіту, тереңдету.

Шығармашылық ізденістерін дамыту.

  • Ғылыми ізденіске, өз беттерімен көркем мәтінді талдауға, т.с.с. анализ, синтез, бағаға дейін жетуге баулу.

  • Тапсырмаларды мөлшерлеп беру, түрлендіріп, түсіндіріп беру, диференциялды оқытуды басшылыққа алу.

  • Тапсырмаларда шығармашылық бағытқа көңіл бөлу.

  • Үй тапсырмасын орындау әдіс-тәсілін меңгеру.


Әдіс- амалдар, тәсілдер

  • Көңілді музыка тындау.

  • Психологиялық жаттығулар /стрес түсіретін/.

  • Іскерлік ойындарын өткізу.

  • Поэзия сәті /өлең, жырлар оқу, тыңдау/

  • Біздің шығармашылығымыз /өнер сайысы, т.с.с./

  • әдебиет, өнер әлеміне саяхат /жаңалықтар, жетістіктер, т.с.с./

ескерту: Өтілетін тақырыпқа сай, сараланып өткізіледі.

/үзіліс кезінде, сабақтың алдыңғы сәтінде/

Әдіс-тәсіл, оқу амалдары:


  • Сұрақ - жауап.

  • Бақылау жұмыстары /тест, т.б./

  • Спикерлер, ассистенттер хабарламасы.

  • өзін - өзі бағалау, т.с.с.

Оқу формалары, сабақ түрлері:

  • Қайталау, бақылау, білімді талдау сабағы.

  • Даралап, саралап оқыту.

  • Ұжымдық оқыту.

  • Дамыта оқыту.

  • /Тақырыпқа сай сабақ түрлері, оқу формалары түрленіп отырады/

  • Әдіс-тәсілдер, оқу формалары, сабақ түрлері

Оқыту түрлері:

  • Ұжымдық оқыту.

  • Дамыта оқыту.

  • Даралап, саралап оқыту (дифер. оқыту)

  • Проблемалық оқыту.

  • Жетілдіре оқыту.

  • Модульдік оқыту.


Оқу формалары:

  • Жалпысыныптық.

  • Жеке даралық.

  • Жұптық.

  • Топтық.

Сабақ түрлері:

  • Симпозиум, конференция, семинар, дәріс сабағы.

  • Конкурс (кейде көкпар сабағы делінеді). әдеби айтыс, пікір қорғау, реферат, автореферат қорғау, диспут.

  • Кіші академияның ғылыми кеңес сабағы, кіші зертханадағы ізденіс сабағы.

  • Модель, макет, жоба, жоспар, эскиз, конструкциялау, оны дәлелдеу, қорғау сабағы.

  • Дебатқа құрылған көзқарас, дауласу сабағы.

  • Қазылар үкімі (сот) сабағы.

  • Ұлылар үндестігі сабағы (урок гармония)

  • Концерт, әдеби монтаж, әдеби музыкалық - композициялық сабақ.

  • Саяхат, сапар, іскерлік ойындары, т.с.с.

  • Шығармашылық есеп сабағы.

  • Ізденіс сабағы (практикалық жұмыстарға негізделген).

  • Брифинг сабағы.

  • Сабақ-жәрмеңке.

  • Ашық пікірлер сабағы. «Мен сөз сұраймын...»

  • Викторина, жұмбақ, көрме сабағы.

  • Диалог, монолог, полилог сабақтары.

  • Эксперттік сарапшылар отырысының сабағы.

  • Коррекция сабағы (бақылау, тақырыптық, есеп, тест, қосымша сабақ)

  • Ойлау жүйесіне әсер ету, дебат элементі бар іздендіру сабағы.

(- практикалық сабақтар, қайталау жұмыстарына негізделген)


Әдіс-тәсілдер:


  • сұрақ-жауап.

  • Тестік бақылаулар.

  • Жазба жұмыстары бөлімдерін өздік талдау (бір-бірінің).

  • Тақырыптықө есеп жүргізу зачет, емтихан


  • қосымша түсініктер беру.


  • Қосымша сабақ өткізу.


  • Карточка-көмек, карточка-нұсқау беру (жетелеу үшін).


  • Ассистент, спикер балалар көмегін ұйымдастыру.


  • Блумның мақсаттар жүйесін ұсынып, сол бойынша білім, түсінік қолдану, анализ, синтез, бағаға жетуді өз беттерімен орындату


Екі бағыттағы тапсырмалар беру.

  • стандарт талаптарындағы.

  • Шығармашылық тапсырмалар.

  • Жеке тұлғаны дамытуды көздеу (салыстыру, тәжірибе жасау, ғылыми бағыттағы тапсырмалар орындау).

  • Түсіндіру, көмек - нұсқаулар беру


Еліміздегі дүбірлі өзгерістер, қайта жаңғырулар білім беру жүйесіне де айтулы реформалар мен жаңа мақсаттар әкелді. Білім стандартының жасалынуы, төл оқулықтарымыздың жазылуы, мектептерді жаппай компьютерлендіру, инновациялық технологиядан іздену, білім мазмұнын байыту, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатындағы жұмыстар сол өзгерістің куәсі. Білім парадигмасы өзгерді. Білімді жеке тұлғаға қарай бағыттау оқушының "Мен" менталитетін қалыптастыру, оларды өзін-өзі танытуы, өзін-өзі тануы үшін еңбектену мұғалімдер қауымына үлкен мақсаттар жүктеп отыр.

Қазір инновациялық технология туралы көп сөз болып жатыр. Енді соған тоқталайық. «Технология» грек сөзі, яғни, өнерпаздық, шеберлік, іскерлік деген ұғымды білдіреді. Ғалым-педагог, психологтар пайымдауына жүгінсек, Беспалько өзінің"Слагаемые педагогической технологий" деген еңбегінде оны "Оқу-тәрбие процесінің алдын - ала жүйелі түрде жобалануы,оны тәжірибеде жүзеге асыру, яғни белгілі педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асатын жобасы» деп қарастырады. Беспалько педагогикалық жүйені педагогикалық технология негізі деп тұжырымдайды. Педагогикалық жүйемен берілетін білім балалардың таңдайтын мамандығына бағытталынуы тиіс. Кәсіпке дайындық -тұлға дамуын жүзеге асырады. Мақсатты білім беру - технологияның басты белгілері. Ғалым диагностикалық әдістемеге арқа сүйейді. Оны мақсатты білім берудің көзі деп пайымдайды. Ол оқу - тәрбие мақсатын, бүкіл іс-әрекетті диагностикалық талаппен қоюға ерекше көңіл беледі. Педагогикалық жүйе ретінде бір - бірімен байланысқан әдістер мен тәсілдер, іс-әрекеттердің жеке тұлғаға бағытталуы, мақсатты, бағытты педагогикалық әсерді алады. Орыс ғалымы С.А.Смирнов өзінің "Технология как средство обучения второго поколения" еңбегінде ол сөздің өндірістен келгенін, яғни шикізатты өңдеу, жасаудың амалдары екеніне тоқталады да оған өзіндік анықтамасын береді. Ал Безрукова оны модельдеу, жобалау, конструкциялау амалдарымен байланыстырады. Штейнберг конструкциялық технологияға ерекше назар аударады.Ол ойды бейнелеудің маңызын дәлелдеуге тырысады. Білімді тек сөздік әдісі ғана емес, бейнеге , модельге түсірудің жолдарынан іздене отырып, оның әсіресе практикалық білім берудегі орнын анықтайды.

Педагогикалық іс-әрекеттің барлығын «технология» деу, тіпті, ұстаздардың кейбір жекелеген ізденістерін технологияға жатқызу, әрине, ғылыми бағыт емес. Таптаурын болған іс-әрекеттер,сұрақ-жауап әдістері технология талаптарына жауап бере алмайды. Технология инновациялық іс-әрекет оқытудың жаңа формалары,амалдарынан іздене отырып,белгілі бір уақытта алдыға нақты,тұжырымды ғана мақсат қоя отырып,жоғары нәтижеге жетуді талап етеді. Жаңа педагогикалық технология ұғымы тың,белгісіз, жаңа оқыту амалдары,іс-әрекеттерінен ізденуді,яғни,білім мен тәрбие берудегі ғылымның нәтижеге қол жеткізуі,жаңа ізденістерін оңтайлы пайдалану сол арқылы жоғары көрсеткіштерге жету деген сөз. Жоғары көрсеткіш білім деңгейі дегеніміз - шығармашылық деңгей деген сөз.


Білімді меңгеру деңгейіне қойылатын талапты төмендегі сызбадан көруге болады.



(Интерактивті тақтадан көрсетіледі.)



ІV Шығармашылық


ІІІ Эвристикалық

ІІ алгоритмдік


Оқушылық

І. Оқушылық деңгейде бала мұғалім көмегімен амал-әрекет жасайды. Алдындағы мақсатты шешуге ұмтылады, бұрынғы білімдерін пайдаланады.

ІІ.Алгоритмдік деңгейде мақсат пен шешілуге тиісті ситуация анық,оқушы бұрынғы жинақталған білімін пайдалана отырып,мақсатқа жету үшін өз бетімен жұмыс істейді.

ІІІ. Эвристикалық деңгейде: мақсат анық, ситуация түсініксіз, оны оқушының өзі толықтырады, табады,шешеді. Бұнда да бұрынғы білім көмекке келеді. Оқушы жаңа хабар, білімді өз ізденісімен ала алады. Бұл деңгей - өнімді деңгей.

ІV. Шығармашылық деңгей - мақсат жалпылама, анық емес. Оқушы оны анықтайды, жаңа нәрсені табады,өз бетінше жаңа дүние әкеледі.

Енді осы негізге сүйенетін Қанипа Бітібаеваның «Конструкторлық жобалау технологиясына» келейік.

КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері Қанипа Бітібаева өзінің әдебиетті оқытуда қолданып жүрген әдіс-тәсілдерін педагогикалық технология деп атамайды. Бұл кісінің оқыту жүйесін «модульдік оқыту» немесе «логикалық модельдеу» технологиясы деп атаушылар да бар. Ал, әдістеме ғылымдарының доценті Гүлнар Құдайбергенова сөз болып отырған оқыту жүйесін «Конструкторлық жобалау технологиясы» деп атаған.

Бұл технологияның 12 жылдық білім беру жүйесінде маңызы зор болмақ. Өйткені бұл технологияның басты мақсаты: оқушылардың ғылыми - зерттеушілік әрекеттерін қалыптастырып, жетілдіру. Бұл технология келешек ұрпаққа әдебиетті «сөз өнері» деп, «ғылым» деп танытудың бірден - бір жолы екені анық. Сөз болып отырған технология авторы алдымен әдебиетті оқытудың білім стандартын меңгерту мақсатында мынадай модульдік жүйені ұсынады. Бұл модель білімді меңгерудің оқушылық деңгейіне жатады.


(Интерактивті тақтадан көрсетіледі.)


Тақырыбы

Әдебиеттегі орны Жанрлық сипаты

шығармаларының (тегі, түрі)

ерекшелігі мен құн

дылығы

Шығарма авторының

өмірдегі азаматтық Шығу тарихы,

жағы тарихи негізі.

Ұлылар үндестігі Композициялық

құрылысы

Кейіпкерлер

Лиризм, көңіл күйі. жүйесі

Негізгі мәселе, автор Әдеби бағыты


пайымы, идеясы.


Тіл көркемдігі, автордың тілдік қолданысы.


Бұл модельдің тиімділігі сол - берілетін көлемді түсініктерді, ұғымдарды тұжырымды түрде, көрнекті түрде ғана жып-жинақы етіп бере білуде. Әдебиет - сөз сабағы,көбінде сөздік әдістер арқылы білім беретін пән. Ал айтылатын сөздің бәрі есте қала ма, жоқ па, ол, әрине, ерекше зерттеуді керек ететін мәселе. Ал бұл модель мұғалімнің оқытуда конструкторлық жобалау технологиясына арқа сүйейтінін көрсетеді. Модель әр оқушының алдында жатады. Оқушылар оған қарап, әр түрлі іздену, зерттеу жұмыстарын да орындайды. Модель әрі тірек карточкасы, әрі көрнекілік, әрі көмек-нұсқау рөлін де атқарады. Модель оқушы іс-әрекетін де белгілі бір мақсатқа жүйелейді,бағыттайды, тәртіпке салады.Оқулық, ғылыми еңбектермен жұмыс істеуге баулиды. Мұғалім басқа тапсырмалар орындатпай - ақ, сызбадағы берілген тұжырымдарға тапсырма берсе де жеткілікті.Модель бойынша жұмыс дұрыс ұйымдастырылса, онда терең де толық білім қамтамасыз етіледі деп болжауға болады.

Енді осы модельдің ғылыми зерттеуге баулитын нұсқасына тоқталайық.


И

Махамбет

поэзиясысатай бейнесі Махамбет кім? Махамбет

Б 2

бейнесі

Б 3

Б 4

көтеріліс көсемі Рухани дем беруші,табанды сарбаз Асау,

Қызғыш ер әрі батыр жауынгер болат

Айырдан туған жанпоз Айтыскер ақын Қызғыш құс

Теңіздей терең ақылы Күрескер ақын, шешен дана Ақсұңқар құс-

Қабырғасын сөккен ер Орысша сауатты, озық ойлы тың сойы

Халық үшін құрбан Парасатты гуманист Батыр, аруақты ер

Кербез шандоз

Терең махаббат иесі Қарт марал

Ұлт азаттық Хас бәйтерек

Күйші, сазгер Ақсұңқардан туған Қозғалыс, барысы Арыстан

Құмай нәтижесі Тарлан Томағалы сұңқар

Хиуадай базарлым

Жәңгір оның айналасы

отаршылдар.

Ереуіл ерлері, халық

Қ

Б 5олбасшы Исатай

Махамбет және көтеріліс.

Б 1

Жанры, өлең құрылысы

Еркін жыр үлгісі

Риторикалық сұрақтар, Шұбыртпалы,кезекті, егіз ұйқас

арнаулар Метафора Өрттей Махамбет-лирик ақын

Асқақ романтизм,халықтық Эпитет қайнаған Ішкі ұйқастар

реализм. Теңеу Отаршылдар Шешендік толғау

Қаһарлы үн,айбарлы Әсірелеу құлы Жаңашыл поэзия

шақыру,үндеу Литота сатқын, Реализм

Ұлы арман,сенім, Аллитерация опасыздар. Сатира

о

Б 8птимизм. Шендестіру

Элегиялық сарын, Арнау

ащы зар. (қарата, сұрау) Қасқыр,ылаң.

Философиялық

т

Б 6

Б 7ереңдік. Жылан, аяр.

Сыншылдығы,

Шыншылдығы Айдаһар

Музыкалық

саздылығы Арбаушы


Басты ерекшеліктері Поэтикасы Үстемдер, отаршылдар.


Бұл жоба Махамбет шығармашылығын өту кезінде де, қорытынды,бекіту сабақтарында да тиімді болып келеді. Әсіресе,оқушылардың білім деңгейін өз беттерімен анализ, синтез, баға беру сияқты танымдық іздендіру сатыларына жетелеуге көмекші бола алады.

Сондай тапсырмалардың келесі бір жүйесін ұсынайын.


Б 1 бағыты бойынша шығармашылық тапсырмалар:

1. Дебат элементі бар пікірталас.

Резалюция: Махамбет - жырау.

І жақ аргументі

ІІ жақ аргументі

Дебаттың мақсаты: Махамбет жырау ма, әлде ақын ба соны дәлелдеулері керек.

2. Мына тақырыптар айналасында ғылыми сипаттағы хабарлама әзірлеу.

а) Жәңгір хан және тарихи шындық

ә) Махамбет туралы тарихи деректер

Пайдаланатын әдебиеттер:

1. Х.Сүйіншәлиев. «ХІХ ғ. әдебиеті», 31-62- б.

2. Қазақстан тарихы

Тарихи деректерді негізге ала отырып, өз қиял ойларына ерік беріп, «Қиялы мола соғысы», «Гекке мен Исатай», «Бекетай құмындағы шайқас» тақырыптарының біріне (өз қалауларың бойынша) жоба (проект) жасаңдар да жоба қорғау сабағын өткізіңдер.

Ескерту: Басқа тақырыптарды да алуға болады. Мысалы: Исатайдың қазасы т.с.с.

Б 2. Тапсырмалар түрі:

1. Төмендегі үлгіні басшылыққа ала отырып, шағын аннотация талдау жасаңдар.


Ақын жырларындағы өз бейнесі

Жырлардың аты

Қысқаша түсінік

Көркем,бейнелі сөздер

1.

2.

3.



2. Исатай бейнесіндегі ақын тілінің сөздігін құрастыр


Үлгі:

Тіл құрамы

Мысалдар

  • ауыз әдебиетінің үлгісі

  • мақал-мәтел болатын сөздер

  • шешендік сөздер

  • басқа тілден енген сөздер

  • тұрақты сөз тіркестері

  • ақын жиі пайдаланатын сөздер



3. Тарихи және Махамбет жырларындағы Исатай.

Салыстыру іздену жұмыстары.

Мақсат: ақын Исатай мен тарихи Исатайдағы үндестік, ерекшеліктер.


Үлгі:

Тарихи Исатай

Махамбет жырларындағы Исатай

Үндестік

Ерекшелік

4. Исатай бейнесіндегі поэтикалық тіл,оның батыр бейнесін танытудағы маңызы (дәлелдеме-талдау).

Өлеңнің аты

Әсірелеу

Метафора

Эпитет

Теңеу

Дәлелдеме

Б3,Б4 бағыттары бойынша:


  1. Ғылыми сипаттағы шағын мақала әзірлеу.

Тақырыптар:

а) Махамбет және көтеріліс.

ә) Махамбет және Исатай

б) Жырларындағы өз бейнесі және тарихи шындық

Пайдаланатын әдебиеттер: (Толықтыруға болады)

  1. ХІХ ғ. әдебиеті. Х.Сүйіншәлиев 1992 ж.

  2. Қазақ әдебиетінің тарихы

  3. Қазақ әдебиетінің энциклопедиясы.

  4. Тарихи деректер, ақын негізінде «Қызғыш құс» атты Махамбет бейнесінің моделін жасау.

  5. «Ақсұңқардан туған құмай» тақырыбы бойынша ақынның өз бейнесін жасаудағы шеберлігін дәлелдеңдер.

Өлеңдерінің аттары

Мысалдар

Ақын шеберлігі


Б5 Реферат қорғау:

  1. Махамбет толғауларындағы жыраулық үлгі.

  2. Исатай бейнесіндегі батырлар жырының үлгісі

  3. Күлтегін және Махамбет (Тас ескерткіштегі жырлар мен ақын жырларының үндестігін дәлелдеу)

Реферат үлгісі:

  • тақырыбы, жоспары

  • мақсаты мен міндеті

  • болжам (гипотеза)

  • еңбектің жаңалығы

  • қорытынды,практикалық маңызы

  • пайдаланылған әдебиеттер

  • оппоненттер пікірі

«Менің Махамбетім» тақырыбына шағын шығарма-толғау жазу

Б6 бағыты бойынша Махамбет поэзиясының басты ерекшелігі айналасында ізденіп, дәлелдеме-талдау жазу.

  1. Махамбет поэзиясының афористік мәні, өсиеттік үлгісі (дәлелдеме-пікір)

Үлгі:

Өлеңдері

Ақыл-нақыл афоризм (үзінділер)

Дәлелдеме пікір


  1. Реферат қорғау.

Махамбет - жаңашыл ақын. Махамбет және қазақ поэзиясы. Ақын жырларындағы адамгершілік мәселелері.

  1. Азаттық жолындағы күрескер ақындар және Махамбет. («Ұлылар үндестігі» атты ғылыми конференцияға дайындық)

Тақырыптар:

  1. Махамбет және Ш.Петефи

  2. Махамбет және Бұқара Тышқанбаев

  3. Махамбет және Қ.Рысқұлбеков.

Б7 бағыты бойынша:

  1. Махамбет жырлары және жастар тәрбиесі

  2. Махамбет жырлары Егеменді елімнің болашағында (Жоба, болжам жасау, оны қорғау)

Ақын шығармашылығын оқытудың жаңа жолдарын іздестіру-әр мұғалімнің қасиетті борышы. Бүгінгі тәуелсіздігімізде Махамбет Сынды күрескер ақынымыздың оттай лаулаған жырларының алауы, төгілген қаны жатыр. Жас ұрпақты отансүйгіштік, елжандылыққа баулуда да ақын жырлары қайнар бұлақтай дегім келеді.

Қ.Бітібаеваның оқыту жүйесіндегі білім беру параметрі (Әдебиет пәні бойынша)

Берілген білім мазмұны

Өнімді іс - әрекет

Жеке тұлғаны дамыту




Оқулық

Қосымша материалдар

Ғылыми еңбектер

Көркем шығармаларды

оқу, талдау

Әлем әдебиеті үлгілерін оқу, салыстыру.

Нәтиже


Қабілетті, дарынды дамыту

Өз беттерімен орындай-тын танымды іздендіруші іс-әрекетке баулу


Жеке, дербес іс-әрекетке баулу

Шығармашылық іс әрекетке баулу

Көркем туынды -ны өз беттерімен талдау

Модель,жоба жа-сау, ғылыми жұ-мыстарын қорғау

Ғылыми жұмыстарға, зерттеушілік іс әре-кетке икемдеу

Анализ, синтез, баға беру дағды-ларын дамыту

Өзін-өзі және бір-бірін оқытуға дағдыландыру


Оқушы - мұғалім







- шешен, әдемі, мәнерлі, мәнді сөйлейтін.

Сауатты, жазба тілі дамыған, жазу мәдениетін меңгерген





  • Өз пікірін қорғай алатын

  • өткір, ашық сын айта білетін, оның шешімін ұсына білетін.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал