- Учителю
 - Жас полиглот атты сабақ жоспары
 
Жас полиглот атты сабақ жоспары
"Жас полиглот"
Мақсаты: Оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету.Ой-өрісін,тілін, ойлау қабілетін дамыту. Шығармашыл белсенді тұлға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, мақал-мәтелдер жазылған карташалар, сызба, сандар.
Түрі: зияткерлік ойын.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Тыңдаңыздар!Тыңдаңыздар!
Сайыстан тыс қалмаңыздар!
Мұнда қызық табылар,
Білім нұры шашылар.
Ақыл, тілі дамыған,
Үлгі алайық қыздардан!
-Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Осы мақсатпен 3-ші сынып оқушыларының арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынын өткізгелі отырмыз.
Қатысушы оқушылармен, әділ-қазылар алқасымен таныстыру.
- Сайыс 5 бөлімнен тұрады.
І бөлім - " Бәйге".
ІІ бөлім -"Полиглот".
ІІІ бөлім - "Білімпаз"
ІҮ бөлім - "Тіл өнері "
Ү бөлім - "Тапқырлық"
ҮІ бөлім - "Жорға"деп аталады.
- Әрбір дұрыс жауап үшін қатысушыларға 10 ұпайдан беріледі. Әр турдан кейін ұпайы төмен оқушылар шығып отырады. Ең соңында бір оқушы, яғни көшбасшысы қалу керек.Сонымен, қатысушыларға сәттілік тілей отыра, ойынымызды бастаймыз.
І бөлім "Бәйге" бөлімінде қатысушылар қойылған сұраққа тез және нақты жауап беруі керек.
-  
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. ( қазақ тілі)
 -  
Қ.Р. ақшасы қашан енгізілді? ( 15.11.2003 ж)
 -  
Басты байлық. ( денсаулық )
 -  
12 ай (жыл )
 -  
Күйді орындаушы адам ( күйші )
 -  
Заттың атын білдіретін сөз табы ( зат есім)
 -  
Қазақша жылдың басы не? ( тышқан)
 -  
25 қазан қандай күн ?( Республика күні)
 -  
Қ.Р. мемлекеттік рәміздерін ата.
 -  
Жаңа әнұранның сөзін кім жазған?( Ж.Нажмиденов, Н.Назарбаев)
 -  
Қ.Р. тұңғыш ғарышкері кім? ( Т.Аубакиров)
 -  
Көру мүшесі не?
 -  
100 жыл ( ғасыр)
 -  
Заттың қимылын білдіретін сөз табы? (етістік)
 -  
9 мамыр қандай күн?
 -  
Абылайдың шын аты кім? ( Әбілмансұр)
 -  
Осы жыл ненің жылы?
 -  
Орман дәрігері? ( тоқылдақ)
 -  
Жаңа әнұранның әнін жазған кім? ( Ш.Қалдаяқов)
 -  
Қ.Р. тәуелсіздігі қашан жарияланды? ( 16.12.1991)
 
ІІ бөлім. Полиглот.
Жұмбақтардың шешуін тауып, жауабын қазақ, орыс тілдерінде айту.
-  
Мен - ақ қалам, ақ қалам,
 
Жазған сайын жоқ болам. ( бор - мел)
-  
Қарап тұрсаң өзіне,
 
сурет түсер көзіңе.
Ол суретің ұқсайды,
Дәл қазіргі кезіңе. ( айна - зеркало)
-  
Күні бойы сен оны
 
екі аяқтап басасың.
Жатар кезде өзіңнен
Аулақтатып қашасың. ( етік - сапоги)
-  
Күндіз бәрі қашады,
 
түнде аспанды басады. ( жұлдыз - звезда)
-  
Ағайынды бәрі.
 
Шықса жасыл,
Түссе сары. ( жапырақ - листья)
-  
Шидиген ұзын сирағы,
 
тастай керең құлағы.
Сөйтіп жүріп көп жерге,
Аспалы торлар құрады. ( өрмекші - паук)
-  
Жазда қыдырады,
 
қыста тынығады. ( аю- медведь)
-  
Жатып- жатып инелер,
 
жүгіріп жаныңа тез келер. ( кірпі - ежик)
-  
Қыста ғана болады,
 
ұстасаң қолың тоңады. ( қар - снег )
-  
Үй ішін аралап,
 
түнде көп жортады.
Қаптарды жарып,
Мысықтан қорқады. ( тышқан - мышь)
-  
Ән салады чемодан,
 
ішінде жүр көп адам.
Естімейді сөзіңді,
Сөйлесең де сен оған. ( теледидар - телевизор)
12.Өзі жап-жас, мұрты бар.
етпен сүтке ұмтылар,
тастамайды жылы үйде,
түкті тонын шұп-шұбар.( мысық - кошка)
13.Төрде жатып шалқиған,
дәу қарны қампиған. ( жастық-подушка)
14. еркін самғап ұшсын деп,
мәпелейміз, баптаймыз.
Бейбітшілік құсы деп,
Қайсы құсты атаймыз? ( көгершін - голубь)
15. жерде де мекен етеді,
көлде де мекен етеді. ( бақа- лягушка)
16. жұпар иісі еседі,
жайнап бақта өседі.( гүл - цветок)
17. көкпеңбек еді көктемде,
қызарды күзге жеткенде. ( алма - яблоко)
18. сыртта қапырық болып тұр,
үйде ол селкілдеп тоңып тұр. ( тоңазытқыш - холодильник)
19. жерге тырс- тырс тамады.
Сайға қарай ағады. ( жаңбыр-дождь)
20. жарға шығып ойнайды,
ойынға бір тоймайды.
Болса-дағы сақалы,
Секеңдеуді қоймайды. ( ешкі -коза)
21. мен жүгірсем - жүгіреді,
мен мүдірсем - мүдіреді ( көлеңке - тень)
22. сүрткен киімі тазарып,
өзі қалды тым арып. ( сабын - мыло)
23. күндіз де жүреді,
түнде де жүреді.
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Не жүрген жолы жоқ. ( сағат - часы)
24. отырмайды, тұра алмайды,
түзу жолда бұраңдайды. ( жылан - змея)
ІІІ бөлім - " Білімпаз". Кестенің атын, санын атап сұрақтарына жауап беру.
Жауап бере алмаған жағдайда қарсылас ойыншы сол сұраққа жауап бере алады.
10 Ақындар.
Ойлан, тап.
Табиғат .
"Ақындар".
10- Бес жақсы, бес жаман әдет туралы жазған ақынды ата.( Абай)
20- Кезінде "қазақ даласының жұлдызы" атанған ақын, жазушыны ата.
( Ыбырай)
30- Төрт жасынан бастап мектепке барған ақынды ата. ( Мағжан Жұмабаев)
"Ойлан,тап"
10- 2 сағат 15 минут неше минутқа тең? ( 120+15 )
20-Шанаға қосарланып жегілген екі ат 20 км жүріп өтті. Әр ат қанша км жүріп өтті? ( 20 км)
30- Сәуле, Әсет, Батыр - туыстар. Сәуле - Әсеттің қызы; Әсет- Батырдың ұлы. Сәуле Батырға кім болады? ( немере)
Табиғат
10- Ең алғашқы пайда болған өсімдікті ата ( балдырлар)
20- Бұл кітап өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінен жер бетінен жоғалып, құрып кету қаупі төнгенін ескертеді. (Қызыл кітап)
30-"құс патшасы" деп қай құсты атайды? ( аққу)
ІҮ бөлім - "Тіл өнері."
Таңдаған тақырып бойынша мақалдарды айту. Көп мақал айтқан ойыншыға 10 ұпай. Тақырыптары: "Отан", " Еңбек", " Білім", " Жақсы, жаман".
Ү бөлім - "Тапқырлық".2 минут ішінде тиісті сандарды қою керек. Тігінен, көлденең қосқанда -15 саны шығу керек.
 
ҮІ бөлім - "Жорға"
1 минут ішінде берілген сұрақтарға жауап беру.
-  
Облысымыз қалай аталады? ( Павлодар)
 -  
Оңтүстік астанамызды ата.(Алматы)
 -  
Жер шарының үлгісі.( глобус)
 -  
Қаламызда қандай пайдалы қазба бар? ( көмір)
 -  
жер астынан фонтанша атқылайтын су? ( артезиан)
 -  
Алғаш «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? ( Ыбырай )
 -  
Атақты қазақ күйшісі? (Құрманғазы)
 -  
Ұя салмайтын құс ( көкек)
 -  
Есту мүшесі ( құлақ)
 -  
Жеті күн (апта)
 -  
Заттың сынын білдіретін сөз табы? ( сын есім)
 -  
30 тамыз қандай күн? (конституция күні )
 -  
"Жақсылардың жақсысын" ата.(білім, еңбек)
 -  
Алфавитте қанша әріп бар? ( 42 әріп)
 
15. Қазақстан бұлбұлын ата. (Бибигүл)
16.Атақты суретшіні ата. (Қастеев)
-  
Сәби жылағанда қандай өлең айтылады? ( уату)
 
ҮІІ. Қорытынды.
Жеңімпаз оқушыны анықтап қорытындылау.
 
 
Мұнайлы ауданы
Қызылтөбе лицейі
 
 
 
 
«Жас полиглот»
(сыныптан тыс шара)
 
 
Сынып: 9 «а,ә»
Өткізген: А.Джувбаева
 
 
 
 
 
 
2015 оқу жылы