7


Сабақ жоспары 10 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Әдебиет пәні бойынша 10 сыныпқа арналған сабақ жоспары. Қазақ әдебиеті 10-сынып Сабақ тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік - Кебек» дастаны Жалпы мақсат: Дастанныңмазмұнын меңгереді, көркемдік ерекшелігін ашады.Өзіндік ой-пікір айта білуге дағдыланады. Шығар
предварительный просмотр материала

Қазақ әдебиеті


10-сынып


Сабақ тақырыбы:


Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік - Кебек» дастаны

Жалпы мақсат:

Дастанның мазмұнын меңгереді, көркемдік ерекшелігін ашады.Өзіндік ой-пікір айта білуге дағдыланады. Шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Сілтеме:

1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 43-51б

2.Қазақ әдебиеті оқулығы. 10-сынып. Қ. Алпысбаев, Б. Әбдіғазиұлы, Б. Сманов, Ж. Сәметова 89-102 бет

3.Үлестірмелі материалдар. Екінші апта.

4.Әдебиетті оқыту әдістемесі. Т.Қ. Жұмажанова.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

Дастанның мазмұнын, идеясын түсінеді. Басқалардың және өз пікірін сыни тұрғыда бағалайды. Шығармашалық қабілеттері байқалады. Топта бірлесе жұмыс жасайды.

Негізгі идеялар:

Дастанның идеясын түсініп, талдау арқылы сабаққа қызығушылығы артады.

Сабақта қолданылатын ресурстар

1.А-4 парағы

2.Флипчарт

3.Стикерлер

4.Оқулық

5. Роwer point таныстырылым, бейне көрсетілім

6. Оқушылардың өзін-өзі бағалау парағы

Оқыту әдістері:

Жаңа әдістер

АКТ

СТО

Оқыту үшін бағалау

1. Диалог

2. Жеке жұмыс

3. Топтық жұмыс

4. Рөлдік ойын


Тапсырмалар:

«Ой шақыру» стратегиясы, «Ойлаудың 6 қалпағы», РАФТ, эссе


Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

(3 мин) 12.05-12.08

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


1.Сергіту сәті. «Қаражорға»

2.Сыныпты топқа бөлу. Түстер бойынша 6 топқа бөлу.

3.Әр топтың өздеріне топ басшысын сайлату.

1.Оқушылардың барлығы сергіту сәтін жасайды.

2. Түстерді таңдау арқылы 6 топқа бөлінеді.

3.Өздері топ басшысын сайлайды.


І. Қызығушылықты ояту» Миға шабуыл.

(6 мин) 12.09-12.15

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

6 мин





1.Ақынның ағартушылық бағыттағы қандай өлеңдерін білесіңдер? Ол жастарға нені насихат етті?

2. «Дүние мен өмір» өлеңінде ақын қандай адамгершілік сана жайлы айтты?

Ақынның «Насихат» өлеңін жатқа айт

«Ой шақыру» стратегиясы

Дастан дегеніміз не?


Оқушы берілген сұрақтарға жауап береді.

ІІ.Мағынаны тану.

(19 мин)

12.16-12.35

Тапсырманы игеруге 7 мин

Постер қорғауға 10 минут







Бейне көрсетілім. «Еңлік-Кебек» (2 минут). Оқушылар тапсырманы орындап жатқанда Роза Рымбаеваның «Еңлік-Кебек» әнін тыңдатамын.

Топтық тапсырма:

1. Ақ қалпақты топқа: Дастанның мазмұнын айту тапсырылады. Сол кездегі тарихи оқиғамен байланыстырады.

2. Сары қалпақты топқа: Дастанның сәтті тұстарын айту тапсырылады.

3. Қара қалпақты топқа: Дастанның сәтсіз тұстарын айту тапсырылады.

4.Қызыл қалпақты топқа: Еңлік пен Кебектің кездескен тұсынан монолог оқу тапсырылады.

5. Жасыл қалпақтарға: Дастандағы билердің таласына сахналық көрініс көрсету.

6. Көк қалпақтарға: барлық 5 қалпақты бақылап, тапсырмаларды қаншалықты дұрыс не бұрыс орындағаны жөнінде жазып отыру тапсырылады.


Барлық топ өздеріне тапсырылған тапсырмаларды белгіленген уақыт ішінде флипчартқа жазып шығады және қорғайды.

ІІІ. Ой толғаныс

(7 мин)

12.36 -12.43



РАФТ

І-ІІ топқа

Р- оқушы

А- Кеңгірбай

Ф- хат

Т- би кесімі туралы

ІІІ топқа

Р- оқушы

А- Еңлік

Ф- хат

Т- ел бірлігі

ІV топқа

Р- оқушы

А- қазаққа

Ф- хат

Т- жастар махаббаты


Оқушылар берілген тапсырма бойынша жеке тапсырма орындайды. Дәптерін қасындағы оқушымен ауыстырадыБірін-бірі бағалайды.

Үйге тапсырма

сын беру

(1 мин)

12.44-12.45

Мұғалімнің іс-әрекеті

Эссе "Дастаннан кейінгі ой"

Авторға немесе ұнаған кейіпкерге деген ой - пікірлерін жазу.


Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

Бағалау (2 мин) 12.46-12.48


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


Оқушыларды формативті және жиынтық бағалау. Тапсырма орындау барысында топтарға екі жұлдыз бір тілек айтылып, стикерге жазылады. Оқушылардың өзін-өзі бағалау парағы бойынша бағалайды.


Рефлексия

(1 мин ) 12.49-12.50

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату. Жыр саған несімен ұнады? Бүгін не білдің? Не қиын болды?

Кері байланыс парағы арқылы оқушы ойын тыңдай отырып, сабақты қорытындылау.

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазады.

Оқушының бағалау парағы



Бағаланушы оқушы

«Ой шақыру» стратегиясы

«Ойлаудың 6 қалпағы»

РАФТ

Қорытынды

ұпайы








 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал