7


  • Учителю
  • 3 сыныпқа сабақ жоспары. Тақырыбы: Көкөністер мен жемістер

3 сыныпқа сабақ жоспары. Тақырыбы: Көкөністер мен жемістер

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

3 сынып

Сабақтың тақырыбы:Жеміс. Көкөніс. Жидек.

Сабақтың мақсаты: Көкөніс, жидек және жеміс туралы білімін молайту. Сөйлем құрау шеберліктерін жетілдіру. тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыра отырып білімдерін бағалау. Шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілеттерін арттыру,

Сабақтың міндеттері:Сөздік қорларын байыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге қалыптастыру.

Оқыту нәтиже: Топтасып жұмыс жасауға үйренеді, өз-өзіне сенімділік көзқарасы қалыптасады, зерттеуге, зерделеуге үйренеді.

Сабақтың әдіс-тәсілдер: Психологиялық тренинг, жеке жұмыс, топтық жұмыс әдісі, диологтік оқыту.

Көрнекілік пен дереккөздер, құрал-жабдықтар: Смаиликтер, плакат, бағалау парақтары, оқулық, суреттер.

Пәнаралық байланыс: сурет

Негізгі идея:

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту1.Ұйымдастыру:



(2 мин)





2.Тренинг:

(1мин)





(2мин)











(1мин)







Сәлемдесу.Түгендеу.

Оқушылардың көңіл-күйлерін смайлик арқылы анықтау. Оқушылар өздерін көңіл-күйлерін тақтаға смайлик ілу арқылы көрсетеді. Көңіл-күйі нашар оқушылар болса, анықтап олардың көңіл -күйлерін тренинг жүргізу арқылы көтеру.

Әрбір адам - досым, сыныптасым,

Әрбір ісің - тірлік, тірек, адамдық.

Әрбір сөзің - шындық, бірлік, адалдық,

Әрбір сабақ - үйрену, оқу, іздену.

Топқа жеміс, жидек және көкөніс суреттері арқылы үш топқа бөліну. Оқушылар топта өз рөлдерін бөліп алады.

І топ «Жемістер» тобы

ІІ топ «Көкөністер»тобы

ІІІ топ «Жидектер» тобы

Топтың ережесін еске түсіру.

1.Бір-бірін тыңдау

2.Көршіне көмектесу

3.Уақытты үнемдеу

4.Шуламау керек.

Смайлик іледі.











(хормен)





Оқушылар түрлі түсті еміс, жидек, көкөністіердің суреттері арқылы топқа бөлінеді

3. Үй жұмысына шолу:



(5мин)







Нан және сүт тағамдары. Жаңа сөздерді жаттау

Ақша-деньгиСатушы-продавец

Сатып алды- купил(-а)Әр түрлі-разный (-ая,-ое)

Қымыз-кумысШұбат-шубат

Пайдалы-полезный(-ая,-ое) Айран-кефир

Ірімшік-сыр Нан-хлеб

Қант-сахар Сүт-молоко

Кәмпит-конфет

Сөздік диктант

Жұппен жұмыс.

Бір-бірін тексереді.

«5»- 11-13

«4»- 8- 10

«3»- 4-7

«2»- 1-3

4.Өтілген материалды еске түсіру:

(2мин)



Нан және сүт тағамдарытуралы сұрақтар қою.

Қымыз ненің сүті?

Жылқы ненің сүті?

Нан тағамдарына не жатады?

Сүт тағамдарына не жатады?

Жеке-дара

5.Жаңа тақырып:

(2мин)









(10мин)

































Сергіту сәті

(1мин)

Интербелсенді тақтада слайд көрсету арқылы жаңа тақырып шығу. Жемістер. (Бұл не?)Көкөністер (Бұл не?) Жидектер (Бұл не?)

Мақсат қою керек:Жидектер, жемістер мен көкөністер туралы білеміз.

Оларды қатыстырып сөйлемдер құраймыз.Сұрақтарға жауап береміз.Топпен, жұппен жұмыс жасаймыз.

Сөздік

Құлпынай-клубникаБүлдірген- земляника

Таңқурай- малинаҚарақат-смородина

Бақша -огородБақ -сад

Дәрумен- витамин Жедім -ел

Же-ешь Дәмді-вкусный

Жемістер-фрукты Жидектер -ягода

Көкеністер- овощи

1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқиды. Сұраққа жауап береді. Постер жасайды.

Мәтінмен жұмыс

Күз мезгілі. Күзде көкөністер піседі. Көкөністер бақшада өседі. Олар: қызылша,картоп, қияр,қызанақ, сәбіз, пияз, орамжапырақ, қызанақ. Көкөністерде дәрумендер бар.Олар адамға пайдалы.Адамдар әр түрлі көкөністерді дүкеннен, базардан сатып алады.

Мәтінмен жұмыс

Күз мезгілі. Күзде жемістер піседі. Жемістер бақта өседі. Олар: алмұрт, шие, шабдалы, анар, жүзім, алхоры, өрік, алма. Жемістерде дәрумендер бар. Олар адамға пайдалы. Адамдар әр түрлі жемістерді дүкеннен, базардан сатып алады.

Мәтінмен жұмыс

Күз мезгілі. Жаздың соңында жидектер піседі. Жидектер бақта өседі. Олар: құлпынай, бүлдірген, таңқурай, қарақат. Жидектерде дәрумендер бар. Олар адамға пайдалы. Адамдар әр түрлі жидектерді базардан сатып алады.

Осы сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын анықтап, мақсат қояды.

Топпен жұмыс.

Постер жасап, қорғайды

Топтар бір- бірін бас бармақ арқылы бағалау.3 сыныпқа сабақ жоспары. Тақырыбы: Көкөністер мен жемістер

6.Тапсырмалар:

(3мин)









2-тапсырма. Жеміс, көкеніс, жидек атауларынан сөз тіркесін жасаңыздар.

І топ

Жүзім, анар, шабдалы,өрік.

ІІ топ

Картоп, сәбіз, пияз, орамжапырақ, .

ІІІ топ

Құлпынай, бүлдірген, таңқурай, қарақат.

3-тапсырма.Сызба бойынша сөйле.







Қияр, алма, жүзім, сәбіз, алмұрт, қызанақ, шие, пияз.

құлпынай, бүлдірген, таңқурай, қарақат

4-тапсырма. Берілген сурет бойынша мәтін құрастыру.

</<font color="#000000">Қызанақ, қызылша, таңқурай.

Қызанақ домалақ, қызыл, жұмсақ, дәмді.

Қызылша, домалақ, қызыл, қатты.

Таңқурай домалақ, қызыл, жұмсақ.

Әр топтағы оқушылар сөз тіркесін жасайды.



Қолпаштау









Оқушылар топпен орындайды

Бір-бірін тексереді.

«5»- 10-12

«4»- 7-9

«3»- 4-6

«2»- 1-3

Топпен жұмыс

Топтар бір- бірін бас бармақ арқылы бағалау.

3 сыныпқа сабақ жоспары. Тақырыбы: Көкөністер мен жемістер

7. Сабақты бекіту:

Сұраққа жауап бер.Кім нені жақсы көреді?

Жеке жұмыс

8. Рефлексия:

Бүгін қандай тақырып өттік?

- Азық-түлік дүкенінде нелер сатылады?

-Сабақ сендерге ұнады ма?

-Не үйрендің?

-Саған не ұнады?

Саған не оңай болды?

-Қандай қиындықтар болды?

-Проблеманы шешуге не көмектесті?

Жеке

9. Үйге тапсырма

81 бет. 4- тапсырма. Жеміс, жидек, көкөніс тақырыбына диалог жазыңдар. Жаңа сөздерді жаттау.



10. Бағалау

Оқушылардың күнделіктеріне баға қою.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал