7


  • Учителю
  • Жиналыс 'Тәртіптің ең тамаша мектебі - отбасы'

Жиналыс 'Тәртіптің ең тамаша мектебі - отбасы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ата-ана жиналысы

Өткізген: Тасболат Мөлдір Тасболатқызы

Мақсаты:

1.Отбасылық тәрбиенің озық үлгілерін насихаттау.

2.Ата- аналардың мектеппен тұрақты қарым - қатынасын , белсенді педагогикалық ұстанымдарын қалыптастыру.

3.Үлкенді сыйлауға ,ілтипатты болуға ата ана алдындағы парызын түсінуге тәрбиелеу.

Кіріспе сөз.

Ой санасы дамыған,адамгершілік және дене тұрғысынан салауатты , мәдениетті тұлғаны жан- жақты қалыптастыруды көздеген тәрбиенің мәселелері мектепті де, ата - ананы да әрқашан толғандырып келеді.Тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі мектеп пен ата - аналар арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынаста.Өйткені адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы ата - ана. «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады.Отанға деген ыстық сезім жақындарына ,туған туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.» - деп елбасы айтқандай , бала әкеден ақыл, анадан мейір алып өседі. Қай ата- ана болмасын баласының тәрбиелі,білімді, мәдениетті, ... болуын қалайды. Ал адам өмірінің мәні мен сұлулығы,адамның келешегіне сенімділігі баланың ата - анасын ардақ тұтып ,өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Сол себепті бүгінгі жиналысты ата - ана туралы ұлағатты сөздерден бастауға рұқсат етіңіздер.

Оқушылар сөйлейді :

Ата- ананы ұмытқан жас - опасыздың опасызы, рақымсыздың рақымсызы.(Ғ.Мұстафин)

Ата- ана қадірін білмеген - халық қадірін білмес (Ғ.Мұстафин)

Ата- бабасын сыйламау - азғындықтың белгісі. (Ғ.Мұстафин)

Баланың жақсысы - әке мен шешенің ары, ата- ананың абыройы ; жаманы- қайғысы,азап- соры.( В.А.Сухомлинский)

Балаға берілетін бірінші тәрбие ата- анасын ,туған- туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады. Себебі ата-анасын сыйламаған бала жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды.(Ы.Алтынсарин.)

Адамның қалыптасуы бала кезден басталады.Жақсылық та адам бойына нақ сол бала кезде егіледі.Ол жылдар өте келе ,өніп шығады.Жақсылық

ұрығының өніп шыққаны немесе оны жамандықтың арамшөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. (С.В. Михалков)

Ана жүрегін сезе біл,оның жанарындағы шапағатпен тыныштықты, бақыт пен қуанышты, алаңдаушылық пен мазасыздықты ,абыржу мен ренішті көре біл.Егер сен бала кезіңнен анаңның көзінен оның жан дүниесін көре білуді үйренбесең, адамгершілік жағынан өмір бойы тәрбиесіз болып қаласың.(В.А.Сухомлинский)

Кімде - кімнің үйінде қартайып отырған әке шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы »болса,ол - үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі деп ойламасын ,егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап,қамқорлық жасаса,ата- анасы оның отбасының құты болып табылады.( Платон)

Тәртіп көрген адам бала күнінде,

Өнерімен қуандырар түбінде.( Ж.Баласағұн)

Жақсы тәртіп әдетке айналса - ырыс,

Жаман тәртіп әдетке айналса - қырсық.( Ғ.Мұстафин)

Тәртіптің ең тамаша мектебі -отбасы.( С.Смайлс)

Рақмет,балалар, ата аналар алдындағы әдептіліктерің бармақтай кездеріңнен бойларыңа дарыған қасиеттерің болып қала берсін.

ІІ. Бүгінгі қоғам алдындағы мақсат - өмірдің барлық саласында белсенді шығармашылық іс әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу.Ол үшін бала тәрбиесімен айналысатын отбасы, балабақша, мектеп, қоғам және жұртшылықтың тәрбие ісі кіріктіріліп жүзеге асуы тиіс. Өйткені,отбасына мектеп тарапынан білікті көмек қажет. Педагогтар мен ата аналардың өзара әрекетінің арқасында ғана оқушы тұлғасын дамыту мәселелерін табысты шешуге болады.Осы мақсатта мектебіміздің қазақ тілі маманы Садықова Ә.С.- қызының « Мектеп,оқушы,ата- ана » тақырыбындағы ой пікірін тыңдасаңыздар.

ІІІ.Ал енді А.С.Макаренко: « Тәрбие баламен сөйлесумен, әңгімелесумен ,оған ақыл кеңес берумен ғана шектелмейді.Тәрбие - тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде,балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі,өнеге көрсетуінде » , -деген ғой. Сіздердің отбастарыңызда да осындай дәстүр қалыптасқан шығар. Сол туралы балалардың қояр сұрақтарына жауап берсеңіздер.

Бала тәрбиесінде қандай қағидаларды ұстанасыздар?

1.Баланы жас кезіне бастап сыйлап, қадір қасиетін ,ар намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым қатынас жасаған абзал.

2. Әдепсіз сөз ,дөрекі айқай тәрбиедегі жаман әдіс. Бала оған үйреніп кетеді немесе соған орай дөрекі жауап береді.

3.Егер өзің баланы сыйламай тұрып одан өзіңе деген ілтипат,құрмет көрсетуін талап етудің өзі ұят.

4.Баланың айтайын деген өтінішін,ақылдасқысы келген мәселесін ата анасы тыңдап,ақыл кеңес беруі керек.

5.Ата ана отбасындағы үлкендерді сыйлап, құрметтесе, кішілерге қамқор болса, бала да сондайға ұмтылады.

Балалардың теріс әрекеттері үшін қалай жазалайыз?

Теріс әрекет жасаса ,қатесін айтып, түсіндіріп, екінші қайталамауын талап еткен дұрыс. «Жақсы отбасында жазалау деген атымен болмайды және бұл - отбасы тәрбиесінің ең дұрыс жолы. Өз балаларыңызды ұрмаңыздар.Олар өскенде сіздер олардан қуаныш, махаббат күте алмайсыз, дене жазасы мен тым қаталдықтың салдарынан сіз баланың жүрегін жаралайсыз », - деген А.С.Макаренко.

ІV. Келесі кезек күттірмейтін басты мәселе тәрбиемен ұштастырыла берілген білімнің І тоқсан қорытындысының нәтижесі туралы оқу ісінің меңгерушісі Темірбаева Р.Ә. сөз беріледі.

V.Еңбек үрдісі барысында оқушы бойында қоғамдық құндылық сапалары, тұлғалық ,өмірге ,әрекетке деген адамгершілік қасиеттері дамыса,дене тәрбиесінде дене және рухани күшті дамытуға бағытталған спорттық әрекеттерге үйренеді. Қазір мектебімізде ұйымдастырылған «Шеберлер» үйіірмесінде балалар немен айналысатыны жайлы еңбек пәнінің мұғалімі Нұржан Ерғожаұлы таныстырып өтеді және спорт үйірмесіне қатысып жүрген оқушылардың жетістіктеріне дене тәрбиесі маманы тоқталады.

V.Мектеп психологінің сауалнамасы. Біз қандай ата- анамыз?

Қорытынды:

Бала нені білсе жастан,ұядан,

Өле өлгенше соны таныр қиядан - дегендей отбасындағы тәрбие балаға өмірлік азық екенін естен шығармайық. Баланың саналы тәрбие , білім алуына өз көмектеріңізді аямай, бала болашағы туралы ойланайық.Себепсіз сабақты босатпауларын қадағалауларыңызды сұраймыз.



Ата-ана жиналысы

Тақырыбы:

Тәртіптің ең тамаша мектебі - отбасы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал