7


  • Учителю
  • 'Қазақ тілі сабағында' 4-сынып. Ашық сабақ

'Қазақ тілі сабағында' 4-сынып. Ашық сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«№ 1 жалпы білім беретін орта мектеп-интернаты» КММ

КГУ «Общеобразовательная средняя школа-интернат № 1»


Қазақ тілі сабағында

(4 «а» сынып.

Қазақ тілі онкүндігі аясында)






Өткізген: қазақ тілі пәні мұғалімі

Шопанова Гүлсара Арманбекқызы






Петропавл қаласы

2014-2015 оқу жылы


Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі сабағында.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылармен дауысты дыбыстардың

классификациясын, буын түрлерін қайталау.

2. Оқушылардың сөздік қорын молайту, бір-

бірімен тілдесуге, диалог жүргізуге, сауатты

оқуға, жазуға дағдыландыру.

3. Оқушылардың өз мектебіне, сыныптастырына

деген ізгі ниеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, диалог құру, дидактикалық ойын, сұрақ-жауап, ребус шешу, тапсырмалар орындау, т.б.

Сабақтың көрнекілігі: ребус, мәтіндер, тапсырмалар жазылған парақтар, смайлдар, т.б.


Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлеметсіздер ме!

- Балалар, барлығымыз бірге мына өлең жолдарын оқып, сабағымызды бастайық:

Қазақ тілім - өз тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым дара тілім!

Кезекшімен диалог. Кезекші ортаға шығып, сыныптастарының сұрақтарына жауап береді.

  • Бүгін аптаның қай күні? (сәрсенбі)

  • Қазір қандай жыл мезгілі? (көктем)

  • Көктем айларын ата. (наурыз, сәуір, мамыр)

  • Наурызда қандай мерекелер бар? (8-наурыз, 22-наурыз)

  • Сыныпта кім жоқ?

Балалар, сабақ барысында белсенді қатысып, тапсырмаларды дұрыс орындаған кезде смайлдар аласыздар.

  • Енді, ортаға шығып оюлар таңдаймыз. (Оқушылар ою түрін таңдап, топтарға бөлінеді.

І топ - қызыл ІІ топ - күлгін ІІІ топ - сары

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Әр топтан 1 оқушы шығып, үйге берілген үш жаңылтпаштың біреуін жатқа айтады. Қалған оқушылар жаңылтпаш есебін шығарады.


Оң қолымда 5 саусақ,

Сол қолымда 5 саусақ,

Бесті беске қосқанда

Болады қанша саусақ?

(5+5-10 саусақ)


Менде де бар 1 мысық,

Сенде де бар 1 мысық.

Менде де бар көк күшік,

Сенде мүлде жоқ күшік.

Бізде бар қанша мысық?

(1+1-2 мысық)


Алшаға кеп күнара

Қонушы еді бір ара.

Бүгін 9 туысын

Ертіп келді бұл ара.

Сонда бүгін алшаға

Келіп қонды қанша ара?

(1+9-10 ара)


Белсенді оқушыға смайл беру.

ІІІ. Жаңа сабақ:

  • Балалар, қазір біз ребус шешу арқылы сабағымыздың тақырыбын анықтайтын боламыз.

2 1 3

і Ғ-Б , ,,,, ,10 О-А ,

(Қазақ тілі сабағында)

  • Балалар, ребустың шешуі - «Қазақ тілі сабағында».

  • Ал, бізде қазір қандай сабақ?

  • Қазақ тілі сабағы.

  • Қазақ тілі нешінші сабақ?

  • Қазақ тілі 4-сабақ.

  • Біздің топта неше оқушы оқиды?

  • Біздің топта 13 оқушы оқиды.

  • Біздің топта неше ұл бар?

  • Біздің топта 8 ұл топ бар.

  • Біздің топта неше қыз бар?

  • Біздің топта 5 қыз бар.

  • Сабақта біз қандай жұмыстар атқарамыз?

  • Біз мәтін оқимыз, аударамыз, жаттығу жазамыз.

(Белсенді балаларға смайлдар беру)

  • Балалар, қазір біз аудио жазба тыңдаймыз. Мұқият тыңдап, түсінгендеріңді айтыңдар.

(Оқушылар аудио жазбадан диалог тыңдайды.)

( Мәтіні келесі.

  • Сәлем, сенің атың кім?

  • Сәлем, менің атым - Нұржан. Сенің атың кім?

  • Менің атым - Айжан.

  • Айжан сен нешінші сыныпта оқисың?

  • Мен төртінші сыныпта оқимын.

  • Сенің сүйікті пәндерің бар ма?

  • Иә, маған математика, қазақ тілі пәндері ұнайды.

  • Қазақ тілі сабағында не істейсіңдер?

  • Қазақ тілі сабағында мәтін аударамыз, оқимыз, қызықты тапсырмалар орындаймыз.

(Оқушыларға сөз беріледі. Оқушылар ойы.)

  • Сонымен, балалар, біз қандай жұмыстар атқардық?

  • Біз сөйлестік, диалог тыңдадық.

  • Диалог дегеніміз не екен?

  • Диалог дегеніміз - екі адамның бір-бірімен пікір алмасуы.

Сергіту сәті. «Жұмыр қылыш».

ІV. Тапсырмалар орындау:

- Балалар, біз диалог тыңдадық, бір-бірімізбен дилог жүргіздік. Енді, мәтінге сүйене отырып, диалог құрастырып көрейік. Ол үшін алдарыңыздағы мәтінді мұқият оқып, ауызша аударасыздар. Сол бойынша әр топ тапсырма орындайды.

Мәтін

Қоңырау соғылды. Қазақ тілі сабағы басталды. Мұғалім бізге сұрақтар қойды. Біз жауап бердік.

Арман мен Жалғас тақтаға шықты. Олар сөйлемдер жазды. Диана мәтін оқып, аударды. Біз жаттығу жаздық, қызықты тапсырмалар орындадық.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал