7


Ашық сабақ 'Тұйық етістік'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістіктің емлесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға тұйық етістік туралы түсінік беру, оның түрленуін ұғын-

дыру. Басқа етістіктерден ажырата білуге, сөйлем ішінен таба білуге үйрету.

Дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын дамыту, сөйлеу шебер-

лігін, өзіндік шығармашылық қабілетін қалыптастыру.

Тәрбиелілігі: Алдына мақсат қоя білуге, еңбексүйгіштікке, бірлікке, ұлтжанды-

лыққа, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Түрі: білімді меңгерту сабағы

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру, талдау, ізденіс, салыстыру.

Пәнаралық байланыс:

Көрнекілігі: Тұйық етістіктің жасалу жолының сызбасы, семантикалық карта,

үлестірмелі парақша, слайд материалдары, электронды оқулық.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

Оқушыларды түгендеу

Сабаққа дайындығын тексеру


  • Балалар, биылғы жылды білеміз бе?

  • Иә, қой жылы.

  • Қой - төрт түліктің бірі. Пірі - Шопан ата.

  • Олай болса, бүгін сіздерді «қой бейнеленген текшемен» бағалаймын.


ІІ. Үйге берілген тапсырма

Қайталау - оқу анасы.

  1. Етістік дегеніміз не?

  2. Қандай сұрақтарға жауап береді?

  3. Етістіктің құрамына қарай түрлерін атаңыз?

  4. Болымсыз етістіктің жұрнақтары?

  5. Етістер нешеге бөлінеді?

  6. Есімшенің жұрнақтарын атаңыз?

  7. Көсемшенің жұрнақтарын атаңыз?

  8. Тұйық етістік қандай жұрнақ арқылы жасалады?


  • 262- жаттығу.

Шарты: Берілген сөздерді әрі тұйық етістік, әрі зат есім ретінде сөйлем құрау.


ІІІ. Жаңа сабақ

  • Бүгінгі сабағымыздың грамматикалық тақырыбы - тұйық етістіктің емлесі,

ал лексикалық тақырыбы - отбасы тақырыбы.

  • Жаңа сабақты бастамас бұрын сіздерге отбасы тақырыбына байланысты оқушым С. Ақтажиеваның «Перзенттік борыш» өлеңіндегі жұмбақты жасырайын, кім тапқыр екен.

Жауабы: Әке - асқар тау,

Ана - ағып жатқан бұлақ,

Бала - жағасындағы құрақ.


  • Ендеше отбасы тақырыбында бірнеше жұмыстар жасайтын боламыз.


Тұжырым жасау.

  • Шақпен де, жақпен де байланысы болмай, тек іс-әрекет, қимылдың атауын білдіретін етістіктің ерекше түрін тұйық етістік дейміз.

  • Жасалу жолы:

Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына - у жұрнағы жалғану арқылы жасалады.

Мысалы, сөйле - у, ой - ла - у, ал - ма - у, оқы - т -у (өзгелік)
1. Дауыссыз дыбыстарға біткен етістіктерге тұйық етістіктің - у жұрнағы

дауысты болып жалғанады: бар - у, қайт - у, көр - у, кел - у.
2. Дауысты дыбыстарға біткен етістіктерге тұйық етістіктің - у жұрнағы

дауыссыз болып жалғанады: ойна - у, сөйле - у, барма - у, келме - у.
3. Дауысты ы, і, дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің - у жұрнағы

жалғанғанда, түбірдің соңындағы ы, і, дыбыстары жазылмай, у дыбысының

құрамына еніп кетеді де, ол,(у) дауысты дыбыс болып есептеледі.
Мысалы: оқы+у=оқу, тасы+у=тасу, ері+у= еру.
4. Қатаң п, к, қ дыбыстарына біткен етістіктерге тұйық етістіктің - у жұрнағы

жалғанғанда, түбір соңындағы п дыбысы б - ға қ, к дыбыстары ғ, г дыбыс-

тарына айналады. Мысалы: тап+у=табу, үк+у=үгу, ақ+у=ағу.
5. И, й дыбысына біткен етістікке - у жұрнақ жалғанғанда екі дыбыс й+у - ю

дыбысына айналып кетеді. Мысалы: жай +у -жаю, қой + у-----қою.

  • Оқулықпен жұмыс:

263- жаттығу.

Шарты: Берілген сөйлемдердің ішінен тұйық етістіктерді тауып, қай септікте

тұрғанын талдау.

  • Семантикалық карта:


Мысалдар


негізгі

туынды

болымд ы

болымсыз

есімше

көсемше

өздік

өзгелік

ырықсыз

ортақ

тұйық

Орындамау


Келе жатыр


Шақырмады


Көрген жоқ


Төлепті


Естілді


күлімсірейді

  • Шығармашылық жұмыс (тұйық етістіктерді талдау)


  • Өзіңді - өзің алдаудан оңай нәрсе жоқ. (Демосфен)

  • Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға. (Абай)

  • Балаларды тәрбиелеу - еңбек әрі борыш. (Ф.М.Достаевский)

  • Ағаш кессең, ұзын кес, қысқартуың оңай,

Темір кессең, қысқа кес, ұзартуың оңай.


  • Төмендегі сөйлемдегі көп нүктенің орнына тұйық етістікті қойып жаз.

1. Тапсырманы уақытында ... керек.

2. Мектепте және үйде тәртіпті ... керек.

3. Үлкендерді ... керек.

4. Сынып жұмысына ... керек.

5. Мәдениетті ... керек.

6. Сабаққа белсенді ... керек.

  • Жедел жауап

... бағу, ... жүзу, ... дайындалу, ... жүгіру, ... жинау, ... жету.

  • Тақтамен жұмыс. (тұйық етістікке айналдыр)
    1. Кенжебек жолшыбай дүкенге бұрылған еді.

2. Қарды омбылап жүріп келеміз.

3.Тамаша табыс өздігінен келмейді.

  • Тұйық етістіктің септелуі Сену

  • Электрондық оқулықпен жұмыс

1-модел. Отбасындағы қарым-қатынас

  • «Ой толғау»
    - Екі көзің не үшін қажет?
    - Екі қолың не үшін керек?.
    - Құлақ деген не үшін керек?
    - Тіл мен жағың не үшін керек?
    - Ал аяғың?

  • Қорытынды: Сөзжұмбақ «Етістік»

1. Арасынан қыл өтпейді

2. Жер болу

3. Аяқтандыру

4. Арқаны кеңге салу

5. Ауыз жаласу

  • Бағалау

Текше арқылы бағалау



  • Үйге:

  1. «Менің күн режимім»

(тұйық етістіктерді қатыстыра отырып шағын әңгіме құрастыру)

  1. Көрсетілген бейне-ролик бойынша ой-толғау жазу.

Ата-ананы құрметтеу - біздің парызымыз.



.


Тапсырма:

Өзіңді - өзің алдаудан оңай нәрсе жоқ.

Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға.


Артық ғылым кітапта,

Ерінбей оқып көруге.


Тапсырма:


Балаларды тәрбиелеу - еңбек әрі борыш.


Ағаш кессең, ұзын кес, қысқартуың оңай,

Темір кессең, қысқа кес, ұзартуың оңай.

Оқушының міндеті - оқу.

Тапсырма:

  • Төмендегі сөйлемдегі көп нүктенің орнына тұйық етістікті қойып жаз.

1. Тапсырманы уақытында ... керек.

2. Мектепте және үйде тәртіпті ... керек.

3. Үлкендерді ... керек.

4. Сынып жұмысына ... керек.

5. Мәдениетті ... керек.

6. Сабаққа белсенді ... керек.



Тапсырма:



  • Төмендегі сөйлемдегі көп нүктенің орнына тұйық етістікті қойып жаз.

1. Тапсырманы уақытында ... керек.

2. Мектепте және үйде тәртіпті ... керек.

3. Үлкендерді ... керек.

4. Сынып жұмысына ... керек.

5. Мәдениетті ... керек.

6. Сабаққа белсенді ... керек.

Тапсырма:

(тұйық етістікке айналдыр) 1. Кенжебек жолшыбай дүкенге бұрылған еді.

  1. Қарды омбылап жүріп келеміз.


3.Тамаша табыс өздігінен келмейді.


Тапсырма: Тұйық етістіктің септелуі Атау. Сену


Ілік. Сену


Барыс. Сену


Табыс. Сену


Жатыс. Сену


Шығыс. Сену


Көмектес. Сену





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал