- Учителю
- Нәтиже сабақ. Менің отбасым.
Нәтиже сабақ. Менің отбасым.
Қарағанды облысы
Балқаш қаласы
Н.К.Крупская атындағы №4 орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Кутжанова Гулим Карыбековна
Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ. Менің отбасым.
Сабақтын мақсаттары:
Білімділік: Оқушылардың модуль бойынша алған білімдерін әр түрлі тапсырмалар арқылы тиянақтау, қазақша дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету.
Дамытушылық: Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Туған бауырларына, ата-анасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, қазақ тіліне деген ынтасын, қызығушылығын арттыру.
Сабақтын түрі: нәтиже сабақ, пысықтау.
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, әңгімелесу, суретпен жұмыс, ойын, шығармашылық жұмыс.
Көрнекілік: Суреттер, кеспеде жазылған сөздер.
Сабақтын барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасып,кезекшімен әңгімелесу.
1. Сыныпта кім кезекші?
2. Кім жоқ?
3. Бүгін нешесі, аптаның қай күні?
Құрметті оқушылар бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын мына ребусты шешіп алайық.
,,,, ,,
,,,,
,,,ген ж , жең ,,, .
Вместе мы сила.
Яғни бүгінгі сабағымызда барлығымыз бірлесе отырып, өзіміздің білімімізді көрсетеміз. Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Нәтиже сабақ. Біздің отбасымыз. Құрметті оқушылар бүгінгі сабағымыз Нәтиже сабақ болғандықтан әрине біз өткен тақырыптарды қайталаймыз, саралаймыз. Алдымен өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап береміз.
-
Сұрақтар:
-
Сенің отбасың үлкен бе?
-
Отбасыңда қанша адам бар?
-
Сенің ата - анаң қай жерде жұмыс істейді?
-
Сенің ағаң, әпкең, інің, сіңлің бар ма?
-
Олар неше жаста?
-
Олар не істейді?
-
Сенің атаң мен әжең бар ма, олар қайда тұрады?
-
Сонымен қатар, грамматикалық тақырыбымызға шолу жасайық. Биылғы оқу жылын біз Фонетиканы қайталаудан бастадық. Яғни, келесі сұрақтарға жауаптарыңызды дайындап отырамыз.
-
Фонетика нені зерттейді?
-
Дауыстар нешеге бөлінеді?
-
Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
-
Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
-
Буын үндестігінің анықтамасын айт.
-
Дыбыс үндестігінің анықтамасын айт.
-
Буын түрлеріне мысал келтір.
-
Ендігі кезекте, сөздікке назар аударайық. Тақтада Отбасы тақырыбына байланысты бірнеше сөздер берілген осы сөздердің дұрыс аудармасын көрсетіңдер.
тегі проспект
немере дружный
тату детский сад
балабақша лет
жас фамилия
даңғыл правнук
шөбере внук
-
Келесі тапсырмада берілген мәтінді аяқтау керек.
Сөйлемді аяқтаңдар.
Менің атым - ________,тегім ______________. Мен ______жастамын. Менің ________бар. Отбасымда жеті ________бар. Олар: өзім, ____, ____, ____, ____, _____, _____. Әкем__________ жұмыс істейді. Шешем________мұғалім. Сіңлім __________ оқиды. _____ балабақшаға барады. Біз __________ тұрамыз.
-
3. Ата - ана, отбасы туралы мақал-мәтелдерді аяқта.
-
Ата- асқар тау, Ана- бауырындағы бұлақ, бала- жағасындағы құрақ.
-
Балалы үй - базар, баласыз үй мазар.
-
Әкені көріп ұл өсер, шешені көріп қыз өсер.
-
Әке көрген - оқ жонар, шеше көрген - тон пішер.
-
Жақыныңды жат етсең, жатқа күлкі боларсың.
-
Ата - балаға сыншы.
-
4. Сөйлем құрап, оқыңдар.
1. Оның ағасы - бөлмеге кіру - телефон соғу
2. Сенің сіңлің - кітапханадан келу - сабақ оқу
3. Сіздің ата - анаңыз - автобусқа міну - театрға бару
4. Біздің отбасымыз - әр жексенбіде көлге бару - балық аулау.
-
5. «Туыс» сөзін тәуелдік жалғауда жаз.
-
6. Шеңбердің ішіндегі әріптерден ана - ананың балаға деген қамқорлығын білдіретін сөздерді құрап жаз.
1. - мейірім.
2. -махаббат.
3. - сыйластық.
-
7. «Менің туыстарым» атты сөзжұмбақты шешіңдер.
1. Әкеңнің шешесі...
2. Атаңа сен кім боласың?
3. Әкеңнің әкесі ...
4. Сенен кейінгі туысың ...
5. Сенен үлкен туысың ...
6. Әкеңнің атасына сен кім боласың?
7. Сені дүниеге әкелген жан ...
ә
ж
е
н
е
м
е
р
е
а
т
а
і
н
і
а
ғ
а
ш
ө
б
е
р
е
а
н
а
Үйге тапсырма: Диктантқа дайындалу.