- Учителю
- Тақырыбы: «Мен қандай адаммын?» тренинг
Тақырыбы: «Мен қандай адаммын?» тренинг
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
«Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы экономикалық колледжі»РМҚК
Тақырыбы: «Мен қандай адаммын?» тренинг
Дайындаған: Байбатшаева Г7С7
2013-2014 оқу жылы
Тренинг тақырыбы: «Мен қандай адаммын?»
Тренинг мақсаты: жасөспірімдердің өзіндік анықталуын қалыптастыру. Өзіне баға беру, өз ерекшеліктерін білу, өз мүмкіндіктерін анықтау, жалпы талдау жасауды меңгерту.
Тренинг міндеті:
оқушыларды өзіндік диагностикаға үйрету, рефлексияға үйрету;
өз мінез-құлқынын реакциясын, қатынасын, қажеттілігін түсіндіру;
өз кемшіліктері мен қателіктерін жете түсінуін қалыптастыру.
«Өзіңді - өзің қалай қабылдайсың» атты тренинг жүргізу.
Бұл тренингтің мақсаты - оқушылардың өз-өзіне деген және өзгелерге деген сыйласым, өзінің жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу. Көрнекілік негізінде шарлар, плакатқа жазылған сөздер, үнтаспа және тренинг сабағының мақсаты мен міндеттері қабырғаға ілінді. Жалпы тренинг сабағы 4 турдан тұрады:
l. «Ұйымдастыру» - мұнда балалар бір-біріне күлімдеп сәлем береді, бір-біріне күлкі сыйлайды.
2. «Өз - өзіңді қалай қабылдайсың» - мұнда әр оқушы өзінің жағымды және жағымсыз жақтарын қағазға жазады.
3. «Жақсының жақсылығын айт, нұры толсын» - бұл турда бір оқушы өзіне жақын, ұнататын бір баланың жақсылығын, жағымды жақтарын айтады. Бұған 5 минут беріледі.
4. «Өзгені тани білесің бе?" - мұнда әр оқушы қалаған бір оқушыны таңдап, атын айтпай жасырын түрде оған мінездеме береді, ал топ сол жасырылған оқушыны табуы керек. Егер таба алса, онда топ жасырын оқушыны толық біледі деген сөз. Ал таба алмаса топ ішіндегі қарым-қатынас күшті, тығыз орнатылмаған.
Сабақтың тақырыбы: «Өзіңді қалай қабылдайсың?»
Сабақтың мақсаты: Өз - өзіне деген және өзгелерге деген сыйласым, өзінің жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу.
Сабақтың көрнекілігі. Тренингке қойылатын мақсат пен міндеттер жазылған плакаттар, шар, үнтаспа.
Сабақтың түрі: Тренинг.
1 тур. Үйымдастыру.
Сәлеметсіздер ме балалар, «Өзіңді - өзің тани білесің бе?» деген такырыптағы тренингімізді ашық деп жариялаймын.
Бірінші кезекте бір- бірімізді жақсы танып білу үшін амандасу қажет.
Қазір көтеріңкі көңіл-күй мен күліп жүрген адамдарды сиректеу кездестіреміз. Енді бір-бірімізге күлкі сыйлайық. Амандасуды мейірімді күлкімен бастайық.
Міне, бір-бірімізге қарама-қарсы тұрып, жақсы сөздер айтамыз. Мейіріммен күліңіздер.
Енді өзперініэдіи сезімдерінізге назар аударыңыздар.
Мейірімді күлкі мен әдемі жымиып та кедергілерді жеңуге болады. Неғұрлым адам көңілді жүрсе, айналасына адамдар мен жақсылық өзі - ақ келеді.
2. «Өзіңді-өзің қалай қабылдайсың?»
Қағазды екіге бөліп сызып, сол жағына «менің кемшіліктерім» деп, ал оң жағына «менің жетістіктерім» деп өз ойларын бүкпей ашық жазуы керек. Бес минуттан кейін 3-4 оқушының өз жазғандарын топпен талдауға саламыз. Бұл әрекетке он минут уақыт беріледі. Төмендегі ережені есте сақтаған жөн:бір - біріне сұрақ қоюға болады, бірақ сын айтуға тыйым салынады.
3. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын».
Бұл өмірде мейірімді адамдар көп, өзімізге ғана мейірімді болмай, өзгелерге де мейірімді турде қарайық. Жақсы сөз жаныңызды жадыратады, қуаныш сезімі билейді. Енді өзгелерге де жақсылық сыйлап көрейік. өзіңнің жақын танысың туралы қандай жақсы, жағымды пікірлер айтар едің? Дайындыққа бес минут беріледі. Көңліңіз қалаған адамды таңдайсыз да, ол туралы әңгімеңіз қысқа да нақты болуы шарт, әсіресе қандай қасиетін бағалайтыңызды айтып тоқталу керек.
4 тур. «Өзгені тани білесің бе?»
Мұнда сіз қалаған бір адамыңызды тандап, оның аты-жөнін айтпай, сол адамға мінездеме бересіз.Сипаттама бергеннен кейін топ сіздің қай адамға сипаттама жазғаныңызды табу керек. Егер де жасырын адамды таба алса, онда топ сол адамды тани біледі деген сөз.Мұнда тек қана жақсы жақтарын ғана емес, сонымен қоса жағымсыз жақтарын да айтуға болады