7


Урок на тему' Тіл мәдениеті'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

7-сынып Сабақтың тақырыбы: " Тіл мәдениеті.Тұйық етістік."

Сабақтың мақсаты:


1)Тіл мәдениеті туралы әдеби тілдің нормасы мен оның дамуы мен ауызекі сөйлеу арқылы қарым-қатынастарын нығайта отырып, оқушыларды ауызекі тілде сұхбаттасу арқылы таза сөйлеуге, ойлауға, жазуға дағдыландыру

2)Оқушыларды туған елін, тілін, жерін сүюге баулу, еліне деген мақтаныш, сүйіспеншілік көзқарастарын қалыптастыру.

3)Мемлекеттік тілді құрметтеу, оны үйрену әр азаматтың парызы екендігін түсіндіру.


Сабақтың ұраны: "Қазақстанның болашағы- мемлекеттік тілінде"

( Н.Назарбаев )


Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақ әдісі: топпен жұмыс, ойландыру, шығармашылық жұмыс, топтастыру, аудару.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тіл туралы нақыл сөздер,интербелсенді тақта, ақын жазушыларымыздың қанатты сөздер.

Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады. Ғ.Мүсірепов

Ана тілін білмейтін адам - бір қолы жоқ шолақ адам сияқты.

Ғ.Мұстафин

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз айларын ата?

-Қазір күздің қандай айы?

-Тіл мерекесі қай күні тойланады?

-Күзде қандай мерекелер бар? (Білім күні, Тіл мерекесі күні, Ұстаздар күні)

Білім, Тіл, Үстаз деп үш топқа гүлдер арқылы бөлінейік.

1 топ «Білім»

2 топ «Ұстаздар»

3 топ «Тіл»

Оқушылар үш топқа бөлініп отырады.Топ басшылары сайланады.Бағалау парақшалары беріледі.Топ ережесін еске түсіреді.

.Қызығушылығын ояту

-Не себептен 22-қыркүйек «Тіл мерекесі» күні деп белгіленді?

-Тіл туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

-«Тіл» деген сөз қандай ассоциация туғызады? (бай, көркем, құнарлы, ырғақты, мұра, парыз, ана тілі, мемл. тілі, ата-баба, қорғау, құрметтеу, жағдай тұғызу, сақтау)

2.Үй тапсырмасын сұрау.

Тіл туралы өлең айтқызу.
Туған тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы,
Өссе тілім, менде бірге өсемін,
Өшсе тілім, менде бірге өшемін!

3.Мұғалімнің сөзі: Тіл - қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам - туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз бар. Ал, бұлардың бәрі - адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар. Сондықтан біз мәдениетті ойланып, сөйлеп үйренуіміз керек.

4. Ой түрткі

1. Полиглот деген сөзді сендер қалай түсінесіңдер?

2. Көп тілде сөйлейтін адамдарды білесіңдер ме?

3. Қазір сендер неше тіл үйреніп жатырсыңдар?

4. «Өмір талабы» деген сөз тіркесі қандай ассоциация туғызады?



Білімді болу - Өмір талабы - жан-жақты
| |
Көп тіл білу

Ендеше біз де қазақ тілін үйренуді жалғастырайық, балалар.


5. Берілген фразеологизмдерді оқып, үш тілде айту (слайд)

1. Көзді ашып -жұмғанша (тез - быстро - quickly )
2. Төбе шашы тік тұру ( қорқу - бояться - be afraid)
3. Төбесі көкке жету (қуану - радоваться - reqoice)
4. Қайран қалу ( таңдану - удивляться - wonder)
5. Қой аузынан шөп алмас ( момын - скромный - modest)
6. Жақсылығың алдыңнан шықсын (тілек - пожелание - wish)


Мағынаны тану

6. «Тіл мәдениеті» мәтінін оқып оқушылардың пікірін алмастыру.

Тілді қадірлеу дұрыс сөйлеуден басталады. Адам мәдениетінің алғышарты-дұрыс сөйлеу білу. Түсіне білгенге сөйлей білу де өнер. Тілін білмеген-түбін білмейді.Ондай адам күлдірем деп күйдіреді, сүйсіндірем деп сүріндіреді, білдірем деп бүлдіреді, қуантам деп қуартады, келтірем деп кетіреді, жұбатам деп жылатады. Біздің қазақ «Аталы сөз-баталы сөз» дегенде,осы дұрыс сөйлей білуді айтқан.(Ғ. Мүсірепов)

Тіл мәдениеті оқушылардың тілін ұстарту міндетін жүзеге асырудың амал-тәсілдерін көрсетеді.Тіл мәдениетіне тән нормалар оқушылардың таза, нақты, лайықты әдеби тілмен сөйлеуге,диалект сөздер мен дөрекі сөздерді қолданбауға, сөйлеген сөздері жатық, әсерлі, түсінікті болуын қадағалайды.Тіл қарым-қатынас құралы.Адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл-парасатын,рухани байлығын көрсететін айна. «Өнер алды-қызыл тіл» деп қазақ халқы да сөйлеу шеберлігіне үлкен мән берген.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде»-деп тұжырымдайды.

7.Сөздікпен жұмыс.
Күлдіру - смешить
Күйдіру - огорчать
Сүйсіндіру - влюблять
Сүріндіру - спотыкаться
Бүлдіру - испортить
Жұбату - утешать

8. Сұрақтарға жауап беру:

Тілді қадірлеу неден басталады?
Тілді қадірлеу дұрыс сөйлеуден басталады

Адам мәдениетінің алғышарты не болып табылады?
Адам мәдениетінің алғышарты - дұрыс сөйлей білу болып табылады

Тілін білмеген нені білмейді?
Тілін білмеген - түбін білмейді.

Қазақта дұрыс сөйлей білу мәдениеті деп нені атаған?
«Аталы сөз - баталы сөз» деген екен.

«Тілін білмеген - түбін білмейді» дегенді қалай түсінесіңдер?

Сөз мәдениетін дұрыс сөйлей, ойлай алмайтын адамды айтады.
Қазақта ойланып барып сөйле деген нақыл сөз де бар.

9.Топпен жұмыс:

І топ: Кітап бойынша мәтіндегі тұйық етістіктерді теріп жазып септеу
ІІ топ: Берілген сөйлемді толықтырып жазу
ІІІ топ: Тұрақты тіркестерді сөздіктен құрап, мағынасын ашу.
Тұрақты тіркестерді қолданып, сөйлемдер құрау

Тілге келмеу - қарсыласып, ұрысып сөйлемеу
Тілді байлау - сөз бермеген адамды айтады
Тілі қышыды - айтқысы келген адамды айтады
Тілсіз қалу - сөйлемей қалған адам

10.Грамматикалық тақырыпты пысықтау.. Тұйық етістік.Ережені еске түсіру.

-Тұйық етістік қалай жасалады?

Тұрақты тіркестерден теріп жазу.


11. Орыс тіліндегі тұрақты тіркестерді қазақ тіліндегі
тұрақты тіркестермен сәйкестендір


1) Вешать нос------------ 1) жаны мұрын ұшына келу

2) Душа в пятки ушла------ 2) төбе шашы тік тұру

3) Дела, как на ладони----- 3) бармағын тістеу

4) Волосы стали дыбом---- 4) тыным таппай еңбек

ету

5) Кусать себе палец------ 5) еңсесін түсіру

6) Работать не покладая рук--- 6) алақанға

салғандай

12. Тіл туралы шағын тест: (слайд)

1. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебесін алды?

а) 1991

ә) 1989

б) 1987

2. Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады?

а) араб

ә) парсы

б) түркі

3. Тіл туралы Заң қашан қабылданды?

а) 1997

ә) 1990

б) 1989

4. Ол неше баптан тұрады?

а) 30

ә) 22

б) 27

5. Қазақстан Республикасының тілдер мерекесі қашан тойланады?

а) 16 желтоқсан

ә) 30 тамыз

б) 22 қыркүйек

6. Тіл туралы Заңының нешінші бабында Қазақ тілі туралы айтылған?

а) 4

ә) 5

б) 7

7. Мемлекеттік тілді неге үйреніп жүрсің?

а) ол бағдарламада бар

ә) менің парызым

б) маған ұнайды

8. Қанатты сөздерге не жатады?

а) ертегілер, мақал-мәтелдер

ә) мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, тұрақты сөз тіркестері

б) сөз тіркестері, нақыл сөздер

Қорытынды: Мұғалім. Тіл - өте маңызды құрал. Тіл болмаса адам өз ойын біреуге жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет - ғұрыптары, дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді. Қазақ тілі - өте бай, әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.

Үй жұмысы: 10 тұрақты сөз тіркестерін тауып, жаттап келу

Бекіту.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал