- Учителю
- Ашық сабақ қазақ тілінен Саулық - байлық негізі. (7 сынып)
Ашық сабақ қазақ тілінен Саулық - байлық негізі. (7 сынып)
7 сынып
Сабақ тақырыбы: Саулық-байлық негізі. Сан есім қайталау.
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік: жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын,өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру; сөздік қорларын молайта отырып,олардың өз ойларын жеткізе білуге үйрету.
-
Дамытушылық: өз ойларын сұрақтар арқылы жеткізе білуге баулу,сөйлеу мәдениетін дамыту.
-
Тәрбиелілік: ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу арқылы қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, адамгершілік біліктіліктерін жетілдіру
Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, жеке дара жұмыс, сұрақ-жауап, ой қозғау.
Пәнаралық байланыс: дене шынықтыру сабағы
Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, қосымша оқулық, сурет, кесте, дидактикалық материал
І. Ұйымдастыру кезеңі
а. Амандасу, сабаққа ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Денсаулық жақсы болу үшін не істеу керек?
2. Спорттың қай түрімен шұғылданасыз?
3. Сізге спорт ұнай ма ?
4.Қазір көңіл күйіңіз қалай?
5.Спорт адамға не әкеледі?
6. Қандай ұлттық спорт түрлерін білесіз?
7.Спорт неге ынтанын оятады?
8.Спорттың қандай түрлерін білесіңдер?
9. Белгілі спортшылары кімдерді білесіз?
10.Қандай қысқы спорт түрлерін білесіз?
Тапсырма интерактивті тақтада,берілген анықтамаларды спорт түрлерімен сәйкестендіріңдер.
(екі оқушы өз жақсы көретінспорт түрі туралы айтады және өлең сүйікті спорт түрі футбол)
ІІІ. Жаңа сабақ
1)Кіріспе сөз.
Адамның денсаулығы-қоғам байлығы.Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек, сондықтан сендердің таңдауларың -салауатты өмір салтын сақтау керек. Салауаттылық-саулық кепілі, ал саулық -байлық негізі.
2)Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.
3)Мәтінмен жұмыс. ( үш топқа бөлінеді, 1 топ тізбектеп оқыйды, 2 топ сұрақтар құрастырады, 3 топ әңгімелеп береді.)
4) Сан есімдерді қайталау.(Алдаркөсе қонаққа келеді. Сұрақ жауап әр топқа)
5) Дәптерде жұмыс 1. Берілген сан есімдерді сәйкестіндіру.
Мысалдар. Сан есімдер
Он-оннан есептік
Бесеу реттік
Екінің бір бөлігі жинақтық
Елу-алпыстай топтау
Екі болжалдық
Тоғызыншы бөлшектік
6) «Дәрігер мен бала» атты көріністі тамашалайық.
Есік қағылады. Ішке бала кіреді.
Дәрігер:- қандай себеппен келдің?
Бала:- Басым, көзім ауырады, ұйқым келе береді.
Дәрігер:- Сағат нешеде тұрасың?, нешеде ұйықтайсың?
Бала:- Түнгі 2-3-терде ұйықтаймын, 11 -де тұрамын.
Дәрігер:- Асқа тәбетің қалай? қалай тамақтанасың?
Бала:- қолыма не түседі, соныжейсаламын.
Дәрігер:- Неніұнатасың?
Бала:- Теледидар көргенді, компьютерде ойнағанды ұнатамын.
Дәрігер:- Оған қанша уақыт бөлесің?
Бала:- ұйқым келгенше ойнай беремін.
Дәрігер:- Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, бұл бала неліктен
ауырады? Себебін айтып, кеңес беріңдер.
Ойын. «Ойланып тап» ( 3 топ жауап береді)
7) Видеобейне «Денсаулық туралы» 6 минут
Мақал-мәтелдерді сұрау денсаулық туралы.
ІV. Бекіту: Денсаулық тірек сызбаны оқушылар толықтырады.
1. Салауатты өмір салты
2. Спорт
3. Жемістерді көкөністерді жеу
4. Таза ауамен емдеу
5. Сақтаумыз керек.
V. Қорытынды: Видеобейне « Ең үлкен байлық»
Ертеде бір жас жігіт өзінің кедейлігін айтып, әрдайым мұнын шағудан жалықпайды екен:
-Шіркін-ай, егер менің байлығым көп болса, қандай жақсы болар еді.Мен онда асып-тасып өмір сүрер едім,- деп,зорлауын қоймайды.
Бір күні зарлап отырған жігіттің лашығының қасынан өтіп бара жатқан тас қашаушы қарт әлгінің қасына келіп:
-Саған нағыз бай адам емессің бе?- деп сұрайды.
-Мен баймын ба? - деп таңқалды жігіт
-Кәне, қайда ол байлық?
Сенің көздерің ше?-Бір көзіңді біреуге қаншаға бере едің?-деп сұрайды қарт.
-Оның не?! -деп шашып кетті жігіт.
-Мен көзімді ешқандай байлыққа айырбастамаймын!
-Жарайды, - деді тас қашаушы.
-Ендеше екі қолыңды шауып тастасын, ол үшін көп алтын береді саған.
-Жоқ! Қолымды бермеймін, алтының керек емес, дейді жігіт.
-Міне, көрдің бе? Сен өте бай адамсың ғой,-дейді тас қашаушы қарт.
-Ендеше, несіне зарлай бересің? Маған сенсең, адамның ең үлкен байлығы - күш -қуаты мен денсаулығы. Оны ақшаға сатып ала алмайсың - деді де, ол өз жөніне кете барды.
VI. Үй жұмысы: 196 бет, 2 тапсырма оқу аудару.
VII. Бағалау
Есік қағылады. Ішке бала кіреді.
Дәрігер:- қандай себеппен келдің?
Бала:- Басым, көзім ауырады, ұйқым келе береді.
Дәрігер:- Сағат нешеде тұрасың?, нешеде ұйықтайсың?
Бала:- Түнгі 2-3-терде ұйықтаймын, 11 -де тұрамын.
Дәрігер:- Асқа тәбетің қалай? қалай тамақтанасың?
Бала:- қолыма не түседі, соныжейсаламын.
Дәрігер:- Неніұнатасың?
Бала:- Теледидар көргенді, компьютерде ойнағанды ұнатамын.
Дәрігер:- Оған қанша уақыт бөлесің?
Бала:- ұйқым келгенше ойнай беремін.
Дәрігер:- Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, бұл бала неліктен
ауырады?