- Учителю
 - 'Қазақша сөйлейік акциясы' сыныптан тыс сабақ
 
'Қазақша сөйлейік акциясы' сыныптан тыс сабақ
«Қазақша сөйлейік»
акциясы
 
 
 
Интеллектуалды ойын
«Қазақ тілім - шамшырағым»
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі:
Кенжина Гульмира Шорманқызы
7 сыныптар
Мақсаты:
1. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл болуына байланысты, тілді құрметтей білуге баулу.
2. Оқушының сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорларын молайту, ой-өрісін кеңейту.
3. Жас ұрпақтың патриоттық, отаншылдық сезімін оята отырып, елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: интерактивті тақтада көрсетіледі.
(Құрманғазының«Сарыарқа» күйі ).
- Құрметті қонақтар, оқушылар! Бүгін «Қазақша сөйлейік» акциясына арналған «Қазақ тілім - шамшырағым» атты интеллектуалды ойынын өткізбекпіз.
Оқушылар:
Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін!
Тіл заңының
Күшіне енген күн бүгін!
Қазақ тілі - Ата-анаң,
Қуат алар Отан да одан.
Дүниеде ешбір асыл
Тең келмейді қатар оған!
Жүргізуші: - Бұл интеллектуалды ойынға екі топ қатысады. Олар: «Жалын» және Білімпаз». Олардың ойындарын әділқазылар бағалайды. Ойын үш турдан тұрады.
1-тур. «Менің Отаным - Қазақстан».
Берілген сұрақтарға кезекпен жауап беру.
-  
Қай жылы Қазақстан тәуелсіз болып жарияланды? (16 желтоқсан 1991 жыл)
 -  
Қай жылы тұңғыш президент сайланды? (1 желтоқсан 1991 жыл)
 -  
Қазақстанның астанасы қай қала? (Астана қаласы)
 -  
Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл қай тіл? (қазақ тілі)
 -  
Қазақстанның қандай рәміздерін білесіңдер? (Ту, Елтаңба, Әнұран)
 -  
Тудың ортасында не бейнеленген? (күн, қыран құс)
 -  
Тудың түсі қандай? (көгілдір түсті)
 -  
Елтаңбада нелер бейнеленген? (шаңырақ, уықтар, қанатты тұлпарлар, Қазақстан деген жазу, бес бұрышты жұлдыз)
 -  
Қазақстан Республикасының әнұранының сөзін және әнін кімдер жазды? (Н. Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов, Шәмші Қалдаяқов)
 -  
Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады? (түркі тілдер тобына)
 
2-тур. «Мақал-мәтел» ойыны.
Жүргізуші: - Қазақ халқының мақал-мәтелдерін қаншалықты білетіндерін тексеру үшін «Мақал-мәтел» сайысы өткізіледі.
 
 
Мақал-мәтелдердің орыс тіліндегі баламасын табу керек.
-  
Жаман жолдастан таяғым артық. (Крепкая палка лучше плохого попутчика)
 -  
Күлме досыңа - келер басыңа. (Над бедой друга не смейся, то же может случиться и с тобой)
 -  
Досы көппен сыйлас, досы азбен сырлас. (Дружи с тем, у кого много друзей, откровенничай с тем, у кого друзей мало)
 -  
Заттың жаңасы жақсы, достың ескісі жақсы. (Одежда хороша новая, а друг старый)
 -  
Жақсымен жолдас болсаң - жетерсің мұратқа. Жаманмен жолдас болсаң - қаларсың ұятқа. (С добрым человеком сдружишься - цели своей достигнешь, с дурным человеком сдружишься - в дураках останешься).
 
Мына мақал-мәтелдердің жалғасын табу керек.
-  
Оқу - білім бұлағы, Білім - (өмір шырағы).
 -  
Отансыз адам - ормансыз (бұлбұл).
 -  
Білім қымбат, білу (қиын).
 -  
Бірлік болмай - (тірлік болмас)
 -  
Жақсы сөз - (жарым ырыс)
 
3-тур. «Полиглот» ойыны.
 
Жүргізуші: Оқушылардың үш тілде білімдерін шыңдау. Қазақша берілген сөздерді орыс, ағылшын тілдеріне аудару.
 
Рәміздер - символы - symbols
Ту - флаг - flag
Тіл - язык - language
Отан - Родина - Motherland
Мемлекет - государство - state
Балалар - дети - children
Ел - страна - country
Аспан - небо - sky
Халық - народ - people
Достық - дружба - friendship
 
 
Жанкүйерлермен ойын. Жұмбақ шашу.