7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары математика пәнінен 'Бір айнымаласы бар сызықтық теңдеу' 6 ксынып

Сабақ жоспары математика пәнінен 'Бір айнымаласы бар сызықтық теңдеу' 6 ксынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Тақырыбы: Бірайнымалысы бар сызықтық теңдеуСабақтүрі: Жаңабілімді қалыптастыру сабағыСабақмақсаттары: Білімдікмақсаты: оқушыларғабір айнымалысы бар сызықтық теңдеулертуралы түсінік беру, тақырып бойынша,оқушылардың білім дәрежесін анықтау,алған білімдерін тиян
предварительный просмотр материала


Тақырыбы: Бір айнымаласы бар сызықтық теңдеу

Сабақ түрі: Жаңа білімді қалыптастыру сабағы

Сабақ мақсаттары: Білімдік мақсаты: оқушыларға бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер туралы түсінік беру, тақырып бойынша, оқушылардың білім дәрежесін анықтау, алған білімдерін тиянақтау.

Дамытушылық: Оқушылардың ой ұшқырлығын арттыру. Оқушылардың ақыл-ойын жан-жақты дамыту, математикалық сауаттылығын арттыру.

Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Тазалық пен ұқыптылыққа үйрету. Оқушыларды шапшаңдыққа, батыл шешімге келуге тәрбиелеу.

Сабақтың жоспары:

  1. 1. Ұйымдастыру

  2. 2. Үй тапсырмасын тексеру

  3. 3. Өткен тақырыпты қайталау

  4. 4. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  5. 5. Сабақты бекіту

  6. 6. Жаттығуларды орындау

  7. 7. Сабақты қорытындылау.

  8. 8. Оқушыларды бағалау.

  9. 9. Үйге тапсырма.

Сабақтың жүру барысы:

1. ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылардың сабаққа дайындығы (дәптер, қалам, қарандаш, сызғыш)

ә) журналды толтыру

2. Үй тапсырмасын тексеру №808 есеп;

Оқушылар бір-бірінің дәптерлерімен алмасып, бағалайды. Слайд 2

3. Өткен тақырыпты қайталау - сәйкестендіру тесті

Теңдеуді шешіңдер;

1) х+3=7 а)-6

2) Х-5=3 б) 4

3) Х+7=1 в) 8

4. Жаңа сабаққа бетбұрыс;

ах=в түріндегі теңдеу (мұндағы х - айнымалысы, а және в - қандай да бір сандар) бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу сызықтық теңдеу деп аталады.

1 қасиет:

Теңдеудегі қосылғыштың таңбасын қарама-қарсыға өзгертіп, оны теңдеудің бір жағынан екінші жағына көшіргенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.

2 қасиет:

Теңдеудің екі жағын да нөлден өзге бірдей санға көбейткенде немесе бөлгенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.

Мысалдар келтіру;

1. 4х+3=х+5,1 2. 7х+3=3х+5

4х-х=5,1-3 7х-3х=5-3

3х=2,1 4х=2

х=0,7 х=0,5

3. 2х+4=2х-5,8 4. 2х+х-5=3х-5

2х-2х=-5,8-4 3х-3х=-5+5

0*х=-9,8 0*х=0

Теңдеудің түбірі болмайды кез-келген сан теңдеудің түбірі болады

Бекіту сұрақтары;

  1. 1. Қандай теңдеуді бір айнымалысы бар теңдеу деп атайды?

  2. 2. Бір айнымалысы бар теңдеудің қандай қасиеттерін білесіңдер?

  3. 3. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің түбірін қалай табады?

Оқулықпен жұмыс;

№834 (ауызша)

1) х+2,7=3

2) х-0,6=1,4

3) 2х-5=х-1

4) 2,7+1,3=х+3

№835 (жазбаша)

1) 2х+17=22+3х 2) 18+3х=х+14

2х-3х=22-17 3х-х=14-18

-х=5 2х=-4

х=-5 х=-2

Теңдеуді шешіп, мақалды құрастырыңдар; (сергіту сәті)

1. 3х+2=3,5х-2

2. 2х-2,2=4х+4,8

3. 4х-5,6=3х-2,7

4. 7х-3=х+9

5. -12-2х=х-3

6. -50-17х =-15х-14

7. 12х-14 =13х

Осы теңдеулерді шешкенде жауаптарына сәйкес, мақал құрастырылады.

Жауабы - «Бірлік болмай - тірлік болмайды»

Енді балалар сөзжұмбақ шешіп көрейік. (ауызша)

Сонымен қатар, сабақ тақырыбына байланысты теңдеулерді шешу арқылы күн шуағын өзімізге шашайық.

Күн шуағы ойынының шарты

Оқушылар қатар-қатар болып, жаңа тақырыпқа байланысты есеп шығарады. Дайын болған қатар күннің шуағын тақтаға жабыстырады. Әрбір күннің шуағында бір теңдеу.

  • 2х+17=22+3x

  • 18+3x=x+14

  • 13x+70=2x+15

  • 5×-8=2x+1

  • 25-4х=12-5х

  • 13х+27=16х+4,5

Оқушылар дайын болған күн шуақтарын ауызша жауап беріп, магнитті тақтаға жабыстыра береді.

Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау, үйге тапсырма.

№836, №837

Күні:_______

Сыныбы 6 а,ә математика
Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар теңдеулерді шешу. Қозғалысқа берілген есептер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың қозғалысқа берілген есептерді теңдеу құру арқылы шығара білулеріне жағдай жасау.
Дамытушылық: Ойлау қаблеттерін дамыта отырып есептер шығару.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, еңбекке баулу.
Көрнекілік:
Үлестірме материалдар.
Сабақтың түрі:
Практикалық (есеп шығару) жұмыс сабақ.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушыларды түгендеу.
ә) оқушылардың сабақта жұмыс істеу дайындығын тексеру.
II. Үйге берілген есептерінің шығарылуын тексеру, қателіктер болса жою.
III. Оқушылардың өтілген материал бойынша білімін тексеру:
• Қандай теңдеулер бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер деп аталады?
• Қандай теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады?
• Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің түбірлері қалай табылады?
• Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешудің қандай алгоритмі бар?
IV. Теңіз жауынгері ойыны. сыныпты екі топқа бөлеміз: қыздар және ұлдар болып. Ұтқан топ «теңдеу шешудің нағыз білгірі» атанады.
Ойынның шарты: әр топ кезекпен сұрақтарды атады, оқ тимегенде қоныраудың үні шығып, кезек келесі топқа өтеді, егер мылтықтың дауысы шықса, онда топқа сұраққа жауап беру мүмкіндігіне ие болады және сұраққа жауап беріп бір ұпай алуға мүмкіндік туады. Ары қарай дұрыс жауап берген топ ойынды жалғастырады. Дұрыс жауабы батырманы басқанда шығады.
Сұрақтарды толық ашпауға болады, ол үшін алдын ала әр топтың қанша оқ ататындығы келісіп алу керек. Егер уақыт жетпей жатса ойынды тоқтатуға болады.
Теңдеуді көрсет:
1) 35 - 4(6 - 3) = 23 2) 35 - 4(6 - х)
3) 35 - 4(х - 3) = 23 4) 35 - 4(6 - 3)
Қай сан - 3х = 48 теңдеуінің түбірі болып табылады?
1) 16 2) - 16 3) 4)
- 2 саны қай теңдеуге түбір болады?
1) 3х - 4 = 12 2) х + 5 = 7 3) 5х + 2 = 8 4) 6 - х = 8
Ұқсас мүшелерді біріктір: 2а + 7а + 4а - 11а
1) 2а + 2 2) 2 3) 2а 4) 4а
Мына теңдеулер мәндер теңдеулер бола ма:
- 3(х - 5) = 11 и 3(х - 5) = - 11?
Мәндес теңдеулер бола ма:
2х - 1 = 17 и 2х = 17 - 1?
Ұқсас мүшелерді біріктір: 13х - 4 - 4х + 2
1) 9х - 6 2) 9х - 2 3) 17х + 2 4) 7х
Жақшаны аш: 5а + (4b - c)
1) 5a - 4b + c 2) 5a + 4b - c 3) 5a - 4b - c 4) 5a + 4b + c
1 саны қай теңдеудің түбірі болып табылады?
1) 3х - 4 = 12 2) х + 5 = 7 3) 6х + 2 = 8 4) 6 - х = 8
жақшаны ашыңдар: 2а - (3b - c)
1) 2a - 3b + c 2) 2a - 3b - c 3) 2a + 3b + c 4) 2a + 3b - c
Мына теңдеулер мәндер теңдеулер бола ма:
6х - 1 = 11 и 6х = 11 + 1?
0, 3х = - 4 теңдеуін бүтін коэффициентті мәндес теңдеулерге келтір
4(х - 5) = 20 теңдеуінің түбірі 5саны болып табылады ма?
Қай сан мына теңдеуге түбір болады? 4(х - 5) = - 4?
1) 0 2) - 1 3) 5 4) 4
Біздің почтамызға аяқ астынан хат жолдапты, ашып көрейік.
Құрметті немерем!
Сені қатты сағындым, қонаққа барғым келеді. Бірақ сенің көмегің қажет. Менің ауылым теміржол станциясынан 20 км қашықтықта. Поезд станциядан сағат 11 - де жүреді. Мен, қазір жас болмасам да, 5 км/сағ жылдамдықпен жүремін. Маған поездқа үлгеру үшін қай уақытта үйден шығу керек? Немерем маған айтып жіберші, өтінемін, тезірек сені көргім келеді, ал сенің көмегіңсіз болмайды поездтен кешігіп қалудан қорқам.
Сенің атаң.
Ендеше атамызға көмектесеміз бе?

V. Сынып жұмысында: №851, №867, №878 есептерін шығару.
VI. Оқушыларға үй тапсырмасын және оны орындауға нұсқау беру кезеңі.
1) Үйге №868, №869
2) Өзіндік бағалау. Сабақты қорытындылау.






Математика 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу (слайдымен)
Сабақтың мақсаты 1. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді есептер шығару арқылы бекіту
2. Есептеу әдістерін және шығармашылық қабілеттерін дамыту
3. Оқушыларды ынтымақтаса жұмыс жасауға, өзара көмектесуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың көрнекіліктері: Тақта, сызбалар, интерактивті тақта, карточкалар, оқулық.
Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі
1) Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.
2) Сәлемдесу әдебі
3) Слайдта көрсетілген «тақ сандар», «жұп сандар» және «теріс сандар» бойынша оқушыларды үш топқа бөлу және топ басшыларын анықтау

2. Өткенді қайталау
1. Қайталау сұрақтары:
1) Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деген не?
2) Мәндес теңдеу деген не?
3) Сызықтық теңдеудің екі негізгі қасиеті қайсы?
4) Сызықтық теңдеудің түрін алғаш көрсеткен ғалым кім?
5) Сызықтық теңдеуді зерттеген қазақ математигі кім?
2. Теңдеуді шешіп, коэффициенті мен бос мүшесінің қасиеттерін айтыңдар.
1) 2x - 5=2(x+0, 5)
Жауабы: a=0 b≠0, теңдеудің шешімі жоқ.
2) 3, 5(2x - 1)=3x - 3, 5
Жауабы: a≠0 b=0, теңдеудің түбірі 0 - ге тең.
3) 4, 2(x - 1)=0, 2(x+4)
Жауабы: a≠0 b≠0, теңдеудің түбірі b/a - ға тең.
1) Төмендегі есепті шығаруда кеткен қателіктерді анықтаңдар.
a) 2(3x - 5)- 3(x - 5)=x
6x+10 - 3x - 15=x
6x - 3x - x=- 10+15
2x=25
x=25: 2
x=12, 5
b) 8y -(5y - 4)=22
8y+5y+4=22
8y+5y=22+4
13y=26
y=26: 13
y=2
c) - 1, 5(- 4x - 6)=19+x
- 6x+9=19+x
- 6x - x=19 - 9
- 5x=10
x=10:(- 5)
x=- 2




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал