7


  • Учителю
  • 'Құлагер, құлыныңнан керім едің. . . . ' (С. Жүнісовтың «Ақан сері» романындағы Ақырғы бәйге үзіндісіндегі Құлагер бейнесі) 5 сынып

'Құлагер, құлыныңнан керім едің. . . . ' (С. Жүнісовтың «Ақан сері» романындағы Ақырғы бәйге үзіндісіндегі Құлагер бейнесі) 5 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сыныбы: 5 « ә»Пән аты: Қазақ әдебиетіКүні: 8.03.2013жылСабақ жоспарыСабақтың тақырыбы: Құлагер , құлыныңнан керім едің (С. Жүнісовтың «Ақан сері» романындағы Ақырғы бәйге үзіндісіндегі Құлагер бейнесі) Сабақтың мақсаты: Білімділік: С. Жүнісовтің «Ақан сері» романынан алынғ
предварительный просмотр материала

Сыныбы: 5 « ә» Пән аты: Қазақ әдебиеті Күні: 8.03.2013жыл
Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Құлагер , құлыныңнан керім едің ....
(С. Жүнісовтың «Ақан сері» романындағы Ақырғы бәйге үзіндісіндегі Құлагер бейнесі)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: С. Жүнісовтің «Ақан сері» романынан алынған «Ақырғы бәйге» үзіндісінің мазмұнын ұғындыру, оқушыларға шығарманың мәтінін, кейіпкерлерге талдау жасата отырып, Құлагер бейнесін тану
Дамытушылық: Оқушылардың шығармадағы кейіпкерлер бейнесіне талдау жасай білу біліктілігін дамыта отырып, өз ойын ауызша да, жазбаша да жүйелі жеткізе білуге ізденімпаздылыққа баулу, ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту
Тәрбиелік: Әңгімені оқи отырып Ақан сері сияқты әнші болуға, адами қасиеттерге, сұлулықты сақтауға, қызғаншақ болмауға, атбегілікке, өнерді қадір тұтуға, өнер сүйгіштікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың типі: Білік пен дағдыны қалыптастыру
Пәнаралық байланыс: Тарих, математика, музыка
Оқыту әдісі: талдау, шығармашылық ізденіс, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үнтаспа (Ақан серінің «Құлагер» әні)
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу, түгендеу Сынып бөлмесінің тазалығын қадағалау
- Оқушылар бүгінгі сабағымыздың өзіндік бір ерекшелігі бар. Ол компьютерді пайдалану арқылы интерактивті тақта арқылы жұмыс жасаймыз. Балалар сендер өткен сабақта қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Сәкен Жүнісовтың «Ақырғы бәйге» шығармасынмен танысып оның мазмұнын меңгерген болатынсыңдар. Ендеше мына жоспар бойынша жұмыс жасаймыз.

Жоспар
1. Шығарма мазмұны компазициясында (үй тапсырмасы)
2. Актуалдау. Жұмбақ сан тесті
3. Жаңа сабақ құпиясы. Арқаның атақтысы Ақан (Топтастыру)
4. Кейіпкер келбеті (Құлагер, Ақан, Батыраш, үзінді оқу)
5. Семантикалық карта
6. Менің Құлагерім ... (ойтолғау)
7. Білгенге маржан - білмегенге арзан (сұрақ жауап)



Үй тапсырмасы
Үйге берілген тапсырма не еді? Әңгіме мазмұнын оқып келу берілді. Ендеше шығарма компазициясы қандай кезеңдерден тұрушы еді? (оқиғаның басталу, байланысы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі)
Қазір мен шығарма компазициясының кезеңдерін білдіретін тақырыпшаларды таратамын. Сендер қай кезең екенін тауып, қысқаша мазмұнын баяндайсындар.
Оқиғаның басталуы: Көкшенің дүлдүлін көргенше асыққан
Байланысуы: Той думанға дала табиғаты бар нұрын төгіп тұрғандай
Дамуы: Құлагерге қамшы сала көрме
Шиеленісуі: Қазір сонау бір кезеңде шаңымды да көрмей қаласың
Шарықтау шегі: Пой-пой, шабысына болайын
Шешімі: Құлақ шекесінен бірдеме сарт етті


Актуалдау
Олай болса ендігі бөлімімізде «Жұмбақ сан» тест тапсырмасын орындаймыз.
І. Ақан сері романындағы сыншының аты?
1) Сағынай
2) Батыраш
3) Күреңбай
ІІ. Сыншы Құлагердің он үшінші қабырғасын қалай түсіндіреді?
1) Күштің белгісі деді
2)Сорға біткен ұры қабырға деді
3) Қанатқа теңеді
ІІІ. Ат үстінде неше түрлі ойын көрсетіп сырнай тартып жүрген өнерлі бала кім?
1) Мөңке
2) Шашубай
3) Қотыраш
ІV. Сыншы "Мынау бір пырақ екен" дегенде, ол Құлагердің қандай сипаттарына сүйеніп айтты.
1) Құлаш кеңірдегін, тұяғын
2) Қос құлақ, кең қолтықтығын
3) Бір қабырғаға артықтығы, қанатын
V. Ақырғы бәйге романынан алынған үзінді кімнің сөзі?
Бәсе, бәсе - деп таңдайын қақты. - Қанаты бар екен жануардың.
1) Халық
2) Шашубай
3) Күреңбай
Балалар осы жұмбақ сан тестінің дұрыс шешуін кім айтады? Неше шықты? Жауабы:
Енді осы 14 саны бүгінгі күннің жадына сәйкес келеді екен. Ендеше дәптерімізді ашып, бүгінгі күннің жадын жазып, жаңа сабақтың тақырыбын жазып қоямыз.


Жаңа сабақ
Жаңа сабақ тақырыбы «Құлагер, құлынымнан керім едің ...». Ендігі тапсырма алдын ала берілген тапсырма Ақан сері Қорамсаұлы кім деген сұраққа жауап іздейміз, талдаймыз.


Дамыту кезеңі
1. Олай болса ендігі тапсырма «Кейіпкер келбеті» бөлімі
Сыртқы түрін, қимыл-әрекетін, мінез-құлқын, басқалармен қарым-қатынасын ойша біліп, көз алдымызға елестетеміз. Шығармадағы адамдардың көркем бейнесін кейіпкер деп атаймыз. Ендеше кейіпкерлерге қарама-қарсы мінездеме беру.


2. Ендігі тапсырма семантикалық карта. Бұл тапсырмада кейіпкерлер мен кейіпкерлер сөзін табу.
№ Кейіпкер
Кейіпкер сөзі Күреңбай сыншы Батыраштың баласы Мәттақын Жаршы Ақан Мөңке Құлагер
1 «Ат шаппайды, бап шабады» деген бар есем пе?Құлагердей аттың бабы келіссе, мұның алдына кім түсер?
2 Уа, жарандар, жарандар, бәрің де маған қараңдар, аттарыңа мініңдер, тауға қарай жүріңдер.
3 -Ал, қарағым, жолың болсын! Атқа шабудың әдісін білесің ғой. Құлагерді тым қыспа.
4 Шіркін-ай, құдай тағаланың кәрімен атың сүрінсе, допша домалап, ат үстінен құласаң.
5 Саған жамандық тілеп қайтем, сен қаласың, мен озамын. Қазір сонау бір кезеңде шаңымды да көрмей қаласың.
6 Айдалада жалғыз қалдырмай, жеттің бе, үлгердің бе? Менің қазам енді жеткен шығар. Ризамын саған




3. Менің Құлагерім .... тақырыбында шағын ойтолғау жазу кезеңі.

Шығармаға мақал-мәтелдерді қосуға болады.

(Үнтаспадан Құлагер әні тыңдалады.)


.Бекіту кезеңі
Жоспарымыз бойынша келесі бөлім «Білгенге маржан - білмегенге арзан» сұрақ-жауап.
1. Ақан серінің шын айты кім?
2. Ақанның мылқау баласы кім?
3. Ақанның бүркітінің аты?
4. Құлагер қатысқан жарыс бәйгенің қай түріне жатады?
5. Құлагер фильмінде Ақан рөлін сомдаған актер кім?

6. Қазіргі кездің Ақан серілері сен үшін кімдер?

7. Қазіргі кезде Ақан серілер бар ма?
Міне, шығарма соңындағы Құлагердің өлімі, Ақанның алған жарының бірінен соң бірі қайтыс болуы, Базаралы деген тазысы, Көкжендет деген қаршығасы, Қараторғай атты қыран бүркітінен айырылуы оның жанын жегідей жеп, жүрегін сыздатып, өмірден түңілуіне әкеледі. Өмірінің соңында елден оқшауланып, елсіз тауда жалғыз күнелтеді. Ақан жанын түсінбеген қараңғы ел оны "жынданды" деп есептейді. Осылайша Ақан өмірінің аяғында трагедиялық ауыр хал кешіп, 1913 жылы дүниеден өтті.


Үйге тапсырма
«Құлагер - омыртқамның ішіндегі жұлыным-ай» Өлең шығару
Бағалау





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал