7


  • Учителю
  • Интеграция сабағы. Өзін-өзі тану пәні бойынша. Сабақтың тақырыбы: 'Су -өмірдің көзі' 4 сынып

Интеграция сабағы. Өзін-өзі тану пәні бойынша. Сабақтың тақырыбы: 'Су -өмірдің көзі' 4 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Сыртқы интеграция ( Өзін-өзі тану сабағының әдітемелік тәсілдерін қолдану)

Тыныштық сәті. «Су асты патшалығына саяхат»

Үй тапсырмасын тексеру.

«Кім шапшаң» ойыны /допты лақтыру арқылы уй тапсырмасын сұрақ қою арқылы жауап аламыз/

1.Табиғатта су айналымы болмаса не болады?

2.Лас суды тазартуға бола ма? Қалай?

3.Судың күйі немен байланысты?




Дәйексөз

Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат.

М.Хакімжанова

Оқушылар дәйексөзді дәптерге жазып, мағынасын ашып, өз ойларымен жеткізеді.

Сыртқы интеграция:

Су-адамға ең қажетті тағамның бірі, су-тазалық көзі, су-жан сұлулығының нәрі, су-шынығу көзі. Бүгінгі таңда өзен, көл, теңіз жағалауларының, арық жағасының таза болмауы адамдардан суға тигізіп отырған зиянды әдеттері.Әсіресе жасөспірімдерді тазалыққа, қамқорлыққа, адамгершілікке баулуда өзін-өзі тану пәніні үлкен рөл атқарады. Сондықтан ауырмай, таза болу үшін адам ішкі тазалығына мән беруі керек, яғни ойы, сезімі, тілегі, мұраты таза болғанда ғана, сыртқы әлеммен үйлесімділік болады.



Судың қасиеттері қаншалықты көп болса, адам бойында соншалықты құндылықтар көп болады.

Жаңа тақырып

«Табиғаттағы су айналымы» және «Су-өмір көзі»

Дүниетану пәнінің мұғалімі:

Ішкі интеграция:

Су-ғажайып зат. Табиғаттағы су үш түрлі: сұйық, қатты және газ тәріздес бу күйінде кездеседі. Су-түссіз, мөлдір, иісі дәмі жоқ, ұдайы ағып жатады.

Судың тірі организмдер үшін маңызы зор. Су болмаса тіршілікте жоқ. «Су-өмір көзі», су-жанға сұлулық береді, көңіліңді көтереді, тазалық көзі, шынығу көзі, су-тағам, табиғатқа сән, өмірге мән береді.


Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

1-топ Адам бойынан судың қандай қасиеттерін табуға болады? /тотастырып жазу/

2 -топ Тәжірбие жасау

Су құйылған ыдысты қыздырып, үстіне мұз салынған тәрелке бекітіліп қойылады. Біраздан соң тәрелкенің түбі су болып, төменге су тамшылай бастайды.

3-топ Табиғаттағы судың айналымы / сызба бойынша қорғау/

Бұлттың суреті бейнеленген сызбаны орналастыру.

/Теңіз, өзен, жылға, жаңбыр, бұлт,судың булануы/

Топпен ән айту

Жау, жау, жаңбыр!

Сөзі:Т.Орманов

Әні: Қ.Ахметов

Алатаулар бауырында,

Атам, әжем ауылында,

Ақша бұлттар қона берші,

Жау,жау, жаңбыр, жауа берші.

қайырмасы:

Бақыт болшы жаушы жаңбыр,

Менің әсем қалама,

Бақыт болшы жаушы жаңбыр,

Менің байтақ далама.

Менің әсем қалама,

Менің байтақ далама.


Үй тапсырмасы

Жер асты сулары мазмұндау.

Бағалау

Бағалау парағын тарату арқылы бағалау. Топ басшылары ұпай саны арқылы бағалайды.


Сабақты қорытындылау.

Баяу әуен орындалып тұрады.(Рефлексия)

Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.

Бүгінгі сабақ сендерге ұнадыма?(стикерлерге оқушылар өз ойларын жазып тақтаға жабыстырады.

Бәріңізге үлкен рахмет!!!





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал