7


Тема 'Ойлы топ' сайысы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


С.Сатыбалдин атындағы орта мектеп.







(сайыс)


Кітапханашы: Тусупова А. Ж






2014-2015 оқу жылы.


Озық ойлы топ.

(сайыс).

Мақсаты: оқушылардың білімдерін ойын арқылы тереңдете түсу, тапқырлықты, ой-өрісін байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту. Ұжыммен жұмыс жасай білуге, ұйымшылдыққа, жеңімпаз, озық болуға тәрбиелеу. Сайысты өткізе отырып, оқушылар мен тәрбиешілердің арасында достықты, ауызбіршілікті, ынтымақтастықты нығайту.

Түрі: Сайыс.

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі өткелі отырған «Озық ойлы топ» сайысына қош келдіңіздер!

Сайыс, сайыс, көңіл шіркін тасысын,

Сайыс сайын жанкүйерлер қол ұрсын.

Өнерлерін аямайтын біздерден,

Сайыскерлер ортамызға кеп енсін,-дей отырып, бүгінгі сайысқа қатысушыларды қол соғып, қошеметтеп, ортаға шақырайық.

Қатысушылар: 2-топ:

«Құлагер» мен «Болашақ».

Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

Тәрбие ісінің меңгерушісі: Темиргалиева М.Н

Қаза тілі мен әдебиет мұғалімі: Айгожин Қ.С

Орыс тілі пәнінң мұғалімі:Абдоллаева А.С

Жүргізуші:

Көп сөйлеп, жөн жобадан біз аспайық,

Қандай сайыс болса да біз қашпайық.

Ал, ендеше рұқсат болса,

«Озық ойлы топ» атты сайысымызды біз бастайық!

Негізгі бөлім.

а) «Қане таныс болайық!»(таныстыру.)

б) «Қаншалықты білемін?» (сұраққа жауап беру?)

в) «Суретшілер» (өлеңнің мағынасын ашу)

г) «Кім шапшаң?» (мектепте байланысты сұрақтар қойылады.)

Сақтаған ұлтымыздың берік салтын.

Ата-баба шежіресін жіктеп,

Танысу парызы әрбір жастың.

Сәтте те келіп қалғандай танысатын ,- дей келе, алғашқы ойын шартымыз бойынша «Кәне, таныс болайық!» таныстыру кезеңі.

Ортаға қатысушы топтар шығып,өздерін таныстырады.

Жүргізуші: Көңілін халқының таптың бүгін,

Емес қой мынау бізге жат күн бүгін.

Бір-бірлеп сұрақ қойып, бақ сынайық,

Байқайық қатысушылардың тапқырлығын,-дей келе, оқушыларды бұл шарт бойынша «Қаншалықты білемін?» кезеңінде берілген сұрақтарға жауап беру қажет.

Сұрақтар тізімі: Дұрыс жауап берсе 1- ұпай беріледі.

1.ҚР Президенті кім? (Н.Ә Назарбаев)

2. «Менің Қазақстаным» әні мемлекеттік Әнұраны ретінде қашан қабылданды? (2006 жылы 7 қаңтарда)

3.ҚР Ата Заңы қашан қабылдады? (1995 жылы 30 тамызда)

4.Қазақстан мемлекеті территориясы бойынша нешінші орында? (9орында)

5.1835 жылы кім дүниеге келді? (Ш.Уалиханов)

6.Әлемнің екінші ұстазы атағын алған ғұлама кім? (Әл-Фараби)

7.Астана Қазақстаның нешінші астанасы? (4)

8.Музыкада неше нота бар? (7)

9.Сөздің көркі не? (мақал)

10.Жылқа атасы? (Қамбар ата)

Жүргізуші:

Келесі сайысымыз «Суретшілер». Екі топқа екі түрлі өлең беріледі, оқушылар сол өлеңді плакатқа мағынасын ашып түсіру керек. 2-ұпай беріледі.

«Кім шапшаң?» сайысы.

Шарты: әр топқа кезек-кезек сұрақтар қойылады.Әр дұрыс жауапқа 3-ұпай. Егер сұрақ қойылған топ жауап бере алмаса, сұраққа жауап беру құқығы қарсы топқа беріледі.

Сұрақтар тізімі:

1.Біздің мектеп қай жылы ашылды? (1986 жылы)

2.Біздің мектепте неше мұғалім бар?(18 мұғалім бар)

3.Мектепте неше оқушы оқиды?(51)

4.Мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының президенті кім? (10сынып оқушысы Иманкулов Аманжол)

5.Мектептің тәрбие ісінің меңгерущісінің есімі кім? (Темиргалиева М.Н)

6.Мектептің мекен-жайы? (Мүлікбаев Уалихан 1)

7.Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен беретін мұғалімнің есімі қалай? (Айгожин Қ.С)

8.Даярлық топта қанша оқушы оқиды? (9бала)

9.Мектебіміздің директордың аты-жөні қалай? (Айтжанова Гулзия Молдоғалиевна)

10. Мектепте неше жас маман жұмыс істейді?

Озық-ойлы топтың жеңімпазын анықтау үшін келесі сөз кезегін әділ қазыларға берейік.Осыммен біздің сайсымыз аяқталды келесі кездескеше сау болыңыздар, қатысқандарыңыз үшін рахмет.

Қорытынды: Қатысушылар жақсы қатысты өз өнерлерін ортаға салып жеткізді. Өз мақсаттарына жеттім деп ойлаймын.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал