- Учителю
- Открытый урок по казахскому языку на тему 'Үй жануарлары' (2 класс)
Открытый урок по казахскому языку на тему 'Үй жануарлары' (2 класс)
«Атбасар ауданының білім бөлімі №2 орта мектебі» КММ
Ашық сабақ
Тақырыбы: Үй жануарлары 2- сынып
Дайындаған: Жакина У.С
Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: үй жануарлары туралы түсінік беру, төлдерін атай білуге үйрету, олардың пайдасытуралыбілімдерінбекіту, көптік жалғауын қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын молайту, дұрыс сөйлеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: оқушыларға эстетикалық тәрбие беріп, төрт түлікке деген сүйіспеншілігін арттыру, үй жануарларына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, іздену, ойлау, топпен жұмыс, жеке жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, слайдтар, үй жануарлары бейнеленген карточкалар.
Сабақтың барысы:
І. Психологиялық дайындық.
Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіңдерме, балалар?
Күн шуағын жинаймыз,
Достарымызға сыйлаймыз.
- Балалар, қазір қандай жыл мезгілі?
- Күз айларын кім айтады?
- Қазір қай ай?
- Бүгін қарашаның нешесі?
- Аптаның қайкүні?
- Ауа райы қандай?
- Сыныпта кім кезекші?
- Сыныпта кім жоқ?
ІІ. «Ассоциация жазу». (слайд 2)
-Кәне, балалар, мен ғажайып қоржынымды ала келдім, оның ішінде тапсырмалар бар.
Жұмбақ жасыру
1. Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Төрт аяғы бар,
Бір құйрығы бар. (Сиыр)
2. Кезекті бір жануар
Үстінде екі тауы бар. (түйе)
3. Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,
Мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ. (Жылқы)
4.Басында екі таяғы бар
Төрта яғы бар.
Адам деуге болмайды,
Бірақ сақалы бар.
Ол не? (ешкі)
5. Кішкене ғана бойы бар
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
III. Жаңасабақ:
1.Сөйлесу
-Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - үй жануарлары. Үй жануарларының аттарын, олардың төлдерін, бізге берер пайдасы мен танысамыз.
Балалар үй жануарларының төлдерін атап береді. (3 слайд)
Төрт түлік (Слайд 4)
Неге үй жануарлары деп аталады? Ойлан!
Үй жануарларының адам өмірі не маңызы өте зор. Жесе - тамақ, мінсе - көлік, жүнінен, терісінен киімдер аламыз. Сондықтан адамдар оларға аса қамқорлықпен қарайды. Қыста жылы қорада ұстап, жем-шөп, су беріп асырайды.
2.Сөздікпен жұмыс
1. Сөздікпен жұмыс.
Түйе - верблюд
Жылқы - лошадь
Сиыр - корова
Қой - овца
Ешкі - коза
Сөздерді мұғалімнен кейін қайталап, сөз тіркестерін құрау (ауызша)
М: ақ ешкі, қара сиыр, үлкен түйе т.б.
- Ал , енді олардың төлдерімен таныс болайық.
Бота - верблюжонок
Құлын - жеребенок
Бұзау - теленок
Қозы - ягненок
Лақ - козленок
Сөздерді мұғалімнен кейін қайталап, сөз тіркестерін құрау (ауызша)
М: қоңыр қозы, ала бұзау, сүйкімді лақ.
3.Топтарға тапсырмалар беру
А) Үй жануарлары не істейді?(слайд 6)
1. - Қой, қозы не істейді?
- Қой, қозы маңырайды.
2. - Бота мен түйе не істейді?
- Бота мен түйе боздайды.
3. - Ешкі мен лақ не істейді?
- Ешкі мен лақ маңырайды.
4. - Бие, құлын не істейді?
- Олар кісінейді.
5. - Сиыр мен бұзау не істейді?
- Сиыр мен бұзау мөңірейді.
Сергіту сәті (Слайд 7-8)
Топ-топ етіп басайық
Ауылға біз барайық
Қозыларды санайық
Бір, екі, үш деп, Алақанды
Соғайық, Төрт, бес, алты деп
Қораларға қамайық
Б)Дидактикалық ойын. (Слайд 9 - 10)
«Кімнің дауысы?»
- Малдардың дауысын тыңдатып,ажырату.
В) Сәйкестіру (Слайд 11)
-дұрыс айтуға дағдыландыру;
Сиыр, ешкі, жылқы түйе - бәрі мал. Бұл малдарды адамдар далада жаяды. Үйде жем беріп күтеді, сондықтан үй жануарлары дейміз - деп түсіндіру.
Қой сүйеді баласын:
Қоңырым - деп,
Ештенені білмейтін
момыным - деп.
Ешкі сүйеді баласын:
Лағым - деп,
Тастан - тасқа секірген
Шұнағым - деп.
Сиыр сүйеді баласын :
Торпағым - деп,
Қараңғыға баспаған
Қорқағым! - деп.
4. «Сыңарын тап» ойынын ойнау.
Тақта алдына үй жануарларының суреттері ілінеді, оқушылар олардың адасқан төлдерін тауып қосуы керек. Әр жануардың суреттінің қасына қима қағаздарда дұрыс жазылған төлдердің аттарын тауап іледі. Сыныпта отырған оқушылар тексереді, ең сауатты оқушыны айтады.
5. Ойын «Үй жануарларын тап»
- Балалар, мен сендерге үй жануарларының аттарын айтамын, «үй жануарын» естігенде қол шапалақтау керек.
Мысалы: жолбарыс, түйе, жылқы, кірпі, аю, ешкі, лақ, қоян, тиін т.б.
IV. Сабақты қорытындылау
- Үй жануарларына нелер жатады?
- Олардың төлдерін атап беріңдерші.
- Олардың бізге берер пайдасы не?
( Тақтаға шығып жазады)
V. Үйге тапсырма:
5 - тапсырма. Жаңа сөздерді жаттау.
VI. Ой бөлісу.
- Балалар, бүгінгі сабақтан алған әсеріміз қандай?
Көңіл - күй смайликтері балаларға таратылады. Сол смайликтерді екі қорапшаға салу арқылы бүгінгі көңіл - күйімізді білдіреміз.
VII. Бағалау
Сабаққа белсене қатысқан балаларға жұлдызшалар таратылады.