- Учителю
- Открытый урок в 3 классе на тему: Менің мектебім
Открытый урок в 3 классе на тему: Менің мектебім
Сабақ тақырыбы:Мектеп менің өмірімде
Сабақтың мақсаты:Мектептің оқушы өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Оқушылардың көңілін сабаққа аудару
3.Оқушылар алдын ала үш топқа бөлініп отырады
1-алғырлар тобы
2-көшбасшылар
3-тапқырлар тобы
4.Үй жұмысын тексеру
1 топ-жұмбақтар дайындайды
2 топ-диалог дайындайды
3 топ-сөзжұмбақ дайындайды
Жаңа сабақ:Мектеп менің өмірімде тақырыбын жалғастыру.
Алтын ұя мектебім аялаған
Бар балаға білім беріп,сая болған.
Үлкен жолға түсіріп шәкірттерін
Жаманға да жақсыға пана болған
1.Өткен сөздерді қайталау
2.Сөз тіркесін жаса (оқушылырдың лексикалық қорын молайту)
ҚАНДАЙ? Мектеп-таза мектеп,әдемі мектеп,үлкен мектеп....
Кітап-қызық кітап,әдемі кітап........
3.Жеделхат ойыны
(Әр топқа қағаздан алдын-ала жасалған ленталар таратылады.Әр топ МЕКТЕП тақырыбы бойынша сөздерді жазып,ленталарды жабыстырады.)
4.Ал,балалар тақтаға назар аударыңдар!
(Интерактивті тақтада МЕКТЕП тақырыбына арналған бейне таспа)
1.Балалар,бұл қай мектеп?
2.Біздің мектеп қалай аталады?
3.Батыр Баян кім?
4.Оның өмір сүрген жылдары?
5.Сендер нешінші сыныпта оқисыңдар?
5.Мәтінмен жұмыс
(Интерактивті тақтада мәтін шығады.Мәтінді мұғалім оқып шығады)
1 топ-сан есімдерді теріп жазу
2 топ-сын есімдерді теріп жазу
3 топ-зат есімдерді теріп жазу
6.Сергіту сәті
7.Кел балалар,келіңдер,
Тамашаны көріңдер.
Бізде қызық ойын бар,
Барлығың ден қойыңдар.
Мойыншақ ойыны
(Әр топқа 5-6 сөзден таратылады.Топ мүшелері сөздерді жуан-жіңішке сөздерді тауып моншақ жасайды)
Керекті сөздер:мұғалім, мектеп,қалам,қарындаш,өшіргіш.........
8.Мақал-мәтелді жинау
(Әр топ берілген сөздерден білім,мектеп туралы мақалды жинап жабыстырулары қажет)
Оқу-білім азығы,
Білім-ырыс қазығы
Жердің сәні-егін
Ердің сәні -білім
Өнер-ағып жатқан бұлақ
Білім-жанып тұрған шырақ
9.Мектеп туралы жаттаулар айту
10.Менің болашақ мектебім -тақырыбына кластер жасау.
1.Әр топ өз жұмысын қорғайды.
2.Ұнаған мектепке смайликтер жабыстыру.
11.Бағалау
12.Рефлексия:оқушыларға стикерлер таратылады.Әр оқушы қандай көңіл-күйде екенін белгілеп,тақтаға жабыстырады.
13.Үй жұмысы
Батыр Баян атындағы
мектеп-гимназия
Ашық сабақ
3-сынып
Мектеп менің өмірімде
Мұғалім:Рамазанова С.С.
2015 жыл