7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: Салауатты өмір салты

Сабақтың тақырыбы: Салауатты өмір салты

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Салауатты өмір салты

Сабақтың мақсаты:

А) Тақырып бойынша алған білімдерін пысықтау. Сұраулық шылаулардың қолданылуын қайталау

Ә) Әңгіме құру барысында ойларын өз мүмкіндіктеріне қарай қарапайым тілмен жеткізіп, дәлелдей білуге дағдыландыру

Б) Денсаулығын бағалауға, салауатты өмір ұстануға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: пысықтау сабақ

Сабақтың әдіс- тәсілдері: топпен жұмыс, сұрақ-жауап, СТО, постер жасау

Күтілетін нәтиже: Топта жұмыс жасау барысында қолайлы психологиялық жағдай жасау. Өз білімдерін бағалауға, табысты оқуға жетелеу.

Уақыты

ресурстары

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

6 мин

Слайд

Жүректен жүрекке

Тілектен тілекке

Ұйымдастыру кезеңі

- сәлемдесу

Түрлі-түсті қалам тарату арқылы оқушыларды 2 топқа бөлу.

- Ал енді балалар, қарсы топтарыңа не тілейсіңдер?

Жаза қойыңдар. ( таратпа қағаздар беремін)

- Қандай тілектер бар екен?


- Өте жақсы, ендеше мен де сендерге сәттілік тілеймін.

- сәлемдеседі


2 топ өз орындарына жайғасады

Әр топ бір -біріне тілектерін жазады.

Оқушылар тілектерін тізбектеп оқиды.


2 мин

Слайд

Эпиграф

Жаңа сабақ.

(Тақтадағы эпиграфқа назар аударту)

- Бүгінгі сабағымызды Шопенгауэрдың сөзімен бастағым келіп отыр.

" Бақытымыздың оннан тоғыз бөлігі, деніміздің саулығына байланысты". Қане бәріміз бірге оқиық.

- Бұл сөзді қалай түсінесіңдер?

Тақтадағы эпиграфты оқып шығады.

" Бақытымыздың оннан тоғыз бөлігі, деніміздің саулығына байланысты".


- 90% тов нашего счастья зависит от здоровья.

5 мин

Слайд

Сұрақтар


Слайд

Сабақтың тақырыбы

Сұрақ - жауап арқылы өткен сабақты еске түсіру:

1. Сонымен, адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние не екен?

2. Денсаулық жақсы болу үшін не істеу керек?

3. Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін не істеу керек?

- Жақсы, жарайсыңдар. Ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ.

Дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күнді, тақырымызды жазып қойыңдар.

Сабағымыздың мақсаты: Салауатты өмір салтының қаншалықты маңызды екенін түсіну. Сұраулық шылаулармен жұмыс жасау.

- Салауатты өмір салты қалай аударылады?

- Денсаулыққа дұрыс әсер ететін қандай факторлар бар? (тақтаға назар аударту)

- Денсаулыққа кері әсер ететін қандай факторлар бар?

- Сонымен біз салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін не істеуіміз керек?

- Адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние - денсаулық.


- Денсаулық жақсы болу үшін...


- Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін...

Здоровый образ жизни

- оқушылардың жауабы


- оқушылар жауабы


Дұрыс тамақтану, серуендеу, спортпен айналысу

15 мин

Слайд

Бірігіп көтерген жүк жеңіл


1 кезең тапсырмалары

2 кезең диалог

Тапсырмалармен жұмыс

- Бірігіп көтерген жүк жеңіл деп топпен тапсырмалармен жұмысымызды бастаймыз. Қайталап өткен сұрақтарымызды негізге ала отырып бұл тапсырмада сендер берілген тірек сөздер арқылы 4 сөйлемнен аспайтын мәтін құрастыруларың керек. 1 топ сіздердің мәтіндеріңіздің тақырыбы: Спорт- денсаулық кепілі. 2-топ: Ұйқы тынықтырады, ...Орындауға 5 мин уақыт беріледі.


- Ал, қане, мәтіндерімізді оқиық.

Бұл мәтінде не туралы айтылды? Кім айтады?


Демек, денсаулығымыз жақсы болу үшін қысы-жазы жаттығу жасауымыз керек пе?

Ұйықтар алдында майлы тамақ жеуге бола ма?

Келесі тапсырма, осы құраған мәтіндерің бойынша диалог құрастырыңдар. Диалог дегеніміз не?

- Демек, біз сұрақтар құрастыру керекпіз. Біз сұрақты не арқылы құраймыз?

- Шылау дегеніміз не?

- Қандай шылау арқылы сұрақ құраймыз?


- Қандай сұраулық шылаулар бар?


- Жақсы, ендеше жұмысымызды бастайық.

3 мин уақыт беріледі.

Қорғауға 3 мин беріледі


- өте жақсы, сонымен біз қандай шылауларды қолдандық?

Оқушылар жұмысты орындайды.

Оқушылар мәтін оқиды.


2-топ жауап береді.


- Диалог - это разговор двух или нескольких лиц, форма речи, состоящая из обмена репликами.


- Шылау


- Частица - это служебная часть речи, которая вносит в предложение дополнительные смысловые оттенки или служит для образования форм слова.

- Сұраулық шылау арқылы

- ма, ме, ба, бе, па, пе

Оқушылар орындайды


Ортаға шығып қорғайды

Оқушылар жауабы

2 мин

Слайд

Мақал-мәтелдер

Ал енді сәл демалайық, ойын ойнайық. Кім жылдам? Мақал мәтелдердің жалғасын кім жылдам табады. 2 мин

Өте, жақсы! жарайсыңдар!

Оқушылар жауабы

8 мин


Слайд

Денсаулыққа 5 қадам

Бекіту.

- Біз бүгін адам өміріндегі денмсаулықтың маңызы , салауатты өмір салты төңірегінде әңгіме қозғадық.

Енді сабақтан не түйгендеріңді әр топ өзінің

"Денсаулыққа 5 қадам" деген қабырға газеті арқылы көрсетіп шықсын. 5 мин


Қорғауға ортаға шығасыңдар. 5 мин

- өте жақсы


Топтар ортада өз жобаларын қорғайды.

1 мин


Бағалау.

Сабақта өте жақсы қатысқан .... 5 деген баға, жақсы қатысқан .... 4 деген баға қоямын.


1 мин

Слайд

Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы

"Менің отбасымның сауығу бағдарламасы " эссе жазу


4 мин


Қорытындылау.

- Сонымен адам өміріндегі ең құнды бағалы дүние не екен?

- Денсаулық жақсы болу үшін не істеу керек?

- Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

- Несімен ұнады?


Оқушылар жауабы.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал