7


  • Учителю
  • Спорт түрлері. Етістіктің болымсыз түрі.

Спорт түрлері. Етістіктің болымсыз түрі.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пән: Қазақ тілі Сынып: 5 «Г», «Д». Күні: 10.03.2016



Сабақтың тақырыбы: Спорт түрлері. Етістіктің болымсыз түрі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Спорт түрлері тақырыбының мәнін ұғындырып, оқушының білім алуға деген ынтасын арттыру;

Түсініксіз сөздердің мән, мағынасын, аудармасын түсіндіру; Оқушыларға спорт түрлері туралы таныстыру, спорт туралы сөздерді сөздік қорына енгізу, спорт туралы сөз тіркестерін, сұрақ-жауапты дұрыс құрастыра білуге үйрету. Өзара диалог және әңгіме құрастыра білу дағдыларын жетілдіру. Етістіктің болымсыз түрінің жасалу жолдарын талдап көрсету.

Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу тілін, логикалық ойлауын, қиялын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларға әр мамандықтың өзіндік ерекшеліктерін және олардың қажет екенін түсіндіру. Оқушыларды еңбексүйгіштікке,адамгершілікке, ұқыптылыққа баулу.

Ынталандыру: Болашақта оқушылар алған білімдерін тәжірибе барысында жүзеге асыру қажет.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: ой шақыру, түсіндіру, оқулықпен жұмыс, топпен жұмыс, жеке жұмыс, мәнерлеп оқыту, көрнекілік пайдалану, аударма, мәтінмен жұмыс, сұрақ-жауап, тіл дамыту

Пәнаралық байланыс: Дене шынықтыру, қазақ әдебиеті, тарих, орыс тілі.

Көрнекілігі: Сызбалар, суреттер, үлестірмелі қағаз, доп, кеспелер .

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, зейіндерін аударып, тізім бойынша түгендеу.

Жаңа сабақ:

1. Ой шақыру: Тіл дамытуға арналған сұрақтар.

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Бүгін қай күн?

- Біздің Отанымыз қандай мемлекет?

- Елбасымыз кім?

- Ұлттық валютамыз калай аталады?

- Ұлттық валютамыз қай жылы шықты?

2. Үй тапсырмасын тексеру: Өлеңді жаттау, 206 бет.Сөздік, ереже қайталау.





  1. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

«Спорт шынықтырады,

Ұйқы тынықтырады.

Спорт өмірді ұзартады,

Еңбек ширатады.» дейді халық даналығы.

Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - спорт түрлері. Спорттың адам өміріндегі алатын орны ерекше.

4. Жаңа сөздерді меңгерту: Бой сергіту жаттығулары -зарядка, айналысу- заниматься,нығайту- укрепить, тәртіп -дисцеплина, салауатты өмір - ЗОЖ , шыдамды-терпеливый, ағза- организм, тыныс алу- дыхание, тәртіп -дисцеплина, жақсарту -сделать лудшее, салауатты өмір салты - здоровый образ жизни, , жетістіктерге жетеді - добиваться успехов.





- Сөздікпен жұмыс жүргізу - Сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару - Дұрыс айтуға дағдыландыру.

-Мұғалім мәнерлеп оқиды - Оқушылар дауыстап қайталайды - Тізбекпен оқиды.

- Сөз тіркестерін құрастыру -Сөйлем құрастыру

Мұғалімнің сөзі: Ендеше балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Спорт түрлері» Спорт - денсаулықты жақсартады, денені шынықтырады. Спорт бүгінде елімізде жақсы дамып келеді.

футбол бокс

шахмат

баскетбол

тоғызқұмалақ

волейбол күрес

теннис

Спорттың қай түрін алып қарасақ та, барлығы да адамның денсаулығына пайдалы -дей, тұрып, оқушылар біз қазір «Баскетбол» атты мәтінмен жұмыс жасаймыз.

Ол үшін 128- беттегі, 3 тапсырмағаға қараймыз





5. Мәтінмен жұмыс.

</ Мұғалімнің мәтінді оқып, аударады.

Оқушылардың мәтінді оқуы.

«БАСКЕТБОЛ»

Бұл ойын АҚШ- та бұдан 100 жылдай бұрын пайда болған. Ол кезде допты торға емес, тоқылған әдеттегі себетке (кәрзенкеге) лақтырып түсірген. Осыдан барып ойынның аты шыққан екен: «баскет»- ағылшын тілінен аударғанда «себет» (кәрзенке), «бол» -доп.

Осы бір әлемге кең тараған ойынмен айналысу арқылы денсаулық нығаяды, жүректің қан тамырлары мен өкпенің жұмысы жақсарады, шыдамдылық пен икемдік дамиды. Баскетболмен денсаулығыңда ақауы жоқ адамдардың бәрі де айналыса алады.

6. Мәтін бойынша сұрақ - жауап :

- Баскетбол ойыны қашан пайда болды?

- Қайда пайда болды?

- Баскетбол ойыны адамға қандай әсер береді?

7. Етістіктің болымсыз түрі (отрицательная форма глагола) іс -әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдіреді. Етістіктің болымсыз түрі -ма, -ме,-па, -пе,-ба,-бе жұрнақтары жалғануы арқылы немесе жоқ, емес сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: ойна-ма,ойнаған жоқ, ойнаған емес.

















8. Тақтамен жұмыс.

Енді дәптерлеріңді ашып,бүгінгі күнді жазамыз.

Үлестірмелі қағаздармен жұмыс. Үлестірмелі қағазда 3-тапсырмадан берілген:

(1-тапсырманы және 2 -тапсырманы оқушылар тақтаға және дәптерге жазады, 3 тапсырманы отырған оқушылар өздері орындайды)

1 - тапсырма: Сөйлемдерді дұрыс құраңдар.

Мектепте, спорттық, біздің , жарыс , өтті.

Барлық, қатысты, оған, оқушылар.

Қыздар, спортшы, командасы, мықты.

2- тапсырма: Мына сөздерден етістіктің болымсыз түрін жасаңдар:

Бар-бар......, сал- сал......., кет- кет......., берді -берген.....

3- тапсырма: Мына сөздерге септік жалғауларын жалғаңдар:

Спорт, команда

Бекіту.

1. Ойын «Кім жылдам?» Мұғалім сандарды айтады, оқушылар оқулықтағы өлеңді жылдам жалғастырып әкетулері тиіс.

Бір дегенім -бокс десем,

Екімде мен -ескек есем.

Үшім -үлкен футболым,

Төртім -теннис үстелім. Бес дегенім - бес сайыс,

Алтым - алуан ат жарыс.

Жетім -жүзу, жүгіру.

Сегіз- спартакиада.

Тоғыз -турист бол көру.

Оным -олимпиада.



МЕН СПОРТШЫ БОЛАМЫН.

ТАЛАЙ ЖҮЛДЕ АЛАМЫН.



2. «Доп беру» ойыны. Екі қатарға оқушылар дізіліп тұрады. Бір-біріне тілек айтып,допты береді.

Қорытындылау. Сұраққа жауап алу.

-Спорттың қандай түрлерін білесіңдер?

- Спорттың қандай түрлері сендерге ұнайды?

- Спорттың қандай пайдасы бар?

- Етістіктің болымсыз түрі қалай жасалады?



Үйге тапсырма беру. 128- бет, 2- тапсырма, диалог құрастыру.



Оқушылардың білімдерін бағалау.











































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал