7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: Төл сөздің тыныс белгілері

Сабақтың тақырыбы: Төл сөздің тыныс белгілері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін.Оқу ісінің меңгерушісі:А.Ш.Байбулатова_________

Күні: 14.04.2015 жыл Сыныбы:8 «А» Пәні: Қазақ тілі.

Сабақтың тақырыбы: Төл сөздің тыныс белгілері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жаңа білімді меңгерту, өткен сабақтармен байланыстыру, жаттығу жұмыстары арқылы білімдерін бекіту, тиянақтау, жүйелеу.
Дамытушылық: Ой - өрісін, сөйлеу тілін, сөйлеу мәдениетін дамыту, белсенділігін арттыру, танымдық жаттығулар арқылы дүниені танып - білуге дағдыландыру.
Тәрбиелілік: Адамгершілік асыл қасиеттерге, еңбекқорлыққа, ұйымшылдыққа, белсенділікке, бір - бірін сыйлай білуге, ұжымда жақсы ахуал қалыптастыруға, елжандылыққа, ел абыройын көтеруге, өз жерлерінің ескерткіштерін білуге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі, түрі: Жаңа білімді игеру, өздігінен іздену сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, жаттығу, талдау, деңгейлік тапсырмалар, шығармашылық жұмыстар жүргізу;
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта (слайдтар)

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.

Тренинг.

1.Оқушыларды түгелдеу, сынып журналына белгі қою, кітап, дәптерлерін тексеру, назарларын сабаққа аудару
2. Үй жұмысын пысықтау: жаттығуды тексеру, өткен материалдарды сұрақ - жауап,сөз жұмбақ арқылы қайталау, еске түсіру.
«Сыр сандық»
Төл сөз дегеніміз не?
Төлеу сөз дегеніміз не?
Автор сөзі дегеніміз не?
Төл сөз бен автор сөзі қалай байланысады?

Жаңа сабақ

І Мақсат қою кезеңі
Нені білуіміз керек?
1. Төл сөз, төлеу сөз, автор сөздері дегеніміз не?
2. Төл сөздің тыныс белгілері қалай қойылады?
Нені үйренуіміз керек?
1. Төл сөздің тыныс белгілерін дұрыс қоя білуді;
2. Талдау жұмыстарын білуді.


Төл сөз

Сөйлеушінің біреудің сөзін бұлжытпай, еш өзгеріс жасамай, үтір , нүктесіне дейін сол күйінде қолдануы

Төлеу сөз

Сөйлеушінің өз сөзінің ішінде басқаның сөзін өзгертіп, жалпы ойын, мазмұнын ғана сақтап айтуы

Автор сөзі

Осы екеуін де басқаға жеткізіп, түсіндіріп беретін сөз

Өнер алды - қызыл тіл

Өнер алды қызыл тіл екендігін айтқан халық данышпан ғой.

Деді халық

Мысалдар

Сызба-кестелер

1. «Тіл - адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі», - дейді Ахмет Байтұрсынов.

«------», -……….. .

2.Міржақып Дулатов Ахмет Байтұрсынов шығармалары туралы былай деді:

«Ақын аз Байтұрсынов Ахметтей,

Сөзі - алтын, мағынасы - меруерттей.»

……….. : «.-----».

3. «Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кең тілім,

- деп өз тіліне аяныш білдіре отырып, Мағжан Жұмабаев сүйсіне былай дейді:- Таза , терең, өткір, күшті, кең тілім!»

«---- , - ………. . ----.»

4. Сәкен Сейфуллин: «Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңбайды…,»- деп айтты өзінің мақаласында.

…………. : « ----- ,» - …………. .



№1 тапсырма «Байлық пен ақыл» ертегісі

(Мәтіндегі төл сөз бен автор сөзінің тыныс белгілеріне назар аудару.)
Бір қарияның төрт ұлы болыпты. Бір күні әкесі балаларын шақырып алып: - Мен қартайдым. Кімнің ақылы мен байлығы болса, сол менің мұрагерім болады, - депті.
1. «Міне, менің байлығым. Ал кім бай болса, сол ақылды», - депті үлкен ұлы асыл тасты жүзігін көрсетіп.
2. Екінші ұлы асыл киімдерін киіп келеді де, әкесіне былай дейді:
«Мені осы түрімде көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді».
3. «Мұндай белдікті,- деді үшінші ұлы күміс пен асыл тастармен әшекейленген белдігін буынып,- ешкім буынып көрген жоқ!»
4. - Сен неге үндемейсің? - деді әкесі төртінші ұлына қарап. - Әлде сенің көрсететін
ештеңең жоқ па?
5. Сонда төртінші ұлы басын төмен салып: «Менде асыл тас та, жүзік те, киім де, белдік те жоқ. Тек еңбек сүйгіш екі қолым, қайрат пен жігерге толы жүрегім бар», - дейді.
Әкесіне кіші ұлының жауабы ұнайды. Ол өзінің мұрагері етіп кіші ұлын атапты. Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпауды өсиет етіпті.

№2 тапсырма «Сәйкестендір» Оқулықтағы тақырып пен ертегіде айтылған 5 мысал сөйлемдерді салыстыру, сәйкестендіру. Топта талқылау.
Төл сөздің тыныс белгілерін мәтіндегі мысалдарға сүйене отырып түсіндіру.

№3 тапсырма
Қарамен жазылған сөйлемдерді төл сөз, автор сөзіне айналдыру. Сөйлем мүшесіне, морфологиялық талдау жасау.

Досым шетелге оқуға баратыны туралы айтты.
«Мен шетелге оқуға барамын»- деді досым.

«Мен шетелге оқуға барамын»- төл сөз

- деді досым- автор сөзі
№4 тапсырма «Қандай ғажап, қандай әсем, осы менің туған өлкем...» деген тақырыпта сурет бойынша жұмыс. Суреттерге қарап отырып, төл сөздің тыныс белгілеріне мысал келтіру.


Қорытынды:

ТӨЛ СӨЗ

ТӨЛЕУ СӨЗ

- Қиындықтан қалай шығудың жолын мен білмеймін, - деді анасы.

Анасы қиындықтан қалай шығудың жолын білмейтіндігін айтты.

Әркім әр түрлі сөз айтып даурығып жатқанда, Сырбай: - Тоқтатыңдар! - деп ақырды.

Әркім әр түрлі сөзді айтып даурығып жатқанда, Сырбай тоқтатуын ақырып бұйырды.

- Қазақтың мұң-мұқтажына алтын діңгек болған сенбісің? - деді басын көтеріп. - Қайдан жүрсің?

Қазақтың мұң-мұқтажының алтын діңгегі екенін айта келіп, басын көтерген қалыппен қайдан жүргенін сұрады.

- Сенімен сырымды бөлісейін деп келдім, - деді Гүлнұр.

Гүлнұр оған сырымен бөліскелі келгенін айтты.

- Баламды сізге бірер сағатқа қалдыруыма бола ма? - деп сұрады Айман көршісінен.

Айман көршісінен баласын бірер сағатқа қалдыруға болатынын-болмайтынын сұрады.



Төл сөздің тыныс белгілеріне байланысты тест жұмысы.

1. Төл сөзді сөйлемді тап.
А) Сен дегенде сөз барма? В) Әй дер әже,қой дер қожа жоқ.
С) Балалардың соңғы ермегі-«Ақсүйек», «Соқыртеке».
Д) «Осы күні сол ара жайнаған қызыл гүл»,-дейді.
Е) Саутты болу дегеніміз-дұрыс жазып,дұрыс сөйлеу.
2. Төл сөзді сөйлемді тап.
А) Туған жер-алтын бесік.
В) -Білмеске сөзің қор боп кетер,-деген М.Дулатұлы.
С) Бала жігіт бұйрықты екі етпейді Д) Бұл-ойланатын нерсе. Е) Әркім-әуелі өз аулының баласы.

3.Төл сөзге байланысты тыныс белгілері дұрыс қойылған сөйлемді аңықтаңыз.
A) «Сен радио тыңдайсың ба?- деп сұрады досым.
B) «Сен радио тыңдайсың ба?»- деп сұрады досым.
C) Сен радио тыңдайсың ба, деп сұрады досым.
D) «Сен радио тыңдайсың ба, деп сұрады досым.».
E) «Сен радио тыңдайсың ба»- деп сұрады досым.

4.Төл сөздің дұрыс анықтамасын көрсетіңіз.
A) Біреудің сөзін бұлжытпай, өзгеріссіз беру.
B) Автордың өзінің айтқан сөзі.
C) Біреудің айтқан сөзінің өзгерген нұсқасы.
D) Бағыштап айтылған сөз.
E) Өсиет сөз.

5.Төл сөзге байланысты тыныс белгілері дұрыс қойылған сөйлемді аңықтаңыз.
A) Мұғалім: Балалар, бақылау жұмысын жақсы орындадыңдар,-деді.
B) Мұғалім: «Балалар, бақылау жұмысын жақсы орындадыңдар», -деді.
C) Мұғалім «Балалар, бақылау жұмысын жақсы орындадыңдар», -деді.
D) Мұғалім - «Балалар, бақылау жұмысын жақсы орындадыңдар», -деді.
E) Мұғалім - Балалар, бақылау жұмысын жақсы орындадыңдар, -деді.

6.Төлеу сөз бар сөйлемді аңықтаңыз.
A) «Мен шетелге оқуға барамын»,- деді досым.
B) Досым шетелге оқуға баратыны туралы айтты.
C) Досым шетелге оқуға барады.
D) Досым шетелге оқуға барады екен.
E) Досым: «Мен шетелге оқуға барамын»,- деді.
7.Біреудің сөзін бұлжытпай, өзгеріссіз беретін сөзді анықтаңыз.
A) Төлеу сөз.
B) Қыстырма сөз.
C) Қаратпа сөз.
D) Одағай сөз.
E) Төл сөз.

8.Сөйлеуші басқа біреудің сөзін өзгертіп, жалпы мазмұнын ғана беретін сөзді анықтаңыз.
A) Төлеу сөз.
B) Қаратпа сөз.
C) Төл сөз.
D) Одағай сөз.
E) Қыстырма сөз.

9.Тыныс белгілері дұрыс қойылған сөйлемді анықтаңыз.
A) «Мүмкін кездесерміз» деді жас жігіт.
B) «Мүмкін кездесерміз», - деді жас жігіт.
C) «Мүмкін кездесерміз деді», - жас жігіт.
D) «Мүмкін кездесерміз» - деді жас жігіт.
E) «Мүмкін,» - кездесерміз деді жас жігіт.

10.Тыныс белгілері дұрыс қойылған сөйлемді анықтаңыз.
A) Анам маңдайымнан сипап: «Ұлым, арыңды жасыңнан сақта», - деді.
B) «Анам маңдайымнан сипап Ұлым арыңды жасыңнан сақта», - деді.
C) Анам маңдайымнан сипап: «Ұлым, арыңды жасыңнан сақта деді.»
D) Анам маңдайымнан сипап, Ұлым, арыңды жасыңнан сақта деді.
E) «Анам маңдайымнан сипап, Ұлым, арыңды жасыңнан сақта», - деді.
Үйге тапсырма:

Бағалау. ББҮ-стратегиясы бойынша бағалау.

Білем

Білдім

Үйренгім келеді





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал