7


  • Учителю
  • ҚАзақ әдебиеті сабақ жоспары С. Сарғасқаев 'Тәмпіш қара' (6- класс)

ҚАзақ әдебиеті сабақ жоспары С. Сарғасқаев 'Тәмпіш қара' (6- класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақ әдебиеті 6 сынып

Сабақтың тақырыбы: С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара» повесі

Сабақтың мақсаты:

  1. С.Сарғасқаевтың кім екенін, «Тәмпіш қара» повесінің желісін ұғындыру.

  2. Шығармадағы достықты, әділдікті, еңбексүйгіште оқушыларды тәрбиелеу.

  3. Шығарманы негізгі бөліктерге жіктей білуге, басқа шығармалармен салыстыра білуге үйрету.

Сабақтың типі: Білімді, дағдыны, іскерлікті қалыптастыру.

Қолданылатын әдістер: Сұрақ-жауап, баяндау, Венн диаграммасы,талдау.

Көрнекіліктер: С.Сарғасқаев портреті, интернет материалдары, маркер, стикер.


I. Ұйымдастыру кезеңі:

А) Сәлемдесу;

Ә) Оқушыларды түгендеу;

Б) Сабаққа дайындықтарын тексеру.


II. Оқушылардың көңіл-күйлерін , сабаққа дайындықтарын сұрау.

Үй тапсырмасын сұрау:

«Бақытты балалық» тақырыбында эссе жазу.

Топқа бөлу


III. Жаңа сабақ

Жоспар:

А) С.Сарғасқаев - балалар әдебиетінің көрнекті өкілі.

Ә) «Тәмпіш қара» повесінен үзінді

Б) «Тәмпіш қара» повесінен үзіндіні талдау.

В) Кейіпкерлерді талдау.

Топтық жұмыс

Оқушыларды 6 топқа бөлемін.

Әрбір топқа 1-6 арасындағы сандық атауларды беремін.

I тапсырма

Әрбір топқа С.Сарғасқаев туралы әр түрлі өмірбаяндық деректер таратылады.

«Сандар сөйлейді» стратегиясы бойыша даталарды сөйлету.

II тапсырма

«Тәмпіш қара» повесінің үзіндісімен жұмыс.

Әрбір топқа повестен қысқаша үзінділер беріледі. Әрбір топ сол үзіндінің түсінігін айтып, басқа топ оқушылары сол бойынша 2 сұрақ кояды. Повестен бір үзінді бөлігі барлық оқушыларды қамту керек.


III тапсырма

Кейіпкерлермен танысу.

Шығармадағы негізігі кейіпкерлерге мінездеме беру.

Шаншатай -

Ертай -


IV тапсырма

«Тәмпіш қара» повесі мен «Менің атым - Қожа» повесіне Венн диаграммасын құру. (Жеке бағаланады)


V тапсырма

«Бес жол өлең» стратегиясымен - дос, суретші, еңбек, кітап, білім сөздерін талдау.


Мысалы: «Дос»

Зат есім Дос

Сын есім Адал, ақпейіл

Етістік Тәрбиелейді, көңілдендіреді, қамқорлайды

Мағыналы сөз Досы көпті жау алмайды

Зат есімге синоним Жолдас


IV.Сабақты бекіту.

«Тәмпіш қара» повесі бойынша бекіту сұрақтары:

Әңгімедегі кейіпкерлерді ата.

«Тәмпіш қара» повесі калай басталады?

Әңгімедегі «Тәмпіш қара » кім?

Әңгімеде мақал-мәтелдер кездесе ме?

Ауыл балаларының арманы қандай?


V.Үйге тапсырма:

«Тәмпіш қара» повесімен толықтай танысу.

«Дос - ұлы есім» тақырыбында эссе жазу


VI.Бағалау.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал