- Учителю
- қазақ тілі сабақтың тақырыбы: 'Қазақстанның жануарлар әлемі' 5 сынып
қазақ тілі сабақтың тақырыбы: 'Қазақстанның жануарлар әлемі' 5 сынып
Сабақтың тақырыбы
| «Қазақстанның жануарлар әлемі. Есімдік түрлері» Касенова Назигуль Мукатаевна «Семей қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектеп»
|
Сілтеме | Күнтізбелік - тақырыптық жоспар 5-сынып Т.М. Артыкова, Ж.Н.Қыстаубаева, Л.З. Бисенова, Н.Ж. Сагирова. |
Жалпы мақсаттар | Оқушылардың сөздік қорын байытып, өзара пікір таластыру, сабаққа деген қызығушылығын арттырып Отансүйгішке тәрбиелеу. Өзін-өзі бағалау, өзара бірін-бірі бағалау арқылы өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру. |
Оқыту нәтижелері немесе күтілетін нәтижелер | Кітап оқу, суреттер арқылы тақырыпты ашып, сабақты талдап, оқушылардың біліміне көз жеткізу, олардың жануарлар әлемі тақырыбы арқылы түсініктерін сұрақ-жауап арқылы тексеру. |
Негізгі идеялар | Есте сақтау: тақырыпты ашып соның мағынасын түсіндіру; Білу: Слайд, суреттер арқылы, жаңа тақырып арқылы білім алу; Оқу қабілеттері: Жануарлар туралы ойларын айту; Пікір талас: Жануарлар мен төрт түлік малды салыстыру; Қазақ тілінде еркін сөйлей білу. |
Құрал-жабдықтар | Интерактивті тақта, 5-сынып оқулығы, смайликтермен бағалау, бейне слайдтар. |
Тапсырмалар | Кіре сала оқушыларды түгендеп, оқушылардың қызығушылығын тексеру. Оқушылармен ынтымақтастық атмосфера құрып алу. Бірінің атын бірі айтып, бірін-біріне жақсы сөздер айтады. Оқушыларды топқа бөлу. І топ. Сары шарлар. ІІ топ Қызыл шарлар. ІІІ топ Жасыл шарлар. Ұйымдастыру кезеңі: -Бүгін нешесі? - Ауа райы қандай? - Жылдың қай мезгілі? Жаңа сабақ, сабақтың мақсаты мен барысын айту. Дәптерлерін ашып бүгінгі күнді жаздыру. Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақ-жауап арқылы. 1-тапсырма. Әр топқа перфокарталар беріледі. Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрап жазу.
Оқушылар тапсырманы орындап болғаннан кейін, өзара бір-бірін тексереді. 2-тапсырма. Суретке қарап, жеті жануардың атын табыңдар. Топпен жұмыс. Оқулықпен жұмыс. 3-тапсырма. Мәтінді таратып, әр оқушыға оқытып, жұппен диалог құрастырады. Сергіту сәті. «Қара жорға» әнін қойып дене қимылдарын жасату. 4-тапсырма. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін интерактивті тақтада сурет арқылы мақал-мәтелдер шығады, соны топпен ақылдаса отырып шешу. 5-тапсырма. Әр топқа сөзжұмбақтар беріледі. Сөзжұмбақтарды қай топ тез, жылдам шешеді. Сол топқа смайликтер беріледі. Келесі тапсырма Ойын «Ұйқасын тап». Сабақты сұрақ-жауап арқылы қорытындылау. Рефлексия кезеңі: «сабақтан алған әсерім» Әр топта қанша смайликтер жинады, соны есептеп бағалау. Үйге тапсырма. 103 бет. Жануарлар туралы жұмбақтарды жаттау.
|