7


  • Учителю
  • Бастапқы әскери дайындық. Сабақ жоспары. 'ҚОрғаныстағы жауынгер' (10-сынып)

Бастапқы әскери дайындық. Сабақ жоспары. 'ҚОрғаныстағы жауынгер' (10-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Сабақтың тақырыбы: Қорғаныстағы сарбаз, жаумен тікелей қақтығысқа түспей қорғану кезінде ату позициясын (оқ ататын орынды) таңдау және орналасу. Жатып атуға арналған оқпананы жабдықтау және жасыру


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға орғаныстығы жауынгердің міндеттерін түсіндіру.


Өткізілетін орны:


а) Ұйымдастыру кезеңі



Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі

  • бақылаушының міндеттері қандай?

  • бақылаушы қайда орналасады?

  • бақылау үшін белгіленетін орын қандай талаптарға сай болуы керек?

  • бақылаушы жергілікті жерді қалай зерделейді?

  • бақылаушы қарсыластың пайда болуын қалай баяндайды?



б) Негізгі бөлім

Қорғаныстағы жауынгер.

Жауынгер қорғаныста өз бөлімшесінің құрамында қимыл жасайды. Оның негізгі міндеті - өз қаруын, жергілікті жерді, оқпана мен орларды, сондай - ақ инженерлік бөгеттерді тиімді пайдалана отырып, басқа сарбаздармен бірлесе қарсыластың шабуылдаушы жаяу әскері мен танкілерін мүмкіндігінше көбірек жойып, олардың шабуылдарына тойтарыс беріп, бөлімше бекінген бекіністі ұстап тұру. Жауынгер қорғаныста өзінің орнын тек командирдің бұйрығымен ғана тастап кете алады.

Қорғаныстағы жауынгер қарсыластың қайда тұрғанын және қандай қимылға бет бұрғанын, бағдарларды, бөлімшелер мен взводтардың міндеттерін, көршілердің қайда екенін және олардың атысты қай бағытта жүргізіп жатқанын білуі тиіс. Сонымен бірге хабарлау мен нысананы көрсету белгілерін, қай кезде өз бетінше немесе командир пәрменімен атыс бастауы, бөлімше командирінің орнын білуі қажет.

Бөлімше командирінен тапсырма алған соң, жауынгер оны анықтап алып, берілген жерде өз алдындағы жерді көруі және командир нұсқаған бағытта алыс қашықтықтан қарсыласқа қарсы көздеу атыстарын жүргізе алатындай болып орналасуы қажет. Содан кейін жатып ату үшін оқпана қазады. Егер жағдай мүмкіндік берсе тізеден ату үшін оқпананы 60см-ге дейін, ал тұрып ату үшін 110см-ге дейін тереңдетеді.

Оқпана қазу және жабдықтау кезінде, сондай-ақ ұрыс барысында, жауынгер үздіксіз қарсыласқа, жергілікті жерге бақылау жасайды және өз байқағанын командирге баяндап отырады.

Қарсылас шабуылға шығар алдында атыс дайындығын жүргізеді, кейде ядролық соққы жасауы да мүмкін. Ядролық жарылыс жарығын байқаған сәтте оқпананың түбіне бетті жерге қаратып, дереу жатуы қажет, ал ядролық соққы толқыны өткеннен кейін қарсылас шабуылын тойтаруға дайындалу қажет. Қарсыластың атыс дайындығы басталған кезде егер жауынгер бақылаушы болып тағайындалмаса, онда ол командир пәрменімен бөлім мен взвод бекінісінде жабдықталған жертөледе, тесікте немесе оқпана түбінде тасаланып, шабуылға тойтарыс беру үшін тез орнына ие болуға дайын болуы керек.

Қарсылас шабуылға шыққан кезде жауынгер ұрысқа дайындалады. Қарсыластың шабуылдаушы жаяу әскеріне командирдің пәрмені бойынша, ал қарсылас өз қаруының нақты атыс қашықтығына жақын келгенде өз бетімен оқ атады.

Егер оқпанаға танкілер жақындаса, жауынгер оны 15-20м қашықтыққа келгенше күтеді де, ыңғайлы сәтте танкінің шынжыр табаны астына гранатты лақтырады. Егер танкіге, оқ тимей оқпанаға тақап келсе, сарбаз секіріп шығып, оның неғұрлым осал бөлігіне гранатаны лақтырады. Танкіні зақымдағаннан кейін жауынгер өз қаруынан атып, танк соңынан келе жатқан жаяу әскерді жояды. Зақымдалған танк экипажын шынжыр табанды жөндеуі немесе машинаны тастап кетуі кезінде автоматтан ату арқылы жояды.

Қарсыластың жаяу әскері оқпанаға 30-40м жақындаған кезде, жауынгер оларға қарсы гранаттар лақтырып, оларды өз қаруынан атып жояды. Егер қарсыластың жекелеген жауынгерлері қорғаныстың алдыңғы шебіне шықса, жауынгер оларды атыспен, гранатпен, сондай-ақ сүңгімен және дүмбімен жояды. Көршілер бекінісіне жақындаған қарсыластың жаяу әскерін жауынгер қапталдан және тылдан атыс жүргізу арқылы жояды.

в) Қорытынды бөлім.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • қорғаныстағы жауынгердің негізгі міндеттері қандай?

  • қорғаныстағы жауынгер нені білуі керек?

  • ядролық қаруды қолдану және қарсыластың атыс дайындығы басталуы кезіндегі жауынгердің іс - әрекеті туралы айтыңдар.

  • қарсыластың жаяу әскері мен танкілері қалай жойылады?







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал