7


  • Учителю
  • Cабақ жоспары 'Көпшілік алдында сөйлеу әдістері ' 11- сынып

Cабақ жоспары 'Көпшілік алдында сөйлеу әдістері ' 11- сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні:

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 11

Сабақтың тақырыбы

Көпшілік алдында сөйлеу әдістері

Сабақтың мақсаты

Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық туралы ойларын толғау. Оқушыларды көркем сөйлеуге төселдендіру. Топта, жұпта бірлесе қызмет атқаруға жұмылдыру.

Күтілетін нәтижелер

Оқушылар шешенге қойылатын талаптарды біледі. Көпшілік алдында сөйлеуге дайындалу жолдарын біледі. Қорқынышты жеңудің жолдарын ұсынады. Өз ойын еркін жеткізеді.

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Оқыту әдістері

1. Диалогтік оқыту - «Сұрақ-жауап»

2.СТО- «Топтастыру» стратегиясы

3. ОүБ - топ жұмысын бағалау


Ресурстар

Оқулық, постер, стикер, маркер, интербелсенді тақта

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс -әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

«Алдар көсе» бейне роликті көру арқылы жағымды психологиялық ахуал орнату


Топқа бөлу.


Видеоны көріп, амандасады, жағымды психологиялық ахуал орнайды.

Әр түрлі стикерлер арқылы топқа бөлінеді.

Үй жұмысы

«Карусель» әдісі бойынша үй жұмысы тексеріледі.

Өткен білімдері бойынша оқушылар өзара жұптасып бір- біріне сұрақтар қояды.

Қызығушылықты

ояту


«Микрофон» әдісі сұрақ -жауап

- Көпшілік алдында өзіңізді толғандырған мәселе жөнінде сөйлеп көрдіңіз бе?

- Қандай сезімдерді бастан кешірдіңіздер?


Сұрақтарға жауап береді;

Өз ойларымен бөліседі;

Түсініктерін айтады

Мағынаны тану

Топтық жұмыс.

6 қалпақ таратылады.

Тақырыбы:

«ҰБТ:Бап па,бақ па?»

1 топ. Ақ түсті (нақты факторларды атайды)

2 топ. Қара түсті (теріс жақтарын)

3 топ. Қызыл түсті

4 топ. Сары түсті (эмоциялық жақтарын)

5 топ. Жасыл түсті(жаңа идея)

Көк түсті қалпақты мұғалім алып баршасын тыңдап сараптайды.



Берілген тапсырма бойынша әр топ жақсылап дайындалады. Алты қалпақты киген топ мүшелері өз қызметіне қарай сөйлеуге тырысады. Топ көшбасшысы бағалайды. Бағалау критерий беріледі.

Ой толғаныс

«Т» кестесін толтыру.

Дәріс немесе көпшілік алдында сөйлейтін сөздер қандай себептерге байланысты тартымсыз болуы мүмкін немесе тыңдаушыларды еліктіріп, ойына қозғау салады деп ойлайсыздар? Екі бағанға олардың себептерін бөліп жазыңдар.


Жұппен жұмыс.

Оқушылар бірлесе отырып өз ойларын жазады, өзара бағалайды

Бағалау

Топ көшбасшысы топ мүшелерін бағалайды.

Жазбаша берілген бағалау парақтарына түсіреді.

Үйге тапсырма

Өздерің қалаған тақырып бойынша көпшілік алдында сөйлеуге дайындалыңыздар.

Кері байланыс

«Өрмек тоқу» оқушылар берілген түйдек жіпті бір біріне ұсыну арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөлісе отыра, алған білімдерін бекіте түседі. Өзіндік пікірлері мен ұсыныстарын айта алады. Оқушылардың айтылған ұсыныстарынан міндетті түрде алдағы уақытта ескеріледі.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал