7


  • Учителю
  • Бақылау жұмысы тақырыбы 'Алтыбақан'

Бақылау жұмысы тақырыбы 'Алтыбақан'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Қазақ тілі пәнінен бақылау диктанты

5сынып

І тоқсан

Алтыбақан- қазақтың ежелгі ұлттық ойыны. Тымық кеште,айлы түнде,

ауыл сыртында ойналады. Алтыбақан құру үшін 6 бақан немесе 6 сырық, 3 арқан керек.

Қыз бен жігіт қарама-қарсы орналасып, бел арқанның екі жақтауынан бекем ұстап, үшінші адамның демеуімен тербетіледі. Тербеушілер қосылып ән бастайды да, оған тамашалаушылар қосылып , думандатып әкетеді.

(46 сөз)


1-тапсырма

Біріншісөйлемді аударыңдар

2-тапсырма

Мына сөздерді септеңдер.

Інұсқа. Адам

ІІ нұсқа. Арқан

3-тапсырма

Сөз құрамына талдаңдар

Арқанның, сыртында, басталды


Грамматикалық тапсырмаларды бағалау:

Бірінші тапсырма толық орындалып, екінші тапсырма жартылай орындалса-"3"(50%)

Екі тапсырма да дұрыс орындалып, үшінші тапсырма жартылай орындалса-"4"(75%)

Үш тапсырма да қатесіз орындалса-"5"(100%).




Қазақ тілі пәнінен бақылау жұмысы

5 сынып

ІІ тоқсан

Асханада

Біздің ауыл орталығында үлкен асхана бар. Асханадан жұмысшылар мен жолаушылар тамақтанады. Асхана аспазшысы тамақты дәмді пісіреді. Асханадан ыстық тамақтан мәнті, кеспе, қуырдақ, бесбармақ бар. Үстелдердің үстінде пышақтар, шанышқылар, қасықтар жатыр.

Біз асханаға келдік. Орындықтарға отырдық. Тамақ іштік. Түскі тамақ өте дәмді болды. Біз аспазшыға алғысымызды айттық.

(46 сөз)

1 -тапсырма

Сөз құрамына талдау

І нұсқа

ІІ нұсқа

Орындыққа

Алғысымызды


2 -тапсырма

Фонетикалық талдау

Інұсқа

ІІ нұсқа

іштік

Кеспе


3-тапсырма

Сөздердің антонимдерін табыңдар

І нұсқа

ІІ нұсқа

Үлкен, ыстық,кең

Үстінде,жақсы,ақ

Грамматикалық тапсырмаларды бағалау:

Бірінші тапсырма толық орындалып, екінші тапсырма жартылай орындалса-"3"(50%)

Екі тапсырма да дұрыс орындалып, үшінші тапсырма жартылай орындалса-"4"(75%)

Үш тапсырма да қатесіз орындалса-"5"(100%).


Қазақ тілі пәнінен бақылау жұмысы

5 сынып

ІІІ тоқсан

Қыс

Күн суық. Жерде қар қалың. Түн ұзақ, күн қысқа. Қыста мен таңертең сағат жетіде тұрамын. Беті-қолымды жуамын,сүртінемін, шашымды тараймын,тамақ ішемін. Сонан соң басыма бөрік, қолыма қолғап, аяғыма етік киіп, мектепке барамын. Мектептен шыққан соң, мектептің мұз айдынына барамыз.Мұз айдыны мектептен алыс емес.

(51 сөз)


1-тапсырма

І нұсқа

«Күн», »түн», »етік», «мектеп» деген сөздердің көптік жалғауларын жазыңдар

ІІ нұсқа

«Бөрік», »мұз» ,»қолғап» ,»айдын» деген сөздердің көптік жалғауларын жазыңдар


2-тапсырма

І нұсқа. «Менің сыныбым» тақырыбына әңгіме құрап жазыңыздар

ІІ нұсқа.»Біздің кітапхана» тақырыбына әңгіме құрап жазыңыздар


3-тапсырма

Мәтіннен зат есімдерді көшіріп жазып, астың сызыңдар (ортақ)


Грамматикалық тапсырмаларды бағалау:

Бірінші тапсырма толық орындалып, екінші тапсырма жартылай орындалса-"3"(50%)

Екі тапсырма да дұрыс орындалып, үшінші тапсырма жартылай орындалса-"4"(75%)

Үш тапсырма да қатесіз орындалса-"5"(100%).

Қазақ тілі пәнінен бақылау жұмысы

5 сынып

ІV тоқсан

Аю

Аю-орман қожасы. Дүние жүзінде оның жеті түрі бар. Соның бірі-қоңыр аю.Қоңыр аю Қазақстанда көп таралған. Ол тау арасында мекендейді. Негізгі азығы- өсімдіктер. Ағаштардың жаңғағын теріп жейді. Құрт-құмырсқаларды да аулайды.Аю үлкен-үлкен тастарды көтереді. Астынан өзіне жем іздейді. Алғашқы қар жауғанда апынына кіреді. Қыс бойы ұйықтап шығады.

(51 сөз)


1-тапсырма

Мына сөзді септеңдер

І нұсқа

ІІ нұсқа

Аю

Тау


2-тапсырма

Сөз құрамына талдау

І нұсқа

ІІ нұсқа

Астынан, тастарды, кіреді

Іздейді, ағаштардың,жауғанда


3-тапсырма

Сөйлемді буынға бөліп , буын түрін ажыратыңдар

І нұсқа

ІІ нұсқа

Аю-орман қожасы

Соның бірі-қоңыр аю

Грамматикалық тапсырмаларды бағалау:

Бірінші тапсырма толық орындалып, екінші тапсырма жартылай орындалса-"3"(50%)

Екі тапсырма да дұрыс орындалып, үшінші тапсырма жартылай орындалса-"4"(75%)

Үш тапсырма да қатесіз орындалса-"5"(100%).




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал