7


  • Учителю
  • Разработка на казахском языке 'Сіз-деген әдеп, біз деген көмек'

Разработка на казахском языке 'Сіз-деген әдеп, біз деген көмек'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәні: Өзін-өзі тану

Мектеп: Маңғыстау облысы, Үстірт орта мектебі

Мерзiмі: Желтоқсанның екісі

Тақырып: Сіз деген-әдеп, біз деген-көмек

Құндылық: Дұрыс іс - әрекет
Қасиеттер: Сыйластық, қамқорлық

Мұғалiм: Н.Уразниязова

Сыныбы_ 3 а, ә, б, в

Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық, қамқорлық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

- өзара сыйластық,қарым-қатынастарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру;

  • бірлесіп еңбек ету қызығушылығын арттыру;

  • өзара сыйластыққа, өзара бірлікке, көмекке тәрбиелеу;


Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
Тыныштық сәтi. Баяу әуен ойналады. Терең тыныс ала отырып демалу, жүйкені тыныштандыру, жағымды көңіл - күй орнату.
Түзу, ыңғайлы отырып, көздерін жұмады.
«Көз алдарыңызға жазғы бір таза ауада дем алып, серуендеп жүрген уақыттарыңызды елестетіңіздерші! Қандай керемет сәт, таза ауа! Терең тыныс алыңыздар. Өздеріңіздің тыныс алуларыңызды бақылап, бақытқа, махаббатқа, тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңызға толғанын сезініңіздер! Терең тыныс алыңыздар. Ауамыз таза, тынысымыз жақсы, көңіл - күйіміз де шат. Жанымыз тыныштықта. Енді сабағымызға оралайық! Оқушылар өз қалпына келеді.



Дәйексөз. «Көп жүрген жер -көңілді,

Көп еңбегі -өнімді».

Мақал


Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Сіз деген-әдеп, біз деген-көмек»

Әдептіліктің белгісі иіліп сәлем бергені- дегендей бір-бірімізбен бас иіп амандасып алайық. Бүгін біз әдептіліктің бастауы «сіз» бен «біз» туралы әңгімелесеміз.

Әңгімелесу

* «Өзара сыйластық дегенді» қалай түсінесіңдер?

* Сендер қандай жағдайда кімдерге көмек көрсетесіңдер?

- Қазақ халқындаөзінен үлкенмен,жасы кіші болсада сыйлы адаммен «сіз» деп сөйлесу игі әдетке айналған.Бұл сыпайылықты, адамға деген сыйластықты ,құрметті білдіреді. Ал « біз» деген ұғым көпшілікті білдіреді.

«Жалғыз ағаш орман болмас» деген халық мақалы бар. Сол сияқты жалғыз адам бір өзі адами қасиеттерін көрсете алмас еді, оның адамдығы адамдарменен бірге көрінеді.

Мәтінмен жұмыс

Бірлік

  • Бірлік дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Жалғыз боп жұмыс жасағанмен көп болып жөмыс жасағанның қандай айырмашылығы бар?

  • Сендер достарыңмен бірлесіп жұмыс істегенде қандай сезімге бөленесіңдер?

  • Әңгімеден қандай ой қорытуға болады?

Сахналық көрініс Бес нәрсеге асық бол


Дәптермен жұмыс:

«Сіз»,«біз» деген жылы сөз өлеңіндегі өлең жолдарынан өздеріңнің түйген ойларыңды дәптерге жазыңдар.

Ойын: «Нақыл сөздерді аяқта»
1.Көпшіліктен береке кетпес

Берекеден ............... кетпес. (мереке)

2. Бірлік бар жерде .......... бар. (тірлік)

3. Татулық табылмас ......... (бақыт)

4. Игілік басы............ ( ынтымақ)




Сабақты қорытындылау.
Жаңа ақпарат

Адамдар арасындағы ізгілік,сыйластыққарым-қатынасынан әдептілік туады. Әдепті адам биязы, инабатты, ізетті, сыпайы тәртіпті болады.


Үйге тапсырма. 3 топқа үш түрлі жағдаят талдау .Әдептілікке байланысты мақал- мәтелдер.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал