7


  • Учителю
  • Қазақ тілі.Құрмалас сөйлем түрлеріне арналған тест үлгілері

Қазақ тілі.Құрмалас сөйлем түрлеріне арналған тест үлгілері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Құрмалас сөйлем түрлері бойынша

білім тексеруге арналған онлайн тест үлгілері



Тест 1 (www.testmoz.com/97635)

1.Ыңғайлас салаластың ішіндегі қайталанбай келетін жалғаулықты атаңыз.

A) Да, де.

B) Және.

C) Сондықтан.

D) Бірде.

E) Болмаса

2. Баяндауыштары тұлғалас, мағыналас болатын салаластың түрін көрсетіңіз.

A) Ыңғайлас.

B) Себеп-салдар.

C) Түсіндірмелі.

D) Қарсылықты.

E) Кезектес.

3. Тек жалғаулықты болатын салаластың түрін белгілеңіз.

A) Ыңғайлас.

B) Себеп-салдар.

C) Түсіндірмелі.

D) Кезектес.

E) Қарсылықты.

4. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

A) Бұл жердің дәнін мен сепкендіктен, өзгеңнен гөрі менің жаным қатты ауырды.

B) Сізден сұрайтынымыз мынау: бізге қамқоршы болыңыз.

C) Олар қыстаудан шықпайды, өйткені төлді қорада ұстау керек.

D) Мал өріске қарай шұбатыла жөнелді.

E) Асқар бұл сұраққа жауап таба алмай, ұзақ үнсіз отырды.

5. Жай сөйлемдері жалғаулықты шылаусыз байланысатын салалас түрін атаңыз.

  1. Түсіндірмелі.

B) Себеп-салдар.

C) Ыңғайлас.

D) Қарсылықты.

E) Кезектес.

6.Бірінші жай сөйлемде сілтеу мәнді сөздер қолданылатын салалас түрін көрсетіңіз.

A) Себеп-салдар.

B) Кезектес.

C) Қарсылықты.

D) Түсіндірмелі.

E) Ыңғайлас.

7.Қарсылық салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

A) Құнанбай Ұлжан қасына отырды да, Мәкіш пен Абайдың жүзіне қарады.

B) Сізден сұрайтынымыз мынау: бізге қамқоршы болыңыз.

C) Олар қыстаудан шықпайды, өйткені төлді қорада ұстау керек.

D) Мал өріске қарай шұбатыла жөнелді.

E) Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ

8.Құрмалас сөйлемді табыңыз.

A) Ол асып та, тасып та сөйлейді.

B) Қарағым, бермен екл.

C) Ақылды қарттан нақыл шығады!

D) Сен, сірә, жексенбі күні келерсің, не дүйсенбі күні келерсің.

E) Ерлік көрсеткен ер болар.

9.Салалас құрмалас сөйлемнің неше түрге бөлінетінін көрсетіңіз.

A) 2.

B) 3.

C) 4.

D) 5.

E) 6.

10.Ешқашан қайталанбай бір-ақ рет келетін жалғаулықты көрсетіңіз.

A) Да.

B) Та.

C) Де.

D) Те.

E) Және.

11.Салдар мәнді жай сөйлемі бұрын орналасқан жалғаулықты құрмалас сөйлемді анықтаңыз.

A) Қостанайдан шыққалы он күн: біз түнде де жүріп келеміз.

B) Күріш тұқымы суға қолмен себіледі, өйткені тұқым сепкен суға жүре алмайды.

C) Өзгеңнен гөрі менің жаным қаттырақ ауырар еді: бұл егін дәнін қолымнан мен септім ғой.

D) Қазір ол сақалың да қырған, киімін де өзгерткен, сондықтан кескін-кейпі де өзгерген.

E) Қайыр сөзді әрі қарай тереңдеткісі келмеді, сондықтан әңгіме желісін бұрып жіберді.

12.Себеп мәнді жай сөйлемі бұрын орналасқан құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

A) Сізді ешкім шақырған жоқ, сондықтан сіз бармайсыз.

B) Амалсыз қонуға тура келді, өйткені мезгіл кешкіріп кетті.

C) Мен қорқып тұрмын, неге десеңіз қолың қатты дейді.

D) Тереңге балық уылдырық шаша алмайды, неге десең, онда уылдырық оралатын не балдыр, не шөп жоқ.

E) Кей металдар табиғатта өте аз және таза түрінде кездесуі сирек.

13.Жалғаулықсыз қарсылықты салаласты көрсетіңіз.

A) Құдайдың қарарынан жалбарынып құтылуға болады, бірақ халықтың қарғысынан ешқашан да құтылуға болмайды.

B) Апай сені елжіретіп сүймейді де, алайда шыж-быж етіп ұрыспайды да.

C) Дүниенің төрт бұрышын тегіс кезіп шығады, бірақ қайда барса да жолы болмайды.

D) Баршагүл сәлем беріп еді, - ол қырын қарап кетті.

E) Сөз бергенге ерме, бірақ бөз бергенге ер.

14. Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлемді белгілеңіз.

A) Ұлберген кедей болғанмен, киім-кешектерін таза ұстайтын еді.

B) Абай үйге кіргенде, Әбіш бар қағазды оқып шыққан еді.

C) Ол заманда ұл балаға бас кеспесе, қан төкпесе, ат қойылмайтын еді.

D) Бұл күнде Құнанбай өлсе де, құнанбайлық құрымапты.

E) Мен де алға қарайтынмын, бірақ көзіме ештеңе көрінбейтін

15. Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Қонағы домбыра тартса, ол әнімен қосылды.

В) Еріншектің ертеңі таусылмас.

С) Ұлық болсаң, кішік бол.

D) Тоқтататын күш жоқ..

Е) Өзі барып соқтықпайды, бірақ соқтыққанды аямайды.

16.Бірақ, дегенмен жалғаулықтары арқылы жасалатын салалас түрін көрсетіңіз.

А) Себеп-салдар салалас.

В) Қарсылықты салалас

С) Түсіндірмелі салалас.

D) Талғаулы салалас.

Е) Кезектес салалас.

17.Жалғаулықсыз себеп-салдар салаласты табыңыз.

А) Бұл сөз Кенжетайға ауырлау тиді, ол ауыл жігіті болатын.

В) Жетпіс жыл өмір сүрдім, өзіме аз көрінеді.

С) Оған ескерттім мен, сондықтан кешікпеуге тиіс.

D) Асан малға икемді болып өсті.

Е) Білмесең үндеме, білгенді күндеме

18.Не, немесе,болмаса жалғаулықтарының көмегімен талғаулы салалас жасаңыз.

А) Мен бұл адамдардың ортасынан кетуім керек, барша жанға тынымсыз болатын зұлымдықты қоюым керек.

В) Дәрмен ұшып тұра келсе, қармағы су бетінде қалқып барады.

С) Көзқарасы дұрыс, ешқашан қарсылық көрсеткен емес.

D) Әжесі ертегісін аяқтады, Аяулым қызыға тыңдап қапты.

Е) Ұшақ Арқалыққа кешігіп келді, бұны ағасы күтіп алды.

19.Түсіндірмелі салаласты көрсетіңіз.

А) Аңсаған менің арманым, жеттім бе бүгін шегіңе!

В) Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын.

С) Қорыққаным соншалық-қаным басыма шапшыды.

D) Арсыздарға алты күн, жетесізге жеті күн мейрам.

Е) Маған олар я жетер, я жетпес еді.

20.Сабақтас құрмаластың түрін анықтаңыз.

Жақсымен сөйлессең, жаның рахаттанады.

А) Шартты бағыныңқы сабақтас.

В) Мезгіл бағыныңқы сабақтас.

С) Қарсылықты бағыныңқы сабақтас.

D) Себеп бағыныңқы сабақтас.

Е) Мақсат бағыныңқы сабақтас.

21.Қарсылықты салалас жасауға болатын қатарды көрсетіңіз.

А) Түн.Ышқынған дауыл.

В) Қасиетті мекен, күн сәулесі.

С) Ескек қолынан түсіп кетті. Оның есі шығып кетті.

D) Жау шегінді. Бауыржан оны білген жоқ.

Е) Шоқан ғылымға әбден берілді. Әскери қызметтен бас тартты.

22.Қайтсе де? Не етсе де? Қайткенмен? сұраулықтарына жауап беретін сабақтас түрін көрсетіңіз.

А) Шартты бағыныңқы сабақтас.

В) Мезгіл бағыныңқы сабақтас.

С) Себеп бағыныңқы сабақтас.

D) Қарсылықты бағыныңқы сабақтас.

Е) Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас.

23.Мақсат бағыныңқы сабақтастың баяндауышының жасалу жолын көрсетіңіз.

А) -у+үшін, -мақ болып.

В) -ып,-іп,-п.

С) -ған+ша, -ген+ше.

D) -са да, -се де.

Е) -ған+ы болмаса..

24.Қимыл-сын бағыныңқы сабақтасты табыңыз.

А) Әкесі жұмыстан келгенде, Әсел алдынан шықты.

В) Екі бүктелген күйі, ішін ұстап қалды.

С) Жұртқа сездірмегенмен, іштей мүжілгені анық.

D) Жауын жауса - жер ырысы.

Е) Жаман есепші жанынан төлейді

25 Баяндауыштары тиянақты, өзара тең дәрежеде байланысатын құрмаластың түрін белгілеңіз.

A) Салалас құрмалас сөйлем.

B) Сабақтас құрмалас сөйлем.

C) Шартты бағыныңқы сабақтас.

D) Қарсылықты бағыныңқы сабақтас.

E) Аралас құрмалас сөйлем.



Тест 2 (www.testmoz.com/97655)

1. Саластың түрін және тыныс белгісін анықтаңыз.

Сізге айтар тілегім сол мені ұшқыштың оқуына жіберіңіз.

А) Себеп-салдар салалас, үтір қойылады.

В) Қарсылықты салалас, үтір және сызықша қойылады.

С) Түсіндірмелі салалас, қос нүкте қойылады.

D) Ыңғайлас салалас, сызықша қойылады.

Е) Талғаулы салалас, үтір қойылады.

2.Талғаулы салалас болатын сөйлемді көрсетіңіз.

A) Ол туралы өзгелер не дейді, өзіміз қалай ойлаймыз?

B) Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек.

C) Кейде қабағы түксиеді, кейде бет әлпеті күлім қағады.

D) Қазақ мақалы бар: асыл тастан, өнер жастан.

E) Бірде көк ала қамысты көлдер қалып жатыр,бірде сары ала жон белестер қалып жатыр.

3.Салаластың түрін анықтаңыз.

Ол бастапқыдан да бетер сұлу сөйледі,өз сөзін өзі қызықтап тыңдай бастады.

A) Ыңғайлас салалас.

B) Қарсылықты салалас.

C) Түсіндірмелі салалас.

D) Себеп-салдар салалас .

E) Талғаулы салалас.

4.Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын көрсетіңіз.

Май құйған шала сөнсе де,шам-шырақ сөнбес өмірде.

A) Көсемше жұрнағы арқылы.

B) Шартты райдың -се жұрнағы арқылы.

C) Күрделі етістіктен.

D) Етістіктің шартты рай түріне де шылауының тіркесіп келуінен.

E) Бағыныңқысының баяндауышы күрделі етістіктен.

5.Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін белгілеңіз.

Иса сахнаға әуелі домбырасымен шығып, алдымен «желдірмеге» басатын.

A) Шартты бағыныңқылы сабақтас.

B) Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас.

C) Себеп бағыныңқы сабақтас.

D) Мезгіл бағыныңқы сабақтас.

E) Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас.

6.Мақсат бағыныңқы сабақтастың жасалу жолын көрсетіңіз.

A) -айын деп.

B) -ып,-іп.

C) -қан+дықтан.

D) -қан+ша.

E) -са,-се.

7.Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлем баяндауышының тұлғалық белгісін анықтаңыз.

А) Етістік негізді -ысымен (-ісімен)

В) Жалғаулық шылаулар арқылы.

С) Көсемше негізді -дегенмен.

D) -қан+ы болмаса тұлғалық белгісі.

Е) Көсемшенің -й жұрнағына біткен болымсыз етістік түрі.

8.Құрмаластың түрін анықтаңыз.

Шолақ ақбоз аттың құлағын төмен қарай тұқырта басып қалып еді,ат етпетінен түсті.

А) Себеп-салдар салалас.

В) Қарсылықты бағыныңқы сабақтас.

С) Ыңғайлас салалас.

D)Түсіндірмелі салалас.

Е) Мезгіл бағыныңқы сабақтас.

9. Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

A) Ботагөз қиындықты көре жүре, Асқардан үмітін үзбеді.

B) Қастарында бөтен кісілер болғандықтан, Абай Оспанға айтар сөзін іркіп қалды.

C) Тұқымды бірер күн ылғалдау керек, себебі құрғақ жерге түссе, өнбей қалады.

D) Өзен суы жылдағыдан мол, сондықтан мұз ерте сөгілді.

E) Олар теңізге түсті, қайықпен жүзді.

10.Себеп-салдар салалас сөйлемді белгілеңіз

А)Оның қорыққаны сондай-не айтып,не қойғанын білген жоқ

Б)Айдағаның бес ешкі-ысқырығың жер жарады.

С)Енді жасыру мүмкін емес:үйлену тойы ертең ,кеште

Д)Жақсыда кек жоқ, жаманда тек жоқ

Е)Танымадым:үй - Қарабеттің отауы

11.Қарсылықты бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз

А)Таң мезгілі болғанда, қонақтар да тарасты

В)Жылан шыққан кісіні мүмкіндігінше қозғамай, төсекке жатқызып қойған абзал

С)Енді он минут кешіккенде, атқа да мініп үлгермейді екенбіз

Д)Таң алдында бір сағат мызғығаны болмаса, Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді

Е)Екі жақты тыңдап алмай, үкім шығарма

12.Болымсыз етістікті көсемше қандай құрмаластікі,белгілеңіз

Жер тоймай,

Ел тоймайды.

А)Шартты бағыныңқылы сабақтас

В)Мезгіл бағыныңқылы сабақтас

С)Себеп - салдар салалас

Д)Кезектес салалас

Е)Қимыл - сын бағыныңқылы сабақтас

13.Жалғаулық шылау арқылы байланысқан салаласты табыңыз:

А)Қына тасқа бітсе, білім басқа бітер

В)Ол қасқа айғырға қарап ұмтыла түсіп еді, Бақыт тізгінге жармаса кетті

С)Күн бұлттанып еді,-жаңбыр жаумады

Д)Алыс пен жақынды жорытқан білер, ащы мен тұщыны татқан білер

Е)Құнанбай Ұлжан қасына отырды да, Мәкіш пен Абайдың жүзіне қарады

14.Қимыл-сын бағыныңқылы сөйлемді табыңыз

А)Жолда көп жүргендіктен, мен қатты шаршадым

В)Театрға барсаң ,маған телефон соқ

С)Амантай үйден тез киініп шығып, автобусқа келіп отырды

Д)Күн жылынса,ауылға қайтамын

Е)Күн жылынса да,қар ерімеді

15.Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз

А)Әңгіме жалпақ елдің жайына көшкен кезде Абай шешіле түсті

В)Оның сөздік қоры мол болғандықтан , өз ойын еркін жеткізеді

С)Мен оқыған кітап қызық-ақ!

Д)Әдейі танытпау үшін ,ол бет аузын таңып алыпты

Е)Түн

16.Талғаулы салаласты табыңыз

А)Жігіттің дені сау болса,сол-дәулет

В)Күн бұлттанды,бірақ жаңбыр жауған жоқ

С)Жолдастық-достық пен махабаттың бірінші баспалдығы

Д)Сәлім-әке - шешесінің тұңғышы әрі жалғызы

Е)Мына Әсетті қасымызға шығарып бер, не болмаса кепіл бол

17.Мезгіл бағыныңқы сабақтасты табыңыз

А)Ақымақпен дос болғанша,ақылдымен жауласқан артық

В)Сәрсен әбден шаршаған еди, сондықтан Дәулеттің сұрақтарына жауап бермеді

С)Ашуланғаны сонша-өңінде ызаның ұшқындары шашырап тұрды

Д)Ербол ат ерттеп болған кезде, тыстағылар тегіс жиналды

Е)Тілдің арқасында біреуді біреу танып, бір халық екінші бір халықты біліседі

18.Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз

А)Бұл уақыттың ішінде ел де өзгеріп кетті,адамдар да өзгерді

В)Міне біз де келдік. Кеш те басталды.

С)Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас:қардың суы секілді тез суалар

Д)Мен үй жинап жатырмын, өзің келіп кет

Е)Сауран шаңғыға әуесқойлардың бірі бола тұра, әлі күнге мұншалықты ұзын алқапта,әсіресе мынау еңістікте сырғанап көрген емес.

19.Түсіндірмелі салаласты көрсетіңіз

А)Махмұт байсалды болып,сапалы білім алу жолын түсті

В)Гүлнұр тоғайға гүл теруге кетті

С)Қазақстанда өзен көп

Д)Мал етінің асылдануы сондай-майы аузына салдырмайды

Е)Жайлаудың көлдеріне сенуге болмайды, құрғақшылық жылы олардың көбі тартылып қалады

20.Қос нүктенің қойылу себебін белгілеңіз.

Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас:қардың суы секілді тез суалар

А)Қарсылықты салалас

В)Жалпылауыш сөз

С)Кезектес салалас

Д)Ыңғайлас салалас

Е)Себеп-салдар салалас

21.Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз

А)Таң ата олар жолға шықты

В)Жаңа келген жансың,сондықтан жат жердің сырын біле қою оңай емес

С)Кешке дейін қызметін бітірді

Д)Айтқандарым жаққан соң,алыс-жақын тыңдайды.

Е)Соңғы тапсырма қиын болса да,орындауға бар күштерін салды

22.Салалас сөйлемнің тиісті тыныс белгісі мен түрін табыңыз.

Махаббатта бір-ақ формула бар ол - тұрақтылық

А)(сызықша)себеп-салдар

В)(қос нүкте)түсіндірмелі

С)(үтір мен сызықша)қарсылықты

Д)(үтір)ыңғайлас

Е)(үтір)кезектес

23.Жалғаулықты себеп -салдар салалас сөйлемін көрсетіңіз

А)Қадырдың киімі жұқа әрі денсаулығы да мықты емес

В)Оқушылар сыныптарға кіріп кетті

С)Ол кісінің өзін кенші деуге болады,себебі тастардың тегін,түрін өте жақсы біледі

Д)Айтқандарым жаққан соң,алыс - жақын тыңдайды

Е)Қоңырау соғылды

24.Шартты бағыныңқы сабақтасты табыңыз

А)Бүгін жаңа ай туды

В)Кітабын оқып болғандықтан,досына бере салды

С)Табиғаттың тілін білсең,ешқашан қор болмайсың.

Д)Маған жақындап келгенде ғана,өзімнің шәкіртім екенін таныдым

Е)Ертең апам келеді

25.Қарсылықты бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз

А)Бойда қайрат болмаған соң,айтпа сөз

В)Қартайсақ та,даусымыз жаспен бірдей

С)Жапырағы судырлап,тал таранды сұлуша

Д)Ділдәні Абайға айттырған уақытта,Алшынбай ауылы күміс тартқан

Е)Осы жолдан таймай адал жүрсең,жетпейтін мақсат жоқ



Тест 3 (www.testmoz.com/97830)

1.Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

А)Үйірме мүшелері М.Мақатаев өлеңдерін жатқа оқыды

В)Балалар еңбек сабағына құрал -жабдықтарын әкелді

С)Тұрмыс жақсы болу үшін ,еңбек өнімді болу керек

Д)Жамал пешке от жагып,асты әзірлей бастады

Е)Жақып кешкі тымырсық ауаны сіміре жұтып,даланы ұзақ аралады

2. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.

A) Биыл шөп қалың шықты, себебі жаңбыр көп жауды.

B) Олар біресе тоқтап демалды, біресе күн ұзақ жүрді.

C) Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.

D) Мұхит келіп еді, Арман шыға жөнелді.

E) Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым.

3. Қарсылықты бағыныңқы сабақтасты анықтаңыз.

A) Қыс келсе де, қар жаумады.

B) Сабақ оқымай, бес алмайсың.

C) Мен барғанша, ол театрға кетіп қалды.

D) Екі қолы дірілдеп, Оспан үйге кірді.

E) Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.

4. Ыңғайлас салаласты табыңыз.

A) Олар күзде босамайды, бірақ көктемде қолдары бос.

B) Жаңбыр да жауды, от та өшті.

C) Біздің сынып кең.

D) Ол бөлмеге кіріп, отыра кетті.

E) Ол жаза біледі.

5. Мақсат бағыныңқы сабақтасты табыңыз.

A) Оқушылар келген соң, сабақ басталды.

B) Мен барғанша, ол кетіп қалды.

C) Қонақтарға әр түрлі базарлық алу үшін, біз бірнеше дүкендерді араладық.

D) Ол келіссе, біз кешке киноға барамыз.

E) Күн жылы болады деп, біз серуенге шықтық.

6. Мезгіл бағыныңқы сабақтасты белгілеңіз.

A) Ол оқымақшы болып, Астанаға келді.

B) Сабақты жақсы оқысаң, білімді боласың.

C) Мен жаңалықты айтқанша, ол шай жасады.

D) Жанында әкесі болғандықтан, ашылып сөйлей алмады.

E) Олар үйге тез жетпек болып, аттарына қамшы басты.

7. Аралас құрмалас сөйлемнің арасына үтір мен сызықшаның қойылу себебін анықтаңыз. Егер мұғалім болғымыз келсе, жалдайтын ауыл да табылды, менің жалданғым да келді, - оған Баймағамбет болмады.

A) Бірыңғай мүшеге.

B) Қарама-қарсылық мәні болғандықтан.

C) Күрделі сөз тіркестерінің арасына.

D) Қалған сөйлемге басыңқы сыңар ұйытқы болғандықтан.

E) Себеп мәнді мағыналы болғандықтан.

8. Ыңғайластық жалғаулықты табыңыз.

A) Бұдан кейін оның тыңдауға шамасы болмады.

B) Ол білімді әрі өнерлі.

C) Ол Розаға алмұрт пен алма берді.

D) Тек кейде жаңбыр жауады.

E) Сол сияқты балалар өте көп

9. Салалас құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз.

А) Қарсылықты.

В) Мезгіл.

С) Мекен.

D) Мақсат.

Е) Себеп.

10. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем жалғаулығын анықтаңыз.

А) Немесе.

В) Және.

С) Әлде.

D) Себебі.

Е) Сөйтсе.

11. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем жалғаулықтарын анықтаңыз.

А) Өйткені, себебі.

В) Жалғаулығы жоқ.

С) Сол үшін, себебі.

D) Сөйтсе де, әйтсе де.

Е) Әйтпесе, немесе.

12. Салалас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз.

Биыл мектеп бітіремін және оқуға түсемін.

А) Қарсылықты.

В) Ыңғайлас.

С) Кезектес.

D) Талғаулы.

Е) Түсіндірмелі.

13. Құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз.

Оқуға түспеймін, өйткені жұмыс істеуім керек.

А) Кезектес.

В) Ыңғайластық.

С) Талғаулы.

D) Түсіндірмелі.

Е) Себеп-салдар.

14.Сабақтас құрмалас сөйлем қандай сөйлемдерден тұратынын анықтаңыз.

А) Жай, күрделі.

В) Бағыныңқы, басыңқы.

С) Сұраулы, лепті.

D) Лепті, хабарлы.

Е) Бұйрықты, сұраулы.

15. Сабақтас құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз.

Күз келсе де, жаңбыр әлі жаумады.

А) Қарсылықты.

В) Себеп.

С) Шартты.

D) Мақсат.

Е) Қимыл-сын.

16. Сабақтас құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз.

Мұғалім айтқанда, ол жазады.

А) Мезгіл бағыныңқы.

В) Мақсат бағыныңқы.

С) Қимыл-сын бағыныңқы.

D) Себеп бағыныңқы.

Е) Шартты бағыныңқы.

17. Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Сабақ ерте басталғандықтан, ерте аяқталды.

В) Сабақ өте ерте басталды.

С) Ол көп уайымдап, үйге келді.

D) Күз келсе де, жаңбыр жаумады.

Е) Не ексең, соны орасың.

18. Құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз.

Ол көп уайымдап, үйге келді.

А) Салалас құрмалас сөйлем.

В) Аралас құрмалас сөйлем.

С) Қимыл-сын бағыныңқы.

D) Мақсат бағыныңқы.

Е) Себеп бағыныңқы.

19. Кезектес салалас құрмалас сөйлем шылауларын көрсетіңіз.

А) Сондықтан.

В) Өйткені.

С) Бірде.

D) Әйтсе де.

Е) Немесе.

20. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын көрсетіңіз.

А) Немесе.

В) Бірде.

С) Сондықтан.

D) Жалғаулықсыз.

Е) Сөйткенмен.

21. Салалас құрмалас сөйлем түрін көрсетіңіз.

Шығарып салуға не мен барайын, немесе сен бар.

А) Талғаулы.

В) Қарсылықты.

С) Түсіндірмелі.

D) Себеп-салдар.

Е) Ыңғайлас.

22. Бағыныңқы және басыңқы сөйлемнен тұратын сөйлемнің түрін анықтаңыз.

А) Жай сөйлем.

В) Атаулы сөйлем.

С) Салалас құрмалас сөйлем.

D) Сабақтас құрмалас сөйлем.

E) Жалаң сөйлем.

23. Бағыныңқы сөйлемі «Неліктен?» сұрағына жауап беретін сөйлемнің түрін анықтаңыз.

А) Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

В) Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

С) Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

D) Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

E) Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

24. Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Не ексең, соны орасың.

В) Күз келсе де, жаңбыр жаумады.

С) Сабақ ерте басталғандықтан, ерте бітті.

D) Ол көп уайымдап, ерте келді.

E) Мұғалім айтқанда, ол жазды.

25. Сөйлемнің түрін анықтаңыз.

Сабақ кестесін өзгертсе, бізде кітапханаға баратын уақыт болады.

А) Салалас құрмалас сөйлем.

В) Жай сөйлем.

С) Жалаң сөйлем.

D) Атаулы сөйлем.

E) Сабақтас құрмалас сөйлем.



Тест4 (www.testmoz.com/97871)

1.Шартты бағыныңқы сабақтастың жасалу жолын анықтаңыз.

А) -са, -се.

В) -ғандықтан, -гендіктен.

С) -ғанда, -генде.

D) -мақшы, -мекші+болып.

E) -ғанмен, -генмен.

2. Себеп бағыныңқы сабақтастың жасалу жолын анықтаңыз.

А) -а, -е, -й.

В) -үшін.

С) -ғандықтан, -гендіктен.

D) -са, -се.

E) -са да, -се де.

3. Сөйлемнің түрін анықтаңыз.

Ол көп ойланып, үйге қайтып келді.

А) Мезгіл бағыныңқы сабақтас.

В) Мақсат бағыныңқы сабақтас.

С) Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас.

D) Қарсылықты бағыныңқы сабақтас.

E) Шартты бағыныңқы сабақтас.

4. Жалғаулықсыз ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Биыл мектеп бітіремін және Астанаға жоғарғы оқу орнына түсемін.

В) Көктем келді де, күн жылынды.

С) Қоңырау соғылды, сабақ басталды.

D) Ол сабаққа кейде дайындалады, кейде дайындалмайды.

E) Шығарып салуға мен барайын немесе сен бар.

5. Жалғаулықсыз қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді табыңыз

А) Қонақтар түгел келді,- сен жоқсың.

В) Биыл мектеп бітіремін, бірақ оқуға түспеймін.

С) Уақытым болмады, сондықтан мен келе алмадым.

D) Сыныпқа қонақ кірді және оқушылар орындарынан тұрды.

E) Оқуға түспеймін, өйткені жұмыс істеуім керек.

6. Сөйлемнің түрін анықтаңыз.

Биыл мектеп бітіремін және Алматыға инженерлік оқуға түсемін.

А) Қарсылықты салалас құрмалас.

В) Себеп- салдар салалас құрмалас.

С) Талғаулы салалас құрмалас.

D) Түсіндірмелі салалас құрмалас.

E) Ыңғайлас салалас құрмалас.

7. «Бірақ, дегенмен» шылауларымен жасалатын сөйлемнің түрін анықтаңыз.

А) Ыңғайлас салалас құрмалас.

В) Қарсылықты салалас құрмалас.

С) Себеп-салдар салалас құрмалас.

D) Кезектес салалас құрмалас.

E) Түсіндірмелі салалас құрмалас.

8. «Өйткені, себебі» шылауларымен жасалатын сөйлемнің түрін анықтаңыз.

А) Ыңғайлас салалас құрмалас.

В) Қарсылықты сабақтас құрмалас.

С) Қарсылықты салалас құрмалас.

D) Себеп-салдар салалас құрмалас.

E) Кезектес салалас құрмалас.

9. Сөйлемнің түрін анықтаңыз.

Ол сабаққа дайындалмаған себебі: кеше кітапханадан кітап таба алмады.

А) Ыңғайлас салалас құрмалас.

В) Талғаулы салалас құрмалас.

С) Түсіндірмелі салалас құрмалас.

D) Қарсылықты салалас құрмалас.

E) Кезектес салалас құрмалас.

10. Салалас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз.

Сені сағынғаным сонша - түсіме жиі кіресің.

А) Қарсылықты салалас құрмалас.

В) Себеп-салдар салалас құрмалас.

С) Кезектес салалас құрмалас.

D) Талғаулы салалас құрмалас.

E) Түсіндірмелі салалас құрмалас

11. Құрмалас сөйлем түрлерін анықтаңыз.

A) Салалас, сабақтас, аралас.

B) Жақты , жақсыз.

C) Толымды, толымсыз.

D) Жалаң, жайылма.

E) Хабарлы, сұраулы.

12. Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемді анықтаңыз.

A) Қазақстан ұлан-байтақ жерді алып жатыр, ол ұлан-ғайыр кең өлке.

B) «Отан» деген сөзді күнде естиміз, себебі Отан дегеніміз адамның туып-өскен жері.

C) Біздің жеріміз ұлан-байтақ, бірақ халқымыздың саны аз.

D) Жас ұрпаққа жақсы білім мен тәрбие беру керек, өйткені олар - елдің келешегі.

E) Күзде біресе жаңбыр жауады, біресе қар жауады.

13. Салалас құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз.

«Отан» деген сөзді күнде естиміз, себебі Отан дегеніміз адамның туып-өскен жері.

A) Ыңғайлас.

B) Қарсылықты.

C) Себеп-салдар.

D) Талғаулы.

E) Кезектес.

14. Құрмалас сөйлемді табыңыз.

A) Сыныпқа оқушылардың бәрі жиналды.

B) Іңір де түсті, балалар да үйлеріне кірді.

C) Бұл мәселе сынып сағатында шешілді.

D) Олар мұғаліммен ұзақ әңгімелесті.

E) Нақты қорытынды жасалды

15. Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

A) Олар Асанды күтпестен, ертемен жолға шығып кетті.

B) Күн жылы болғандықтан, біз серуенге шықтық.

C) Не ексең, соны орасың.

D) Тәуелсіздікті анаңдай ардақта, балаңдай мәпеле.

E) Жанат хатты төрт-бес рет оқып шықты.

16. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын табыңыздар.

A) Бірақ, дегенмен, алайда.

B) Бірде, біресе, кейде.

C) Не, немесе, яғни.

D) Және, әрі, да, де.

E) Өйткені, сондықтан, себебі.

17. Сабақтас құрмалас сөйлем түрлерін анықтаңыз.

A) Ыңғайластық, кезектес, себеп-салдар.

B) Талғаулы, мақсат, ыңғайластық.

C) Қарсылықты, себеп-салдар, талғаулы.

D) Шартты, мезгіл, мақсат, қимыл-сын.

E) Себеп-салдар, қарсылықты, талғаулы.

18. «Және, мен, пен» шылауларымен жасалатын сөйлемнің түрін анықтаңыз.

А) Қарсылықты сабақтас құрмалас.

В) Қарсылықты салалас құрмалас.

С) Ыңғайлас салалас құрмалас.

D) Кезектес салалас құрмалас.

E) Шартты бағыныңқылы сабақтас.

19. Мезгіл бағыныңқы сабақтастың жасалу жолын анықтаңыз.

А) -қанмен, -кенмен.

В) -са, -се.

С) -ып, -іп, -п.

D) -қанда, -кенде.

E) -у үшін.

20. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем шылауын көрсетіңіз.

А) Бірақ.

В) Және.

С) Әлде.

D) Себебі.

Е) Әйтпесе.

21. Сабақтас құрмалас сөйлем қандай сөйлемдерден тұратынын анықтаңыз.

А) Жай, күрделі.

В) Бағыныңқы, басыңқы.

С) Сұраулы, лепті.

D) Лепті, хабарлы.

Е) Бұйрықты, сұраулы

22.Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Жаңбыр біресе жауады, біресе басылады.

В) Қазақ хандығы бірнеше бөліктерге бөлінген.

С) Қазақстан Республикасы ұлан - байтақ жерді алып жатыр,

өйткені ол кең өлке.

Д) Ежелгі қалалар көп болған, бірақ сақталған қалалар аз.

Е) Бұдан әрі ғарыш кемесі жалғыз ұшады.

23.Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

А) Жаз шықты, күн жылынды.

В) Көктем келді, бірақ күн әлі суық..

С) Не ол барсын, не мен барайын.

Д) Бүгін күн суытты, өйткені кешке қар жауды.

Е)Күн жылынды, және қар еріді.

24.Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын көрсетіңіз.

А) Біресе, кейде, бірде

В) Не, немесе, яғни

С) Сондықтан, себебі, өйткені

Д) Бірақ, алайда, дегенмен

Е) да, де, та, те, және, әрі

25. Құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз.

Оқуға түспеймін, өйткені жұмыс істеуім керек.

А) Кезектес.

В) Ыңғайластық.

С) Талғаулы.

D) Түсіндірмелі.

Е) Себеп-салдар.



Тест5 (www.testmoz.com/98252)

1. Салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.

А) Әл-Фараби ежелгі Фараб қаласында туып-өскендіктен, араб елдерінде оны Фараби деп атаған.

В) Солардың 117-сінің аты белгілі, ал әзірге табылған36 кітап.

С) Ол 200-ге жуық ғылыми кітап жазған.

Д) Әбу Насыр қыпшақ, оғыз, араб тілдерін жетік білген.

Е) Жұрт жиналып болған соң, Самат көрген-білгенін асықпай айтып берді.

2. Сабақтас сөйлемді табыңыз.

А) Жиналыс бітті де, халық тарай бастады.

В) Мен үлкенмін, сондықтан сен мені тыңдауың керек.

С) Мен кітабымды беріп едім, бірақ ол алмады.

Д) Оның бүгін кеткісі келмеді және күн суық болды.

Е) Ертең күн жылы болса, біз тауға барамыз.

3.Сабақтаса құрмаласқан сөйлемді табыңыз.

А) Бурабайға адамдар көп келеді.

В) Тыңдаушы ықыласты болса, сөйлеуші шешен болады.

С) Хамиттің жүзі өзгеріп кетті, себебі келген адамды ол бірден таныды.

Д) Теледидарда кино да, айтыс та, ән де кезектесіп жүріп жатты.

Е) Ержан далаға шығып еді, бірақ олар кетіп қалыпты

4. Ыңғайлас салалас сөйлемді табыңыз.

А) Су табиғатта кең тараған, себебі бүкіл атмосфера судан тұрады.

В) Бүгін үш сабақ оқыдық және оқушылар жиналысы болды.

С) Күн біресе жауады, біресе басылады.

Д) Отан дегеніміз адамның туып-өскен жері.

Е) Күн бұлтты болды, бірақ жаңбыр жаумады.

5. Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Жақсы оқу үшін, көп ізденіс керек.

В) Мен келгенше, сен үйде отыр.

С) Ауылдан бүгін Әсем келеді немесе Кәкен келеді.

Д) Егер сен маған келсең, біз циркке барамыз.

Е) Қатты жаңбыр жауғандықтан, біз қонаққа бармадық.

6. Құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Алма ағашы.

В) Күн ұзақ.

С) Қазір қыс.

Д) Жел тұрды, жаңбыр жаумады.

Е) Жаз айлары.

7. Салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.

А) Төле би 17 ғасырда өмір сүрген.

В) Раушанның қалаға келгеніне үшінші күн болғанда, жиналыс ашылды.

С) Күн бұлтты болды, бірақ жаңбыр жаумады.

Д) Мен мұғаліммен бірге құрбыма бардым.

Е) Үй іші жым-жырт.

8. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Менің мектепке келгеніме жарты сағат болды, бірақ жиналыс әлі басталған жоқ .

В) Ұшақ сағат бесте ұшуы керек еді, алайда ұша алмады.

С) Ән басылды, бірақ домбыра сазы тоқталған жоқ.

Д) Ертең доп ойнауға я Бейсен барады, я сен барасың.

Е) Біз барғанда, ол мектепте жоқ еді.

9. Құрмалас сөйлемнің түрін көрсетіңіз.

А) Жай.

В) Жақсыз.

С) Хабарлы.

Д) Толымсыз.

Е) Сабақтас.

10. Сөйлемнің түрін анықтаңыз. Қоңырау соғылды, оқушылар үзіліске шықты.

А) Лепті сөйлем.

В) Жай сөйлем.

С) Аралас құрмалас сөйлем.

Д) Сабақтас құрмалас сөйлем.

Е) Салалас құрмалас сөйлем.

11.Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің сұрағын көрсетіңіз.

А) Неліктен?

В) Не мақсатпен?

С) Қайткенде?

Д) Қалай?

Е) Не еткенмен?

12. Құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз.

Жел тұрды да, жаңбыр жаумады.

А) Толымды сөйлем.

В) Аралас құрмалас сөйлем.

С) Жай сөйлем.

Д) Салалас құрмалас сөйлем.

Е) Сабақтас құрмалас сөйлем.

13. Қарсылықты салалас сөйлемді көрсетіңіз.

А) Қыз баласы әдемі болып өсіп келеді.

В) Ермек шахтадан шығып кетті, себебі шахта астында жарылыс жиі болып тұрады.

С) Жігіттер келген қонақты ортаға алып, әңгіме қызығына беріліп кетті.

Д) Күн сайын жер бетінде төтенше жағдай болады, бірақ оған ешкім таңданбайды.

Е) Күндіз олар не өзіне жем іздейді, не өзінің басқаға жем болмауын көздейді.

14. Құрмалас сөйлем түрін көрсетіңіз.

А) Одағай.

В) Толымды.

С) Жай.

Д) Салалас.

Е) Жайылма.

15. Сөйлемнің түрін анықтаңыз.

Күн батты, тауды қара көлеңке басты.

А) Сабақтас құрмалас сөйлем.

В) Жай сөйлем.

С) Толымды сөйлем.

Д) Салалас құрмалас сөйлем.

Е) Аралас құрмалас сөйлем.

16. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Қаздар, үйректер жылы жаққа ұшып кетті.

В) Оған аудармашы болу қиын, дегенмен қызмет атқарып жүр.

С) Бүгін күн бұлтты болады, оқтын-оқтын жаңбыр жауады.

Д) Бүкіл жайлау елінен, қырдан қонақтар келе бастады.

Е) Көрші отырсақ та, кездесе беруге уақыт жетпейді.

17. Себеп бағынынқылы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Бала жақсы болу үшін жақсы тәрбие керек.

В) Егер мен шақырсам, досың бізге келер ме?

С) Біраз жүргеннен кейін, әкесінің қолынан бір шие түсті.

Д) Абай әкесі кеткелі, үйден шыққан жоқ.

Е) Қонақ үй болмағандықтан, досымның үйіне келдім.

18. Құрмалас сөйлемді белгілеңіз.

А) Қар аралас жаңбыр жауды.

В) Күн суық болды.

С) Күн аса суық болмағанымен, ызғары бар.

Д) Үйлердің төбесін, ағаштарды, терезені қырау басты.

Е) Табиғаттың көрінісі тамаша!

19. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

А) Қар жауса, балалар қуанады.

В) Сен оған айтқан соң, мен үндемедім.

С) Олар су ішіп, шөлдерін қандырды.

Д) Күн жарқырап тұрғанмен, қатты аяз.

Е) Сабақ оқуға уақыттары аз бола тұра, емтиханды жақсы тапсырды.

20. Құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Олар екі-үш күн ерте келгенімен, ешкімге жолыға қойған жоқ.

В) Ербол кеше сабаққа кешігіп келді.

С) Мен оған ренжи қарадым.

Д) Немересі қатты қуанды.

Е) Шешесі қызына сүйсініп те, мақтанып та қарады.

21. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемді табыңыз.

А) Ақшамыз болмағандықтан, біз циркке барған жоқпыз.

В) Баласы жақсы оқысын деп, әкесі көп кітап әкеліп берді.

С) Олар су ішіп, шөлдерін қандырды.

Д) Оладамдар еститіндей қаттырақ сөйледі.

Е) Емтихан тапсырғаннан кейін, үйге барамыз.

22. Құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз.

Автобус бірде тез жүреді, бірде баяу жүреді.

А) Кезектес салалас құрмалас сөйлем.

В) Іліктес салалас құрмалас сөйлем.

С) Талғаулы салалас құрмалас сөйлем.

Д)Сабақтас құрмалас сөйлем.

Е) Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.

23.Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Саяхатқа баратынымызды хабарламақ болып, сынып жетекшіні іздедім.

В) Бұл күнде ел де өзгерді, адамдар да өзгерді.

С) Күз түсті, күн салқындады.

Д) Бүгін біз төрт сабақ оқыдық және оқушылар жиналысы болды.

Е) Күн суық, әрі қар борап тұр.

24. Шартты сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Не ексең, соны орарсың.

В) Күз келді де, жаңбыр жауды.

С) Сабақ ерте басталғанда, ерте бітеді.

Д) Мұғалім айтқанда, ол жазады.

Е) Ол көп уайымдап, үйге келді.

25. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің сұрағын табыңыз.

А) Қашанға дейін?

В) Не себепті?

С) Неге?

Д) Неліктен?

Е) Не мақсатпен?



Тест6 (www.testmoz.com/98287)

1. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түріне жататынын анықтаңыз.

Ол жақсы оқыса, университетке түседі.

А) Қарсылықты.

В) Шартты.

С) Себеп.

Д) Мақсат.

Е) Мезгіл.

2. Мақсат бағыныңқы сабақтасты табыңыз.

А) Қонақтарға әр түрлі базарлық алу үшін, біз бірнеше дүкенді араладық .

В) Мен барғанша, ол кетіп қалды.

С) Күн жылы болды деп, біз серуенге шықтық.

Д) Ол келіссе, біз кешке киноға барамыз.

Е) Оқушылар келген соң, сабақ басталды.

3. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.

А) Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым.

В) Биыл шөп қалың шықты, себебі жаңбыр көп жауды.

С) Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.

Д) Мұхит келіп еді, Арман шыға жөнелді.

Е) Олар біресе тоқтап демалады, біресе күн ұзақ жүрді.

4. Ыңғайлас салалас сөйлемді көрсетіңіз.

А) Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым.

В) Еңбек адамды көрікті етеді және тынысты тазартады.

С) Еңбек баланы мықты етеді.

Д) Мен ол күні келмедім, себебі көлік жоқ болды

Е) Қар жауса да, тоңбайды бай баласы.

5. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Еңбектің наны, жалқаудың жаны тәтті.

В) Ауылда жаңа мектеп салынды.

С) Хамиттер ерте тұрып аттанатын болғандықтан, жаңағы жай-күй айтысудан өзге әңгіме қозғалмады.

Д) Айгүл аттан түсіп еді, су қайта таязданып қалғандай екен.

Е) Күн бұлттанды, бірақ жаңбыр жаумады.

6. Қарсылықты салалас сөйлемді көрсетіңіз.

А) Айжан дүкенге кетті.

В) Біресе ол барады, біресе Айгүл барады.

С) Күн де шығып тұр, жел де соғып тұр.

Д) Бұл шөп әдемі, бірақ зияны да бар.

Е) Мен кеше сабаққа келген жоқпын.

7. Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз.

А) Кеш тым ыстық болғандықтан, жұрт әтеті бойынша далаға шығып отырған секілді.

В) Әдейі танытпайын деп, ол бет-аузын жуып алыпты.

С) Ағам келетін уақыт болды.

Д) Әңгіме жалпақ елдің жайына көшкен кезде, Абай шешіле түсті.

Е) Түн. Ай жап-жарық .

8. Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрамы қалай анықталатынын көрсетіңіз.

А) Екі жай сөйлем.

В) Атаулы сөйлем, түсіндірмелі сөйлем.

С) Жалғаулықты сөйлем, жалғаулықсыз сөйлем.

Д) Бағыныңқы, басыңқы.

Е) Толымды, толымсыз сөйлем.

9. Салаластың түрін ажыратыңыз.

Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ .

А) Ыңғайлас.

В) Қарсылықты.

С) Түсіндірмелі.

Д) Кезектес.

Е) Талғаулы.

10. Кезектес салаласты табыңыз.

А) Күн сайынғы бір жаңалық ананы бұрынғыдай онша мазасыздандырмайды.

В) Жайлаудың көлдеріне сене беруге болмайды, құрғақшылық жылы тартылып қалады.

С) Қалада жаңа үйлер салынды.

Д) Машина жүрісін бірде шапшандатады, бірде баяулатып жүреді.

Е) Біз асыға кірдік.

11. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз.

А) Жай сөйлем.

В) Шартты бағыныңқы сөйлем.

С) Кезектес салалас сөйлем.

Д) Қарсылықты салалас сөйлем.

Е) Ыңғайлас салалас сөйлем.

12. «Әлде» жалғаулық шылауына тән құрмаластың түрін анықтаңыз.

А) Кезектес салалас.

В) Себеп-салдар салалас.

С) Ыңғайлас салалас.

Д) Талғаулы салалас.

Е) Қарсылықты салалас.

13.Шартты бағыныңқы сөйлемді табыңыз.

А) Жақсы ұстаздық етсең, болашақтан еңбегіңнің жемісін көресің.

В) Мысық ұйықтап жатқанда, тынышын алма.

С) Басқа пәле тілден деген, байқап сөйлескен дұрыс қой.

Д) Биылғы қыс суық болған жоқ .

Е) «Бұның дұрыс болмайды»,-деп әкесі ренжіді.

14. Құрмалас сөйлемдерден қарсылықты салалас түрін табыңыз.

А) Таңат біресе сұрланды, біресе бозарды.

В) Үлкендер төрде отыр, жастар босағада.

С) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарнын тіленбей.

Д) Жазира осы жұмысқа орналасты, себебі мамандығына сәйкес еді.

Е) Өлең жазуға ыңғайландым, бірақ шабытым келмеді.

15. Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді табыңыз.

А) Мен оқыған кітап қызық-ақ .

В) Әңгіме елдің жайына көшкен кезде, Абай шешіле түсті.

С) Онның сөздік қоры мол болғандықтан, өз ойын еркін жеткізеді.

Д) Түн.

Е) Әдейі танытпайын деп, ол бет-аузын танып алыпты.

16. Түсіндірмелі салаласты көрсетіңіз.

А) Бір қарағанда-ақ біліп қойдым: бұл-Алматының және қала маңының картасы екен.

В) Қыздар тоғайға шие теруге кетті.

С) Бес-алты айда келді.

Д) Олкөпті көрген дана қарт.

Е) Анықтама ұқыпты жазылғанмен, қария оқи алмады.

17. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулығын көрсетіңіз.

А) Сонымен.

В) Сондықтан.

С) Да.

Д) Бірақ .

Е) Немесе.

18. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Шығарып салуға мен барайын немесе сен бар.

В) Биыл мектеп бітіремін және оқуға түсемін.

С) Оқуға түспеймін, өйткені жұмыс істеймін.

Д) Ол сабаққа кейде дайындалады, кейде дайындалмай келеді.

Е) Биыл мектеп бітіремін, бірақ оқуға түспеймін.

19. Қарсылықты салалас сөйлемді табыңыз.

А) Ол дауыстарының шуылдамай, үйлесімді шығуын талап етті.

В) Арай хат жазып кетті.

С) Ардақ Саятты күтті, бірақ ол келмеді.

Д) Не істесем де алдыма қойған мақсатқа жетуім керек.

Е) Бүгін менің жалғыз інім келеді.

20. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

А) Ауылда бірде шам болады, бірде болмайды.

В) Таң атты, мен ояндым.

С) Риза болғаны сондай-мені құшақтай берді.

Д) Қалаға мен барсам, сен болмай шықтың.

Е) Қалаға не мен барамын, не сен барасың.

21. Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Көктем болғанмен, күн әлі жылынып кете қойған жоқ еді.

В) Ойын аяқталды, бірақ көрермендер асықпады.

С) Көктем енді келсе де, күн ысып кетті.

Д) Кенжебек жауап іздеп көріп еді, орынды сөз ойына орала қоймады.

Е) Абай араларынан кетісімен, сабыр бұйрық елге жайылды.

22. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

А) Ұялғанымнан да бетімнің оты шықты.

В) Бұл жерде я сен тұрасың, я мен тұрамын.

С) Бірде ұйқы еңсереді, бірде ерік еңсереді.

Д) Қолың қатты дейді, қорқып тұрмын.

Е) Сабырлы Олжабектің сасқаны соңша-орнынан атып тұрды.

23. Шартты бағыныңқылы сабақтасты көрсетіңіз.

А) Үйдің іші үн-түнсіз, көңілсіздік басқан.

В) Тоқтамай сөйлей берсеңші, уақытың жетпес.

С) Айтар ойы олмаған соң, бос сөзге үйір.

Д) Тілмен тас жаруына қарама, тындыруына қара.

Е) Бір рет айтудан бұрын екі рет ойлап алсаң, екі есе жақсы айтасың.

24. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.

А) Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым.

В) Олар біресе тоқтап демалады, біресе күн ұзақ жүреді.

С) Биыл шөп қалың шықты, себебі жаңбыр көп жауды.

Д) Мұхит келіп еді, Арман шыға жөнелді.

Е) Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.

25. Кезектес салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Экологияны сақтайық , соған ат салысайық .

В) Клубта кейде кино болады, кейде қызықты баяндамалар оқылады.

С) Түнгі кезекте болғандықтан, шаршап та отырмын.

Д) Санжар өлеңді жақсы айтқанмен, өзін көрсете алмай жүр.

Е) Онымен әр кеңескен сайын түрлі жаңалық естимін.



Тест7 (www.testmoz.com/98377)

1. Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Түн болды, үй иесі есікті жапты.

В) Кеш түсті, шам жағылды.

С)Күн ұзарды, түн қысқарды.

Д) Қыс аяғына жетті, бірақ күн әлі суық.

Е) Әжем үйге келді.

2. Себеп бағынынқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз

А) Шай ішіліп болған шақта, қызы да оралып келіп қалды.

В) Ол жұмысқа кешігіп келгендіктен, бастық ескерту жасады.

С) Жел күшейіп, ағаштың бұтақтары сынды.

Д) Егер мен шақырсам, досың келер ме?

Е) Таяқ тастам жер.

3. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарың табыңыз

А) Біресе, кейде, бірде

В)не, немесе, я

С)бірақ, алайда, дегенмен

Д) да, де, та, те, және

Е) себебі, сондықтан.

4. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Қоңырау соғылды, алайда сабақ басталмады.

В) Ертең Тараздан атам келеді, не әжем келеді.

С) Күз келді, күн суытты.

Д) Бірде ән салады, бірде күй тартады.

Е) Көз көрім жер.

5. «Кейде» шылауымен байланысатын салаластың түрі қайсы?

А) ыңғайлас

В) қарсылықты

С) себеп-салдар

Д) кезектес

Е) талғаулы.

6. -ған-дықтан, ған соң сабақтастың қай түрі

А) мақсат

В) мезгіл

С) қарсылықты

Д) қимыл-сын

Е) себеп.

7. Кезектес салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Не сен барасың, не мен жалғыз барамын.

В) Күн суық, әрі қар борап тұр.

С) Батырлар шайқасқа кетті, бірақ шайқас болмады.

Д) Бірде ән салады, бірде күй тартады.

Е) Әжем үйге келді.

8. Жай сөлемдерінің бірі екіншісімен бағына байланысатын құрмаластың түрі қалай аталады.

А) салалас

В) сабақтас

С) аралас

Д) толымсыз

Е) атаулы.

9. Салалас құрмалас сөйлемнің түрін аңықтаңыз.

A) Ыңғайлас.

B) Құрмалас.

C) Бұйрықты.

D) Хабарлы.

E) Жай.

10.Құрмалас сөйлемді көрсет.

А) Ақылды қарттан нақыл шығады.

В) Ерлік көрсеткен ер болар.

С) Бөгенбай 1680 жылы дүниеге келді.

Д) Күн батты да, тау бөктерін қара көлеңке басты.

Е) Сен, сірә, жексенбі күні келерсің.

11.Жалғаулықсыз қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің түрін тап.

А) Қорғанның қақпасы мықты болған, кейде шапқыншылар оларды бұза алмаған.

В) Отырарда медресе, мешіт, базар болған.

С) Қаланы айналдыра қорған салынған және оның ұзындығы үш шақырымдай болған.

Д) Бас болмақ оңай, - бастамақ қиын.

Е) Оңтүстіктің ауа райы жылы, суы мол, сондықтан егіншілік кәсібі жақсы дамыған.

12.Өйткені, сондықтан, сол себепті, себебі, - деген жалғаулықтар салалас құрмаластың қай түріне жатады?

А) түсіндірмелі;

В) қарсылықты;

С) талғаулықты;

Д) ыңғайлас;

Е) себеп - салдар.

13.Құрмалас сөйлем құрамына қарай нешеге бөлінеді?

А) 5

В) 3

С) 4

Д) 6

Е) 7

14.Бартольд - ірі ғалым, ол шығыс халықтарының мәдениеті мен тарихын зерттеген.

Құрмалас сөйлемнің қай түріне жатады?

А) аралас;

В) сабақтас;

С) салалас;

Д) бағыныңқы сабақтас;

Е) басыңқы салалас.

15.Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

А) Құрамындағы жай сөйлемнің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі.

В) Екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлем.

С) Сөйлемде затты, нәрсені сын-сапалық, сан-мөлшерлік, меншіктілік жағынан анықтап тұратын тұрлаусыз мүше.

Д) Бір ғана ойды білдіріп, бір ғана интонациямен айтылатын сөйлем.

Е) Құрамындағы жай сөйлемдердің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі.

16.Мағыналық жағынан салалас құрмалас сөйлем неше түрге бөлінеді?

А) 6

В) 3

С) 4

Д) 5

Е) 2

17.Кезектес салалас құрмалас сөйлемді тап.

А) Жаңбыр жауып, күн суық болды.

В) Дәулеткерей Шығайұлы - күйші, композитор.

С) Ресейде ән өнерін зерттеу, ХҮІІ ғасырда басталып, ХҮІІІ-ХІХ ғ. кең өріс алды.

Д) Оны бірде мұз айдынында көрсек, бірде еңбек даласында көрдік.

Е) Домбыра - өзіндік сипаты бар аспап.

18.Салалас құрмалас сөйлемнің қай түрі жалғаулықсыз жасалады?

А) ыңғайлас;

В) кезектес;

С) түсіндірмелі;

Д) талғаулықты;

Е) қарсылықты.

19. -са, -се жұрнақтары арқылы жасалатын сабақтас құрмаластың түрін көрсет.

А) қарсылықты бағыныңқы;

В) мезгіл бағыныңқы;

С) мақсат бағыныңқы;

Д) қимыл-сын бағыныңқы;

Е) шартты бағыныңқы.

20.Сабақтас құрмалас мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

А) 2

В) 3

С) 6

Д) 5

Е) 4

21.Ыбырайдың әкесі ерте қайтыс болғандықтан, ол атасы Балқожа бидің тәрбиесінде өсті. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін ажырат.

А) мақсат бағыныңқы;

В) мезгіл бағыныңқы;

С) қарсылықты бағыныңқы;

Д) себеп бағыныңқы;

Е) шартты бағыныңқы.

22.Салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолы:

А) толымды, толымсыз;

В) жалаң, жайылма;

С) жалғаулықты, жалғаулықсыз;

Д) дара, күрделі;

Е) жақты, жақсыз.

23.Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол. Құрмалас сөйлемнің қай түрі?

А) сабақтас;

В) аралас;

С) салалас;

Д) жай сөйлем;

Е) толымсыз сөйлем.

24.Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын тап.

А) біресе, кейде, бірде;

В) бірақ, алайда, дегенмен;

С) және, -да,-де;

Д) сондықтан, өйткені, себебі;

Е) не, немесе, әлде.

25.-у үшін, -мақ, - мек жұрнақтары сабақтас құрмаластың қай түріне жатады?

А) себеп бағыныңқы;

В) мақсат бағыныңқы;

С) қарсылықты бағыныңқы;

Д) қимыл-сын бағыныңқы;

Е) шартты бағыныңқы.



Тест 8 (www.testmoz.com/98550)

1. Ыңғайлас салаластың ішіндегі қайталанбай келетін жалғаулықты атаңыз.

A) Да, де.

B) Және.

C) Сондықтан.

D) Бірде.

E) Болмаса.

2.Баяндауыштары тұлғалас, мағыналас болатын салаластың түрін көрсетіңіз.

A) Ыңғайлас.

B) Себеп-салдар.

C) Түсіндірмелі.

D) Қарсылықты.

E) Кезектес.

3.Тек жалғаулықты болатын салаластың түрін белгілеңіз.

A) Ыңғайлас.

B) Себеп-салдар.

C) Түсіндірмелі.

D) Кезектес.

E) Қарсылықты.

4.Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

A) Бұл жердің дәнін мен сепкендіктен, өзгеңнен гөрі менің жаным қатты ауырды.

B) Сізден сұрайтынымыз мынау: бізге қамқоршы болыңыз.

C) Олар қыстаудан шықпайды, өйткені төлді қорада ұстау керек.

D) Мал өріске қарай шұбатыла жөнелді.

E) Асқар бұл сұраққа жауап таба алмай, ұзақ үнсіз отырды.

5.Жай сөйлемдері жалғаулықты шылаусыз байланысатын салалас түрін атаңыз.

A) Түсіндірмелі.

B) Себеп-салдар.

C) Ыңғайлас.

D) Қарсылықты.

E) Кезектес.

6.Бірінші жай сөйлемде сілтеу мәнді сөздер қолданылатын салалас түрін көрсетіңіз.

A) Себеп-салдар.

B) Кезектес.

C) Қарсылықты.

D) Түсіндірмелі.

E) Ыңғайлас.

7.Қарсылық салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

A) Құнанбай Ұлжан қасына отырды да, Мәкіш пен Абайдың жүзіне қарады.

B) Сізден сұрайтынымыз мынау: бізге қамқоршы болыңыз.

C) Олар қыстаудан шықпайды, өйткені төлді қорада ұстау керек.

D) Мал өріске қарай шұбатыла жөнелді.

E) Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ.

8.Құрмалас сөйлемді табыңыз.

A) Ол асып та, тасып та сөйлейді.

B) Қарағым, бермен екл.

C) Ақылды қарттан нақыл шығады!

D) Сен, сірә, жексенбі күні келерсің, не дүйсенбі күні келерсің.

E) Ерлік көрсеткен ер болар.

9.Салалас құрмалас сөйлемнің неше түрге бөлінетінін көрсетіңіз.

A) 2.

B) 3.

C) 4.

D) 5.

E) 6.

10.Салдар мәнді жай сөйлемі бұрын орналасқан жалғаулықты құрмалас сөйлемді анықтаңыз.

  1. Қостанайдан шыққалы он күн: біз түнде де жүріп келеміз.

B) Күріш тұқымы суға қолмен себіледі, өйткені тұқым сепкен суға жүре алмайды.

C) Өзгеңнен гөрі менің жаным қаттырақ ауырар еді: бұл егін дәнін қолымнан мен септім ғой.

D) Қазір ол сақалың да қырған, киімін де өзгерткен, сондықтан кескін-кейпі де өзгерген.

E) Қайыр сөзді әрі қарай тереңдеткісі келмеді, сондықтан әңгіме желісін бұрып жіберді.

11.Себеп мәнді жай сөйлемі бұрын орналасқан құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

A) Сізді ешкім шақырған жоқ, сондықтан сіз бармайсыз.

B) Амалсыз қонуға тура келді, өйткені мезгіл кешкіріп кетті.

C) Мен қорқып тұрмын, неге десеңіз қолың қатты дейді.

D) Тереңге балық уылдырық шаша алмайды, неге десең, онда уылдырық оралатын не балдыр, не шөп жоқ.

E) Кей металдар табиғатта өте аз және таза түрінде кездесуі сирек.

12.Жалғаулықсыз қарсылықты салаласты көрсетіңіз.

A) Құдайдың қарарынан жалбарынып құтылуға болады, бірақ халықтың қарғысынан ешқашан да құтылуға болмайды.

B) Апай сені елжіретіп сүймейді де, алайда шыж-быж етіп ұрыспайды да.

C) Дүниенің төрт бұрышын тегіс кезіп шығады, бірақ қайда барса да жолы болмайды.

D) Баршагүл сәлем беріп еді, - ол қырын қарап кетті.

E) Сөз бергенге ерме, бірақ бөз бергенге ер.

13.Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлемді белгілеңіз.

A) Ұлберген кедей болғанмен, киім-кешектерін таза ұстайтын еді.

B) Абай үйге кіргенде, Әбіш бар қағазды оқып шыққан еді.

C) Ол заманда ұл балаға бас кеспесе, қан төкпесе, ат қойылмайтын еді.

D) Бұл күнде Құнанбай өлсе де, құнанбайлық құрымапты.

E) Мен де алға қарайтынмын, бірақ көзіме ештеңе көрінбейтін.

14.Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Қонағы домбыра тартса, ол әнімен қосылды.

В) Еріншектің ертеңі таусылмас.

С) Ұлық болсаң, кішік бол.

D) Тоқтататын күш жоқ..

Е) Өзі барып соқтықпайды, бірақ соқтыққанды аямайды.

15.Бірақ, дегенмен жалғаулықтары арқылы жасалатын салалас түрін көрсетіңіз.

А) Себеп-салдар салалас.

В) Қарсылықты салалас

С) Түсіндірмелі салалас.

D) Талғаулы салалас.

Е) Кезектес салалас.

16.Жалғаулықсыз себеп-салдар салаласты табыңыз.

А) Бұл сөз Кенжетайға ауырлау тиді, ол ауыл жігіті болатын.

В) Жетпіс жыл өмір сүрдім, өзіме аз көрінеді.

С) Оған ескерттім мен, сондықтан кешікпеуге тиіс.

D) Асан малға икемді болып өсті.

Е) Білмесең үндеме, білгенді күндеме.

17.Не, немесе,болмаса жалғаулықтарының көмегімен талғаулы салалас жасаңыз.

А) Мен бұл адамдардың ортасынан кетуім керек, барша жанға тынымсыз болатын зұлымдықты қоюым керек.

В) Дәрмен ұшып тұра келсе, қармағы су бетінде қалқып барады.

С) Көзқарасы дұрыс, ешқашан қарсылық көрсеткен емес.

D) Әжесі ертегісін аяқтады, Аяулым қызыға тыңдап қапты.

Е) Ұшақ Арқалыққа кешігіп келді, бұны ағасы күтіп алды.

18Түсіндірмелі салаласты көрсетіңіз.

А) Аңсаған менің арманым, жеттім бе бүгін шегіңе!

В) Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын.

С) Қорыққаным соншалық-қаным басыма шапшыды.

D) Арсыздарға алты күн, жетесізге жеті күн мейрам.

Е) Маған олар я жетер, я жетпес еді.

19.Сабақтас құрмаластың түрін анықтаңыз.

Жақсымен сөйлессең, жаның рахаттанады.

А) Шартты бағыныңқы сабақтас.

В) Мезгіл бағыныңқы сабақтас.

С) Қарсылықты бағыныңқы сабақтас.

D) Себеп бағыныңқы сабақтас.

Е) Мақсат бағыныңқы сабақтас.

20.Қарсылықты салалас жасауға болатын қатарды көрсетіңіз.

А) Түн.Ышқынған дауыл.

В) Қасиетті мекен, күн сәулесі.

С) Ескек қолынан түсіп кетті. Оның есі шығып кетті.

D) Жау шегінді. Бауыржан оны білген жоқ.

Е) Шоқан ғылымға әбден берілді. Әскери қызметтен бас тартты.

21.Қайтсе де? Не етсе де? Қайткенмен? сұраулықтарына жауап беретін сабақтас түрін көрсетіңіз.

А) Шартты бағыныңқы сабақтас.

В) Мезгіл бағыныңқы сабақтас.

С) Себеп бағыныңқы сабақтас.

D) Қарсылықты бағыныңқы сабақтас.

Е) Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас.

22.Мақсат бағыныңқы сабақтастың баяндауышының жасалу жолын көрсетіңіз.

А) -у+үшін, -мақ болып.

В) -ып,-іп,-п.

С) -ған+ша, -ген+ше.

D) -са да, -се де.

Е) -ған+ы болмаса..

23.Қимыл-сын бағыныңқы сабақтасты табыңыз.

А) Әкесі жұмыстан келгенде, Әсел алдынан шықты.

В) Екі бүктелген күйі, ішін ұстап қалды.

С) Жұртқа сездірмегенмен, іштей мүжілгені анық.

D) Жауын жауса - жер ырысы.

Е) Жаман есепші жанынан төлейді.

24.Баяндауыштары тиянақты, өзара тең дәрежеде байланысатын құрмаластың түрін белгілеңіз.

A) Салалас құрмалас сөйлем.

B) Сабақтас құрмалас сөйлем.

C) Шартты бағыныңқы сабақтас.

D) Қарсылықты бағыныңқы сабақтас.

E) Аралас құрмалас сөйлем.

25.Салаластың түрін анықтаңыз.

Ол бастапқыдан да бетер сұлу сөйледі,өз сөзін өзі қызықтап тыңдай бастады.

A) Ыңғайлас салалас.

B) Қарсылықты салалас.

C) Түсіндірмелі салалас.

D) Себеп-салдар салалас .

E) Талғаулы салалас.



Тест 9 (www.testmoz.com/98605)

1.Талғаулы салалас болатын сөйлемді көрсетіңіз.

A) Ол туралы өзгелер не дейді, өзіміз қалай ойлаймыз?

B) Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек.

C) Кейде қабағы түксиеді, кейде бет әлпеті күлім қағады.

D) Қазақ мақалы бар: асыл тастан, өнер жастан.

E) Бірде көк ала қамысты көлдер қалып жатыр,бірде сары ала жон белестер қалып жатыр.

2.Саластың түрін және тыныс белгісін анықтаңыз.

Сізге айтар тілегім сол мені ұшқыштың оқуына жіберіңіз.

А) Себеп-салдар салалас, үтір қойылады.

В) Қарсылықты салалас, үтір және сызықша қойылады.

С) Түсіндірмелі салалас, қос нүкте қойылады.

D) Ыңғайлас салалас, сызықша қойылады.

Е) Талғаулы салалас, үтір қойылады.

3.Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын көрсетіңіз.

Май құйған шала сөнсе де,шам-шырақ сөнбес өмірде.

A) Көсемше жұрнағы арқылы.

B) Шартты райдың -се жұрнағы арқылы.

C) Күрделі етістіктен.

D) Етістіктің шартты рай түріне де шылауының тіркесіп келуінен.

E) Бағыныңқысының баяндауышы күрделі етістіктен.

4.Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін белгілеңіз.

Иса сахнаға әуелі домбырасымен шығып, алдымен «желдірмеге» басатын.

A) Шартты бағыныңқылы сабақтас.

B) Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас.

C) Себеп бағыныңқы сабақтас.

D) Мезгіл бағыныңқы сабақтас.

E) Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас.

5.Мақсат бағыныңқы сабақтастың жасалу жолын көрсетіңіз.

A) -айын деп.

B) -ып,-іп.

C) -қан+дықтан.

D) -қан+ша.

E) -са,-се.

6.Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлем баяндауышының тұлғалық белгісін анықтаңыз.

А) Етістік негізді -ысымен (-ісімен)

В) Жалғаулық шылаулар арқылы.

С) Көсемше негізді -дегенмен.

D) -қан+ы болмаса тұлғалық белгісі.

Е) Көсемшенің -й жұрнағына біткен болымсыз етістік түрі.

7.Құрмаластың түрін анықтаңыз.

Шолақ ақбоз аттың құлағын төмен қарай тұқырта басып қалып еді,ат етпетінен түсті.

А) Себеп-салдар салалас.

В) Қарсылықты бағыныңқы сабақтас.

С) Ыңғайлас салалас.

D)Түсіндірмелі салалас.

Е) Мезгіл бағыныңқы сабақтас.

8.Қарсылықты салалас сөйлемді көрсетіңіз.

А)Ұлпан жүзінде өкініш те, күйініш те жоқ еді, сондықтан жұрт соған таң қалды.

В)Құрбысы шақырса, күреске қайта түсетін.

C)Шынар арбадан түсе сала жүгірді.

D)Тұрмыстары жүдеу, дегенмен бәрін алдымызға қойды.

Е)Біреулері ызбарлы, біреулері көтеріңкі.

9.Себеп бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз.

А)Менің басым ауырып кетті, шуылға үйренбегендік болар.

В)Ұлжалғас жаза да біледі, оқи да алады.

C)Біресе кіреді, біресе шығады.

D)Үйдің іші суық, себебі от әлі жанған жоқ.

Е)Одан көп жатуға уақыт мүмкіндік бермей, он шақты күннен кейін мен Павлодар жаққа жүріп кеттім.

10.Қарсылықты салалас жасауға болатын қатарды көрсетіңіз.

А)Шоқан ғылымға әбден берілді. Әскери қызметтен бас тартты.

В)Қасиетті мекен. Күн сәулесі.

C)Түн. Ышқынған дауыл.

D)Ескек қолынан түсіп кетті. Оның есі шығып кетті.

Е)Жау шегінді. Бауыржан оны білген жоқ.

11.Жалғаулықты қарсылықты салаласты табыңыз.

А)Желбіреген ақ сәулелі дала қалып жатыр.

В)Қаңғыр-күңгір шыққан адам дауыстары естілді.

C)Ақыл - адам көрігі, ақылдылық - сабыр серігі.

D)Отыз екі жасқа келгеніне қарамастан, осы жазда капитан Елдосовтың самайына ақ кірді.

Е)Күлген жақсы, бірақ шектен аса күлу - мәдениетсіздік.

12. Құрмалас сөйлемдерден ыңғайлас салалас түрін табыңыз.

А)Оттың жалыны әзір көрінбейді, бірақ жаңа ғана тұтанды дегені.

В)Сыздық - етікші жігіт және жұрттың көзінде ең шебер етікші сол.

C)Жанат орнын ұсынып еді,-отырған жоқ.

D)Сізден сұрайтынымыз мынау: бізге қамқоршы болыңыз.

Е)Күндіз қоңыр салқын болып тұр.

13. Шартты бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз.

А)Ержан үйге кіріп кеткенде, Асқар мен Серік тыста қалды.

В)Жаңа жұмысшыларға техника қауіпсіздігін ұғындырмайынша, шахтаға жіберуге тыйым салған.

C)Жұмыс бізді үш үлкен жамандықтан: зерігуден, аурудан, жоқшылықтан құтқарады.

D)Әңгімені басынан бастау үшін, Саржанмен кездескен күнді есіме түсірдім.

Е)Білікті адам айтқандай-ақ жаныңды ұғар.

14. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

А)Ұлберген кедей болғанмен, киім-кешегін таза ұстайтын.

В)Теңіздің суы мөп-мөлдір екен.

C)Өнімді еңбек атқарам десең, көпке сүйен.

D)Олар теңізге ерте шықты, бірақ жолы болмады.

Е)Ексең егін, ішерсің тегін.

15.Түсіндірмелі салалас сөйлемді көрсетіңіз.

А)Бірде ұрыса отырып, бірде ақыл айтады.

В)Бас болмақ оңай,-бастамақ қиын.

C)Бір іс жүзеге асса, екіншісі ойға оралады.

D)Мезгіл кешкірді, амалсыз қонуға тура келді.

Е)Аяусыз қатаң үкім сол: үш жылға бас еркінен айырды.

16. Түсіндірмелі салаласты көрсетіңіз.

А)Күн бұлттанды.

В)Мына ағайдың жүзінде әжемнен сау жер жоқ, әйтсе де беті ойнақы еді.

C)Құс атаулы аспанда да толып жүр: қарлығаш, ұзақ, қарға, торғай - бәрі де бар.

D)Жолында асқар тау тұрса да, топ жарып өтетін сияқты.

Е)Сыныпқа мұғалім, директор кірді.

17. Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

А)Тұрмыс жақсы болу үшін, еңбек өнімді болу керек.

В)Жамал пешке от жағып, асты әзірлей бастады.

C)Үйірме мүшелері М.Мақатаев өлеңдерін жатқа оқыды.

D)Жақып кешкі тымырсық ауаны сіміре жұтып, даланы ұзақ аралады.

Е)Балалар еңбек сабағына құрал-жабдықтарын әкелді.

18. Себеп бағыныңқы сабақтасты табыңыз.

А)Жыланды үш кессе де, кесірткедей қуаты бар дегені қайда?

В)Бұлар үйге кірсе, екі бөлмелі үйдің іші лық толған қыз-бозбала екен.

C)Қарағанды көмірін тапқалы, жүзге жуық жылдар өтіп барады.

D)Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

Е)Абай әкесінің бұнымен сөйлесетін сөзі жоқ екенін білгендіктен, күні бойы үнсіз отырды.

19. Салдар мәнді жай сөйлемі бұрын орналасқан құрмалас сөйлемді анықтаңыз.

А)Қайыр сөзді әрі қарай тереңдеткісі келмеді, сондықтан әңгіме желісін бұрып жіберді.

В)Қазір ол сақалын да қырған, киімін де өзгерткендіктен, кескін-кейпі де өзгерген.

C)Күріш тұқымы суға қолмен себіледі, өйткені тұқым сепкіш суға жүре алмайды.

D)Қостанайдан шыққалы он күн болды, біз бүгін түнде жетеміз.

Е)Сізді ешкім шақырған жоқ, сол себепті сіз бармайсыз.

20. Мақсат бағыныңқы сабақтас сөйлемді табыңыз.

А)Бүгін келгенмен, ертең қайта кетеді.

В)Бүгін сабақты қайталамасам, жаман баға алуым мүмкін.

C)Атыңда желік бар, байка.

D)Сан шерулік қол болса, батырдар болар ағасы.

Е)Сізбен амандасайын деп, шаруаларымды тастап келдім.

21. Құрмалас сөйлемді табыңыз.

А)Асқар белгілі мерзімде тұрды.

В)Жабай жауап қайтара алиады.

C)Ертең күн жылы, бұлтсыз, жауынсыз болады.

D)Ауылдарыңнан не хабар бар?

Е)Байжан Самарқанға қарап еді, кескіні ыңғайсыздау екен.

22. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

А)Малдыбай қарт сырқатына қарамастан, бүгін атқа қоныпты.

В)Күн бұлыңғырланып барып, жаңбыр да жауып кетті.

C)Урядник бірдеме деп жатты,-оны Асқар тыңдаған жоқ.

D)Көп оқысаң, көп білерсің.

Е)Көлік болса да, ауылға жете алмадық.

23. Бірінші жай сөйлемде сілтеу мәнді сөздер қолданылатын салалас түрін көрсетіңіз.

А)Қарсылықты.

В)Ыңғайлас.

C)Кезектес.

D)Себеп-салдар.

Е)Түсіндірмелі.

24. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас сөйлемді табыңыз.

А)Оқу үйі.

В)Мұғалімнің сөйлегеніне Кәрім шыдап отыра алмай, біресе отырады, біресе тұрады.

C)Көмір неғұрлым көбейсе, өнеркәсіп соғұрлым көбейеді.

D)Ана мен баланың бақытты сәттеріне бөгет болғысы келмей, жүріс-тұрысының сыбдырын сездірмеуге тырысты.

Е)Ұлберген кедей болғанмен, киім-кешектерін таза ұстайтын еді.

25. Қос нүктенің қойылу себебін белгілеңіз.

А)Қарсылықты салалас.

В)Ыңғайлас салалас.

C)Жалпылауыш сөз.

D)Себеп-салдар салалас.

Е)Кезектес салалас.



Тест10 (www.testmoz.com/98612)

1.Қарсылықты салаласты табыңыз.

А)Бұл жерде я сен тұрарсың, я мен тұрармын.

В)Қостың ар жағынан қаракер аттың басындағы жүген сылдырлады, шөп суылдады.

C)Отан оттан да ыстық.

D)Күн жауып кетті,-оны ешкім білген жоқ.

Е)Қыс келді.

2. Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді табыңыз.

А)Түлкінің қызылдығы өзіне сор.

В)Олақ өзгеге сенсе, өнерлі өзіне сенеді.

C)Қараңғы түсті де, жұлдыздар көріне бастады.

D)Ұлың өссе, ұлығың.

Е)Айтқандарың жаққан соң, алыс-жақын тыңдайды.

3.Сабақтаса құрмаласқан сөйлемді табыңыз.

А)Бес минут өткен жоқ, әскери адам енді.

В)Асан әкесінің көп жылдардан бері колхоздын жылқысын бағатынын айтты.

C)Жанат орнын ұсынып үлгергенше, Манат шығып кетті.

D)Мұз қатқанына екі ай болды.

Е)Үлгілі үйдің ұл-қызы ұялтпайды.

4. Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлемді белгілеңіз.

А)Ол заманда ұл балаға бас кеспесе, қан төкпесе, ат қойылмайтын еді.

В)Абай үйге кіргенде, Әбіш бар қағазды оқып шыққан еді.

C)Мен де алға қарайтынмын, бірақ көзіме ештеңе көрінбейтін.

D)Бұл күнде Құнанбай өлсе де, құнанбайлық құрымапты.

Е)Ұлберген кедей болғанмен, киім-кешектерін таза ұстайтын еді.

5. Құрмалас сөйлемдердің арасына қойылған тыныс белгілердің дұрысын анықтаңыз.

А)Тұрайын деп еді - тұра алмады.

В)Балалар үйде жоқ: олар орман ішіне серуенге кеткен еді.

C)Қартайдық қайғы ойладық, ұлғайды арман.

D)Үйде шешен, дауда жоқ.

Е)Ағайынды бұл үшеуінің жас мөлшерлері бір-біріне жақын, Балтабек жиырма алтыда, Темірбек жиырма төртте, Кенжекей жиырма екіде.

6. Не үшін? Неге? Не етпек болып? - сұрақтарына жауап беретін сабақтастың түрін табыңыз.

А)Мақсат.

В)Себеп.

C)Шартты.

D)Мезгіл.

Е)Қарсылықты.

7. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

А)Өлең жазуға ыңғайландым, бірақ шабытым келмеді.

В)Жазира жұмысқа орналасты, себебі жұмысы өзіне ұнаушы еді.

C)Әлкендер төрде отыр, жастар төменірек орналасқан.

D)Таңат біресе сұрланды, біресе бозарды.

Е)Қалаға ол күн көтерілген соң жетсе де, қорқынышы тарай қоймады.

8. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

А)Найзаның қырлы,өткір ұшы көздеген жерден тие қоймады.

В)Қалаға ол күн көтерілген соң жетті.

C) Ол емтиханды беске тапсырды.

D)Іші-бауыры елжіреп, сорлы шеше балапанын қорғайды.

Е)Ұзақ сапар шеккелі,мақсатқа осы жеткенім.

9. Жалғаулықсыз қарсылықты салаласты көрсетіңіз.

А)Сөз бергенге ерме, бірақ бөз бергенге ер.

В)Дүниенің төрт бұрышын тегіс кезіп шығады, бірақ қайда барса да жолы болмайды.

C)Баршагүл сәлем беріп еді,-ол қырын қарап кетті.

D)Құдайдың қарарынан жалбарынып құтылуға болады, бірақ халықтың қарғысынан ешқашан да құтылуға болмайды.

Е)Апай сені елжіретіп сүймейді де, алайда шыж-быж етіп ұрыспайды да.

10. Шартты бағыныңқы сөйлемді табыңыз.

А)Оның құр мақтанғаны болмаса, қолынан ештене келмейді.

В)Дауыс құлағына тигенше, Ботагөз бетінен алақанын алған жоқ.

C)Есікте жүріп оңбайтынымды білген соң, өз бетіммен талпынып байқадым.

D)Бір елді бір ел жақсы білсе, жақсы өнегесін де алар еді.

Е)Күзетші сезіп қалмау үшін, біз жыраның ішімен еңбектеп кеттік.

11.Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлемді табыңыз.

А)Жаңа жұмысшыларға қатерсіздігін ұғындырмайынша, шахтаға жіберуге тыйым салған.

В)Сабақты түсіндіргенде, дұрыс тыңдай білу - мәдениеттілік.

C)Қазан астының аузында от кейде жылтылдайды, кейде қызып-жанып лапылдайды.

D)Есейген кезде еске аларсың.

Е)Мұзданып жатқан қыртыстың тереңдігі метрге жақын екен.

12. Жер тоймай,ел тоймайды.

Сабақтасты анықтаңыз

А)Қарсылықты

В)Мақсат

C)Мезгіл

D)Себеп

Е)Шартты

13. Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді ажыратыңыз.

А)Көз көрмей, көңіл сенбес.

В)Базаралы ауылға келгелі,біраз уақыт өтті.

C)Тоғжан атасының үйіне келсе де, тыным таба алмады.

D)Түн жақындағандықтан, жүрісін тездетті.

Е)Оқығандарым есімде қалу үшін, қайталап жатырмын.

14.Қарсылықты бағыныңқы сабақтас сөйлемді табыңыз.

А)Ол қалаға күн көтерілген соң, жиналыс аяқтала бергенде жетті.

В)Қыс мезгілі болғандықтан, соғымға шақыру жиі болып жатыр.

C)Зейнеткерлікке шыққанмен, ол кісі үйде отырмайды.

D)Ертең апам келмейді-ау, хабарласпады.

Е)Жарысқа түсіп жүр, біраз ысылып қалғанға ұқсайды.

15. Себеп бағыныңқы құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.\

А)Таң ата олар жолға шықты.

В)Жаңа келген жансың, сондықтан жат жердің сырын біле қою оңай емес.

C)Кешке дейін қызметін бітірді.

D)Айтқандарым жаққан соң, алыс-жақын тыңдайды.

Е)Соңғы тапсырма қиын болса да, орындауға бар күштерін салды.

16. Шартты бағыныңқы сөйлемді табыңыз.

А)Еңбек ер атандырады.

В)Жекен үйге кіріп кеткенде, Асқар мен ержан тыста қалды.

C)Балуандығы асқан соң, Нарқыз болып аталған.

D)Ұрыста қару-жарақ қандай қажет болса,өмірде тілім де сондай қажет.

Е)Жылтыр мұзда ешбір салмақ түсірмей, шана өзі сырғанап келе жатқан сияқты.

17. Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А)Ойын аяқталды, бірақ көрермендер асықпады.

В)Көктем болғанмен, күн әлі жылынып кете қойған жоқ еді.

C)Абай араларынан кетісімен, сыбыр бұйрық елге жайылды.

D)Көктем енді келсе де, күн ысып кетті.

Е)Кенжебек жауап іздеп көріп еді, орынды сөз ойына орала қоймады.

18. Кезектес салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

А)Қолың қатты дейді қорқып тұрды.

В)Я алқымда булығып ашу тұрды, я көңілде жаңа бір үрей тұрды.

C)Оқуға баруды армандаймын, сондықтан көп оқимын.

D)Бірде ол да ақтарыла салатындай жақын көрінеді, бірде салқын тартып алыстап кетеді.

Е)Сабырлы Олжабектің сасқаны сонша - орнынан атып тұрды.

19. Мезгіл бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз.

А)Күдері сөзінен Жақыпбектің де жүрегіне жып-жылы бір сезім құйылғандай болып, орнынан ұшып түрегелді.

В)Ол кітапханаға бара жатса, алдынан Серік шықты.

C)Мен шаңғы теуіп жүремін.

D)Шахта жұмысы жаңа басталып жатқандықтан, Кенжебек бұл кемшіліктерге кеңшілік, кешірім жасайды.

Е)Екпей, егін бітпесе, үйренбей, білім бітпес.

20. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас сөйлемді табыңыз.

А)Уақыт аз болғандықтан, көп сөзді тастап кеттім.

В)Білім көп болмайынша, жазу да қиын.

C)Ұлберген кедей болғанмен, киімдері таза.

D)Су жерге сіңіп кеткенше, бидай егуге болмайды.

Е)Тұла бойы қалтырап, буыны босап,орнынан тұрды.

21. Қарсылықты бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз.

А)Таң алдында бір сағат мызғығаны болмаса, Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді.

В)Екі жақты тыңдап алмай, үкім шығарма.

C)Жылан шаққан кісіні мүмкіндігінше қозғамай, төсекке жатқызып қойған абзал.

D)Енді он минут кешіккенде, атқа да мініп үлгермейді екенбіз.

Е)Тан мезгілі болғанда, қонақтар да тарасты.

22. Себеп-салдар салалас сөйлемді белгілеңіз.

А)Жақсыда кек жоқ, жаманда тек жоқ.

В)Айдағаның бес ешкі - ысқырығың жер жарады.

C)Оның қорыққаны сондай - не айтып, не қойғанын білген жоқ.

D)Таныдым: үй - Қарабеттің отауы.

Е)Енді жасыру мүмкін емес: үйлену тойы ертең, кеште.

23. Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын көрсетіңіз.

Май құйған шала сөнсе де, шам-шырақ сөнбес өмірде.

А)Көсемше жұрнағы арқылы

В)Күрделі етістіктен

C)Етістіктің шартты рай түріне «де» шылауның тіркесіп келуінен.

D)Бағыныңқысының баяндауышы күрделі етістіктен.

Е)Шартты райдың «-се» жұрнағы арқылы.

24.Қарсылықты салалас жасауға болатын қатарды көрсетіңіз.

А) Түн.Ышқынған дауыл.

В) Қасиетті мекен, күн сәулесі.

С) Ескек қолынан түсіп кетті. Оның есі шығып кетті.

D) Жау шегінді. Бауыржан оны білген жоқ.

Е) Шоқан ғылымға әбден берілді. Әскери қызметтен бас тартты.

25. Құрмалас сөйлемдерден ыңғайлас салалас түрін табыңыз.

А)Оттың жалыны әзір көрінбейді, бірақ жаңа ғана тұтанды дегені.

В)Сыздық - етікші жігіт және жұрттың көзінде ең шебер етікші сол.

C)Жанат орнын ұсынып еді,-отырған жоқ.

D)Сізден сұрайтынымыз мынау: бізге қамқоршы болыңыз.

Е)Күндіз қоңыр салқын болып тұр.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал