7


  • Учителю
  • План урока по казахскому языку

План урока по казахскому языку

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</ Сынып: 7 «А»

Мұғалім: Исанбаева Ж.К.

Сабақтың тақырыбы: Киімдер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Модуль бойынша алған білімдерін саралап, қорытынды жасау;

Дамытушылық:

Диалог, сабақтың әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін, сөйлеу тілдерін дамыту, ой-өрістерін кеңейту. Оқушының ақыл-ойын, білімге деген ынталарын дамыту, сұрақ-жауап беруге машықтандыру;

Тәрбиелік:

Оқушылардың эстетикалық талғамын арттыру, үйлесімді, талғаммен киінуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қорытынды сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: жеке, топтық, жұптық жұмыс

Сабақтың жабдықталуы: компьютер, оқулық, сөздік, бағалау парағы



Сабақтың барысы:

І сатысы: Қызығушылықты ояту (10 минут)

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушыларды түгендеу

ә) оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау

«Шаттық шеңбері» бойынша өздерін таныстыру және жақсы тілек айту.Мұғалім оқушыларды шеңбер құрап тұрғызып, бір-бірінің қолдарынан ұстатқызады. Аяқталғаннан кейін мұғалім оқушыларға қолдарын босатып, орындарына отыруды тапсырады. Ал, енді әр топ бір-бір жақсы тілегін қонақтарымызға тілейді.

Көңіл-күйіміз жақсы. Барлығыңызға сәттілік тілейміз!

«Сергіту сәті» бейнеролик көрсету, би-қозғалыстарын қайталауға шықыру.

2)-Мұғалім сабақтың мақсаты және барсымен таныстырады (слайд).

Сабағымыздың мақсаты: осы «Киімдер» атты модулі бойынша алған білімдерін қорыту.

3) Өткен сөздерді қайталау әрі топқа бөлу

Енді, «Киімдер» модулі бойынша өткен жаңа сөздерді қаншалықты меңгергенін және де қайталау әрі топқа бөлу мақсатында келесі ойынымызды жүргіземіз.

ШАРТЫ: Мұғалім сөздік бойынша сөздерді орысша немесе қазақша айтып, допты бір оқушыға лақтырады, оқушы допты қағып алып, сөздің аудармасын тауып айтып, допты мұғалімге қайтарады. Осылай барлық сөздермен жұмыс жасалады.

Әр түрлі әдістер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.

1- ТОП:

Ыңғайлы-удобный

Күнделікті-ежедневный

Әшекейсіз-без

Аяқ киім-обувь

Шалбар-брюки











2-ТОП:

Шолақ шалбар-шорты

Күзгі киім - осенняя - одежда

Сырт киім - верхняя одежда

Көйлек-платье

Мата-ткань





Мерекелік киім-праздничная одежда

3-ТОП:

Киім - одежда

Курте - куртка

Қысқы киім - зимняя одежда

Бас киім-головной убор

Спорт киімі-спортивная одежда



4) Өткен сабақтарды еске түсіру:«Ой қозғау» әдісі:

- «Адам көркі-шүберек,

ағаш көркі-жапырақ» деген мақалдың маңызын қалай түсінесіңдер?



-Адамға киім не үшін керек?



-Әдемі киіну деген мағынаны білдіреді....

-Киім адам денесін ауа райының қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайтын бұйым.

-Олардың бәрі де адамдардың ақыл-ойы мен эстетикалық талғамы мен еңбегінің

жемісі.







ІІ сатысы: Мағынаны тану (25 минут)

  1. Ал, енді бір сәт өзімізді дизайнер деп елестетейік. Дизайнер алуан түрлі стильде киім ойлап шығарады, солай емес пе? Айта кетейік стиль дегеніміз....(слайд )

«Дизайнер» ойыны. Әр топ топтың атауына сәйкес өз киімнің үлгісін ойлап шығару, түсіндіру. Бұл киім ыңғайлы, әдемі, ұятты, т.б. болуы керек

1- ТОП: Күндізгі киім

2-ТОП: Спорт киімі

3-ТОП: Мерекелік киім

Оқушылар А4 форматына түрлі - түсті қағаздан ұлтттық киімінің үлгісін жасайды.

Табыс критерийлері:

Критер - й- 3- 4- 5

Киім түрлерін бейнелеу шеберлігі

Эстетикалық талғамға сай болуы.

Шығармашылығы

Табыс критерийлер бойынша, өзін - өзі бағалау, өзара (топтар бір-бірін бағалайды.



ІІІ сатысы: Ой толғаныс (10 минут)

  1. Блум сұрақтарының түймедағы:

Қарапайым сұрақтар- Бұл сұрақтарға жауап берген кезде нақты фактілерді атау керек, мәтіннен белгілі бір мәліметті еске түсіріп, оны айтып беру керек.

Дәлелдеуші сұрақтар- «Егер мен дұрыс түсінсем, онда …?»

  • «Мен қателесуім мүмкін, бірақ, меніңше сіздің айтып тұрғаныңыз …?»

Интерпретациялық (түсіндірме) сұрақтар- Әдетте неге? деген сөзден басталады.

  • Кейбір жағдайларда олар ақталуға мәжбүр етушілік сияқты негативті қабылдануы мүмкін.

  • Басқа жағдайларда олар дәлелдемелік байланыстарды анықтауға бағытталған.

Бағалау сұрақтары- Неге … жақсы, ал … жаман?»

  • «… … айырмашылығы неде?»

  • Бұл сұрақтар осы немесе басқа да оқиғалар, құбылыстар мен айғақтардың

  • бағалау критерийлерін анықтауға бағытталған .

Шығармашылық сұрақтар (жорамал)- «Қалай ойлайсыздар, … кейін (егер) … қалай болады?

  • Шығармашылық сұрақтарда «егер» деген қыстырма сөз қолданылады. Ол алдын ала болжайтын, жорамалдайтын шарттылық элемент .

Практикалық сұрақтар- «Әңгіме кейіпкерінің орнында болсаңыз сіз не істер едіңіз?»

Сұрақ теория мен тәжірибе арасындағы өзара байланысты анықтауға бағытталған.

  • Бағалау: бірін-бірі бағалау (бағалау парағы бойынша)топ

    Сөздік жұмысы

    Ой қозғау

    «Дизайнер»

    Топтық жұмыс

    Қорытынды

    1 топ









    2топ









    3топ









  • Үйге тапсырма беру, түсіндіру: «Ұлттық киімдер» тақырыбына презентация жасап келу

  • Көтеріңкі көңіл-күй (слайд) хормен айтады.

  • Көңіл-күй экранына сабақтан қандай көңіл күймен шығып бара жатқандығын көрсету.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал