7


  • Учителю
  • Урок казахского языка в 10 классе «Шешендік өнер»

Урок казахского языка в 10 классе «Шешендік өнер»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Урок казахского языка в 10 классе о развитии ораторского искусства в Казахстане и об известных биях - ораторах. Главными целями этого урока является: дать понятие об ораторских словах, знать виды ораторских слов, научиться различать морфологические признаки частей речи,
предварительный просмотр материала

Қазақ тілі сабағы, 9 сынып


Шешендік өнер. Әйгілі шешендер



Бекбусинова Татьяна Касымовна,

Қазақ тілі мұғалімі

«Зырян қаласының № 6 орта мектебі» КММ,

Зырян ауданы, Зырян қаласы

Сабақ мақсаты:

шешендік өнер туралы білімін толықтыру;

мақал-мәтел, шешендік сөздер арқылы тіл байлығын көрсетіп, тілге жаттықтыру, ойлау қабілетін дамыту; патриоттық тәрбие беру, қазақ тілін құрметтеуге баулу.

Сабақ жабдықтары: сурет, интерактивті тақта, компьютер

Сабақ барысы



Кіріспе

Бүгін сәрсенбі күні - сәтті күн. Оқушыларға, келген қонақтарымызға сәттілік тілейміз. Тақырыпқа байланысты жақсы тілекті оқып, сабағымызды бастаймыз.








Дау - спор

Даусыз - бесспорно

Арнау - посвящение

Толғау - размышление

Сын - критика

Мысал - басня

Нақыл - изречение

Рухани - духовный

Майталман - непревзойденный

Ой - мысль


Сөздікті мұғалім оқиды, оқушы, оқушылар хормен айтады.

1 кезең

Класс үш топқа бөлінеді

I топ - компьютердің жұмыс үстеліндегі мәтінді оқиды, сұрақтар жауаптарын бір сызықпен сызады; жалқы есімдерді дәптерге жазады.

Шешендік өнердің тууы, қалыптасуы жалпы тіл өнерінің шығуымен, адам қоғамының пайда болуымен байланысты. Өйткені әрбір қоғамның өзіңе лайықты қарым-қатынасы болатыны сияқты, оның өзіңе лайықты сөйлеу мәдениеті, озық ойлы, шебер тілді адамдары да болатыны даусыз.

Шешендік өнер - сөз өнері.

Шешендік өнер туралы ғылымды халықаралық тілде риторика дейді.

Білімді, ойшыл, сөз өнерін меңгерген адамды шешен деп атайды.

Қазақ арасыңда әйгілі шешендер деп аталып кеткен Сырым батыр, Жиренше шешен, Төле би, Қазыбек би, Досбол, Бала би, Әйтеке би және т.б.

Қазақ шешендік сөздерінің бастауы - макал мен мәтелдер.

Мәтін бойынша сұрақтар: Шешендік өнердің тууы немен байланысты?

Шешендік өнер деген не?

Шешен деп кімді атайды?

Риторика деген не?

II, III топ - интерактивті тақтадағы кесте бойынша әңгіме дайындайды, деректі, дерексіз зат есімдерді теріп жазады.



2 кезең

Бүгінгі сабақта біз шешендік өнердің даму тарихындағы екінші кезеңіне тоқтаймыз. Бұл кезең XVII - XVIII ғасырларда өмір сүрген шешен билер - Төле, Әйтеке, Қазыбек есімдерімен байланысты. Олар Тәуке ханның кеңесшілері, «Жеті жарғы» заң жинағын шығарды. (4 слайд)



I топ. Төле би туралы баяндау (интерактивті тақта бойынша).




Тілеміс Есполов «Өтеген батыр» дастанында Төле би туралы айтқан:

Заманында кім жеткен

Бұлбұлдай шешен Төлеге?

Айтқан сөзі үлгілі

Жалпыға болған өнеге!

(Бір оқушы бидің баталарын мәнерлеп оқиды)

Бір үйдің баласы болма,

Көп үйдің санасы бол!

Бір елдің атасы болма,

Бар елдің данасы бол!

Бір тонның жағасы болма,

Көп қолдың ағасы бол!

Өзіңе - өзің кәміл бол!

Халқына әділ бол!

Жауыңа қатал бол!

Досыңа адал бол!

II топ. Қазыбек би туралы баяндау (кесте бойынша).


Оның өлең - толғауы айтылады

Біз - қазақ деген мал баққан елміз,

Бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елмшз...

Үш сұраққа: Не қиын? Кім жақын? Не қымбат? берілген жауаптары айтылады.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал