7


  • Учителю
  • Разработка на казахском языке 'Әдептен озбайық'

Разработка на казахском языке 'Әдептен озбайық'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мектеп: Үстірт орта мектебі.

Тақырып: Әдептен озбайық.

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер:Әдеп нормаларын ұстану

Мұғалiм: Н Уразниязова

Сыныбы 9 ә,б,в,


Сабақтың мақсаты 1. Оқушыларға әдеп негіздері туралы түсінік беру.

Міндеттері:

  • қоғамдық орындардағы, адами қарым - қатынастағы әдеп нормаларын түсіндіру;

  • әдеп нормаларын ұстану іскерліктерін дамыту;

  • әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.


Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi.
Сәлемдесу, оқу құралдарына назар аудару.
Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.


Дәйексөз.«Біз бойымызда әдепті дамытуға тиіспіз. Өйтпесек адамдардың ілтипатынан оп-оңай айырылып қалуымыз мүмкін».


Жаңа сабақты түсіндіру.

Адамның үлкендермен, құрбыларымен, жасы кішілермен сөйлесу мәнері, қоғамдық орындарда, көлікте, қонақта, сапарларда өзін ұстау әдебі, сондай - ақ сыртқы сипаты, атап айтқанда киіну, шаш тарау, бетін ретке келтіру мәнері, қимыл - қозғалысы, өнермен жақындығы, білімділігі оның мәдениеттілігін танытады.

Қоғамда адамның жүріс-тұрысына, киінуіне, сөйлеуіне және т.б. байланысты қалыптасқан әдеп нормалары бар. Әрбір адамның сол әдеп нормаларын ұстануына қарай оның инабаттылығы, жарасымдылық, мәдениеттілігі бағаланады.


Мәтінмен жұмыс.

Оқушылар оқулықтағы Ж. Бейсеновтың «Студент қыздың әңгімесі» атты әңгімені оқып, оны талдайды.


Дәптермен жұмыс:

Оқулықта берілген жағдаяттарды талдап, берілген сұрақтарға жауап беріңдер?

  • Мұратқа әдепсіз қылықтарын қалдыру үшін қалай көмектесуге болады?

  • Назымға қандай кеңес берер едіңіз?


  1. Сабақты қорытындылау.
    Сіз өмірде қандай әдеп қағидаларын ұстанасыз?

  2. Қазақ халқының және туысқан басқа да халықтардың қандай әдеп нормаларын білесіз?

  3. Әдеп нормаларының жас ерекшеліктеріне байланысты айырмашылықтары бола ма?


Үйге тапсырма. Өзіңе өзің хат жаз



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал