- Учителю
 - ҚАнатова Ахлима Дүзетбайқызы Менің Президентім!
 
ҚАнатова Ахлима Дүзетбайқызы Менің Президентім!
|   Күні: 28.11.2015  |   Сыныбы: 6 «Б»  |   Мұғалім аты-жөні Қанатова А.Д  |   Мунайлы ауданы Батыр ауылы, №10 мектеп  | |
|   Сабақтың тақырыбы: «Біздің тұңғыш Елбасымыз» 
  | ||||
|   Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің сан қырлы талант иесі, ерекше тұлға екенін таныту. Қазақстанымызды әлемге танытытқан, Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу. 
  | ||||
|   Әнұран  | ||||
|   Мұғалімнің іс-әрекеті  |   Оқушының іс-әрекеті  | |||
 
  |  
  | |||
|   Мен бүгінгі сабағымды бастамас бұрын сіздерден сұрағым келіп отыр. Н.Ә.Назарбаев кім? Елбасының қызметі қандай? Елбасының туылған жері? Отбасы туралы не білесіңдер? 
  |   Оқушылар белсене қатысады Сұрақтарға жауап береді. Нұрсұлтан Назарбаев - мемлекеттігімізді орнатып елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұсында жетті. Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. 
  | |||
|   Қызығушылықты ояту Оқушыларға Президентіміз Н.Ә.Назарбаев туралы видео көрініс көрсетемін және сұрақтар қоямын  |   Видео көріністі көріп, сұрақтарға жауап береді  | |||
|   Постер қорғау Үш топқа үш түрлі тапсырма және 15 минут уақыт беремін 1 топ: Тәуелсіз елдің бір мүшесі ретінде сіздер қандай үлес қосып жүрсіздер? 2 топ: Президент дипломдары, ордендері, атақтары туралы не білесіңдер? 3 топ: Басшы адам қандай болу керек деп ойлайсың?  |   Әр топ өз беттерінше топпен жұмыс жасайды. Уақытқа бағынып, 15 минут ішінде постерді аяқтайды. 
  | |||
|   Сергіту сәті: Қара жорға биі  |   Оқушылар би билеп, сергіп алады  | |||
|   
 Ой толғаныс, жеке жұмыс (әр оқушы жеке жұмыс жасайды) Елбасымызға өз туындыларыңнан 4 жолды өлең жазу Елбасымызға арналған тілектерің  |   Оқушылар берілген тапсырманы орындайды. Елбасына арнап жазған тілектерін, өлең шумақтарын жазады және айтып береді  | |||
|   
  |   
  | |||
|   Қорытынды: Елбасының өмір жолы ел сүйсінер өнегенің үлгісіндей. Ол - еңбек- сүйгіш, қажыр-қайратты, өжет, оза шапқан ер жүректің иесі. Халқымыздың сеніміне бөленген Нұрсұлтан Әбішұлы бүгінде әлемге әйгілі қайраткер, тарихтың ұлы тұлғасы, ел тірегі. Елбасының бағдары - бірлік, татулық, ынтымақ. Сондықтан да қазақ елінің болашағы нұрлы, жарқын болашақ. «Елбасы - біреу, ел - жұрты тіреу» - дегендей бір атаның баласындай қол ұстасып, қуаныш бөлісіп, тату-тәтті өмір сүргенге не жетсін! 
  | ||||
|   
  |   
  | |||
|   
  |   
  | |||