7


  • Учителю
  • Менің мектебім. 6-сынып. Ашық сабақ.

Менің мектебім. 6-сынып. Ашық сабақ.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Менің мектебім. Сөз. Сөз тіркесі. Сөйлем.

(6 сынып)

Қазиева А.Қ.

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ақсай қаласы №4 ЖОББМ

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: сөз, сөз тіркесі, сөйлем туралы түсінік беру. Мәтін бойынша жаңа сөздермен таныстыру. Өз мектебі туралы әңгімелеуге үйрету.

2. Дамытушылық: оқушылардың тіл дамыту қабілеттерін дамыту, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

3. Тәрбиелік: мемлекеттік тілді үйренуге қызықтыру, оны құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдістері: әңгімелеу, сұрақ-жауап.

I. Ұйымдастыру бөлімі: 1. Амандасу.

2. Кезекші міндеті.

1-тапсырма: мәтінді оқу

Менің мектебім.

Мен Ақсай қаласындағы № 4 орта мектебінде алтыншы сыныпта оқимын. Мектебіміз бесінші ықшамауданында орналасқан. Мектеп директоры - Махауова Малика Қашукқызы. Мектебіміз әдемі, үш қабатты, кең.

Бірінші қабатта қазақ тілі, тарих кабинеттері, акт залы, асхана, мұрағат орналасқан. Екінші қабатта орыс тілі, химия кабинеттері, шағын кітапхана бар. Үшінші қабатта математика, ағылшын тілі кабинеті, мұражай орналасқан.

Кабинеттеріміз қазіргі талапқа сай жабдықталған.

Біздің мектепте тәжірибели және білімді ұстаздар сабақ береді. Мен осындай мектепте оқығаныма өте қуаныштымын.

2 - тапсырма. Жаңа сөздермен жұмыс

Орналасқан - расположен

қазіргі талапқа сай - соответствуют современным требованиям

жабдықталған - оснащаться

тәжірибели - опытный

3-тапсырма: мәтінді оқу, аудару

4-тапсырма: ережені жазу.

Сөз - зат немесе құбылыстың атауы.

Мысалы: кабинет, ықшамаудан

Сөз тіркесі - бірнеше сөздің бір-бірімен мағыналық байланысқа түсуі.

Мысалы: бесінші ықшамаудан, жарық кабинет

Сөйлем - аяқталған ойды білдіреді.

Мысалы: Мен төртінші мектепте оқимын.

  • Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлерімен таныстыру:

5- тапсырма:сөздерден сөз тіркесті, сөйлемді құрастыру.

сөз

сөз тіркесі

сөйлем

қала

ұстаз

асхана

оқушы

кабинет

сабақ

дос



6- тапсырма: оқулықпен жұмыс(4-т. 35 бет) Сөйлемдердің тыныс белгілерін дұрыс қойып, түрін анықтау

1. Сабағыңды оқыдың ба

2. Қазақ тілі кабинеті екінші қабатта

3. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын

4. Күн қандай тамаша

5. Тез алаңға шығыңдар

6. Мектептің ауласы қандай таза

7. Театрға қашан барамыз

8. Кешке жақын серуенге шығайық

7- тапсырма: мақал -мәтелдерді жалғастыр.

1. Өмір - үлкен ...

2. Мектеп - кеме, ...

3. Күш- білімде, ...

4. Оқусыз білім жоқ, ...

5. Оқу - инемен ...

6. Кітап - білім бұлағы,...

7. ... - алтын қазына.

8-тапсырма: "өмір", "алтын" сөздеріне фонетикалық талдау жасау.

9- тапсырма: сөзжұмбақтың шешімін тап.




6


4

1

2

3


5



10-тапсырма: тест сұрақтарына жауап беріңіз.

1. Фонетика нені зерттейтін сала?

а) дыбыстарды

ә) сөздің мағынасын

б) сөз таптарын

2. "о" дыбысы қандай?

а) дауысты, жуан, ашық, еріндік

ә) дауысты, жіңішке, қысаң, еріндік

б) дауысты, жуан, қысаң, жуан

3. "Үндестік заңы" синоним:

а) буын

ә) дыбыс

б) сингармонизм

4. Тура мағынасындағы сөз тіркесті табыңыз.

а) ақ адам

ә) сөздің мағынасын

б) сөз таптарын

5. "Дос" сөзінің антонимін табыңыз:

а) құрбы

ә) жақын

б) жау

6. "Ізетті" сөзінің аудармасы:

а) добрый

ә) способный

б) вежливый

7. Мақалдың жалғасын тап: Күлме досыңа, ...

а) Досы азбен сырлас.

ә)Келер басыңа.

б) Достың ескісі жақсы.

8. "Мектептің" қай септікте тұрған сөз?

а) Барыс

ә) Шығыс

б) Ілік

9. Синоним дегеніміз не?

а) қарама-қарсы сөздер

ә) жазылуы басқаша, мағынасы бірдей сөздер

б) жазылуы бірдей, мағынасы әртүрлі.

10. Дұрыс жалғауды жалғаңыз: Жасым он екі...

а) ден

ә) де

б) мен

YI.Сабақты бекіту: сұрақтарды қою.

1. Сен нешінші мектепте оқисың?

2. Мектебіңіз қайда орналасқан?

3. Мектеп директоры кім?

4. Мектебіміз қандай?

5. Бірінші қабатта қандай кабинеттер орналасқан?

6. Екінші қабатта қандай кабинеттер орналасқан?

7. Үшінші қабатта қандай кабинеттер орналасқан?

8. Біздің мектепте қандай ұстаздар еңбек етеді?

9. Сен өз мектебіңмен матаныш етесің бе?

Y. Үйге тапсырма беру.

1. "Менің мектебім" мазмұнын айту.

2. 3- тапсырма 34 бет.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал