7


Тіл сайыс 9 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Тілім барда айтылар сыр ойдағы» сайыс сабақ

Мақсаты:

- Оқушылардың тіл жайында білімдерін тереңдету.

- Қазақ тілінде ауызекі тілде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын,

ой өрісін дамыту.

- Мемлекеттік тілді қадірлей білуге, туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Түрі: сайыс

Көрнекіліктері: интерактивті тақта, тіл туралы нақыл сөздер:


-«Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде »

(Н. Ә . Назарбаев)

- «Тіл жоқ жерде ұлт жоқ»

(Ш. Айматов)

- «Тіл адамның даңқын асырады,

Адам ол арқылы бақыт табады»

(Ж. Баласағұн)


Барысы:

Ұйымдастыру. Іс - шараның мақсатымен таныстыру

  • Қайырлы күн , құрметті қонақтар, оқытушылар, оқушылар! Күздің жайма шуақ күнінде сіздермен « Тіл мерекесінде » кездесіп отырмыз.

«Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қай елде жүрсең де бұл, дұрысы -

Мемлекеттік тілді білген жөн болар!» - деп айта отырып, бүгінгі біздің сайысымызды тілдер апталығына арнаймыз.

Сайыскерлер бұл сайыс болғандықтан жеңіс пен жеңіліс аралас келеді. Сондықтан, құрметті сайыскерлер, өз білімдеріңді дәл әрі көркем тілмен жеткізе білулеріңе тілектестік білдіремін. Сонымен осы сайысымызды әділ бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.

  • Әділқазылар алқасы: -------------


Бүгінгі сайысымызға 3 топ қатысады. Сайысымыз мынадай кезеңдерден тұрады:

1 Таныстыру

2 Сөз мәйегі - мақал

3 Кім жылдам?

4 Сен білесің бе?

5 Ойлан, тап

6 Тіл туралы өлеңді мәнерлеп жатқа оқу.

Әр жүргізілген кезең бойынша шарттар түсіндіріліп, топтарды әділқазылар бағалап отырады.

« Сайысымыздың бет ашарын бастайық,

Көрерменді бір серпілтіп тастайық.

Таныстырсын сайыскерлер өздерін,

Өнеріне ду қол соғып қостайық», - деп, кезекті сайысқа қатысушы топтарға берейік.

I кезең. Таныстыру.


I топ: « Жас ұлан»

Қалықтап көкте жас қыран,

Халықпыз сөзге тоқтаған.

Тілімен топты жаратын,

Тобымыз біздің - « Жас ұлан »


II топ: « Топ жарған»

Шығарар намыс топты алдан,

Дуалы ауыз тілге арман.

Сайысқа келдік біліммен,

Тобымыз біздің - « Топ жарған»


III топ: « Тұлпар »

Көгілдір көктің жүзінде

Шаңырақ - күн, уық - нұр

Елімнің елдігін танытқан

« Тұлпар » тобы біз боламыз.

  • Жақсы , үш топ өздерін таныстырып өтті.

  • Ойыншылар, сендермен танысқанымызға қуаныштымыз.

  • Ал енді әділқазылар өздерінің бағаларын берсін.

  • Жақсы , келесі II кезеңіміз

II кезең « Сөз мәйегі - мақал » шарты.қойылған сұрақтарға мақал-мәтелдермен жауап берулеріңіз керек.

1.Жыланды қалай інінен шығарамыз?
(Жылы-жылы сөйлесе, жылан інінен шығады)
2.Инемен құдық қазуға бола ма?
(Білім инемен құдық қазғандай)
3.Аппақ қарға бола ма?
(Қарға баласын аппағым дейді)
4.Ең тәтті не?
(Ананың сүті тәті,баланың тілі тәтті)
5.Қар жана ма?
(Қалауын тапса,қар жанады)
6.Оттан да не ыстық?
(Отан оттан да ыстық)
7.Тауық түс көре ме?
(Тауықтың түсіне тары кіреді)
8.Кімнен кім жаман?
(Олақтан салақ жаман)
9.Шашу мен жинаудың қайсысы оңай?
(Шашу оңай,жинау қиын)
10.Білгенің қанша,білмегенің қанша?
(Білгенің бір тоғыз,білмегенің тоқсан тоғыз)
11.Адамның қай мүшесі қорқақ,қай мүшесі батыр?
(Көз қорқақ,қол батыр)
12.Отқа түсіп күймеуге бола ма?
(Отан үшін отқа түс күймейсің)
13.Көрдім,көрмедім деген неше сөз?
(Көрдім деген көп сөз,көрмедім деген бір сөз)
14.Ер қаруы неше?
(Ер қаруы бес қару)
15.Етікті қонышынан басуға бола ма?
(Қолыңнан келсе, қонышынан бас)

III кезең

« Кім жылдам?»

Берілген шашыраңқы сөздерден дұрыс сөйлем құрау қажет, тақтаға ілу қажет.

  1. Бейнеленген, қанатты, жағында, екі, елтаңбаның пырақтар. ( Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақтар бейнеленген)

  2. Біздің, білдіреді, шаңырақ, біртұтастығын, Отанымыздың. ( Шаңырақ біздің Отанымыздың біртұтастығын білдіреді)

3 Өмір, өкілдері, аса, жүзден, ұлттың, Қазақстанда сүреді. (Қазақстанда жүзден аса ұлт өкілдері тұрады)

  • Ал енді әділқазылар өздерінің бағаларын берсін.


IV кезең « Сен білесің бе?»

Тақтада берілген бейнесуреттер бар.

Қазақтың ұлттық ойындары:

Қазақтың салт - дәстүрлері


V кезең « Ойлан , тап»

Сендерге бір сөз беріледі, сол сөзден жеке сөздер құрастыру керек. Барлық сөз таптарын қатыстыруға болады. Әділқазылар алқасы оқушыда неше сөз болса, сонша ұпай қосады.

Берілетін сөз - «Құрметтеулерінің» - құрмет, ұр, тер, метр, ін,, ер, тең, ірі, рең, рет,ем, мең, құм, мен, құр, құн, ніл, т.б


VI кезең « Өлең сөздің патшасы» Тіл туралы өлеңді мәнерлеп жатқа оқу.

- Ендігі кезекті өлең-жырларға берейік. Оқушылар, өздеріңіз жаттап келген өлеңдерді мәнерлеп оқисыздар. (оқушылар өздері жаттап келген өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқуы керек)

Мұғалім сөзі:

Қазылар орнықтыр әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың сайысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, - дегендей ойыншыларымызды бағалау үшін, жеңімпаздарды анықтау үшін әділқазыларға сөз берейік.

(Оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталады)


Қорытынды сөз: Сонымен , қадірлі қонақтар мен ұстаздар, оқушылар, «Тіл - ұлт қазынасы» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Тіл - әр ұлттың қайталанбас байлығы, қазынасы. Тілден артық қазына,тілден артық қасиет жоқ екеніне көз жеткіздік. Сондықтан оны қадірлеп, бағалау керек, - дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

  • Келіп қатысқандарыңызға көп рақмет!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал