7


Біздің мектеп

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Білімділік: тақырып бойынша әңгіме жүргізе білу, жаңа сөздерді меңгеру. Реттік сан есім туралы түсінік беру. Дамытушылық: сөздік қорын байыту, еркін сөйлеуге баулу. Тәрбиелік: тілге қызығушылық тудыру. Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы. Сабақтың технологиясы: моду
предварительный просмотр материала

Сабақ: қазақ тілі Күні: 07.04.14.

Мұғалім: Күлмұхамедова Айжан Баянқызы. Сынып: 3 "Б"сынып

Сабақтың тақырыбы: Біздің мектеп.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: тақырып бойынша әңгіме жүргізе білу, жаңа сөздерді меңгеру. Реттік сан есім туралы түсінік беру.

Дамытушылық: сөздік қорын байыту, еркін сөйлеуге баулу.

Тәрбиелік: тілге қызығушылық тудыру.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың технологиясы: модульдік технология

Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, ойлау, топпен жұмыс, жеке жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: тақта, суреттер.

Сабақ барысы:


Сабақ кезеңі

Оқу материалының мазмұны

І. Ұйымдастыру

  • Сәлеметсіздер ме?

  • Отырыңыздар!

  • Балалар, бүгін ауа-райы қандай?

  • Далада не жатыр?

  • Бүгін неше градус?

  • Көңіл-күйлерің қалай?

  • Балалар бір бірімізге қарап сәттілік тілейік.

Сәттілік біздер тілейік,

Мен саған, сен маған.

Күндей күліп жүрейік,

Мен саған, сен маған.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Жақсы балалар енді сабағымызды бастап, өткен тақырыпты еске түсірейік.

Өткен тақырыпта біздің сынып өттік. Қанеки тақтаға назар аударамыз. Мынау не балалар?

Иә, дұрыс мынау біздің сынып.

Сыныпта неша үстел бар?

Неше парта бар?

Терезелердің алдында не тұр?

Қабырғада не ілулі тұр?

Біздің сынып қандай?

ІІІ. Жаңа сабақ.



Сөздік жұмысы

Мәтінмен жұмыс



Жазылым



Сөйлеп үйрен




Жақсы балалар, өткен тақырыпты жақсы меңгерген екесіңдер, енді балалар жаңа сабақты бастамас бұрын, берілген сөздердің қазақша аудармасын таба отырып, сөзжұмбақты шешіп жаңа сабақтың тақырыбы шығады.



Сонымен балалар қандай сөз шықты? Иә, дұрыс, бүгінгі сабақтың тақырыбы бізідң мектеп. Ендеше, дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күнді, тақырыпты жазып қоямыз.



Бүгінгі сабақтың мақсаты



Білімділік: тақырып бойынша әңгіме жүргізе білу, жаңа сөздерді меңгеру. Реттік сан есім туралы түсінік беру.

Дамытушылық: сөздік қорын байыту, еркін сөйлеуге баулу.

Тәрбиелік: тілге қызығушылық тудыру

Балалар, енді тақтаға назар аударайық. Сөздік жұмысың өткіземіз.

қабат-этаж

дәрігерлік бөлме- медицинский пункт

акт залы-актовый зал

кітапхана-библиотека



Балалар, енді оқулықтарыңды ашыңдар. 24 беттегі 1-тапсырмаға назар аударыңдар. Қазір мен сіздерге оқимын, сіздер мұқият тыңдардар.

Балалар, кім мәтінді оқиды?



Бұл - біздің мектеп. Мектеп үш қабатты. Бірінші қабатта асхана, кітапхана, спортзал бар. Екінші және үшінші қабаттарда кабинеттер бар. Біздің мектеп үлкен.



Осы мәтін бойынша біз сұрақтар құрастырамыз

1. Бұл кімнің мектебі?

2. Мектеп неше қабатты?

3. Бірінші қабатта нелер бар?

5. Екінші және үшінші қабатта не бар?

6. Біздің мектеп қандай?

Қазір балалар реттік сан есім туралы түсінік беремін.



Келесі тапсырма дәптерде жұмыс істейміз.



Жақсы балалар шаршағансыңдар енді сергіту сәтін бастаймыз. Орнымыздан тұрамыз

Бір екі үш ал қанеки ұш

Төрт бес алты жеті бұл күннің көзі

Сегіз тоғыз он орындыққа қон

Енді балалар сіздерге осындай тапсырма суреттермен жұмыс жасаймыз. Мынау үш қабатты 19 мектеп, үстелдің үстінде суреттер жатыр, бір суретті алып қабатқа орналыстырасыздар.


ІY. Сабақты бекіту.

Өзіңізді тексеріңіз

Сабағымызды қорытындылай отырып келесі тапсырмаға да жетіп келдік

ІҮ. Қорытындылау.

Балалар бүгін біз қандай тақырып болды?

Не өттік?

Не білдік?

Ү. Үйге тапсырма беру.

Жаңа сөздерді жаттау, 58бет, 2-тапсырма.

ҮІ. Бағалау.

Сабаққа белсене қатысып өз ойын толық жүйелі түрде жеткізе білген оқушыларды әділ бағамен бағалаймын.
Сабақ аяқталды!

Сау болыңыз!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал