7


'ӘДептілік – тәрбие бастауы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Әдептілік - тәрбие бастауы


Мақсаты: оқушыларға «әдеп» сөзінің мәнін, әдеп- тәртіп, әдемілік, ар-ұждан және бақытқа апарар ең оңай жол екендігін түсіндіру. Әдепті адам - қоғамның баға жетпес байлығы екендігін түсіндіру.

Кіріспе

«Әдеп» сөзі қазақ тіліне араб тілінен енген екен. Әдеп дегеніміз - адамдар арасындағы қарым-қатынаста сыпайы болу, жұмсақ сөйлеу және оқыс қылықтардан аулақ болу.

Әдепті адамдар - қоғамның баға жетпес байлығы, әрі мәртебесі. Әдептілік нәсіл қуатын нәрсе емес. Ол аға ұрпақтан жеткіншек ұрпаққа берілетін, ал жеткіншек ұрпақ оқып-тоқып, үйреніп бойына сіңіретін, рухани ынта мен еңбекті қажет ететін қасиет. Оған халықтың: «Көре-көре көсем боласың, сөйлей-сөйлей шешен боласың», «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» деген мақалдары дәлел. Данышпан Абайдың: «Егер мен закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім» ежелгі грек философы Демокриттің: «Жақсы адам болып қалыптасу үшін жаратылысынан гөрі, жаттығудың рөлі зор» немесе халқымыздың: «Жаста берген тәрбие, жас қайыңды игендей» деген сөздерінің мәні де соған саяды.

Әдептілік адамның өзімен бірге өсіп жетіледі.

Сонымен, бүгінгі сабағымызда әдептілік жолын үйренуге саяхатқа шығамыз.

1-аялдама: «Жолдама алу». Оқушылар берілген нақыл сөздердің жалғасын тауып, мағынасын ашып айту керек.

а) Баланың тентек болатыны үйінен....

ә) Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті....

б) Пайда ойлама, ар ойла....

в) Жасында әдеп үйренбеген кісіден...

г) Адамзаттың бәрін сүй...

д) Тәрбиесіз берілген білім....

е) Саналы бала сағыңды сындырмайды...

ж) Әдепті бала - арлы бала...

2-аялдама: «Ар-ұят шеңбері».

Ар-ұят тудыратын, адамгершілікке жат теріс қылықтар туралы, оның зардабы жайлы айтып, жолдағы өмбеге көму.

  • арсыздық, дарақылық

  • асқақтық, көзқамандық

  • кербездік, тәкаппарлық

  • ашуланшақ, қызуқандылық

  • баққұмарлық, данқұмарлық

  • мансапқор, қанағатсыздық

  • екіжүзділік, жағымпаздық

  • еріншектік, жалқаулық

  • залымдық, зымияндық

  • сараңдық, іштарлық

  • имансыздық, ойсыздық

3-аялдама: «Көңілге түрлі ой салар...» деп аталатын келесі аялдамада кезекті ойланбасыңа қоймайтын әсем әнге береміз.

Адамгершілікке, әдептілікке үндейтін терең мазмұны терме орындалады.

4-аялдама: «Әдеп шыңы». Сонымен саяхатымыздың соңында әдеп шыңына да келіп жеттік. Оқушылар әдепке байланысты әртүрлі жағдаяттардан шығудың жолын қарастырады.

Қорытынды.

Әдеп сөзінің мағыналық ауқымы өте кең. Әдеп - адамның тұла бойындағы барлық жақсы, жағымды қасиеттердің бірлігі. Әдеп - тәрбиеліліктің көрсеткіші. Әдептілік күнделікті өмірде, адамдармен қарым-қатынаста әдеп шеңберінен шықпауды, адамдардың көңіліне келетін сөздерді айтпауды, қолайсыз іс-әрекект жасап, тұрпайы мінез көрсетпеуді, абайсызда немесе білместіктен жіберілген басқалардың кемшілігін байқамауды, адамдардың бойындағы табиғи міндерге назар аудармауды білдіреді.

Әдеп сөзі сонымен қатар, адамның ар-ұжданын да білдіреді. Өйткені, ар-ұжданын сақтай алған адам басқалармен қарым қатынас жасаған кезде өзінің іс-қимылдары мен мінез-құлықтарын таразылай алады, өзін іштей сынай отырып, жасаған әрекеттерінің дұрыс -бұрыстығын сезіне алады.

Әдепті адам өзін осылайша қадағалап, өміріне дұрыс бағдар бере алады.

Әдеп - адамды бақытқа апаратын жолдың басы.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал