7


  • Учителю
  • Сочинение на тему Отаным – алтын ұям бесігім

Сочинение на тему Отаным – алтын ұям бесігім

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Атамекен жанға жайлы сая бау,

Ар алдында күнә болар табиғатты аямау.

Қанымызға сіңген екен ақ сүтімен ананың,

Туған жердің табиғатын аялау.

Туған өлкеміздің мақтан етерлігі - оның жер көлемі. Осы жерді біздің ата-бабаларымыз қасық қаны қалғанша қорғаған. Ата-бабамыз көздің қарашығындай қорғап, бізге мұраға қалдырған қазақ жерінің асты-үсті тұнған байлық.

Ата-бабаларымыз өздерінің өнегелі өсиеттері мен терең даналық ой-пікірлері асыл қасиеттері арқылы табиғатты аялап, бағып үнемі қамқорлық жасап, көркейтіп отырған.

Қазіргі кезде барлық адамзат алдында тұрған күрделі міндеттердің бірі - табиғатты қорғау, оның сан алуан байлықтарын ұқыпты пайдалану, яғни экологиялық қатерден сақтау.

Бәрімізді қатты алаңдатып отырған жағдай - табиғатымыздың тікелей адамның іс-әрекетінен ластанып бұзылуы.

Орман-тоғайларды есепсіз қиып, пайдалану жердің құрғақшылығын арттырып, топырақтың су режимін бұзуда.

Аңдарды, құстарды аяусыз ату, аулаудан олардың саны азайып кетті. Жасыл өсімдіктер - ағаштар, бұталар аяусыз кесіліп, отын ретінде пайдалануда. Өсімдіктер сарқылмайтын қазына емес. Оларды орынды пайдаланып, қорғай білудің маңызы зор. Өйткені адам баласы өзіне қажет қорек, ауа, киім, баспана, күнделікті өмірде кәдесіне жарайтын нәрселердің көбін өсімдіктерден алады. Сондықтан бүгінгі таңда адамзат алдында ең күрделі мәселе өзімізді қоршаған тіршілік ортасын қорғау, бүлдірмей, ластамай, көркейтіп, гүлдендіру керек.

«Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз

Жер бетінің ажары ол - сәніміз.

Туған өлке табиғатын аялап,

Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз»,

деп бала жүрек жырлағандай, мен өз өлкемді жан-жүрегіммен сүйемін. Өйткені Қазақстан - менің атамекенім. Атамекен деген - туған тіл, ата салт- дәстүр, еліңнің тарихы, байлығы, мектебің, үйің, бәрі-бәрі сонда. Ал бұларсыз өмір сүру мүмкін емес. Біздің Қазақстан өте бай, табиғаты әр түрлі болса да әдемі. Мысалы, бізде көл, өзен, биік таулар, орман-тоғай, аң-құс өте көп.

Тәуелсіз ел болдық. Біз тәуелсіз елдің балаларымыз. Алдағы жылдарда еліміз ең мықты елу елдің қатарына қосылмақ. Ол кезде біз де ержетіп, үлкейеміз. Сонда біздер де ағалар мен аталардың жақсы істерін жалғастыруымыз керек. Еліміздің экологиясын сауықтыру жолдарын табуымыз керек.

Экология проблемаларын терең зерттеу ғылымдар жүйесінде ең беделді орын алатынына күмән келтіруге болмайды. Бұл проблемалар адамзатқа өзін қоршаған ортамен одақтасып табиғаттың сырын, өзіндік ара қатынасын зерттеп, оның жан дүниедегі болған әсерін сезіп байқап, мүмкін болатын экологиялық зардаптардың мөлшерін, таралған аумағын, экономикаға келтірер зиянын, жер бетіндегі тірі тіршілікке тигізетін қолайсыз құбылыстарын аңғарып біліп, оған қарсы пәрменді күрес жүргізу үлкен мәселе. Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік өсіп-өнеді. Өзіндегі барды адамға, жан-жануарға, өсімдікке берген. Табиғатта басы артық ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған немқүрайлы қарау үлкен апатқа соқтырады. Бір кездерде табиғатты бағындыруды мақсат тұтып, ормандар аяусыз балталанды, аң-қүстар шамадан тыс ауланды, жер жөн-жосықсыз жыртылып, топырақта эрозия пайда болды. Соның салдарынан бүгінгі таңда адам баласына ядролық апаттан гөрі экологиялық апат аса үлкен қауіп төндіріп отыр.

Бізді экологиялық апатқа душар еткен адам санасының эрозиясының нәтижесі. Бүгінде тәуелсіз Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем алдында экология мәселелері түр. Адам ақыл-ойының нәтижесі алып ракеталар, атом станциялары, зауыттар, т.б. ғылыми прогресс жетістіктері өмірімізді байыта, жеңілдете түсумен қатар қауіп-қатер туғызуда. Осының бәрі экологиялық сананың жеткіліксіздігінен, адамдардың болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін жете сезінбеуінен. Адам өміріне экологиялық зардаптардың әсер ете бастауы олардың қоршаған ортаға жыртқыштықпен қарауының салдары.

Бүгінде санасында сәулесі бар әрбір адамды туған жердің табиғатының тағдыры толғандыруы керек. Ауылдық жерлердегі экологиялық, санитарлық, эпидемиялық жағдайдың нашарлауы салдарынан жұқпалы аурулар көбейіп отыр. Адамдар ядролық жарылыстардың зардабын әлі де тартуда, рак, өкпе, қан аздығы, қант диабеті, қан қысымының жоғары болуы, жүрек, психикалық аурумен ауыратындар көп.

Мінеки енді осы экологиялық апаттан қалай құтылуға болады? Табиғатты қалай сауықтыруға болады. Бұл өте күрделі мәселе. Бұл үшін ең алдымен, адамдардың табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп, дұрыстау керек, тәрбиелеу керек. Ол үшін балалар бақшаснан бастап, мектептерде, жоғары оқу орындарында, адамдардың табиғатқа, қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертіп, қалыптастыру керек. Қазіргі заманға сай экологиялық идеология қажет. Сонда ғана, әрбір адамның миында, қанында, көз қарасында қоршаған ортаны бүлдірмеу керектігі туралы негіз қалыптасады. Адамдар сонда ғана туған өңір табиғатын қорғауда белсенділік көрсете алады. Газет-журналдарға мақала жазу, баяндама жасау, теледидардан мәліметтер беру, жазушылармен, ғалымдармен кездесулер өткізудің нэтижелері мол болады. Адамдардың көздерін, адамды табиғаттың бір бөлшегі екендігіне жеткізу өте маңызды.

Қазақстанның көптеген аудандары, бүгінгі күнде де экологиялық мүшкіл хал кешіп отыр. Қоршаған ортаны қорғау шараларына, республикамыз біршама мөлшерде мемлекеттік жэне орталықтандырған түрде күрделі қаржы бөліп отыр. Алайда, мұның бәрі, республиканың ұлттық табысының 1%-на де жетпейді.

Қоршаған ортаның, Республикамыздағы халықтың науқастануына тигізер әсері 60% шамасында. Ол әсіресе, тау - кен өнеркәсібі орналасқан қалаларда жоғары. Қалаларда экологиялық ахуал, соматикалық ауру түрлерінің өршуіне ықпал етуде.

Арал қасіреті республика аумағынан асып, бүкіл планетаның бас ауруына айналып отыр. «Судың да сұрауы бар», -дейді халық.Осыған байланысты Арал өңірін сауықтыру бағатында Орталық Азиядағы бес мемлекет -Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түркменстанның президенттері бірнеше рет кездесті. Мемлекет басшыларының шешімімен, Арал бассейнің қалпына келтіру жобаларына қолдау білдіру туралы шаралар айқындалды.

Экологиялық апат аймағында отырған ел, ең алдымен, ауыз су тапшылғынм көріп отыр. Теңізбен қоса, Арал төңірегіндегі жергілікті тұрғындарды да құтқару керек. Өйткені, елді мекендердің тек 15-20 пайызы ғана таза су ішіп отыр, ал қалған тұрғындар мемлекеттік стандартқа мүлдем қайшы келетін ауыз суды пайдалануда. Соның өзінде, ауылдық жерде, су бір адамға бір шелектен келеді. Ал, өркениетті елдерде, оның шамасы 200-400 литрге жетіп отыр. Мұның өзі түрлі жұқпалы аурулардың өршуіне, өңір халқының денсаулығына кері әсерін тигізуде. Олар, бір жағынан Арал теңізінен көтерілген тұзды тозаңның астыңда жатса, екінші жағынан Байқоңыр ғарыш аймағының касіретін бастан өткізуде. Соның салдарынаң, тұрғындар арасында жүрек, өкпе, қан қысымы, бүйрек, бауыр жэне басқа қауіпті аурулардың көрсеткіші республикадан да жоғары болып түр. Мысалы, Арал аймагы орналасқан Қызылорда облысы көлемінде бір ғана туберкулез ауруымен науқастанған адамардың жалпы саны 19,5 мың. Осыған байланысты, кейінге ысыруға болмайтын нақты шара - осы өңірдің түрғындарының хал-ахуалын жақсарту, жер асты суларын кеңінен пайдалану арқылы тұщы ауыз су жіберу, су құбырлары құрылысын жүргізу, "Көкарал" бөгеті құрылысын аяқтап, Кіші Аралды сумен толтыру керек.

Су деген тіршіліктің қаны емсес пе?!

Су дегені табиғаттың жаны емес пе?!

Су жерде өмір жоқ, ол - ақиқат,

Күміс су қара жердің сәні емес пе?!

Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі - су. Халқымыз ежелден - ақ суды қастарлап, «Сулы жер - нулы жер», «Су - табиғаттың айнасы» деп, суды ерекше бағалай білген.

Келешекте біз, Қазақстан жастары табиғатты қорғап оның экологиясын және әлеументтік жағдайын жақсартуға өзіміздің іги істеріміз бен өз үлесімізді қосамыз.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал