- Учителю
 - Сөз таптары. Зат есім.
 
Сөз таптары. Зат есім.
Тақырыбы: Сөз таптары. Зат есім.
 Мақсаты мен міндеттері: оқу және жазу дағдыларын қалыптасқан, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.
 1. Білімділік: сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; сөз таптары, зат есім туралы түсініктерін қалыптастыру;
 2. Дамытушылық: сөйлемдерді сауатты жаза білу қабілеттерін дамыту; сөз таптарын ажырата білу қабілеттерін дамыту;
 3. Тәрбиелік: ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
 Сабақ түрі: жаңа сабақ
 Көрнекіліктер:, қималы карточкалар., сызбалар, борсық, құстар суреттері
 Әдіс - тәсілдер: жұптық, топтық, өзіндік
 
 
 
 Сабақ барысы 
 1. Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Сабаққа дайындықтарын тексеру
 Өткенді қайталау: 3 - оқушы тақтада
 сөйлемді жалғастыр:
 - айналаңа бір уақыт зер салып қарашы. Сені жан - жағынан заттар қоршап тұр. Осы заттардың атын білдіретін сөздерді... дейміз
 - заттардың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөздер.... деп аталады.
 - заттар әр түрлі белгілерге (түрі, түсі, сапасы, саны) ие. Тілімізде мұндай белгілер.. және... арқылы беріледі.
 Сөйлемдерде не туралы айтылды? Зат есім, етістік, сын, сан есімдер. Бір сөзбен қалай айтамыз - сөз таптары
 
 2. Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
 Дәптермен жұмыс
 Каллиографиялық минут: әріп элеметтерін жазу.
 Суреттерге қара. Құстардың атын білмеген жағдайда, оларды білу үшін қандай сұрақтар қоясың? Ал мына суреттерге қандай сұрақтар қоясың?
 ......................................
 Сергіту сәті:
 
 3. Жаңа білімді бекіту:
 3 - жаттығу кестені толтыр:
 Зат есім
 Етістік
 Сын есім
 Сан есім
 Жұлдыз, тау, ата, көк, екі, үлкен, ақын, жеті, жуынды, жүзді, жасыл, әке.
 4 - жаттығу қайсысы зат есім, қайсысы етістік екі топқа бөліп жаз.
 3 - жаттығу 146 бет мәтінді көшіріп жаз, зат есімдерге тауып, астын сыз, сұрақ қой.
 5 - жаттығу бір сөзбен ата.
 Түйе, жылқы, сиыр, ешкі -...
 Кесе, тәрелке, қазан, ожау -...
 Қияр, қызанақ, қызылша, орамжапырақ -...
 Сөздерге сұрақ қой.
 6 - жаттығу - 145, 146 беттер бойынша оқу, талдау.
 4. Үйге тапсырма: жаттығу, ережелер